Студопедия — Доспамбет жырау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Доспамбет жырау






Толық мақаласы: Доспамбет жырау

Доспамбет жырау — 1490 жылы Азау қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

2.Кеңестік дәуірдегі жоспарлы көші-қон

Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері

Соғыстан кейінгі және 50-жылдардағы азық-түлік мәселесін шешуге бағытталған тың және тыңайған жерлерді игеру қолға алынды. Осыған байланыстыреспубликада аса ірі көші-қон тасқыны қайта басталды. Мұның өзі уақыт жағынан алып өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен тұспа-тұс келді. Өнеркәсіп,құрылыс және көлік үшін жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы 1954—1965 жылдары республикаға 0,5 млн адам көшіріліп әкелінді. Сөйтіп, республикаға қажетті жұмысшы күшінің 80%-ы сырттан әкелінді.

Қазақстанға Ресей мен Украина, Беларусь және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954— 1956 жылдары) 640 мың адам келді. Олар, негізінен, Ресей, Украина, Беларусьтан келген қыздар мен жігіттер болатын. Комсомол жастардың интернационалдық екпінді бригадалары құрылды.

Баспасөз беттерінде тың игерушілер қатарына қосылуға шақырған үндеулер жиі басылып тұрды. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру қолға алынды. Тың игеруге келгендердің жолы тегін болды, әр отбасына 500—1000 сомға дейін, әр мүшесіне 150—200 сомнан бір реттік көмек көрсетілді. Үй салу үшін (оның 35%-ын мемлекет берді), мал сатып алу үшін несие берілді. Тың игерушілер 2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылығы салығынан босатылды. Бұл көтерме көмекті тек славян ұлтының өкілдері ғана пайдалана алды. Отбасыларымен көшіп келушілер көп болды.

Алғашында олар иен далада бой көтерген палаткалы қалашықтарда, шағын вагондарда, жертөлелерде түрды. Алғашқы екі жылда ғана Қазақстанның тың жерлеріне 200 мыңдай отбасы қоныстанды.

Тың аймағындағы МТС, кеңшар директоры сияқты басшылық жұмыстарға сырттан келген мамандар тағайындалды. Орталық комитеттен бастап аудандықпартия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметіне дейін орталықтан жіберілді.

Қазақстан тыңын игеруге 1954—1955 жылдары орталықтан 26 мыңға жуық коммунист жолдамамен келді. Тың игеру шын мәнінде ұйымдастырылған қонысаудару болды және ол орталықтың ұйғаруымен әкімшіл-әміршіл басқару әдісімен асығыс жүргізілді. Әрине, тыңды бағындыруға келгендердің қиындықтарға қарамастан қажырлы еңбек еткендігін жоққа шығаруға болмайды. Алғашқы тың игерушілердің ерен еңбегі сөзсіз тарихта қалады.

Тың жерлерге Кеңес әскері қатарынан қайтқан жауынгерлер де көптеп тартылды. Олардың күшімен Көкшетау облысында «Тамановец», Қарағанды облысында «Индустриальный» және басқа кеңшарлар құрылды.

Тың және тыңайған қазақ жерлерін игеру үшін 1954—1959 жылдары 1 млн 500 мың адам келді. Қазақстандағы тың эпопеясын жүзеге асыруға, орталықың ұйғаруымен жоспарлы ұйымдастырған көші-қон ғаламат этнодемографиялық өзгерістерге әкелді. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық құрамы түбірлі өзгеріп,қазақтар өз жерінде азшылыққа айналды. Қазақ ұлтының республика тұрғындары арасындағы үлесі 1959 жылғы санақ бойынша 38%-дан 30%-ға (2 млн 787 мың адам) күрт төмендеді. Жалпы, 1953—1965 жылдары ауыл шаруашылығы түрғындары Қазақстанда 2 млн-ға көбейді, демек, 1,5 есеге артты. Қазақстандағы халық санының көбеюі табиғи өсім есебінен емес, механикалық өсу жолымен жүрді.

Одақтық өнеркәсіп құрылыстарының демографияға әсері

Кеңестік дәуірдегі тұрғындар көші-қоны Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуын жеделдетудің құралы ретінде пайдаланылды. НәтижесіндеҚазақстанға келгендер ағымы жедел түрде қажетті маманданған жұмысшы күшін толықтыру үшін пайдаланылды. Бұл халық шаруашылығын жылдам дамытуды көздеген Қазақстан үшін жоспарлы көші-қон еді. Өнеркәсіп құрылысы үшін соғысқа дейінгі кезеңде, негізінен, елдің еуропалық бөлігінен шығыска 1 млн 200 мың адам көшіріліп әкелінді.

Қазақстан жоспарлы түрде көшірудің одақтың жүйесіне 30-жылдардың ортасынан бастап тартыла бастады. Қазақстанға ұйымдасқан түрдегі көшірулер халықшаруашылығының екі саласын, яғни ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті қамтиды. Мәселен, «Өнеркәсіпке ұйымдық қабылдау» деген атпен 1931—1940жылдары сырттан әкелінген 509 мың адам өнеркәсіп жұмысшылары қатарын толықтырды.

Жаңа құрылыстарға құрал-жабдықтармен бірге маман-ғалымдар келді. Баку мен Грозныйдан келген мұнайшылар Орал—Ембі мұнай қорларын игеруге,Донбасс шахтерлері — Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарын игеруге көмектесті. Олар Қазақстанның экономикалық картасында жаңадан пайда болғанөнеркәсіп аудандарында еңбек етті. Кеңестік Қазақстанның социалистік құрылыстарында жұмысшы табының көп ұлттық құрамы қалыптасты. Қазақстандағы жұмысшылардың абсолюттік саны қарқынды өскенімен, қазақ жұмысшыларының үлес салмағы соғысқа дейінгі жылдармен салыстырғанда біршама кеми түсті. 1939—1970 жылдары қазақстандық жұмысшылар саны 224 мыңнан 823 мыңға өссе, қазақтардың үлес салмағы 26%-дан 24,1%-ға кеміді.

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі ядролық қарудың сынақ полигондары, Байқоңыр ғарыш кешені сияқты маңызды объектілері орналасты. Сондықтан 1991жылға дейін жалғаскан көші-қондық ағымдарға жабық әскери объектілер халқын (250 мың адам), стратегиялық маңызы бар жер асты байлықтарын игеру үшін салынған жұмысшы қалашықтары тұрғындарын және одақтық ведомствоаралық өкіметтің ұйғаруымен көшіп келгендерді қосуға болады. Рудный,Теміртау, Зырянов, Ленинск, Курчатов, Лениногор, Шахтинск қалаларында жергілікті халықтың үлесі өте төмен дәрежеде болды. Жалпы, стихиялық лекпенөздігінен келіп қоныстанғандардың болғандығын да естен шығармаған жөн.

60-жылдары республиканың индустриялық әулетінің кең қанат жаюы демографиялық жағдайдың көпұлттылық бағытын тағы да тереңдете түсті.

Кеңестік кезеңдегі ұлт мәселесінің «шешілуі»

Қазақ КСР-і ғана емес, одақтың басқа да ұлттық құрылымдарында тың жерлер мен пайдалы қазба байлықтарын игеру, аса үлкен электр станцияларын,зауыт-фабрикаларды тұрғызу, канал, бөгеттер салу кезінде сырттан келгендер есебінен тұрғындардың ұлттық құрамының арасалмағы тез өзгеріске ұшырады. Осылайша Менделеев кестесіндегі барлық элементтерге бай әрі кең-байтақ қазақ даласы социализм құрылысына қызмет ету үшін сырттан келгендерді құшағын жая қарсы алуға тиіс болды.

Социалистік құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажет мамандар Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Балтық өңірінен және барлық кеңес елінің түпкір-түкпірінен келген еңбекші мамандар есебінен қамтамасыз етілді. Ал жергілікті халықты тартуға жеткілікті мән берілмеді. Бұл одақтас республикахалқының Қазақстанға көмегі ретінде көрсетілді және солай бағаланды. Нәтижесінде Қазақстан жүзден аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын «халықтар достығының лабораториясына» айналды. Қазақстан халқы бұл ерекше атақты мақтан тұтуға тиіс болды. КОКП-ның бағдарламалық құжаттарындакоммунистік партияның еңбекшілердің интернационалдық тәрбиесіндегі бағыт беруші рөлі баса көрсетілді. Онда: «Ұлтшылдық көріністер мен ұлттық шектеушілік социалистік құрылыс орнағанмен өзімен-өзі бірден жоғалып кетпейді. Ұлтшылдық, алып-қашпа сөздер мен бұрынғы ұлт араздығы, міне, осылар әрқашан да әлеуметтік прогреске неғұрлым ұзақ, тегеурінді, кескілескен қарсылық көрсетуі мүмкін», — делінді. Және бұл кереғар құбылыстармен күресу қажеттігі партия қызметкерлерінің мойнына жүктелді.

КСРО халықтарының достығы мен ынтымақтастығының беки түсуін қамтамасыз ету қажеттілігі күнде теледидар мен радио арқылы беріліп жатты. Ал осықағидаларды нақты өмірге енгізу жағына келетін болсақ, әрине, кеңес дәуіріне тән сөз бен істің арасындағы алшақтық ұлт мәселесін шешуде де орын алды. Этномәдени үдерістердің көп қырлы екендігі мәлім. Атеизм жылдарында мыңдаған мешіттер қиратылды, ұлттық басылымдар жабылды. Сөйтіп, халықтың рухани дүниесіне нұқсан келді. Ең қарапайым есепке қарағанда, КСРО аумағында XX ғасырдың басында болған 25 мың мешіттің 1986 жылы 376-сы ғана қалды. Алайда КСРО- да 70 жылдай үстемдік құрған белсенді атеизмнің жанкешті саясатына қарамастан, көптеген ұлттық және этностық топтар өз діндерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен ұштасатын тұстарын сақтап қалды.

18-билет

1.Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметінеқарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері

XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметіқазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім ЯгудинӘскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.

Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері

1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.

Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарғанәділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.

Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

Көтерілістің басталуы

Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Олшекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкенткебара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.

Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мыңсолдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлыныңауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.

Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.

Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды

Қазақ хандығының қалпына келтірілуі

1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күрестітабысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.

Қарулы күштердің құрылуы

Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.

Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.

Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.

Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығыныңЖаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.

Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі

Патша үкіметі Кенесары ханды Орынбор өлкесінен қалай да ығыстырып шығаруға ұмтылды. Соның салдарынан Кенесары Сарыарқаны тастап, көтерілісорталығын Жетісу жеріне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сібірдегі өкімет билігі Омбыдан генерал Винневский басқарған елеулі әскер күшін зеңбіректерімен қоса Жетісуға жедел түрде жіберді. Азық-түліктің тапшылығы Кенесарыны егіншілікпен айналысуға мәжбүр етті. Күші басым патша үкіметініңқысым жасауымен Кенесары Іле өзенінід оң жақ бетіне өтіп, одан әрі Алатаудың етегіне көшіп барды. Ал патша үкіметі оған Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары тарапынан көмекке келетін жолды кесіп тастады. Ұлы жүздің Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек сияқты батырлары Кенесарыға қолдау көрсетіп, көтерілісшілердің сиреп қалған қатарын толықтырып, едәуip күшейтті.

Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бірақ оның бұл әрекетін Қытай үкіметі қолдамады. Ресей империясымен қарым-қатынасымызды бүлдіріп аламыз деген қауіппен Кенесарының өтінішін қанағаттандырудан үзілді-кесілді бас тартты. Қазақтардың арасында беделі күшті әрі жауынгер ханды қабылдаудың ешқандай да қажеті жоқ деп ойлады. Оның үстіне, бұл кезде Қытайдың өзі де қазақтармен діні бір ұйғыр және дүңгендердіңкөтерілістерінен мазасы кетіп, қатты аландаулы болатын.

Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары

Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстік қырғыз рулары білеуші манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Бұл талаптар патша үкіметімен және Қоқан хандығымен одан әрі күрес жүргізу үшін күш біріктіру қажеттігінен туған еді. Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».

Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрі қалыптаспаған еді. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтіп өздерінің тәуелсіздігінен айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерінің ойына кіріп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе еді. Оның үстіне, қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкіметінің Сібір әкімшілігі тарапынан едәуір қолдау табатынын да сезді. Вишневский қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтан-ашық айдап салды. Алатау қырғыздары Қоқан хандығының қолдауына сүйенді. Қырғыз манаптары ірі тайпа өкілдерін құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күшті манап Орман барлық қырғыздардың билеушісі болып тағайындалды. Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтан-ашық бас тартты. Кенесары ханның қырғыздарға қарсы аттанған екі мың сарбазы жеңіліс тапты. Оның бір мыңы қырғынға ұшырады, екінші жартысы аш-жалаңаш, қару-жарақсыз, жаяу-жалпылап кері қайтты. Қазақ сарбаздарының бірқатары тұтқынға алынды. Мұның өзі қырғыздар тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген батылдық пен қатыгездік болып шықты. Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшін орасан зор көлемде төлем талап етті. Кейінірек қырғыздар тарапынан келісім жасауға арнайы адамдар келді. Қазақтар мен қырғыздар арасында бейбіт келісім жасалды. Тұтқындар алмастырылды. Екі жақта бұдан былай бір-бірімен бейбіт көршілікте, тату-тәттідостықта тұруға серттесті. Бірақ қырғыздар көп ұзамай-ақ бұл келісімді бұзды, Кенесары ханның жақын серіктерінің бірі Саурық батырдың ауылына шабуыл жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқараның өлімі үшін кек алу мақсатымен ұйымдастырылған еді. Қырғыздар қазақтардың 700-ге жуық жылқысын айдап әкетті, Саурық батырды өлтіріп кетті. 1847 жылғы сәуірде Кенесары он мындай қолмен Қырғызстанның жеріне басып кірді. Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір тауының қойнауында өтті.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы

Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өзбатырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.

Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.

Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».

Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды.Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.

Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтарҚырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.

Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуахандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.

Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылғанжағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.

Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.

Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.

Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1]

2.Қазақстан комсомол жастар ұйымының тарихы РСДР(б)П-ның 1917 жылдың тамызында Петроградта өткен VI съезінде жұмысшы жастардың коммунистік ұйымын құру мәселесі қаралды. Ал Қазақстанаумағында бұл әрекет азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында басталған болатын. 1918 жылы алғашқы комсомол ұясы дүниеге келді. Комсомолды ұйымдастырушылар Б.Атуев, Х.Чурин, Қ.Сахыбалиев, Ғ.Сұлтанов, Е.Сереченко, М.Кұжбанов, Н.Оперштейн, М.Шығаев, т.б. болды.

1918 жылдың 29 қазанында Мәскеуде Жұмысшы және шаруа жастарының I Бүкілресейлік съезі ашылды. Комсомол тарихы осы кезден басталады.

Комсомол ұйымының негізіне мына төмендегі қағидалар жатқызылды:

1. Одақ Ресей коммунистік партиясымен тығыз байланыста;

2. Коммунизм идеяларын насихаттауда, сондай-ақ Жұмысшы мен шаруа жастарын Кеңестік Ресейдің іргетасын бекітуде белсенділік көрсетуге үндеу;

3. Одақ өзін РК(б)П жетекшілігіндегі дербес ұйым деп есептейді.

Қазақстандағы алғашқы комсомол ұйымдары бірінші кезекте темір жол желісі бойындағы поселкелерде құрылды. Елде азамат соғысы жүріп жатты. Өзықпалын күшейте түсу үшін Кеңес өкіметі жақтастары қатарын көбейтуге ұмтылды. Бұл жолда оған Қызыл Армияның партия ұялары мен саяси бөлімдері көмек көрсетті.

Жергілікті партия органдары жаңа құрылган комсомол ұяларының қызметін бағыттап отырды. Бұл ұялар құрамына орташа 3-тен 10 адамға дейін кірді. Негізгі өзегі майдангерлер мен жұмысшы жастар болды. Болыстық және уездік комсомол органдарының басшылары өз міндеттерін негізгі жұмысынан қол үзбей, кешке және демалыс күндері атқарды. 1918—1919 жылдары комсомолдың қоғамдық жұмысы әрбір әкімшілік аудандағы жастарға комсомолдыңәсерін таратуға бағытталды. Жастармен жұмыс жасаудың бір түрі — қазіргі кезең жағдайы, майдандағы оқиғалар, халықаралық оқиғалар туралы саясиәңгіме өткізу болды. Әңгімелесуге уездік партия комитетінен баяндамашылар шақырылды, кейде Орынбордан баяндамашы келген кез де болды. Комсомол жұмысының көп таралған бір түрі клубтарда көркемөнерпаздар ұжымын құру еді. Бұл ұжымдар пьесалар қойып, концерттер ұйымдастырды.

Түркістан жастарының аса көрнекті ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаев есімі комсомол тарихында мәңгі қалды. Кеңес өкіметін орнату кезінде Ғани Қазалыдепутаттар кеңесінің жұмысына белсене қатысқан. 1920 жылы ол Түркістан комсомолының съезі жұмысына қатысып, ОК мүшелігіне сайланды. Ол қазақ жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы болып бекітіледі. 1922 жылдан бастап ол Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі болып және РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының мүшелігіне сайланады.

1920 жылды







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1346. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия