Студопедия — Ортағасырлардағы қала мәдениеті (ІХ-ХІІ ғғ.).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ортағасырлардағы қала мәдениеті (ІХ-ХІІ ғғ.).






Орта ғасырлардағы қала мәдениеті.9-12ғ.ғҚазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды..VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты, ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд болған. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар.

Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдарының еңбектерін талдаңыз (Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ибн Сина, Райхан Бируни және т.б.)

Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби,, Қожа Ахмед Йассауи,Р.Бируни. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет» Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға. Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхаммед ибн Ахмед әл-Бируни – ортаазиялық энциклопедист-ғалым. Әбу Райхан әл-Бируни 973 жылы қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика,медицина, геология, минералогия, т.б. ғылым салаларын қамтиды. Ол Орта Азия мен Иран қалаларында болып, атақты астроном, математик Әбу Наср Мансур ибн Ирактан дәріс алды. Әбу Райхан әл-Бируни – парсы, араб, грек, үнді (санскрит) тілдерін меңгерген оқымысты. 995 – 1010 жылдары Иранда тұрды. Ол 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «әл-Асар әл-Бақйия ән әл-Құрұн әл-Халийа» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырғанҮргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бирунидің басшылығымен Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хаммар, ибн Мискуайх, т.б. көрнекті ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы алғанда ол жүз елу еңбек жазған, олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған.

. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. М.Қашғари, Ж. Баласағұни, Ибн Сина. Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан.

Ибн Сина 980 жылы 16 тамызда Бұхара маңындағы Афшана ауылында дүниеге келген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: «Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара – жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді».Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабка орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілінің грамматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геогметрияны,астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: «Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді».Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. «Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, - өмірбаянында осылай айтылды, оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім».







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 4238. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия