Студопедия — Моғолстан. Моғолстан территориясында бір ғасыр бұрын Шағатай мемлекеті өмір сүрді
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Моғолстан. Моғолстан территориясында бір ғасыр бұрын Шағатай мемлекеті өмір сүрді






(ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ.басы)

Моғолстан территориясында бір ғасыр бұрын Шағатай мемлекеті өмір сүрді. Астанасы Алмалық;. Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер Іле өзенібойы (Құяш қаласы). Мемлекттің хронологиясы 1269-1346 ж.ж. аралығы. Бартольдтың;айтуынша: «Шағатай мемлекетінің негізін салушы Тува»(Дува). Туваның баласы Кебек хан қираған қалаларды қалпына келтіріп, өз атынан «кебеки» деген ақша шығарған. Кебек ханның інісі, мирасқоры Тармашырын Шағатай мемлекетінде исламды мемлекеттік дін еткендіктен халықтан «Алладин» деген есім алған.

1346ж. Шағатай мемлекеті құлауы нәтижесінде Моғолстан мемлекеті құрылды. Территориясы Жетісу, Қырғызстан аймақтары; астанасы Алмалық;. ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ.басында Шығыс Қазақстан Моғолстан мемлекетінің; құрамына енді.

«Моғол» атауы «моңғол» сөзінен шыққан. Өйткені, түрік, парсы халықтары моңғолдарды осылай атаған.

Моғолстан мемлекетін құруда басты роль атқарған дулат тайпасының ақсүйегі Әмір Полатшы болды. Моғолстанда туылған тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың; айтуынша Шағатай хан Әмір Полатшыға адал қызмет атқарғаны үшін Маңлай – Сүбе деген жерді сыйға берген. Ол жер Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі аймақ. «Тарихи Рашиди» еңбегінде бұл аймақтың, яғни Моғолстанның ұзындығы мен көлденең шекарасы 7-8 айшылық жол деп көрсетілген.

1348 ж. Моғолстанның бірінші ханы боп 16 жасар Тоғылық Темір сайланды. Ол басына шалма тақпағандар мен сәлде орамағандарды қатаң жазалады. М.Х.Дулатидың айтуынша Тоғылық Темір Моғолстанда бір түнде 160 мың; адамды ислам дініне кіргізген. ХІV ғ. исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар Өзбек хан мен Тоғылық-Темір болды.

1360-1361 ж.ж. Тоғылық Темір Мәуеренахрға жорық жасап, ол жерге баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп тағайындады, өзі Моғолстанға оралған соң көз жұмды. 1365 ж. жазда (22маусым) Ташкент түбіндегі «Батпақ» деген жерде барлас тайпасынан шыққан Темір Ілияс Қожамен ұрыста жеңіліп, қашып құтылады. Шайқаста екі жақтан 10 мың әскер қаза тапқан.

Моғолстан 1390 жылы Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті. Моғолстан билеушісі Қызыр Қожа өзін Темірдің вассалымын деп мойындауға мәжбүр болды. ХV ғ. І ширегінде Моғолстан Мұхаммед ханның; тұсында тимуридтерден тәуелсіздік алды. Мұхаммед хан мемлекетті орталықтандыру мақсатында ислам дінін енгізді.

ХV ғ. І жартысында Моғолстанға шығыстан ойрат тайпалары шабуыл жасай бастады. Уәйіс хан астананы Ілебалыққа көшіре отырып, ойраттарға батыл түрде қарсылық көрсетті.

1433-1462 ж.ж. Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Уәйістің ұлы Есенбұға хан тағына отырып, ел басқарды. Ол 1456 ж. Әбілқайыр хандығынан Моғолстанның батысына ауа көшіп келген Керей мен Жәнібек сұлтандарды жақсы қабылдап, Шу мен Талас арасындағы Қозыбасы деген жерді сыйға тартқан болатын. Моғолстан ханы Есенбұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр, Темір ұрпақтарына қарсы соғыста одақтас ету үшін қолдады. Моғолстанның келесі ханы Жүніс 1482-1485 ж.ж М.Шайбанимен одақ құрып, қазақ хандығының Ташкент пен Сайрам сияқты қалаларын басып алды.

ХVІ ғ. басында Моғолстанның ең соңғы ханы Абдар Рашидтің; тұсында Моғолстан мемлекеті ыдырай бастады. ХVІ ғ. 50-60 ж.ж. Моғолстан ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу үшін қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады, алайда, көп ұзамай Хақназардан жеңіліс тапты.

Моғолстанның ыдырауы хандық билік үшін талас себеп болды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2402. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.035 сек.) русская версия | украинская версия