Студопедия — Мектептер, кітапханалар, облыстық статистикалық комитеттердің ашылуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мектептер, кітапханалар, облыстық статистикалық комитеттердің ашылуы






XIX ғ. I жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде Ресейлік билеу әкімдігі үшін шенеуніктер даярланды. 1789 жылы Қазақстанда “Азиялық училище” ашылды. 1789 ж. ашылған “Азиялық училиеде” моңғол, қытай, парсы тілдері оқытып үйретілді. 1813 ж. Омбыда, 1825 жылы Орынборда әскери училище ашылып, ресейлік әкімшілік үшін шенеуніктер дайындалды.

1831 жылы Семейде орысша білім беретін училище ашылса, 1836 жылы Өскеменде қазақтар үшін интернаты бар училище ашылды (1831-1836 жылдар аралығында орысша білім беретін училищелер ашылған қалалар Семей мен Өскемен). 1831 жылы Омбы облысының қоңыстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды.

1837 жылы Омбыда Сібір кадет корпусы қайта құрылса, 1844 жылы Орынборда Неплюев атындағы кадет корпусы ашылды.

XIX ғ. I жартысында Қазақстанда теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп Атырауда ашылған болатын.

XIX ғасырдың II жартысында қазақ өлкесіндегі ірі ғылыми–зерттеу орталығы Орынбор болды. 1850 ж. Орынборда қазақтарға орысша білім беретін мектеп ашылды. 1861 ж. Троицк қаласында, Орынбор бекінісінде, Қазалыдағы №1 фортта орыс-қазақ мектептері ашылды. Тұңғыш қазақ мұғалімдер мектебі Ы.Алтынсариннің ұйымдастыруымен 1883ж. Орскіде ашылды. 1872 жылы Омбыда, 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды.

1867ж. Орынбор губернаторы Крыжановскийдың “Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандықпен күресу” жөніндегі заңы жарияланды.

1870ж. Мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы “Ереже” бекітілді. Түркістан генерал-губернаторының мәліметі бойынша 1888 ж. өлкеде 206 медресе болған. 1870ж. мұсылман мектептері туралы “Ереже” бойынша медресеге қабылданушының жасы 16-ға дейін болуы тиіс болған. Оқу жылы мамыр-тамыз айларында өтті. Медреселерде бала саны 70-тен аспады. Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастыру үшін Бұқара мен Ташкентке барды. XIX ғ. I жартысында Қазақстандағы ірі медреселерде араб тілі оқытылды. XIX ғ. Орта Азия мен Қазақстандағы ірі медреселерде тарих жайлы білім беретін пән хикмет пәні деп аталды. 1870ж. наурызда мұсылман мектептері, яғни медреселер жанынан орысша білім беру туралы жарлық шықты.

1854ж. Қазан қаласында XV-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы “Жылнамалар жинағы” шығармасы баспадан шықты.

1896ж. Ресейдің әр түрлі оқу орындарында Торғай облысынан шыққан 50-ге жуық қазақ баласы оқыды. Петербург университетінің стипендиаты Ж.Ақбаев Семейлік алғашқы қазақ заңгері болған.

XIXғ. Қазақстандағы халық ағарту ісінің дамуына білімді ұстаздардың жетіспеуі кедергі болды. 1867-1868 ж.ж. “Ереже” бойынша қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқық берілді. XIXғ. II жартысында Сырдария мен Жетісудағы оқу орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына тапсырылды.

1883ж. қазақ даласындағы 260 кітап қоры бар тұңғыш қоғамдық кітапхана Семейде ашылды. XIX ғ. аяғында кітапханалар ашылған қалалар Орал, Верный, Семей. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландыруымен 1910ж. дейін жұмыс істеді.

Қазақстандағы зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер XIXғ. 80ж. құрыла бастады, 1868ж. Түркістан статистикалық комитеті, 1878ж. Семей облыстық статистикалық комитеттері алғаш болып ашылған болатын. Жер аударылғандардың ұсынысы бойынша А.Құнанбайұлы 1884 жылы Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып сайланды.

1897ж. Қазақстанда алғаш рет халық санағы өтіп, санақ бойынша халқының саны ең көп қалалар Орал мен Верный болды. 1897ж. санақ бойынша Қазақстандағы халық арасында қазақтардың үлесі 81,7% болып, сауатты қазақтар 10% құрады.

XIX ғасырда қазақ баспасөзінің қызметі басталды. 1870 жылы 28 наурызда “Түркістан уәлаяты” газеті шықты.

1868ж. Париждегі дүниежүзілік көрмеде қазақ халқының ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдары көрсетілді. Ал 1872ж. Мәскеуде қазақ халқының музыкалық аспаптары көрмеге қойылған болатын. 1896ж. жергілікті шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петропавлдағы, Көкшетаудағы көрмелерде көрсетілді.

Ншілер

XIXғ. II жартысындағы әрі сазгер, әрі публицист Жаяу Мұса (1835-1929) өзі шығарған 70-ке жуық әннің барлығына сөзін өзі жазған. Ол Ы.Алтынсариннің “Кел балалар оқылық” өлеңіне ән жазды. Шоқанмен бірге жүріп, Абайға өлең арнаған. 1852ж. Омбыға келіп, 1854ж. орыс мектебіне түседі. 1856ж. ауылына қайтып, дауларға араласады. 1860ж. Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылып, 1862ж. өз еркімен әскерге алынды. Генерал М.Черняев тобының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты.

Біржан салдың (1834-1897) ақындық өнерінің қалыптасуына 1865ж. Абаймен кездесуі үлкен әсер етті. 20 жасынан бастап ән шығара бастаған. Біржанның алғашқы әндерінің бірі “Біржан сал”. Біржанның Сарамен айтысы оның суырып салма ақындық талантын елге танытты. Ол өз заманының азулы өкілдерін сынап, кекке толы “Жанбота” өлеңін шығарған. Біржан салдың әндері “Ғашығым”, “Айтбай”. Біржан салдың бізге жеткен әндерінің саны 40-қа жуық.

“Балқадиша”, “Маңмаңгер”, “Сырымбет”, “Құлагер” әндерін шығарған Ақан сері 1843-1913 жылдары өмір сүрген (шын есімі Ақжігіт). 16-17 жасынан бастап өнер жолына түскен. Ақанның 40-тан астам әндері бізге жеткен. “Құлагер” өлеңінде ақынның көңіл-күйі, ашу-ызасы жырланады. Ақан сері 1905-1907 жылдардағы орыс революциясының лебімен “Шоғырмаққа”, “Сұрағанға”, “Смағұлға” атты сықақ өлеңдерін шығарған.

XIXғ. аса үздік сазгер-сыбызғышысы Сармалай болған (шын есімі Садық).

XIX ғасырда музыкалық мәдениетте елеулі із қалдырған 1836-1838 жылдардағы көтеріліс болды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2592. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия