Студопедия — Азақ жүздерінің пайда болуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақ жүздерінің пайда болуы






«Жүз» деген атау тарихи – шаруашылық аймақ; деген сөз. Қазақ халқында жүздерінің пайда болуы туралы аңыз «Алаша хан» аңызында айтылған. Алаша хан аңызында айтылатын үш жүздің негізін қалағандар үйсін, болат, алшын.

«Үш Жүз» аңызы бойынша қазақ халқының ру – тайпалары өз таңбаларын Таңбалы – Нұра деген жерде салған.

Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі өз жерін қорғау үшін. Ш.Уалиханов қазақ жүздерінің пайда болу себебі туралы былай дейді:

а) «қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған».

б) қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп – қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері.

Қазақ халқының және қазақ тілінің қалыптасу тарихы

Қазақ халқының қалыптаса бастауы б.з.б. 2 – 1 мыңжылдықтардан басталған.

Қазақтың халық болып қалыптасуын моңғол шапқыншылығы бұзып, 150 – 200 жылға кешеуілдетті. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты роль атқарған. Қазақтың халық болып құрылуына қыпшақ және үйсін тайпаларының одағы әсер етті. Этносаяси қауымдастық дегеніміз белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары. XІVғ. аяғы мен XVғ. І жартысында «қазақ» деген аяқталды этносаяси қауымдастықтың болғаны туралы Ибн Рузбихан айтқан. Ол қазақ халқында XVғ. 10 ұлыстың; болғандығын баяндаған.

Керей және Жәнібек хандармен бірігіп көшкен ру – тайпалардың алғашқы кездегі атауы «өзбек - қазақтар» болса, хандықтың нығаюына байланысты Керей мен Жәнібек халқын «қазақтар» деп атай бастады.

XV - XVІ ғ.ғ. қазақ тілі қыпшақ тілі тобынан бөлініп шыққан болатын. XV ғасырда қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналды. XVІ - XVІІ ғ.ғ. қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.

 

Қазақ хандығының құрылуы (ХVғ. ортасы)

ХVғ. қалыптасқан саяси – тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына әсер етті. Қазақ халқының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекеттеріндегі ішкі саяси оқиғаларға байланысты болды.

Қазақ хандығының негізін қалаған хандар Керей мен Жәнібек (Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы; Керей хан – Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы).

Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр хандығынан бөлініп, ХV ғ. 50 – 70 ж.ж. 200 мың; адаммен Моғолстанның батысына көшіп келді. Керей мен Жәнібек сұлтандарды Моғолстан ханы Есенбұға құшақ жая қарсы алды. Қазақ хандығының алғаш қарым – қатынас жасаған елі Моғолстан.

М.Х.Дулати «Тарихи Рашиди» шығармасында «қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдарынан бастап (1465 – 1466 ж.ж.) билей бастады» деген мәлімет келтірген. Қазақ хандығының алғашқы территориясы Шу мен Талас аралығы (немесе батыс Жетісу). Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен талас – тартыстарды тоқтатты.

ХV ғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдына қойған міндеті Сыр бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қарату болды. Қазақ хандығы үшін саяси – экономикалық және әскери – стратегиялық жағынан Сыр бойындағы қалалардың; маңызы зор болды. 1470 ж. Керей хан бастаған қол Түркістан қаласына, ал дәл осы жылы Жәнібек хан бастаған қол Созаққа шабуыл жасады. (1470ж. Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасаған қазақ қолына Керей мен Жәнібек хандар басшылық жасады). ХV ғ. 70 ж. қазақ хандарының бастап алған жерлері Сырдария мен Қаратау өңірі. ХV ғасырдың 70 жылдары Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұқараға қашты.

ХV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа Шайбани хан, Моғолстан билеушілері, Темір ұрпақтары тартылды. ХV ғасырда Моғолстан билеушілері Сыр бойындағы қалалар үшін шайқас кезінде Қазақ хандығына қарсы Шайбани ханмен бірге соғысты. ХV ғасырдың ІІ жартысында Шайбани ханға қарсы соғыста Әмір Темір әулеті Қазақ хандығымен одақ құрды.

Керейдің ұлы Бұрындық 1480 – 1511 ж.ж. хандық билік құрды. Бұл кезде Жәнібектің ұлы Қасым бүкіл қазақ жастарының қолбасшысы болған. ХV ғ. аяғындағы қазақ хандығының негізгі қарсыласы М.Шайбани хан болды. ХVІ ғ. басында Қазақ хандығының Сыр бойында билік жүргізуіне М.Шайбани бөгет жасады. ХV ғ. ІІ жартысында Қазақ хандары мен Шайбани ханның арасындағы шайқастардың басым бөлігі Созақ, Сауран, Сығанақ, Отырар қалаларының маңында өтті. Шайбани хан ХV ғ. 80 ж. Моғолстанмен одақтасып, Аркөк пен Сығанақты 2-ші рет басып алды (1472ж. бұл екі қаланы 1-ші рет басып алған болатын). М.Шайбани хан: «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамасын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым – қатынас болмасын» деген жарлық шғарды. М.Шайбани қазақ даласына 1503,1505,1506, ж.ж. жорықтар жасады. 1510 ж. Қасымның қолбасшысы Мойынсыз Хасан М.Шайбанидың әскерлерін тас – талқан етіп жеңіп, Самарқандқа дейін қуып жіберді. 1510 ж. М.Шайбани хан Мерв түбіндегі ұрыста қаза тапты. Шайбани ханның қаза болуы Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы өзара билік үшін таластың; басталуына әсер етті. Қазақ хандығының құрылуына байланысты Шығыс – Дешті қыпшақ жерінде Шайбани әулетінің билік жүргізуіне тиым салынды. ХV ғ. Сыр бойындағы қалалар үшін болған шайқас нәтижесінде Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары Қазақ хандығына қарады. ХV ғ. соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар Созақ пен Сығанақ;. ІV ғ. ІІ жартысында Шайбани ханмен жасалған бітім шарт негізінде Созақ; қаласы Қазақ хандығына қарады. Ал Сығанақ қаласы ең алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы болған. Қасым хан тұсында Сығанақ қаласы Қазақ хандығының саяси – әкімшілік және сауда – экономикалық орталығы болды, бірақ кейін Қасым астананы Сығанақтан Түркістанға көшіріп, осы қалада отырып билік жүргізген.

Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі ХVІ ғ. Қасым хан тұсында (1511 – 1523ж.ж.) басталды. Қазақ хандығы ХVІ ғ. І жартысында тәуелсіз, дербес ел ретінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. Батыс елдері алғаш рет қазақ мемлекеті туралы Қасым ханның тұсында естіп білді.Қасым хан билік құрған кезде Қазақ хандығы Ресей, Сібір хандығымен (Еділ бойындағы елдермен) сауда – саттық, дипломатиялық байланыс жасаған.

Қасым ханның кезінде батыстан Қазақ хандығының құрамына Ноғай Ордасына бағынышты халықтың бір бөлігі келіп қосылған еді. ХVІ ғасырдың басында Қасымның кезінде Қазақ хандығының нығаюына батыстағы Ноғай Ордасының әлсіреуі себеп болды. ХVІ ғасырда Ноғай Ордасының ыдырауы Қазақ хандығы мен Орыс мемлекетінің шекарасының жақындай түсуін тездетті. Қасым тұсында алғаш рет орыс мемлекетімен (Василий ІІІ) дипломатиялық қарым – қатынас орнады.

ХVІ ғасырда Моғолстанның әлсіреуі, яғни 1514 жылы Моғолстанныңбилеушісі Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайта түсті. Қасым 1513 жылы Сайрамды басып алды (Қасым ханның билігі қырғыздарға жүрген жоқ).

Қасым ханның тұсында ең алғашқы «Қасым ханның қасқа жолы» атты заңдар жинағы шықты, бұл заң 5 бөлімнен тұрған. Қасым тұсында тұрақты әскер құрылып, қазақ халқының саны 1 млн. жетті (М.Х.Дулатидың дерегі бойынша). Қасым ханның әскерсаны 300 мың болған (Бабырнама дерегі бойынша). М.Х.Дулатидың деректеріне қарағанда Қасым 1518 жылы қайтыс болған болса, Қ.Жалайридың деректеріне қарағанда, 1523жылы Сарайшықта 70 жасында көз жұмған. (Сарайшық;қазақтың 7 ханы жерленген қала).

Қасым өлген соң қазақ хандығы құлдырауды бастан кешірді. Қазақтың келесі ханы Тақырдың (Тахир) тағдыры өте ауыр болды: өйткені ханды халқы тастап кетті. Ол аздаған адамдармен қырғыз жеріне барып сонда жоқшылықтан өлген.

Қасым ханның ұлы Хақназар 1538 – 1580 ж.ж. билік құрып, қазақ хандығының жерлерін қалпына келтірді.

ХV ғасырдың 90 жылынан бастап қазақ – орыс қатынастары күшіне енген болатын. ХVІ ғасырда ІV Иван орыс көпестеріне қазақтармен баж салығынсыз сауда жасауға рұқсат берді. 1573 ж. Қазақ хандығына тұңғыш рет Мәскеуден орыс елшісі Т.Чебуков келді, алайда ол қазақ жерінде Көшімнің бұйрығымен өлтірілді. ХVІ ғасырда Қазақстанның солтүстік және батыс аудандарына ойрат тайпалары баса – көктеп кіріп, Ресей мен Орта Азия арасындағы сауда жолдарын басып алды. ХVІ ғ. ІІ жартысында ойраттардың тонаушылық жорықтары Жетісу қазақтарының да жағдайын ауырлата түсті.

ХVІ ғасырда Хақназар ханның кезінде Қазақ хандығымен саяси қақтығысқа түскен елдер Өзбек хандығы мен Моғолстан мемлекеттері. ХVІ ғасырда Хақназар хан мен Моғолстан билеушілері арасындағы соғыстың негізгі себебі Жетісу өлкесі үшін болды. ХVІ ғ. 50-60 ж. Моғолстан ханы Абдар Рашид Жетісу мен Ыстықкөл маңындағы жерлерді басып алу үшін қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастады. Моғолстан ханына қарсы соғыста Хақназар Жетісудың біраз жерінен айрылып қалған болатын. Хақназар хан осы соғыста қазақ – қырғыз одағының әскерлерін пайдаланды.

Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылықтары Хақназардың сыртқы саясаттағы бағытын өзгертуіне себеп болды. ХVІ ғасырда Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің қазақ еліне жасаған шабуылына тойтарыс беру мақсатындаХақназар Шайбани әулетімен одақ құрды. Хақназар өзбек ханы Абдаллахпен «қақтаспай дос болып, өзара көмектесу» жөнінде ант беріскен шарт жасады. 1570 жылдардың аяғында Шу, Талас өңірі (немесе Жетісудың батысы) Хақназардың билігінде болды.

Хақназар Абдаллахты Баба сұлтанға қарсы күресінде қолданғаны үшін өзбек ханы Абдаллах Хақназарға Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға тартты. Ташкент аймағының билеушісі Баба сұлтан да Хақназар ханды өзіне жақындату мақсатында Қазақ хандығына Түркістан мен Сауран қалаларын сыйға беріп, қазақ сұлтандарының бетін өзіне қаратқандай болды. Бірақ, қазақ сұлтандарының Абдаллахты қолдағанын сезген Баба сұлтан 1579 жылы Хақназардың екі ұлын және Жалым сұлтанды (інісі) өлтірді. Ал 1580 жылы Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназарды, оның туыстарын өлтірді.

Хақназар өлген соң хан тағына Жәнібек ханның немере інісі 80-ге келген Шығай хан отырды (1580 - 1582). Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан 1582 ж. қайтыс болып, баласы Тәуекел хан атанды (1582 - 1598).

Тәуекел 1582 ж. Түркістан маңында Баба сұлтанның басын алып, Абдаллахқа апарып берді. Риза болған Абдаллах Тәуекелге Самарқанд аймағындағы Африкент (Афрасиаб) кентін сыйға тартты.

Тәуекел ханның кезінде қазақ – өзбек қатынасы қатты шиеленісті. 1583 ж. Тәуекел «ант беріскен шартты» бұзып, Өзбек хандығынан Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын қайтарып алды. 1588 жылы ІІ Абдаллах ханға және оның Ташкент өңірін билеуге қойған адамына наразы болған халық көтерілісі бұрқ етті. 1598 ж. Тәуекелдің Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханды талқандауы оның беделі мен күш – қуатын арттырған жеңіс болды. 1598 ж. Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Қазақ хандығы мен өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесінде қазақ хандығы жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алды (1598 ж. Мәуеренахрға басып кірген Тәуекелді өзбек сұлтандары қолдаған соң, Тәуекел хан Ақши, Мұнши, Искандер, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алған болатын). 1598 ж. Бұқар түбіндегі шайқаста қазақ хандығы мен өзбек хандығының билеушілері қаза болып, екі жақта да хансыз қалды. 1598 ж. Тәуекелдің қайтыс болуына Бұқардағы ұрыс кезінде алған ауыр жарақаты себеп болған (Ташкентте көз жұмды).

Өзін «қазақ пен қалмақтың ханымын» деп есептеген Тәуекел хан Мәскеумен қарым – қатынасты жолға қойып, 1594ж. алғашқы қазақ елшілігін Мәскеуге аттандырды. Бұл елшілікті басқарып барған Тәуекел ханның өкілі Құлмұхамед Мәскеуде "аманат" ретінде қалдырылған Тәуекелдің інісі Ораз Мұхаммедті босату және орыс үкіметімен достық қатынас құру мәселелерін шешуі керек болды.1595 ж. Тәуекелге орыс елшісі Степанов келді.

Тәуекел өлген соң хан тағына мұрагерлік жолмен оның інісі Есім отырды (1598 – 1628 ж.ж.). 1598 ж. Орта Азиядағы Шайбанилер әулетінің орнына келген Аштархани әулетімен қазақ әміршілері арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді заңдастыру шарты жасалды.

ХVІІ ғасырда Қазақ хандығы әлсіреп, қазақ хандығының билігі халықты түгелдей қамтыған жоқ. Себебі, ХVІІғ. басында Қазақ хандығында бір мезгілде 2 хан билік құрды.

1.Есім хан (астанасы Түркістан);

2.Тұрсын (астанасы Ташкент). Тұрсын Жалым сұлтанның ұлы. Ол 1613 жылы өзін хан, Ташкент қаласының билеушісі (1613-1627 ж.ж.) деп жариялап, Есім ханға бағынбай өз атынан ақша шығарды. ХVІІ ғ. Қазақ хандығының ішкі – сыртқы саясаттағы беделінің әлсіреуіне к іші хандардың дара билікке ұмтылуы себеп болды. Есім ханның басты мақсаты хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру болатын.

1603 – 1624 ж.ж. қазақ – бұхар соғысы басталып, Бұхар ханы Иманқұл Есім мен Тұрсынның арасындағы алауыздықты пайдаланып қалуға тырысты. 1603-1624 ж.ж. болған қазақ – бұхар шайқасында қазақ қолына негізінен Есім мен Тұрсын хандар басшылық жасады. 1603 ж. бірінші қазақ – бұхар соғысы Айғыржар деген жерде өтті. (Самарқанд түбінде). 1613ж. Есім хан Самарқанд қаласына басып кірді. Қазақ – бұхар соғысында Есім хан қорғанысты шайқас тәсілін қолданып жеңіске жетті.

Тұрсын хан саны көп қатаған руымен қазақ ауылдарын шапты. Бұл оқиға «қатаған қырғыны» деп аталған. 1627ж. Есім ханға қарсы шыққан Тұрсын ханның бүлігін басуға атақты Жиембет жырау да қатысты. Есім хан 1627ж. Тұрсынның басын алған соң кезінде бейбіт елді ойрандауға қатысқан қатаған руын түгелдей өлім жазасына кесті. Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып, ұйғырлардың арасынан пана тауып, сіңісіп кетті.

Жоңғар қалмақтарының тегеурінін сезген Есім хан өзінің інісі Күшік сұлтанның қызын Турфан билеушісі Әбд – ар – Рахымға беріп, өзі оның қызына үйленді. Сөйтіп қалмақтардың шабуылына «туыстық тосқауылын» жасаған. 1627 ж. Есім хан қалмақтарды талқандады.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3234. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия