Студопедия — Оғыздар Қазақстан аумағында
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғыздар Қазақстан аумағында

Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл, бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.

Оғыздар Қазақстан аумағында

Огыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.[

 

25 билет(1)

 

Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Шаруашылық, мәдени және саяси байланыс

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мөдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі.

Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында кактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.

Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.

Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.

Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді.
Қала-дала байланыстары.

IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбаска дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.

Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.

Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.

Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті.

Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.

Аралдың шығыс маңы, Сырдың төменгі ағысы, Шу, Талас өңірі, Жетісу көшпелілер мен отырықшылардың ежелден және ұзақ уақыт тоғысқан аймағы болды.

VII ғасырларда салынған Жетісу қалаларының көбі түрік қағандарының ордасы ретінде пайда болып қалыптасты. Жетісуда отырықшы мәдениет VI—XIII ғасырлар бойында көбейіп, қанат жая бастады. Түркеш, Қарлұқ, Қарахандар қағанаттарының халқы көшпелілер мен отырықшылардан тұрды. Қарлұқ, әсіресе Қарахандар дәуірінде көпшілік көшпелілер отырықшылыққа өтті. Осы кезеңде көп пайда болған қоныстар мен қалалардың ерекше түрі — төрткүлдер. Осы I кезеңдегі қала жұртының материалдық мәдениетінде қалалық жөне көшпелілік сипат араласты. Мысалы, ауланың ішінде киіз үй тігіп отыру салты, ауладағы кең мал қоралар, т. б.

Жетісуда ортағасырлық қалалардың қирауының, қала мәдениетінің құлдырауының басты себебі — әскери саясат тәртібіне байланысты болды. Алдымен хорезмшахтың қидандарымен, одан соң наймандармен соғысы. Содан соң Жетісуды монғолдардың жаулап алуы. Соғыстардан, шапқыншылықтардан, ең алдымен, қалалар мен қоныстар қатты зардап шекті. Өндіріс, мәдениет ошақтары қиратылды, қала халқы жаппай Сырдария мен Ферғанаға қоныс аударды.

Қалалардың қирауына ішкі, отырықшы иеліктердің өзара қақтығыстары да себеп болды. Іле даласында қала мәдениеті XIII ғасырда, Шу аңғарында — XIV ғасырда, Талас өңірінде XV ғасырда құлдырап, тоқырай бастады. Жетісуда кала мәдениетінің мүлде кұруы Ақсақ Темірдің Моғолстанмен соғыстарының салдарынан болды.

Қазақстан аумағында исламды таратушылар арабтар емес, Орталық Азияның қалалық мәдениет орталықтарынан шыққан саманидтер болды. Араб мәдениетімен бірге араб жазуы, араб сәулет өнері, қыштан жасалған бұйымдары, эпиграфикасы келді. Мұсылмандық түркі қоғамының интеллектуалдық өміріне біршама өзгеріс әкелді. Арабтық, мұсылмандық мәдениетті меңгерген ғалымдар тобы қалыптасты: әл-Фараби (X ғ.), Жүсіп Баласағұни (XI ғ.), Махмуд Қашқари (XI ғ.), әл-Хорезми (XIV ғ.), т.б. Қазақстанда мұсылман дінін таратушы топтар пайда болды. Олар: хатибтар, мутаввалдар, молдалар, имамдар, т.б.

Орта ғасырларда Месопотамия жерінен шыққан манихей діні қазақ жеріне Мәуереннахр отырықшылары аркылы келді. VIII ғасырда Батыс Түрік қағандары шығыстан келген манихей дініне колдау жасады. Манихей дінінің Қазақстандағы орталығы Тараз қаласы болды. Осы қалада жазылған манихейліктердің «Екі негіз жөніндегі қасиетті кітабы» (VIII ғ.) «он оқ бұдұн елін» (түркілерді) дінге қарату мақсатын көздеген еді. Манихей дінінің негізгі қағидасы бойынша, өмір жағымды, таза күштер мен зиянды, кара ниетті күштердің күресінен тұрады. Олар ілгерілеушілікке, дамуға қарсы болды, отбасын, өмірдің қызығын төрк етті. Мал етін жеуге қарсы болды, тек өсімдік тағамдарын пайдалануды уағыздады.

Б.З. V ғасырында Қазақстан жеріне несториандық сарындағы христиан діні ене бастады. Несториандар қасиетті Мария Құдайды емес, адам бейнесіндегі Христосты туды деп мәлімдеді. Сол үшін қуғындалған Нестордың ізін куушылар өз дінін шығыс елдеріне таратуға бет алды. Осы дінді әрі қарай таратушы Сириядан шыққан несториан-христиандар біртіндеп оны Бактрия, Парфия, Мәуереннахрға, Қазақ жеріне, одан Қытай мен Монғолияға таратты. Несториандың христиандардың V—VIII ғасырларға жататын шіркеулері, ескерткіштері Тараздан, Меркеден, т.б. оңтүстік және Жетісудың ортағасырлық қалаларынан табылды. Орта ғасырларда бұл өңір халқы көне шамандық-тәңірлік дінмен қатар әр жерде буддизм, манихейлік, христиандық діндерді ұстанды. Бұл өңірде IX—X ғасырлардан бастап мұсылман діні кең таралып, негізгі дінге айнала бастады. Орта ғасырларда оңтүстік өңірде осындай діни синкретизмнің (күрделі араластықтың) пайда болуы да көшпелілер мен отырықшылардың мәдени қарым-қатынасының нәтижесі еді.

Сонымен, көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасында тығыз байланыс болған. Бұл байланыс бірде жаугершілік, бірде арагүдік қақтығыстар, алым-салық түрінде болса, ал көпшілік жағдайда бейбіт қарым-катынас, сауда, айырбас түрінде іске асты. Көшпелі мәдениет пен отырықшы өркениеттердің жиі, тығыз араласуына Ұлы Жібек сауда жолындағы калалар үлкен өсер етті. Көшпелі және отырықшы шаруашылық-мәдени тұрпаттың өзара әсері, әсіресе олардың шекаралық аймақтарында күшті жүрді. Көшпелілер мен отырықшылар шаруашылық-экономикалық, мәдени байланыстары арқылы бір-бірінің мәдениетін байытты.

25 билет(2)

 

Хиуа — Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзенінің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 91 м. биіктікте, Үргеніш темір жолы станциясынан оңтүстік-батысқа қарай 30 км. жерде орналасқан. Халқы 51,2 мың (2004). Хиуа тарихы көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Хиуа б.з.б. 1-мыңжылдықта дамыған Топыраққала,Қуатқала, Бүркітқала, Гүлдірсін, Қырыққыз, т.б. қалалармен қатар аталады. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5 ғасырда қаланған. Бастапқыда Ахеменәулеті мемлекеттерінің, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болды. Хиуаны 712 ж. арабтар жаулап алды. 9 — 10 ғасырларда Хорезм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді.

«Кірсін». Верещагин, 1871.

Хиуа қаласында өз заманында Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Райхан ибн Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы ғалымдар еңбек етті. Шыңғыс хан менӘмір Темір заманында Хиуа қиратылып, талауға түсті. Хиуаның қайта гүлденген кезеңі 16 ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезде қаланың ірі қорған қабырғалары, салтанатты сарайлар, мешіттер, мұнаралар, кесенелер салынып, архитектуралық ансамбль құрылды. 17 ғасырда Хиуа Хиуа хандығының астанасы болды. 1842 жылы Хиуа хандығының билеушісі Аллақұл хан Хиуаның бір бөлігін арнайы дуалмен қоршатып, қаланың ол бөлігін Ишан қаласы деп атады. 19 ғасырда Хиуада көптеген медреселер мен мешіттер салынды. Әйгілі медреселердің қатарына көркем безендірілген ғимараты бар Мұхаммед Аминхан медресесі жатады. 1873 жылы Хиуаны орыс әскерлері басып алып, бүкіл Хиуа хандығымен бірге Ресей империясының протекторатына айналдырды. 1920 — 24 жылы Хорезм Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1967 жылы қаланың ескі бөлігі — Ишан қаласы қорыққа айналдырылды. 1995 жылы Хиуа ЮНЕСКО-ның шешіміне сай әлемдік мәдениеттегі ерекше орны бар қалалардың қатарына қосылды. 1997 жылы Хиуаның 2500 жылдық мерейтойы аталып өтті.

 

Қоқан бектеріне қарсы шу бойы қазақтарының көтерілісі - 1858 жылы болған көтеріліс. Бұл көтеріліске белсене қатысып, жетекшілік етіп көзге түскендердің арасында Амангелді Серікбайұлы, Бөлтірік Әлменұлы,Жаужүрек Қойшыұлы, т.б. болды. Көтеріліс өзінің жалғасын басқа өңірлерден де тапты. Өкінішке орай, Қоқан әскерін толық қуып шығуға мүмкіншілік болмаған. Дегенмен, бұдан былайғы жерде жаудың біржолата сағы сынып, 1864 – 1865 жылдары аралығында қазақ жерінен түгелдей қуылды. Амангелді мен Жаужүрек батырлардың жерленген жері Шу аудан«Мойынқұм» елді мекенінің шығыс жағындағы Шу өзенінің бойы. Ағайындарының ұйғарымымен батырлардың басына күмбез тұрғызылған. Бөлтірік Әлменұлының кесенесі Талас ауданында.

 

Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар елінің ұдайы шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары елдің мазасын алса, оңтүстікке іргелес орналасқан Қоқан, Хиуа мемлекеттері де казақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты. Алайда Қазақстанның тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы Жоңғария мемлекеті еді. Цин (Қытай) императоры Қанси өлгеннен кейін, 1723 жылы осы елмен қарым-қатынасын ретке келтірген Жоңғария барлық күш-қуатын қазак еліне қарсы жүмсауға мүмкіндік алды. Қазақ елін талқандауды көксеген жоңғарлар өздерінің жоспарын тезірек іске асыруға тырысты. 1723 жылы қазақ феодалдары өзара қыркысып жатқан кезде жоңгардың қалың қолы Қазақ жеріне түтқиылдан баса көктеп кірді. Жетісуды жапыра, Қаратауды басьш өтіп, Талас алқабында көшіп жүрген қазақ ауылдарына ойран салды. Бұл "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның" басы еді.

 

12-билет.

1) Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп,
Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі
Өте қатал тәртібі, мұқият құрылымы бар
1207-208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы
Қытайды моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы
Моңғолдардың Қазақстан жеріне басып кіруі.
Отырар апаты.
Сөйтіп, Қытай мемлекетін алғаннан кейін ол
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты
Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне
Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға
1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор
Қаланың құлауына опасыздық себеп болды. Әскер
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен-жексен етіп, Шағатай
Сыр бойындағы қалалардың тұрғындары да релікпен
Сыр бойындаға қалалардың қарсылығына қарамастан жеңгеннен
Моңғол басқыншыларына Орта Азияның ең ірі
1219 жылдан 1221 жылға дейін Шыңғысхан
Моңғол әскер басшылары Жебе мен Сүбедей
Ұлыстар және Алтын Орданың құрылуы
Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың салдарынан Қазақстан
Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуеренахр,
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен
Кіші ұлі Төлей – Шыңғысханның негізгі
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының
Шыңғысханның көзі тірісінде-ақ оның ұлдары өз
Жошы өлгеннен кейін оның мұрагері ұлы
Алтын Орда мемлекеті көп ұлтты орасан
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер.
ХІІІ ғасырда Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты
Атап айтқанда, қазақстан интеграциялық тенденция моңғолдардың
Моңғолдардың жаулап алуы этникалық процестің дамуын
Тарихи деректерде жаулап алушылар әртүрлі аталған.
Шыңғысхан жорығына дейін-ақ Қазақстанның батыс аумағына
Қазақстан жеріне басып кірген моңғолдардың саны
Жаулап алудың алғашқы кезеңіндегі Қазақстандағы моңғолдардың
Қазақстан аумағындағы моңғол әскерлерінің санын нақты
Деректемелердің жоғарыда келтірілген деректері ХІІІ ғасырда
Қазақ халқының қалыптасуына моңғол шапқыншылығының тигізген
Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге
Моңғолдар жаулап алған елдерін арнайы тағайындалған
Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғысхан ұрпағы
Моңғолдар Қазақстан жеріне Шыңғысханның құқық нормаларын
Зерттеушілер жер-жерден жаппай алынған, моңғолдар белгілеген
Моңғол феодалдары салық төлеуді және басқа
Моңғолдардың өздері салықты қалай жиналып жатқанына
Шыңғыс тұқымдары жергілікті феодал шонжарлардың көптеген
Моңғол үстедігі Қазақстанның қоғамдық дамуына ауыр
Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер
Егістік алқаптар тапталып, халық дәулеті талан-таражға
Моңғол басқыншылығы шаруашылыққа кері әсерін тигізіп
Бір айырықша айта кететін нәрсе: моңғол
Моңғол үстемдігі сондай-ақ, Қазақстан жеріндегі көптеген
Шыңғысханның және моңғол феодалдарының жаулап алу

 

 

2) XV—XVIІI ғғ. далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау)
Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы оңтүстікте 200—300
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді
Баяу дегенмен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің
Қазақтардың тұрағы
Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай-ақ шаруашылық
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа Түркістан аймағы
отырықшылықты егіншілік
Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі
Көшпелі қазақтардың отырықшылануы мемлекеттің қандай да
қала мәдениеті
XV—XVIIІ ғғ. Қазақ хандығы дәуірінде Оңтүстік
«Түркістан бекіністерінен» аттары аталғандар арасынан тек
Қазақ мемлекеттілігінің орнығып, нығаюы кезеңінде Сырдария
Ол алғашқы қазақ әкімдерінің астанасы болған
Отырар оңтүстік-қазақстандық жерлердің ірі сауда-қолөнер кәсібі
XVI ғ. Сауран қаласы өзінің қорғаныстық
Сайрам Мауараннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын
Қаратаудың солтүстік беткейіне орналасқан Созақ әрдайым-ақ
Түркістан аймағының ірі, сондай-ақ майда қалалары
Қалалардың қай-қайсысы да тауарлы астық пен
Қалаларда қол өнер кәсібі кварталдары бодды,
Орта ғасырлық дәуірдің аяққы шенінде Оңтүстік
XVII—XVIII ғғ. шебінде феодалдық талас-тартыстардың күшейе
XV—XVIII ғғ. қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің
Кейінгі орта ғасырда қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Доспамбет жырау | Тақырыбы: ҚазақстанРеспубликасының Конституциясы.

Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1622. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.017 сек.) русская версия | украинская версия