Студопедия — Азақстан — әлемдік қауымдастықта
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан — әлемдік қауымдастықта






Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мэселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бүрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мүхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жэне АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету.

Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.

Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты жэне болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі — көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол — еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40- тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлтаралық үйымдардың ондаған өкілдігі жү- мыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын жэне ірі көрші мемлекеттер — солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық жэне өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27- сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мэні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан эрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мэңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу жэне Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан эрі жетілдіре түсуге жете мэн берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық жэне халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екіжақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫ¥ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы ел- дер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.

2002 жыл — Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мүның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда түтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ доллары- нан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды.

Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мем­лекет — Қытай Халық Республикасымен тату көршілік жэне достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мүхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым- қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Ре- спубликасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жол­дарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан жэне Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мүнай қүбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жүмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мүның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.

1998—1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның үлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді.

Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі ба­рысында 5 қүжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан

Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындагы тату көршілік, достық жэне ынтымақтастық туралы шарт” болып та- былады. Сондай-ақ, бүдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық лаңкестікпен, сепаратизммен жэне экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындагы қауіпті эскери әрекетті болдырмау туралы жэне т.б. қүжаттарга қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2003 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің сыртқы саясатындағы түрақты қүбылысқа айналды.

Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасы- ның маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мем­лекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мем­лекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады. 1991 ж. желтоқсанында Мемлекеттік хатшы Дж. Бейкер Алматыға келіп, Н.Ә.Назарбаев жэне басқа да ресми адамдармен келіссөздер жүргізді. 1992 ж. көкек айында Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жэне қарым-қатынастар жөніндегі АҚШ Конгресі комиссиясының делегациясы келді. Сол жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Қүрама Штаттарына алғашқы сапармен барды. Осы сапардың бары­сында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы жэне АҚШ үкіметтері арасындагы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мэлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-қүқылық негіздері қаланды.

Осыдан кейінгі жылдары Қазақстан мен АҚШ қарым- қатынастары серпінді түрде дамып келеді. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы болып отыр. Вашинг­тон Қазақстанга Орталық Азиядагы түрақтылық пен қауіпсіздік түгыры, өзінің осы аймақтагы басты серіктесі ретінде қарайды.

1995 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тагы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындагы байланысқа жаца жол ашты. Екі мемлекет арасындагы келісім ба­рысында XXI г. басындагы басымдық беретін басты багыттары айқындалды.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай жіберген қүттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан Халықаралық қоғамдастық үшін аймақтағы түрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл атқаратынын қуаттады. 2001 жы­лы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми са- пары барысында «Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мэлімдемеге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Оңтүстік Ко­рея сияқты жэне басқа елдерімен ынтымақтастықтың да мэні өте зор.

Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тари­хи жэне мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы қүрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. 4- мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары — Премьер-министрлер кеңесі жэне олардың түрақты органы—Атқару комитеті қүрылды. Ортақ экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойылғаннан кейінгі жылдар ішінде көпжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейкесті халықаралық күрделі мәселелер жэне республикалардың экономикалық интеграциясы бойынша 200- ден астам қүжаттар қабылданды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы — Орталық Азия экономикалық қауымдастығының 2005 жылға дейінгі интеграциялық даму стратегиясы. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген қүжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте бірнеше мың шақырым шекараласатын Ресеймен, оңтүстік-шығыста Қытаймен шекараны түрақтандырып бекіту өте қажет іс еді. Шекара — мемлекеттік егемендіктің басты белгілерінің бірі. Сондықтан бүл маңызды саяси проблема Ресей мен Қазақстан үкіметтері арасындағы кездесулерде элденеше рет эңгіме арқауы болды. Осының нәтижесінде екі ел арасында 1992 ж. 15 мамырда Ұжымдык қауіпсіздік туралы шартқа жэне 1999 ж. 28 наурызда Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Бүл шарттар бойынша Қазақстан мен Ресей эрі қарай да аймақтық қауіпсіздікті бірлесіп нығайту және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сөйтіп сыртқы саясат саласында өзара бірлесіп әрекет етуі көзделген. Ресей мен Қазақстан арасындағы қауіпсіздік жэне сыртқы саясат мәселесі екі ел арасындағы 1998 жылы шілдеде қабылданған “Мэңгі достық жэне одақтастық туралы декларацияда”, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастық туралы алдағы 10 жылға (1998—2007 жж.) арналған экономикалық бағдарламада өзінің даму көрінісін тапты. Осы келісімдер негізінде Қазақстан-Ресей шекара белдеулерінде делимитациялау шаралары жүргізіле бастады. Ал 2000 жылы қаңтарда Мәскеуде өткен екі мемлекет басшыларының кездесуінде басты үш бағыт туралы келісім жасалды. Біріншісі — екі ел саясатындағы қарым-қатынастың сабақтастығы. Екіншісі — қауіпсіздік мәсе- лесіндегі ынтымақтастық. Үшіншісі — шекараны нақтылау мәселесі.

Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасының жалпы үзындығы 15 мыңға жуық шақырымды қүрайды. Соның ішінде Қазақстанның Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарасы ша- мамен 1050 шақырым, Ресей Федерациясымен — 7,5 мыңнан астам шақырым, Түркменстанмен — 400 шақырым, Өзбекстанмен — 1660 шақырым. Ресеймен шекараны делимитациялау мэселесі 1998 жылғы 6 шілдеде екі ел басшыларының бірлескен мәлімдемесінен жэне сол жылғы 12 желтоқсандағы мемлекеттік шекараны делими­тациялау жөніндегі хаттамадан басталды. Алты жыл аралығындағы қүжаттарды әзірлеумен тыңғылықты айналысқан сарапшылар шекаралық сызықтың барлық нүктелері бойынша ортақ келісімге келді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей президенті В.Путин2005 жылғы 18 қаңтардаҚазақстан-Ресеймемлекеттік шека­расы туралы шартқа қол қойды. Шын мәнінде, тарихи деп бағалауға болатын осы қүжат бойынша екі ел үшін де айрықша маңызы бар шекара мәселесі халықаралық нормаларға сэйкес шешімін тапты. Елбасы атап өткендей, “қадым замандардан қазақ-орыс елдері ара­сында шекара бірінші рет заңды түрде тартылып отыр”. Әлемдегі жерүстілік ең үзын саналатын, жалпы аралығы 7591 шақырымды қүрайтын бүл шекара сызықтары белгіленіп жэне мойындалып, екі мемлекет арасындағы мызғымас достықтың сенімді кепілі ретінде бағаланды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шека­раны заңдастыруға кірісті. Өзара түсіністік пен мүдделілік бүрын- соңды болмаған табысқа қол жеткізді. 1994 жылдың сәуір айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР Премьер-министрі Ли Пэн екі ел арасындагы шекара сызығын заңдастырып, белгілеу (де­лимитация) жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Жалпы үзындыгы 1718 шақырымға созылып жатқан желінің екі шағын учаскесінен (бұрыпгы Талдықорған жэне Семей облыстарындағы) басқасы түгел заң жолымен бекітілді. Келесі кезектегі мэселелерді шешу үшін делимитациялық комиссия қүрылды. Жоғары дәрежелі кездесу кезінде шекара мэселелерін толық реттеуге қатысты келіссөздерді одан эрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жетті. Бүл бағытта 1996—1998 жж. үш арнайыкелісім болды. Соныңнәтижесінде 1999 ж. қарашада Цзянь-Цземинь мен Н.Назарбаев шекаралық мәселелердің толық үйлестірілуі туралы арнайы коммюникеге қол қойылды. Сөйтіп, Қытаймен шекараны межелеу негізінен аяқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан бүл жылдары өзінің жақын көршілері — Қырғызстанмен, Өзбекстанмен жэне Түркменстанмен арадағы шекара мәселелерін іс жүзінде түпкілікті реттеуге қол жеткізді.

Шекара мәселесін Азия елдерінде түрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық үйымы (ШЫ¥) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тэжікстан, Қыргызстан басшылары шекараларды бүзбау, олардың арасындагы бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымга дейін жеткізу келісіміне қол қойылды. Кейін бүл келісімге Өзбекстан қосылды.

“Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайын- гы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 1996 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ныгайту мәселелері жан-жақты талқыланып, осының нәтижесінде Декларациялар қабылданды. 2002 жылгы маусымда Шанхай ынтымақтастық үйымының ке- зекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жүмысында ШЫ¥ қүрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тап­ты. ШЫ¥-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы қүрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бүл кездесуде 3 қүжатқа — ШЫ¥ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы қүрылым жөніндегі Келісімге жэне ШЫ¥-га қатысушы мем- лекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды.

Қазақстанның сыртқы саясатындагы басты мақсат — бейбіт- шілік, согысты болгызбау. 1992 ж. Б¥¥ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оган сэйкес

1991 ж. көктемде Алматыда осы мэселеге байланысты шақырылган бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылгы тамыз айындагы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі үйымның жүмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан Б¥¥-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.

Қазақстанның СШҚ-ГШарты мен ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы әлемдік маңызы бар оқиға. Мүның өзі елдің қауіпсіздігінің кепілдіктерін күшейтті. 1994—1995 жж. ба­сты ядролық державалар — АҚШ, ¥лыбритания, Ресей, ҚХР мен Франция Қазақстанға қауіпсіздіктің бірлескен жэне жан-жақты кепілдіктерін берді.

Қазақстан саяси-әскери одақ — НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бүл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы аясында дамып, еліміздің қарулы күштері үшін кадрлар даярлауға қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының тэуелсіздігі мен шекарасының түтастығын қорғау үшін өзінің жеке Қарулы Күштерін қүрудың зор маңызы болды. Оны іске асыру Елбасының 1992 ж. мамырдағы “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” жарлығымен басталды. 2000 ж. 10 ақпанда 1999—2005 жылдарға арналған жаца эскери доктрина жэне үлттық қауіпсіздік стратеги- ясы қабылданды. Осы қүжаттарға сәйкес армия елдің ішкі жалпы өнімінің бір пайызынан кем емес көлемде қаржыландырылатыны көзделді. Доктрина негізінде Қазақстан жерінде эскери аумақтық қүрылымға көшіру жүзеге асырылып, елдің барлық аймағын қамтыған Оңтүстік, Шығыс, Батыс жэне Орталық эскери округтері қүрылды. Сөйтіп, біздің елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең басты мәселе болып қала береді.

1991 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен ¥лттар ¥йымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық үйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы үйымдарына — Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру жэне даму банкіне, Еуропа жэне Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық үйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі арт­ты. Мысалы, 1992—1995 жж. халықаралық қаржы институтының

Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетара- лық жэне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін ¥лыбритания, Италия, Канада, Нидер­ланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия жэне Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым- қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компания- сымен Теңіз мүнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кэсіпорны жүмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген.

Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180- нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде сыртқа шығаратын жэне сырттан бізге алып келетін тауарлардың көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. доллардан асты. Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62% ТМД елдерінің үлесіне, 24% Еуропа елдерінің (35 ел), 13% Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді.

Біз ашық сыртқы сауда саясатын дэйекті жүргізіп келеміз. Айталық, 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемінің оң сальдосы (Сальдо — белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай түсімдер мен шығындар арасындағы айырма) 7 млрд. доллардан асатын 33 млрд. АҚШ долларына жетті. Бүл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында негізінен ТМД-ның ауқымымен шектелген біздің сыртқы саудамыздың географиясы да біршама тарамдала түсті. Қазақстан тауар айналымының қүрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер, Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты. Осылайша біз әлемдік экономиканың бөлінбес бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына ендік (Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жэне саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республи- касы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.).

2007 жылы 30 қарашада Мадридте ЕҚЫ¥-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан ¥йымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. 2010 жылы Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық жөніндегі үйымға төрағалық ету мүмкіндігін берген әлемнің 56 мемлекетінің шешімі — еліміз қол жеткізген тағы бір ірі жетістік. Бүл — елба- сы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық зор беделінің ерен табысы, еліміздегі үлан-ғайыр оң өзгерістердің, біздегі демократияның айшықты нәтижесі. Біздің еліміз халықаралық мойындауда жэне өзінің дамуында жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. ЕҚЫ¥ — дүние жүзіндегі аса беделді халықаралық үйымдардың бірінен саналады. Қазақстан — ЕҚЫ¥-ға төрағалық ететін бірінші ТМД елі, ол бірінші түркі елі, ол тарихи түрғыда өркениетті ислам кеңістігіне жататын бірінші ел, ең соңында, ол бірінші азиялық ел.

Қорыта келгенде, тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық жэне экономикалық қарым-қатынастар орнатты. Тәуелсіздік жылдары еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды. Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта лайықты өз орнын алды. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, қүрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық қүрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы менядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды.

Тэуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тэжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты жэне нақты іс жүзіне асырылып отыр­ды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық үйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

категориялар:

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 657. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия