Студопедия — Энтерококтар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Энтерококтар






Сабақтың мақсаты: Энтерококтардың морфологиялық;,

Культуральдың қасиеттерімен танысу

Бақылау сұрақтары

1. Зерттелетін материалда энтерококтардың болуы нені

көрсетеді?

2. Стрептококтарды энтерококтардан қалай ажыратады?

3. Стафилококтардың өзіне тəн белгілерін қандай орталарда

анықтайды?

4. Зерттелетін материалда стафилококтардың болуы нені

көрсетеді?

Сабақтың мазмұны

Энтерококтар – қалыпты микрофлораның өкілдері. Олар

Streptococcaceae тұқымдасы, Streptococcus туысына жатады.

адамның бөлінділерінде S. Salivarius жəне энтерококтар S.

Zimogenes, кездеседі, S. Bovis жəне S. Eguinus – ірі қара мен

жылқы бөлінділерінен, сонымен бірге басқа малдардан да бөлінеді.

Энтерококтар сопақша, ленцента тəріздес немесе дөңгелек

пішінді болады, кей кезде моншақ тəрізді орналасады, грамоң;,

спора түзбейді, аурудан алынған материалда капсула түзуі мүмкін.

Сұйық орталарда лайланып, тұнба түзеді, қатты орталарда

энтерококтар колониялары көкшіл – сұр, мөлдір, шеттері тегіс, беті

дөңес жалтыраған болып келеді. S. liguefaciens қан агарын ерітуі

мүмкін, колониялар айналасында түсі өзгереді нəтижесінде егер де

бұл S faecalis болса, гемоглобулин метгемоглобинге ауысады.

Энтерококтар глюкоза мен маннетті қышқыл мен газға дейін

ыдыратады, каталазалық белсенділігі болмайды. Энтерококтар

физикалық жəне химиялық əсерлерге төзімді, нəжістік

стрептококтар ашық суларда көбейе алмайды жəне организмнен

тыс көп уақыт өмір сүре алмайды. Сондықтан бұл микробтардың;

нақты саны жас нəжіспен ластану көрсеткіші болып табылады.

Энтерококтар мен басқа нəжістік стрептококтарды элективті

орталарды қолдана отырып оңай бөліп алуға болады, мысалы,

глюкоза мен натрий азиді қосылған спораны қолдануға болады,

мұндай спора жиі себу қосымша тест ретінде қолданылады.

Осындай ортада өскен стрептококтар глюкоза қосылған спораға

ауыстырылады. Екі соңғы ингридиент нəжістік стрептококтардан

басқа микробтардың өсуін тоқтатады. Бұл қорытынды тест болып

саналады. Мұндай спора өскен стрептококтар толық сеніммен

нəжістікке жатқызып, бекітуге болады.

Стрептококтар шаң – тозаңда бірнеше күнге дейін сақталуы

мүмкін, сондықтан алыс жерда орналасқан мекен – жайларда

спрептококтар кездеспейді. Стрептококтарды табу жəне анықтау

өте қиын. Мекен – жай ауысуының жаңа ластану көрсеткіші –

гемолитикалық стрептококк болып табылады, себебі ол əлсіз

төзімді. Энтерококтарды стрептококтардан ажырату төмендегі

кесте бойынша жүргізіледі.

Белгілері Энтерококтар Стрептококтар

Өсу температурасының;

Шамасы

10 – 45С 25 – 37 С

Өсу рН – ы 9,6 тең + -

40% өт спорасында өсуі + -

6,5% натрий хлориді

қосылған спорада өсуі

+ -

1% метилен көгі қосылған

сүтте өсуі

+ -

60°С – қа термотөзімділігі + -

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

рН – ы 9,6 40% - ті өт сорпасында, 6,5 натрий хлориді қосылған

сорпа, 1% метилен көгі қосылған сүтте өсірілген энтерокок пен

стрептокок өсінділері

Тақырып. Өсімдіктің эпифитті жəне ризосфералы микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.

Бақылау сұрақтар.

1. Эпифитті микрофлора дегеніміз не?

2. Ризосфера микроорганизмдері дегеніміз не?

3. Ризосфера организмдерінің өсімдікке пайдалы жағын атаңыз?

4. Өсімдіктің микрофлорасын зерттеу.

Сабақтың мазмұны

Өсімдіктің сабағында, жапырағында, гүлінде жəне дəн

сыртында микроорганизмдердің бірқатар түрі тіршілік етеді.

Олардың біразы ризосферадан, қалғандары шаң – тозаң мен

насекосдар арқылы келіп түседі. Бұл микроорганизмдерді барлығы

эпифитті микрофлора деп аталады. Эпифит микроорганизмдердің;

басым көпшілігі – спора түзбейтін бактериялар. Бациллалар мен

саңырауқұлақтар бұларға қарағанда азырақ. Бактериялар

Pseudomonas туысына жатады. олардың ішінде басымы

Pseudomonas herbicola қоректік ортада алтын түстес сары

колониялар түзеді. Өңгіштігі төмендеген дəндерде спора түзетін

бактериялар мен саңырауқұлақтар басым болады.

Өсімдік тамыры айналасындағы топырақта орналасқан

микроорганизмдерді ризосфера микроорганизмдері деп атайды.

Олардың басым көпшілігі тамыр бетінде шоғырланған. Олар

тамырдан бөлінген заттармен қоректенеді. Қоректік зат ретінде

көбінесе өлген клеткалар эпидермисі мен тамыр талшықтары

пайдаланылады. Ризосферада негізінен топырақта кездесетін

микроорганизмдер болады, көбінесе онда спора түзетін

Pseudomonas туысы мен микробактериялар кездеседі. Бір жағынан

тамырдан бөлінген заттарды жəне олардың қалдығын ыдырата

отырып ризосфера микроорганизмдері санитарлық роль атқарады.

органикалық заттарды минералдандыру арқылы олар өсімдіктерге

қажетті элементтермен қамтамасыз етеді. Кейбір ризосфера

микроорганизмдері өсуді қолдаушы заттар мен витаминдерді түзе

отырып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Олардың;

бірқатарының денитрификациялаушы қасиеті болғандықтан

топырақ азотының шығынға ұшырауына қолайлы жағдай жасайды.

Студенттердің өзіндік жұмысы

1. Эпифит микроорганизмдерді табу үшін 5г тұқымды

ішінде 50 мл залалсыздандырылған түтік суы бар колбаға салады

жəне оған бірнеше грамм залалсыздандырылған құмды қосады.

Оны 10 минуттай шайқайды да бернеше сұйылту дəрежесін (10-2,

10-3, 10-4, 10-5, 10-6) даярлайды. Əр сұйылтындыдан 1 мл алып ЕПА

– ға себеді. Термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін Петри

аяқшасындағы колонияларды санап, олардың дəннің бір

грамындағы санын есептеп шығарады.

2. Ризосфера мзерттеу үшін топырақтың бір бүтін кесегін

қазып алады. Залалсыздандырылған пинцетпен өсімдік тамырын

оған жабысқан топырақтан əбден тазартады. Өсімдіктің тамырынан

жас тамырдың бір бөлігін таңдап кесіп алады да 1 г өлшеп, ішінде

99 мл залалсыздандырылған дистелденген суы бар колбаға

залалсыздандырылған пинцетпен алып салады да 2 минуттай

шайқайды. Содан соң металл ілмешекпен жаңағы өсімдік тамырын

іліп алып, ішінде 99 мл залалсыздандырылған дистелденген суы

бар колбаға салады да 2 минуттай тағы да шайқайды. Содан соң;

өсімдік тамырын № 3. 4. 5. 6. 7 ішінде дистелденген суы бар

колбаға салып 2 минуттай шайқап ұстайды. № 6 жəне № 7

колбадағы суы залалсыздандырудан бұрын 3 – 5 г алдын ала жақсы

жуылған кварц құмын қосады. Құм тамырға жабысқан

микробтарды одан бөліп шығаруға көмектеседі.

Ризосфералық жəне тамыр айналасындағы микробтардың;

саны мен сапасын тексеру үшін əрбір колбадан

залалсыздандырылған микротүтікшемен шайынды судан 0,05 мл

алып, Петри аяқшасындағы ЕПА – ға себеді. Температурасы 28 -

30°С термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін өсіп шыққан

колонияларды санап, сипаттап жазады. Олардан жағынды жасап

микроскоппен қарайды. Суретін салады.

Қажет материалдар мен құрал – жабдықтар

Сабаққа қажет материалдар мен құрал – жабдықтар: дəннің;

орташа үлгісі, залалсыздандырылған 50 мл колбалар, металл

қасықтар, залалсыздандырылған пинцеттер, залалсыздандырылған

құбыр суы, залалсыздандырылған құм, Петри аяқшалары, ЕПА,

өсімдігі бар топырақтың тұтас бір кесегі, қайшылар, таразы, əртүрлі

өлшегіштер, ішінде 99 мл залалсыздандырылған дистелденген суы

бар 250 мл колбалар, сымнан жасалған ілмешектер,

микротүтікшелер, есепшот, микроскоп.

Тақырып. Азық микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Мал азығының микрофлорасын зерттеу.

Бақылау сұрақтары

1. Өсімдікті сүрлемдеудің мəні неде?

2. Сүрлемнен жəне дрожжалған мал азығынан препаратты қалай

даярлайды?

3. Азықтың санитарлық бағасы

Сабақтың мазмұны

Азық микрофлорасы температураға, ортаның;

ылғалдылығына жəне өсімдіктің түріне байланысты. Ол азықты

дайындауда жəне сақтау кезінде өзгереді. Өсімдікті орғаннан соң;

оның қорғаныстық қызметі бұзылып, микробтар ішіне еніп,

қоректік заттарды қолданып, ұлпаларын бұзады. Осы кезде

шіріткіш микрофлора қарқындап дамып, азықты бұзады. Орылған

азықтарды кептіру немесе сүрлемдеу арқылы сақтауға болады.

Азықта зең саңырауқұлақтарын, шіріту бактерияларын, май

қышқылы бактерияларын кездестіруге болады. мұндай азық;

көбінесе, ас қорыту мүшелерінің жəне басқа жүйелердің қызметін

бұзып, улануды тудырады. Зерттеу нəтижесінде азықтың бұзылу

себебін анықтап, аурудың алдын алуға болады.

Сүрлемді зерттеу əдісі. Сүрлемнің аз ғана мөлшерін фарфор

табақшасына салып, үстіне залалсыздандырылған физиологиялық;

ерітіндіні құйып, жақсылап ысады. Осындай массадан жағындыны

кептіріп, бекітеді, бояйды содан соң микроскоппен қарайды.

Микроскопиялық зерттеу микроптардың саны мен морфологиялық;

құрылымы жөнінде шамалы ғана түсінік береді.

Студенттердің өзіндік жұмысы

Дрожждалған мал азығын микроскопиялық зерттеу

дрожждалған мал азығын зерттегенде алынған үлгіні ішінде

физиологиялық ерітіндісі бар (1:10 қатынаста) фарфор

табақшасына салып ысады. Содан соң 2 – 3 қабат дəкіден өткізіп

сүзеді, сүзіндіні центрифугалайды. Алынған қалдықтан жағынды

жасап, 3 – 5 минуттай Леффлер көгімен бояйды, микроскоппен

қарайды.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Сүрлем жəне дрожждалған азық, заттық əйнектер, бояулар,

микроскоп, таразы, 100 мл колбалар, 2 мл түтікшелер, фарфор

табақшасы, пинцет, индикатор, фенолфлатеин.

Тақырып. Мал организмінің микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Мал организмінің қалыпты микрофлорасын







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3205. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия