Студопедия — Сталинград шайқасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сталинград шайқасы






(1942ж. шілде-1943ж. ақпан)

1942ж. екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі шайқасқа айналған Еділ бойындағы Сталинград шайқасы басталды. 1942ж. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. 1942ж. 1 қыкүйекте Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942ж. 10 қыркүйекте Атырау аспанында алғашқы жау ұшақтары пайда болды. Атырау майданы Кавказ бен Орта Азияны жалғастырушы аймақ болды. 1942 ж. 16 қазанда Орал облысы майдан өңіріне енгізілді. 1942ж. Қазақ радиосы Сталинград қаласын қорғаушылар үшін арнайы радиохабар ұйымдастырды.

29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, тануі мен зеңбіректер жөндейтін зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943ж. бұл дивизиялар 72 және 73- гвардиялық дивизияларға айналды. 73 -гвардиялық дивизия«Сталинградтық» құрметті атағын алды.

Сталинград шайқасында минометші Қ.Сыпатаев минамен жау танкісінің астына түсіп мерт болды. Ал Әбу Досмұхаммедов қолындағы гранатасымен танкінің астына түсіп опат болды. «Павлов үйін» қорғау кезінде оңтүстік қазақстандық жауынгер ерлік көрсетсе осы ұрыста ақын Қ.Аманжолов ерлікпен қаза тапты.Жамбылдың баласы Алғадай Синельниково деревнясында ерлікпен қаза болды.1942ж. Қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты. 73 –гвардиялық дивизияның полковникі Ғани Сафиуллин өз жауынгерлерімен жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын көзін жойып жіберді.

 

 

Ұлы Отан соғысының аяқталуы

1943ж. букіл соғыстар тарихындағы ең көп танкілер Курск түбінде ұрыс өтті. 1944ж. Кеңес әскерлері өз шекарасынан жауды қуып, батысқа жылжи бастады. Кеңес Одағыньң батырлары Егоров пен Құсайынов Шетелдегі қарсыласу қозғалысына қатысты. Шетелдегі қарсыласу қозғалысына 300 қазақстандық қатысқан.

1945ж. 16 сәуірде «Берлин операциясы» басталды. 1945ж 30 сәуірде Гитлер әйелімен 6ipre атылып өлді. Дәл осы куні Р.Қошқарбаев пен Булатов рейхстагка жеңіс туын тікті. 1945ж. 2 мамырда Берлин қаласы алынып, Кеңес әскерлер қаланы толық бақылауына алды. 1945ж. 8 мамырдаГермания жеңілгені туралы шартқа қол қойып, 9 мамыр жеңіс күні деп жарияланды. Берлин тубіндегі шайқаста С.Нұрмағамбетов ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атағын алды. (С.Нұрмағамбетов кейін Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі болған).

1945ж. 9 тамызда КСРО Жапонияға соғыс жариялап, Қызыл Армия Қиыр Шығыстағы соғысты 24 күнде аяқтады. 1945ж. 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі жөніндегі шартқа қол қойып, осы оқиғамен II дүниежүзілік соғыс аяқталды. II дүниежүзілік соғысқа әлемнің 61 мемлекеті қатысып, 50 млн-дай адам қаза тапты. КСРО осы соғыста 27млн. (25млн.) азаматынан айрылды. (оның 603мыңы қазақстандықтар). Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-да 1710 кала мен селолар қирап, 25 млн. адам баспанасыз Отан соғысы кезінде Новороссиск қаласы жаулап алушылардың ұшыраған жоқ болатын.

Ұлы Отан соғысы 1418 күнге созылған тарихтағы ең апатты соғыстардың 6ipi ретінде тарихта қалды.

 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан

(1945-1960 ж.ж.)

Қоғамдық-саяси өмip

Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өндірісіне айналдыру конверсия деп аталады.

1945-1948ж.ж. Кеңес әскерінің қатарынан 8,5 млн. адам босатылды.

1951 ж. 12 наурызда БҰҰ-ның соғысты насихаттау адамзатқа қарсы бағытталған қылмыс деп жариялаған «Бейбітшілікті корғау» туралы заңы қабылданды. Бұл үндеуге 118 млн. Кеңес азаматтары (4 млн. қазақстандықтар) қол қойды.

Фашист басқыншылардан азат етілген аудандарға Қазақстан колхоздары мал жіберді. 1945ж. Украинадағы зардап шеккен аудандарға Қазақстаннан 500 трактор, 140 паровоз жіберілді.

1946ж. Кецес үкіметі қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру үшін IV бесжылдық жоспарды (1946-1950) қабылдады. Қазақ КСР Білім академиясы 1946-1949ж.ж. халық шаруашылығына енгізу үшін 900- дан астам ұсыныстар мен зерттеулер жасады.

1946ж. колхоздардың 76 пайызында МТС-тер қызмет көрсетті.

1947ж. карточка жүйесі жойылып, ақша реформасы енгізілді. Ecкi ақша 1/10 қатынаспен алмастырылды. IV бесжылдық жылдарында баға 3 рет арзандатылып, жалақы өcipілдi.

1953ж. 5 наурызда И.В.Сталин қайтыс болып, КСРО-ның келесі Бас хатшысы Н.С.Хрущев болды (1953-1964). 1953ж. КОКП қатарынан Л.Берия шығарылып, артынша атылды. 1956ж. КОКП-нің XX съезінде Хрущев Сталиннің «жеке басына табынушылықты» айыптайтын баяндама жасады. Хрущевтің XX съезде «жеке басқа табынуды» айыптаған баяндамасының мәтіні баспасөзде 33 жылдан кейін жарық көрген. КОКП-ң XX съезінен кейін мемлекет қайраткерлері О.Жандосов пен С.Асфендияров және әдебиетшілер С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б. Майлин ақталды («Хрущев жылымығына» қатысты окиға С.Сейфуллин, О.Жандосов, Н.Нұрмақов т.б. ақталуы). 1953-1955 жылдары Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды.

1949ж. Қазақстан Орталық Комитетіне Бас хатшы болып Ж.Шаяхметов (1946-1954) келді. Ж.Шаяхметовтың Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан алыну ce6e6i тың және тыңайған жерлерді игеруге қарсы болды. 1954ж. оны Понамаренко алмастырып, екінші хатшы Л.Брежнев болып сайланды..;;

1950ж. Республикада коммунистердің саны 58920 адам болса (500 мың адам), 1960ж. 345115 -ке жетті. Ал 1951-1960ж. республикадағы комсомол мүшелерінің саны 760 мың адамға жетті. 1950ж. соңында «КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті»деген партиялық тұжырым қабылданды.

1940-1950 ж.ж. кеңестік жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды. Кеңес Одағынығ Коммунистік партиясының еінші дүниежүзілік соғыстан кейін жоғарыдан төмен қарай, иерархиялық-пирамидалық құрылымға айналды. Кеңес қоғамының саяси жүйесіне тән белгі еңбек адамын меншік пен билікке жақындатпау болды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалым коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулерді талап етті. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары барлық жоғары оқу орындарында оқытылған негізгі пән Партия тарихы болды.

1946ж. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалауға жол ашқан БК(б)П ОК-ң «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты.

1947 жылы Қазақстан К(б) П Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел кателіктер туралы» қаулысы жарық көрді. 1947ж. Қазақстан Компартиясының ОК-1 «Қазақ халқының XIX ғасырдағы және ХХғ. басындағы яғни, революцияға дейінгі рухани мұрасын зерттеуге тыйым салу туралы» қаулы шығарды.

1943ж. шыққан «Қазақ КСР тарихы» атты енбектің авторларының Е.Бекмаханов 1947ж. «ХІХғ. 20-40ж.ж. Қазақстан» деген монография жазды. Е.Бекмаханов бұл монографияның 14 тарауында Қ.Қасымұлы көтеріліс туралы шындықты жазғаны үшін 1952ж. 25 жылға сотталды. 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін марксистік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақала Бекмахановты ресми түрде айыптаудың басы болды. Академик, қоғам кайраткері Панкратованың тікелей көмегінің нәтижесінде іс қайтақ қаралып, Е.Бекмаханов 1954ж. ақпанда ақталып шықты.

Аса ірі ғалым Э.Марғұланның көзқарастары да ғылымға жат деп жарияланды. ХХғ. 40-50 жылдары көрнекті қазақ ғалымдары Ысмайлов, Сүлейменов, Кеңесбаев қудалауға ілікті. ХХғ. 40-50ж.ж. қудалаудың ауыртпалығын көрген ұлы педагог, ғалым-психолог, Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры Т.Тәжібаев Бекмахановты, Ысмайлов, Кенжебаевты қолдағаны үшін айыпталды. 1951 жылы 6 шілдеде «Қазақ Мемлекеттік университетіндегі саяси-тәрбие жұмысы мен кадрлық іріктеудегі кемшіліктер туралы» қаулы қабылданды.

40-50 жылдары биология, медицина, геология саласындағы ғалымдарға «космополит» деген айып тағылды.

1950ж. атақты ғалымдар Ю.Домбровский мен К.Сәтбаев Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған. М.Әуезов тыс жердей баспана іздеуге мәжбүр болды.

1950-1960 ж.ж. Хрущев тұсында 90 мың «өзгеше ойлайтын» азаматтары куғынға ұшырап, жүйке ауруханаларына қаматылған. Қазақстанда орыс тілі пәнінің мұғалімі М.Елікбаев үкіметтің ұлт саясатындағы әділетсіздіктерін сынағаны үшін жүйке жүйесі ауруханасына қамалды.

Қазақстан 1950 жылдардан бастап нағыз экологиялық апат аймағына айналды.

1949ж. 29 тамызда таңғы сагат 7-де Ссмейдегі Дегелен тауының етегінде КСРО-дағы ең алғашқы атом бомбасын сынақтан өткізу оқиғасы орын алды. Полигондағы жарылыс саны 500-ге жуық (459). Әрбір жарылыстың құны 30 млн. сом болган. Семей полигонында 1949-1963 жылдар аралыгынла ягни, 14 жылға жалғаскан 113 ашық жарылыс болды. 1953ж. КСРО сутегі бомбасын, яғни термоядролық қаруды жасап шығарды. 1963ж. Мәскеудегі кеңес-американ келісімінің нәтижесінде екі жақ үш ортада (әуеде, ғарышта, суда) ядролық сынақтарды тоқтатуға уағдаласып, Семей полигонындағы жарылыстар енді жерасты сынағына көшірілді. 1963- 1989 жылдар аралығында Семей полигонында 343 жерасты сынағы өткізілді. Кеңестік ядролық қару сынақтарының 70%-ға жуығы Семей полигонында өткізілген. Семей полигонының орналасқан жері Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері.

1989 жылы О.Сүлейменовтіц басшылығымен «Невада-Ссмсй» қозғалысы ұйымдастырылып, «5-5» формуласын көтерді. Оның мәні әлемдегі ірі полигондарды жабу болды. 1991ж. 29 тамызда Прсзидснт Н.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа кол қойды. Батыс Қазақстанда Капустин-Яр, Тайсойған полигондары орналасты. Қазақстанда ядролық қалдықтарды көметін 300 орын болған. Қазақстанда 1962ж. бастап радиация зардабын тартқан адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу басталды. Кеңес үкіметі 1990 жылға дейін атом қаруының адам ағзасына зияны туралы мәліметтерді құпия ұстап келген.

1970 жылдан бастап Арал теңізінің тартылуы Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азияға экологиялық апат әкелді. Теңіз суы 3 есеге азайып, жағалаудан 80 шақырымға дейін ысырылды, деңгейі 49 метрге дейін төмендедеп, теңіз тубі 30 мың шаршы шакырымға кұргады. АПмак тұрғындарының 80%-ы әртүрлі сырқаттарға шалдықты.

Ірі кәсіпорындар шоғырланған Қарағанды, Шымкент, Өскемен қалаларында да экологиялық дағдарыс шиеленісті.

 

Тың игеру саясаты (1954ж)

1954ж. КОКП рК-і «Қазақстанда астық өндіруді одан әрі дамытып, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.Тың игеру Павлодар, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді.

1960ж. Қытайдан 200 мың адам көшіп келсе, Ресей мен Шығыс Еуропадан 2 млн. адам көшіп келді. Тың игеру саясатына 20 млрд. сом қаржы бөлінді.Тың игерушілер барар жеріне дейін тегін көшіріліп, әрбір отбасына көмек ретінде 500-1000 сом ақша берілді.

1954 жылы тамызда КСРО-да 13,4 млн га; ал Қазақстанда 6,5 млн га жер жыртылды. Тың игеру жылдарыңда Қазақстанда 25 млн. га. жер жыртылған.

1956 жылы республикада 16 млн тонна астық жиналып, коммунистік даңғазалықпен 1 млрд. пұт астық деп айтылды.

Тың игеру жылдары мал жайылымды жерлердің жыртып тасталуы мал шаруашылығының артта қалуына әкеп соқтырды.

1950 жылдары республика көп ұлтты елге айналды.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2197. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия