Студопедия — Лы Жібек жолы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лы Жібек жолы






(б.з.б II ғ. ортасы – б.з. ХIV–ХV ғ.ғ)

Б.з.б 1 мың жылдың ортасында Геродоттың сипаттауы бойынша Қара теңіз жағалауынан Донға дейін, Оңтүстік Орал маңындағы сарматтар жеріне, Ертіс пен Алтайға, Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне дейін созылған сауда жолы Дала жолы деп аталған (Ежелгі және орта ғасырдағы трансконтиненттік жол Дала жолы).

VII ғ. Ұлы Жібек жолымен Қытайдан Үндістанға Түрік қағанатының жері арқылы өткен қытай монахы Сюань Цзян алғаш реет Ұлы Жібек Жолы туралы мәлімет қалдырды.

Ұлы Жібек жолына «ұлы» сөзінің қосылу себебі Шығыс пен батысты байланыстырғандықтан. Ұлы Жібнек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені аймағынан басталды.

Ұлы Жібек жолы б.з.б II ғ. бастап пайдаланыла бастады. Жібек жолы б.з.б II ғ.ортасынан бастап халықаралық қатынас жағынан дами бастады. Б.з.б I ғ. ортасында қытай елінен жібек артқан керуендер алғаш реет батысқа қарай жолға шықты. Қытай императоры жібектен жасалған әшекейлі киімдерді Иран шахына сыйлық сыйлық ретінде жіберген. Б.з.б II-I ғ.ғ. Үйсін мемлекеті Қытай елімен сауда байланысын жасады.

Б.з.б 138 ж. қытай императоры У Ди-дің Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі 13 жылдан кейін қайтып оралған. Ұлы Жібек жолындағы сауда жолында алғашқы кезде ақша, құнды сыйлықтар мен алтынның орнына жібек қолданылған. Қытай археологтары жібек матаның «жасын » б.з.б 1 мыңжылдыққа жатқызады. Қытай елі жібекті б.з.б V ғ. бастап Батысқа қарай экспорттай бастады. Жібек мата VI ғ. бүкіл Еуразияға атақты болған. VI ғасырда Батыс Түрік қағандары мен нөкерлері жібек шапандар киген.

Жібек өндіру б.з І ғасырдың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де игеріле бастаған. Соғды елі жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түсті. Жапонияның астанасы Нарға қаласында да алғаш жібек сататын сауда орындары болған. Жібек Жолы арқылы ерте кезден-ақ көп елдерге қазіргі кезге дейін базарда сатылып жүрген қытай немесе болгар бұрышы кең тарады.

VI-VII ғ.ғ Ұлы Жібек жолының ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа созылған жолы болды. VI-IХ ғасырларда Қазақстан аумағында сауда 3бағытта жүрді. Қазақстанның Оңтүстік-шығысындағы шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы Жетісу болды. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын басты қақпасы оңтүстік-батыс Жетісудан өткен бағыты Тараз, Алматы, Жаркент (Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын басты қақпасы оңтүстік-батыс Жетісудан өткен бағыты Васидж). Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан Васидж қаласына Отырардан шыққан керуен Сырдария арқылы жеткен.

Жібек жолының солтүстік-шығыс тармағы арқылы Моңғолиядағы Мөңке ханға Рим папасының елшісі В.Рубрук барып қайтты. Жібек жолының солтүстік бағыты Испиджаб қаласында екі тармаққа бөлінген. Ұлы Жібек жолының Орталық Қазақстанға шығатын тармағы Сығанақ, Ақсүмбе қалалары болды.

Ұлы Жібек жолының оңтүстік бағыты-Ферғана, Самарқанд, Иран, Ирак, Сирия елдерімен Жерорта теңізіне шыққан.

Жібек жолында Византияның алтын солиді үлкен сұраныста болып халықаралық валюта қызметін атқарды. Тараз қаласынан Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар және Юстинианның көне алтын солиді табылды. Археологтар Сырдариядан ХII- ХIII ғ.ғ жататын сириялық бұйымдарды тапты. Отырар жазирасындағы Мардан обасынан б.з.б. IV-I ғ.ғ. жататын қытайлық «у-шу» теңгелері табылды. Кейінгі ортағасырлық Отырардан табылған көмбедегі сұрау белгісі бар сырғалар зерттеушілердің пікірінше қаңлылардыкі. Жібек жолы арқылы Рүстен аң терілері, лен, тары және ара балы тасылса, Орта Азиядан асыл тұқымды жылқылар тасылды. Әл Макдиси: «Шаштан(Ташкент) басқа елдерге сүйекпен қаптап, күміс жалатқан ерлер жебе салатын қорамсақтар, шатырлар шығарылса, ал мұнда түріктердің былғарысы, бағалы терілері әкелінген» деп жазылады. «Селжук құжатында»: «көшпелілердің әкелген заттары отырықшыларға көп пайда түсіріп, байлығын арттырады» деп жазылған. Жібек жолы бойындағы мәдени байланыста ерекше байқалған рухани мәдени сала музыка болды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3089. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия