Студопедия — Бастығы көп ел заңнан таяды Соломон
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бастығы көп ел заңнан таяды Соломон






Қазiр мемлекеттiк аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетiлдiру қолға алынды, алайда, бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менiң биылғы жылдың басынан берi үкiметiмiз бен оның дербес құрамын түбегейлi реформалау стратегиясын iске асыруға кiрiсуiм де сондықтан. Үкiмет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса бередi.
Бiздiң мiндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау, басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Кеңестiк әмiршiлдiк экономика дәуiрiнде мемлекет бастан-аяқ бәрiн бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсiз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекетi бақылауына алуға әрекеттенген мiндеттердiң 80 процентi мемлекеттердiң функциясына жатпайды.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн мемлекеттiк құрылыс пен басқару мәселелерiн көп ретте жаңадан шешуге тура келдi. Ең алдымен бұл жаңа тәуелсiз мемлекеттiң өмiр сүруiнiң заңдық құқықтық негiзiн қамтамасыз етуге, әлеуметтiк саяси тұрақтылықты дәйектiлiкпен орнықтыруға қатысты болды.
Бүгiнгi күнi қоғамның және экономиканың күрделi жүйелiк қайта жаңғыруларын мемлекеттiк басқару жүйесiнiң өзiн жүйелi ету мәселесi күн тәртiбiне өткiр қойылып отыр. Әрине, бұған бiртiндеп, соның өзiнде мемлекеттiң функцияларын ұзақ мерзiмдi реформалаудың үйлестiрiлген, дәйектi жоспарын алдын ала әзiрлеген жағдайда ғана жетуге болады.
Үкiмет пен жергiлiктi өкiметтi түпкiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн жетi негiзгi стратегия принциптерi мынаған саяды:
1. Неғұрлым маңызды бiрнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрi кәсiпқой Үкiмет.
2. Стратегиялар негiзiндегi iс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестiру.
4. Министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың есептiлiгiн және олардың қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрлiктердiң iшiнде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелдiлiктi жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерiн жақсарту.
Табысқа жеткен үкiметтер, әдетте ықшам келедi әрi мемлекет қана атқара алатын ең басты бiрнеше функцияларға жұмылады. Әлбетте, оңтайлы үкiметтер аз санды басымдықтарға және осы мақсатқа жету жолындағы стратегияларды iске асыруға ұмтылады.
Yкiметтiң тиiмдiлiгi өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесiмдiлiгiне және кадрлар даярлығының дәрежесiне негiзделедi. Бiздiң таяу болашақтағы мiндетiмiз стратегиялық жоспарлау әдiстерiн меңгерген қабiлеттi әрi адал кадрлардан тұратын шағын, оңтайлы аппарат құру болады.
Әлеуметтiк экономикалық өмiрдегi дағдарысты құбылыстардың негiзгi себептерiнiң бiрi - министрлiктер мен ведомстволар арасында, аймақтар арасында үйлестiрудiң болмауында екенiн айтып жату артық. Нақтылы мiндеттердi шешу жолындағы жауапкершiлiк көлемiнiң бiр-бiрiне сәйкес келмеуi, функцияларды қайталау және жең ұшынан жалғасу сан түрлi кедергiлерге және бюрократиялық iшараздыққа, қағазбастылық пен ұжымдық жауапсыздыққа әкелiп соғады. Бүгiнгi мемлекеттiк басқарудың дiнi де, тiнi де осында жатыр.
Бұл проблеманың тамыры - стратегиялық жоспарлардың жоқтығында болып отыр.
Әрбiр министрлiктiң, ведомствоның әкiмшiлiктiң жұмысы, сайып келгенде аймақтық дамудың өзi мақсаты айқын, мiндеттерi нақты жалпымемлекеттiк стратегияға бағындырылуға тиiс.
Мұның тың көзқарас пен жаңа әдiстеменi талап етерi даусыз. Стратегиялық жоспарлау, қаржылық бағдарламалау мен жобалық менеджмент таяу болашақтағы мемлекеттiк басқарудағы жаңарудың өзегiне айналуға тиiс.
Ведомствоаралық және аймақтараралық үйлестiру басым мақсаттарға жедел жетуге деген саяси ерiк-жiгердiң көрiнiсi ретiнде ауадай қажет.
Ведомстволардың стратегиялық мiндеттердi iске асыру жөнiндегi қызметi мен күш-қимылын бақылайтын бiртұтас билiк жүргiзушi үйлестiрушi орган құру қажет.
Мемлекеттiк үйлестiру жүйесi тиiмдi әрi қарымды болуға тиiс. Оның жұмысының нәтижелерi барлық есептi органдар үшiн ашық болуы қажет.
Министрлiктер мен ведомстволардағы бүгiнгi қалыптасқан ахуалға келетiн болсақ, жауапкершiлiк деңгейi өкiлеттiлiк көлемiнен асып түсiп отыр. Өкiлеттiктер мен жауапкершiлiктер арасалмағының бiр жағына қарай ауытқуы басқару тиiмдiлiгiн күрт төмендетедi. Әлемдiк тәжiрибе мекеме басшысына iшкi басқару жөнiнен кен өкiлеттiк берудiң билiктi асыра пайдалану мүмкiндiгiнен келетiн залалдан гөрi әлдеқайда көп артықшылықтар беретiнiн дәлелдеп отыр.
Министр мен әкiм кең өкiлеттiктер иеленуге тиiс және солай болуы керек, алайда, олардың қызметi жоғары тұрған органдарға есептi болуы қажет әрi ұдайы жасалып отыратын тәптiштеушi бақылау емес, стратегиялық бақылауға алынуы керек.
Бiр қолға шоғырланған барынша кең өкiлеттiктер қабылданған мiндеттемелердiң орындалмай қалғаны үшiн барынша кең дербес жауапкершiлiктi көздейтiнi анық.
Менiң айтып өткенiмдей, әр министрлiк пен ведомство өзiне тән емес функциялардан арылуы керек, оларды мүмкiндiгiнше орталықтан аймақтарға қарай, мемлекеттен жекеше секторға қарай ойыстыру қажет. Сатылар мен аралық буындар аз болған сайын, өкiлеттiктердiң ара жiгi де айқын ашылады.
Билiктi орталықтан алудың және өкiлеттiктердi өздерi шұғылданатын объектiлерге тiкелей қатысты неғұрлым төменгi деңгейлерге ойыстырудың қажеттiгi айдан-анық, сонда орталық және өзге мемлекеттiк органдар өзiнiң iс жүзiнде керектiгiн және пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болады.
Нарықтың көмегiмен бiз аймақтар арасында: тұрмыс жағдайы жоғары аймақ, таңдаулы аймақ принципi бойынша бәсекелестiктi туғызып, күшейте беруге тиiспiз. Сонда өндiргiш күштер неғұрлым қолайлы жағдай жасалған аймақтарға шоғырлануға тиiс.
Аймақтардың жарыстас болуы олардың, әсiресе, бюджет мәселелерiндегi дербестiгiне көбiрек сүйенуi керек, шамадан тыс орталықтандыру, мiне, осы тұста айқын көрiнедi.
Бет-жүзiне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргiзу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиiс.
Жаңа тұрпатты шенеунiк - өз ұлтының отаншыл әрi әдiл, iсiне адал және кәсiпқой бiлiктi қызметшiсi болуға тиiс. Мемлекеттiк қызметтiң беделiн биiк көтеру және қолдап отыру - бiздiң таяу жылдарда шешуге тиiс стратегиялық мiндетiмiз.
Күнi кешегi өткенiмiзден бойымызда қалған ескi ниет-пайымымыз, әсiресе, идеологиялық кертартпалығымыз, нарықтық шаруашылықтың жаңа жағдайында жұмыс iстеуге қабiлетсiздiгiмiз бен бiлместiгiмiз - әлеуметтiк-экономикалық даму жолындағы үлкен тосқауыл. Иә, алғашқы жалт еткен жағымды көрiнiстер бар. Алайда, тұтасынан алғанда, жаңа тұрпатты басқарушылар даярлау - таяу болашақтың кезек күттiрмес мiндетi. Басқаруға бiлек сыбана iс тындыруға әзiр, басым мақсаттар мен мiндеттерге жетуге қабiлеттi бiлiмдарлар келуге тиiс.
Кәсiпқойлық, отаншылдық, ұзақ мерзiмдi мiндеттер қоюға қабiлеттiлiк, оларды жаңа жағдайда шеше алатын бiлiмдiлiк пен жiгерлiлiк - кадрларды iрiктеу мен жоғарылатудың басты өлшемдерi.
Республикада кәсiпқой мемлекеттiк қызмет негiздерi қазiрдiң өзiнде қаланды. Алайда, әлi де көп iс тындыру керек.
Кадрларды басқарудың жалпымемлекеттiк жүйесiн құру қажет, онда оларды елiмiзде және сырт жерлерде нысаналы әрi тиiмдi даярлаудың, оларды қызмет бабында жоғарылатудың әдiлеттi тәртiбi, бiрыңғай ақпарат тетiгi, әлеуметтiк қорғау кепiлдiгi әрi басқарудың ең iргелi ресурсы - адамға деген сергек көзқарас қамтылуға тиiс.
Сонымен бiрге бұл мемлекеттiк жүйенiң бiлiмсiз, бiлiктiлiгi төмен қызметкерлердi ығыстыра алатын қабiлетi де болуы керек. Әр қызметкер iс жүзiнде өзiнiң пайдалы екенiн және керектiгiн ұдайы дәлелдеп отыруға тиiс.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 554. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия