Студопедия — Мазмұны.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мазмұны.






[жасыру]

· 1 Мүше мемлекеттер

· 2 Тарихы

· 3 ЕҚЫҰ және Қазақстан

· 4 Сыртқы сілтемелер

· 5 Сурет

Мүше мемлекеттер[өңдеу]

ЕҚЫҰ қол қойғандар (2006 ж. дейін).██ Хелсинкидегі Соңғы Актіне және Париж Хартиясына қол қойған██ тек Хелсинкидегі Соңғы Актіне қол қойған██ қол қоймаған██ ынтымақтастық үшін серіктес

Мемлекет Ұйымға кіруі Хелсинкидегі Соңғы Актіне қол қойған Париж хартиясына қол қойған
Албания 1991 Маусымның 19 1991 Қыркүйектің 16 1991 Қыркүйектің 17
Андорра 1996 Сәуірдің 25 1999 Қарашаның 10 1998 Ақпанның 17
Армения 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1992 Сәуірдің 17
Австрия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Әзірбайжан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1993 Желтоқсанның 20
Беларусь Республикасы 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1993 Сәуірдің 8
Бельгия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Босния және Герцеговина 1992 Сәуірдің 30 1992 Шілденің 8  
Болгария 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Канада 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Хорватия 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8  
Кипр 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Чехия 1993 Қаңтардың 1    
Дания 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Эстония 1991 Қыркүйектің 10 1992 Қазанның 14 1991 Желтоқсанның 6
Финляндия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Франция 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Грузия 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8 1994 Қаңтардың 21
Германия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Грекия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Ватикан 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Мажарстан 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Исландия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Ирландия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Италия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Қазақстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1992 Қыркүйектің 23
Қырғызстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8 1994 Маусымның 3
Латвия 1991 Қыркүйектің 10 1991 Қазанның 14 1991 Желтоқсанның 6
Лихтенштейн 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Литва 1991 Қыркүйектің 10 1991 Қазанның 14 1991 Желтоқсанның 6
Люксембург 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Македония 1995 Қазанның 12    
Мальта 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Молдова 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1993 Қаңтардың 29
Монако 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Черногория 2006 Маусымның 25 2006 Қыркүйектің 1  
Нидерланд 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Норвегия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Польша 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Португалия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Румыния 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Ресей 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Сан-Марино 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Сербия 1973 Маусымның 25    
Словакия 1993 Қаңтардың 1    
Словения 1992 Наурыздың 24 1992 Шілденің 8 1993 Наурыздың 8
Испания 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Швеция 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Швейцария 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Тәжікстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26  
Түркия 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Түрікменстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Шілденің 8  
Украина 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1992 Маусымның 16
Ұлыбритания 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
АҚШ 1973 Маусымның 25 1975 Тамыздың 1 1990 Қарашаның 21
Өзбекстан 1992 Қаңтардың 30 1992 Ақпанның 26 1993 Қазанның 27

Тарихы[өңдеу]

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия жәнеСолтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

ЕҚЫҰ және Қазақстан[өңдеу]

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы,Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылыЛиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылыОслода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді. Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберіндеЕуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 369. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.03 сек.) русская версия | украинская версия