Студопедия — Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі халықтың туу көрсеткіштерінің демографиялық ерекшеліктері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі халықтың туу көрсеткіштерінің демографиялық ерекшеліктері






Туу - өлу сияқты биоәлеуметтік құбылыс. Туу жағдайына қоғамдағы әлеуметтік саяси және экономикалық жағдайлар тікелей әсерін тигізеді. 1999-2012 ж. жалпы республикадағы халықтың туу көрсеткіші 26,73% төмендеді, өлу 35,6% дейін өсті, халықтың табиғи өсімі 2,45 есе төмендеді. Қазақстан Республикасы ұдайы өсудің қарапайым типіне жатты. 1990-1994 ж. туу белорустарда 36,6%, украиндарда 32,3%, орыстарда 30,3%, қазақтарда 14% дейін қысқарған жағдай өнеркәсіпті аудан Орталық Қазақстанда айқын байқалды. Облыстағы туу көрсеткіші әсіресе өнеркәсіпті қалаларда ауылдық елді-мекендерден 1,2 есеге төмендейді. Жалпы Орталық Қазақстанда Қазақстанның барлық өнеркәсіпті аудандары сияқты туу көрсеткіші орташа деңгейде өтті. Туу көрсеткішінің төмендеуі 1991-2003 ж. аралығында қатты байқалды. Туу коэффициенті 6,2% төмендеді. Көпшілік жанұяларда екінші, үшінші, т.б. балалардың дүниеге келуіне соншалықты ықылас болмады. Республика көлемінде, әсіресе Қарағанды облысында туу азайып, өлу көбейді. 1991 мен 2003 жылдар аралығында Қарағанды қаласында туғандар 9337 адам, оның ішінде 1989 ж. 5013 адамға, 2002 жылы 4324 адамға немесе 46,3% азайған. Жалпы туу коэффициенті 11,97%, ал Теміртауда бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде болды. Олай болса Орталық Қазақстанда ұдайы өсудің қарапайым түрі сақталған. Өнеркәсіпті Балхаш қаласында 1991 жылы 1171 адамға, 2003 жылы 922 адамға немесе 44,0% төмендеген. Бұл үрдіс Қарағанды облысының өнеркәсіптік қалаларында тұтастай болған. Өндірістің тоқтауы, өмір сүру деңгейінің төмендеп,туу көрсеткіштерінің күрт азаюына ықпалын тигізді. Туу коэффициентіне шаруашылық тұрмыстық факторлардың әсері де үлкен әсерін тигізді. Нарықтық экономикадағы жаңа қатынастар тууға кері әсерін тигізе бастады. Туу көрсеткішінің жоғарылауы 2003 жылы басталып, баяу түрде жүрді. 2003 жылы облыс бойынша 16066 адам дүниеге келсе, бұл көрсеткіш 2012 жылы 2625 адамға артық болды [4].

Жезқазған қаласында 2006 жылы туылғандар 1120 адам, ал 2013 жылы 1315 адамға артты. Халықтың тууы Балхаш, Шахтинск, Саран қалаларында арта бастады. Туылғандар Балхашта 2006 жылы 1010 адам, 2013 жылы 561 адам, Шахтинскіде 2006 жылы 528 адам, 2013 жылы 454 адмға артты. Түсті металдың ірі орталығы Балхашта 2006 жылы 1840 адам, 2013жылы 20% азайып, 1365 адамды құрады, 2007 жылы туылғандар саны 61 адамға өсіп, 1426 адамды құраса, 2008 жылы керісінше 83 адамға азайып, ал 2009 жылы қайтадан туылғандар саны өсті.

Жалпы Орталық Қазақстан бойынша 1991-2003 жылдар аралығында туу төмендеп, әсіресе ол қала халқында қарқынды түрде өтті. Бұл жағдай 90 жылдар басындағы экономикалық дағдарысқа, әлеуметтік экономикалық тұрақсыздық пен қымбатшылыққа байланысты болды. Қала және село халықтарының жастық құрамында үлкен айырмашылықтар байқалды.

Ауыл халқының көші қоны жастар арасында белсенді жағдайда өтіп, қала халқының үлес салмағы артты. Ал, ауылдық елді мекендерде егде жастағылар қалып, бұл үрдіс халықтың туу көрсеткішіне тікелей әсерін байқатты. Орталық Қазақстан ауылдық елді мекендерінде туу төмендеп, ол 2003 жылы 1774 адам (7,9%), бұл 2000 жылғы көрсеткіштен 382 адамға аз.

Абай ауданында туылғандар 1991 жылы 1414 адам болса, 1992 жылы ол 84 адамға азайып 1330 адамды құрған.

Ақтоғай ауданында туылғандар саны 2001 жылы - 2013 жылдар аралығында қатты төмендеген.

Бұхар жырау ауданында 2001 жылы туылғандар 1500 адам болса, 2013 жылы 743 адамды құраған.

Жаңаарқа ауданында 2001 жылы 1038 адам туылса, 2002 жылы 1046 адам, қайтадан туу төмендеп, 2003-2007 жылдар аралығында 943 және 959 адамды құраған.

Қарқаралы ауданында туу 2001-2005 жылдар 60% төмендеп, 2002-2003 жылдар 726 және 746 адамды құраған, 2005 жылы туылғандар 112 адамға кеміп, жалпы саны 634 адам болған. Мұндай жағдайлар Нұра, Осакаровка, Ұлытау аудандарында байқалып, туу көрсеткіші тек 2005 жылдан бастап қана даму үрдісін алған. 2002 жылдардан туудың жоғарылауы Ақтоғай ауданында 361 адамға, Бұхар жырау ауданында 743 адамға, Қарқаралы ауданында 746 адамға, Нұра ауданына 454 адамға, Осакаровка ауданында 540 адамға, Ұлытау ауданында 194 адамға, Шет ауданында 703 адамға артқаны байқалады. Абай ауданында керісінше туу өлуден төмен көрсеткіште болған. Мұндай көрініс облыс көлемінде 1991-2005 жылдары туудың төмендігінен, ол үрдіс облыс көлемінде әлеуметтік экономикалық жағдайдын тұрақсыздығын, өмір сүрудің қымбатшылығын, сыртқы көші-қонның басымдылығын сипаттайды. 2014 жылдың басында Қарағанды қаласында облыстық статистикалық бөлімнің ұйымдастыруымен халық арасында сауалнама жүргізілді, оған 68% әйелдер, 32 % еркектер халқы түгел қатысып, нәтижесінде көп балалы жанұялардың аздығын, көбінесе 1 немесе 2 баламен шектелгенін көрсетті [6,7].

 

 

2.1 Орталық Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендері бойынша табиғи өсім мен өлу динамикасына әсер етуші факторлар

Өлу туудан кейінгі демографиялық үрдістің 2-ші көрсеткіші. 2006 жыл көрсеткіштері бойынша Орталық Қазақстанда өлу деңгейінің күрт көбейгендігін, ол 1000 адамға 13,1% көрсетті. 1991-2003 жылдары аралығында Орталық Қазақстан қалаларында өлу деңгейі жоғары болды, 2008 жылы қалаларда 15328 адамға (13,84%) көбейген, ол 206 жылы 664 адамға көп болған. Теміртау қаласында өлу 2001 жылы 1564 адамды, 2012 жылы 2238 адамға дейін көтерілген. Мұндай жағдайлар Балхаш, Қаржал, Шахтинск қалаларында да байқалып, тууға қарағанда өлудің көбейіп кеткендігін көрсеткен. Өлімнің ең көп тіркелген жерлері Қарағанды, Теміртау және Балхаш қалалары.

2001-2013 жылдар аралығында балалардың шетінеуі аз байқалған (1 жасқа дейінгі). Ол 100 адамға 23,0%0 ден 16,25%0 ге кеміген. Өлу көрсеткіші орта жастағылар арасында (туберкулез) өкпе, бурцуллез, асқазан- ішек, жүрек аурулары және жаңа өскін пайда болғаны сияқты аурулардың көп екендігін көрсеткен. Әсіресе, Теміртау қаласында жастардың нашақорлыққа бейімделуі кен етек алды, көбінесе олардың жасы 30-35 тен артпады. Қазақстан бойынша ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) ауруының 90% Теміртауда болды. Өлу әсіресе ер адамдар арасында кең етек алды. Ол қан айналу, тосын жағдайлар, улану, нашақорлық пен ішімдікке салыну сияқты өлшемдермен сипатталады [22]. Сәтпаев қаласында 2001 жылы 2012 жылдар арасында өлу 567ден 2012 жылы 819 адамға дейін көбейсе, (68,8%), Приозерскіде 2008 жылы 66 адам өлсе, 2012 жылы 56 адам, кейінгі жылдары 10 адамға дейін азайған. Өнеркәсіпті қалаларындағы өлу әртүрлі себептерге, соның ішінде экологиялық жағдайдың күрт төмендеуінің үлкен әсері бар. Әсіресе, Балхаш пен Теміртаудың экологиялық жағдайы өте ауыр. Балхашқа 42,9%, Теміртауға 29,4% атмосфераның ластануы тән. Тек, 2012 жылдың өзінде ауа бассейініне 170 т-дан 247,9 мың т дейін зиянды заттар құраған. Экологиялық жағдайдың ауырлығы әртүрлі ауруларың тууына, денсаулықтың нашарлануына, өмір сүру жасының төмендеуіне әкеліп соқты. Бұл балалар арасында салмағының аз болып туылуы, айына жетпей туу сияқты, әртүрлі аллергиялық аурулардың, әсіресе өкпе демікпесі, демікпе, жұтқұншақ ауруы т.б. көбейіп кетуі айғақ. Орталық Қазақстанда қалалықтардың арасында өлу деңгейі 2001 жылы 8569 адамды, 2009 жылы 40% көбейіп 14277 адамды, 2013 жылы 13327 адам болған. Облыс көлемінде өлу деңгейі жастар арасында, әсіресе еңбекке жарамды халық арасында көп. 2000 мен 2010 жылдар арасында өлу 15-16%-ға дейін көтерілген. Ауылдық елді мекендерде өлу көрсеткіші барлық аудандарда бірдей дәрежеде шамалас деп айтуға болмайды. Ол Ақтоғайда 21%, Бұхаржырауда 6,8%, Жаңаарқада 2,4%, Абайда 7,8%, Қарқаралыда 12,6%, Нұрада 18%, Осакаровкада 19%, Ұлытауда 7,8%, Шетте 14,8% құраған. Ал, 2010 жылдан бастап өлу бірітіндеп төмендей бастаған.

Өлудің ер адамдар арасында көп байқалуы кездейсоқ жағдайлар 31%, қан айналу 27%, тыныс алу 7%. Ер адамдардың ішімдікке салынудан өлгендер 74%, оның 57%-ы 40-49 жас арасындағы адамдарды құраған. Республика бойынша балалар өлімінің жоғары деңгейі сақталуда. Облыс бойынша 21%, ауылдық елді мекендерде 31,8%–ге тең. Балалар арасындағы өлу деңгейінің құрылымы 1- ші қан айналу, 2-ші жаңа өскін, 3-ші тыныс алу, 4-ші кездейсоқ жағдайлар, улану, құлау т.б.

Кейінгі көрсеткіштерге сүйінсек 2001-2010 жылдар арасында туудың төмендеп, өлудің көбейгіндігін, ал 2010 жылдан бастап табиғи өсімнің аздап көтерілгенің байқаймыз [ 8].

Орталық Қазақстан ауданының қалаларындағы табиғи өсім динамикасы 90-шы жылдардың соғынан бастап 1996, 1997, 1998 жылдарына дейінгі аралықта күрт төмендеген. 1999-2004 жылдар аралығы бірқалыпты жағдайда өтіп, 2005-ші жылдан бастап халықтың табиғи өсімі динамикасының жоғарылауы байқалады. Бірақ бұл жоғарылау бұрынғы 90-шы жылдарға жетпеді. Территорияның өте үлкендігімен, табиғи- шаруашылық кешендерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстанға демографиялық үрдістердің түрлі типтері тән. Қоныстаудағы негізгі өзгерістер-халықтың табиғи қозғалысы мен көші-қон процестерінің территориялық айырмашылығының нәтижесі болып көрінеді. Халықтың қоныстануы ұзақ тарихи дамудың нәтижесі, қоғамдағы экономикалық- әлеуметтік, саяси – демографиялық және әлеуметік құрылымына, қалыптасуына, этникалық құрамының өзгеруіне ықпал етеді. Орталық Қазақстанда қатынамалы көші-қонның түрі серіктес қалалар Теміртау, Шахтинск, Абай, Саран және жақын елді мекендер: Елтай селосы, Үштөбе, Топар т.б. арасында кең түрде сақталған. Аумақ аралық көші-қонда ішкі және облыс аралық, ішкі және республика аралық, ішкі және аудан аралық көші-қонның маңызы ерекше. Село аралық көші-қонда 4 бағытты: ішкі қалалық, яғни қалалар мен қалалық елді мекендер; ауыл аралық көші-қон, яғни ауылдан қалаға, қаладан ауылға; кейінгі екеуі ауылдық және қалалық деп екіге бөлінеді. Қарағанды облысы көші қонның қарқындылығымен ерекшелінеді, себебі халқының саны бойынша және қала бойынша да Қазақстанның 4-ші ірі қаласының қатарына жатады. Көші-қонның динамикасы 1950 жылдардан басталады, 1960 жылы жоғары шегіне жетіп 1000 адамға 54-60 адамнан келді. Кейін өсу төмендеп, 1970 жылдары нөлдік сальдоны көрсетті, көші-қон ағымы 1990-2002 жылдарға дейін қарқынды өтіп, 2003 жылы баяу түріне ауысты. 1989- 1999 жылдары Қазақстанның халықаралық көші-қонына 3,2 млн адам қатысты, алыс шетелден 67 мың адам келсе, кеткендер саны 686,4 мың адам, жақын шет елге 1,9 млн адам кеткен [3].

1991, 1992, 1993, 1999 жылдары көші - қон өсіп қарқынды үрдіс байқалды. 1998 жылы көші - қонның жиынтық көлемі 6,3 % өсіп, басқа облыстарға кету 18,1%, келушілер 7% облыс көлемінде мекен жайын ауыстыру 4% болды. Орталық Қазақстанның тұрғылықты халқы 1994 жылы 25 ақпанда 1440,5 мың адамды, оның ішінде қала халқы 1008,1 адам, ауыл халқы 402,4 мың адам болды. 1994 жылға қарағанда 2000 жылы эмигранттар саны 3 есеге азайды. Кейінгі он жылда облыстан 439,3 мың кетті, ең жоғарғы шек 1994 жылы болған, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмендей бастады. Соған қарамастан халық саны 10% азайған. 2001 жылы Орталық Қазақстан халқы 1352,3 мың адам, оның 1117,8 мыңы қала, 234,5 мыңы село халқы болды. 2002 жылы керісінше келушілер саны 26849 адамды, қалаға 24661 адам, селоға 2188 адам келген. 2005 жылы келушілер саны 29745 адам, яғни 2002 жылға қарағанда 2896 адам артық болды. Орталық Қазақстанда сырттан келген 3788 жанұя тұрады, оның 17735 адамы Монғолиядан келгендер. 2005 жылғы дейін көші- қон үрдісі Орталық Қазақстанда үлкен мәселеге айналды.

2013 жылғы деректер бойынша Қарағанды облысы халқының саны 1 346 566 адамды құрады, бұл 2010 жыл басымен салыстырғанда 3,3 мың адамға артық. Қала халқы 1065,1, ауыл халқы – 290,2 мың адамды құрады. Облыста қазақтардың үлес салмағы 44%, орыстар 39%, украиндер 4%, қалған ұлттар 13%. Орталық Қазақстанның ұлттық құрамын сурет 1-ден көре аламыз.

 

 

Сурет 1. Орталық Қазақстан ауданының ұлттық құрамы картасы

 

 

Облыс аумағында республика халқының 8,4%-ы тұрады. Сурет 2-ден Орталық Қазақстан халқының саны мен табиғи өсімін көре аламыз.

 


 

 

Сурет 2. Облыстағы халық саны мен табиғи өсім [38]

 

2013 жылғы қаңтар-тамызда алдыңғы жылмен салыстырғанда туылғандар санының және халық өлімінің артқанын кесте 1-ден байқауға болады.

 

 

Кесте 1

2010-20103жж. қаңтар-тамыздағы халықтың табиғи қозғалысы [35]

 

 

    Атауы Адам Тұрғындардың 1000 адамына
2010ж. 2011ж. 2012ж. 2013ж. 2013ж. 2012 жылға, %-бен
Туылғандар     17,19 17,44 101,5
Қайтыс болғандар: оның ішінде:     11,54 11,61 100,6
1 жасқа дейінгі жастағы балалар     19,65 15,42 78,5
Табиғи өсім     5,65 5,83 103,2
Некелескендер     8,71 8,88 102,0
Ажырасқандар     3,25 3,39 104,3
ескерту * 1000 туылғандарға    

Қалалық елді мекендерде табиғи өсім 3818-ден 3865-ке дейін артты. Ауылдық жерлерде табиғи өсім 6,7%-ға төмендеді және 1496 адамды құрады.

2013 жылғы қаңтар-тамыз бойы тұтас облыс бойынша 15818 туылғандар тіркелді, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 367 адамға немесе 2,4%-ға көп. Туылудың жалпы коэффициенті орта есеппен тұрғындардың 1000 адамына 17,19-ден 17,44 туылуға дейін жоғарылады. Облыста туу деңгейі орташа республикалықтан 22,6%-ға төмен [13,38].

2013 жылғы қаңтар-тамызда облыста 10457 адам өлді, бұл 2012 жылғы қаңтар-тамыздан 428 адамға (4,3%) көп. Халық өлімінің жалпы коэффициенті (халықтың әрбір 1000 адамына өлгендер саны) 11,54 тен 11,61 промильге дейін артты. Оған қоса облыста өлім деңгейі орташа республикалықтан 27,7%-ға асады.

Өлім себептері арасында, бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің ауруларынан болған өлім басым болып қалуда. Бұл себептен өлгендердің үлес салмағы 2013 жылдың қаңтар-тамызында 56,8%-ды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда олардың саны 6,9%-ға артты. Өлім себептерінің осы тобында суицидке байланысты өлім 3,1%-ға артты, кісі өлтіру нәтижесінде 1,6 есе кеміді, алкогольды улану оқиғалар саны 11,6%-ға төмендеді. Жұқпалы және паразиттік аурулардан өлгендер саны 6,2%-ға азайды. Тыныс органдары ауруынан өлгендер 5,8%-ға кеміді, ас қорыту органдары ауруынан өлгендер 14,2%-ға артты. Ісік ауруларынан өлгендер саны 4,3%-ға кеміді.

Жанама себептерден өмірін қиған адамдар саны 4,5%-ға артқанын кесте 2-ден көре алмыз.

 

 

Кесте 2

Өлімнің негізгі себептері бойынша өлгендер құрылымы [31]

 

 

Атауы Өлгендер саны, адам Үлес салмақ, %
2012ж. қаңтар-тамыз 2013ж. қаңтар-тамыз 2012ж. қаңтар-тамыз 2013ж. қаңтар-тамыз
Барлығы 10 029 10 457 100,0 100,0
қан айналымы жүйесінің аурулары 5 552 5 937 55,3 56,8
ісік 1 237 1 184 12,3 11,3
         
жазатайым жағдайлар, улану және жарақат     12,7 12,7
тыныс жүйелерінің аурулары     4,3 3,9
ас қорыту жүйелерінің аурулары     4,7 5,1
жұқпалы және паразиттік аурулар     2,9 2,6
басқа да аурулар     7,7 7,6

 

 

2013 жылғы қаңтар-тамызда облыста 1 жасқа дейінгі жастағы 225 нәресте көз жұмған, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 65 оқиғаға кем. Мұнымен бірге сәбилер шетінеуінің коэффициенті әрбір 1000 туылғанға 19,65-тен 15,42 өлген балаға немесе 21,5%-ға төмендеді. Сәбилер өлімінің себептері құрылымында туа біткен кемістіктен, перинатальді кезеңде (жүктіліктің 28-ші аптасынан бастап, туу мен нәресте өмірінің алғашқы 6 күнін қоса) олардың үлесі тиісінше 55,5%-ды және 24%-ды құрайды [11].

2013 жылғы қаңтар-тамызда АХАЖ органдарында тіркелген неке саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 25-ке (0,3%), ажырасулар саны 118-ге (4%) артты. Мұнымен бірге тіркелген ажырасулардың некеге арақатынасы біршама төмендеді. Мәселен, егер 2012 жылғы қаңтар-тамызда 1000 некелескен жұпқа 392 ажырасудан келсе, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызына 406 болды [41].

Қарағандыда 2013 жылғы қаңтар-тамыз бойы 2012 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда туғандар саны 8,2%-ға, өлгендер саны 2,4%-ға артты және сәйкесінше 5847 және 3601 адамды құрады. Халықтың табиғи өсімі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 19,1%-ға өсті және 2246 адамды құрады.

1991-2002 жылдары аралығында Орталық Қазақстан қалалары бойынша сыртқы көші-қон 250015 адамды, алыс шет елге 108366 адам, жақын ТМД елдеріне кету 141664 адамды құрады. 1991-2003 жылдар аралығында халықаралық көші-қонның 56,6% ТМД елдеріне кету байқалды.

Алыс шет елге Орталық Қазақстаннан Германияға, Израильге, Грецияға, АҚШ-қа кетушілер көп болды. 1993 жыл 8 ай ішінде Германияға 8000 адам, Израильге 144, Грецияға 81, АҚШ 48, Австралияға 8 адам кеткен. Соған қарамастан қайтып келушілер аз емес, 2002 жылы 26,8 мың адам, 2001 жылдан 15% көп болған. Облысқа 2000 жылы- 2424 адам, 2001 жылы - 2970 адам, 2002 жылы- 3397 адам келген. Келушілер арасында жақын шет елдерден (ТМД), Ресейден келгендердің көрсеткіші жоғары. Облыс аралық көші-қонда 2003 жылы 5681 адам, оның көпшілігі Шығыс Қазақстаннан – 634 адам, Жамбыл облысынан – 895 адам, Оңтүстік Қазақстаннан – 828 адам, Батыс Қазақстаннан – 93 адам, Атыраудан – 37, Маңғыстаудан – 38 адам келген. Кетушілір арасында 6,4 мың адам, келушілерге қарағанда 153 адам аз болған. Ақмола облысына – 874 адам, Алматы облысына – 697, Астанаға -1374, Алматыға – 1204 адам кеткен. Аудандар бойынша кетушілер Қарқаралы мен Шет ауданына тиесілі.

Керісінше келушілер қалаларға және Бұхаржырау мен Абай аудандарының үлесінде. Сонымен көші-қонға негізге әсет етуші факторлар: экономикалық, әлеуметтік, этникалық, экологиялық. 1991-2003 жылдар аралығында кеткендер саны 649490 адамды құрады, оның ішінде ТМД елдеріне кетушілер 5656 адам, Азербайджанға 16, Белоруське 156, Қырғызстанға 11, Молдоваға 19, РФ-ге 4696 адам, Тәжікстан 2, Өзбекстан 25, Украина 149 адам кеткен [6].

Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 221 қашықтықта Қарқаралы ауданы орналасқан, ауданда 52762 халық тұрады, оның 26482-сі еркектер (50%), 19337 -і әйелдер (50%), кейінгі жылдары халық 33,1 мың адамға азайған.

Орталық Қазақстанның тағы бір ауданы – Ұлытау ауданы. Аудан 1938 жылы құрылған, 1999 жылы халық саны 20430 адам, оның 10401 ер адамдар (50,9%), 10029 әйелдер (49,1%). 2003 жылдың басында ауданда халық 17,2 мыңға дейін азайған. 1991-2001 жылдар аралығында келушілер 5595, кетушілер 12218 адам болды. Көші – қон сальдосы - 6623 адам болды [30,31].

Қазіргі кезеңде көші – қон үрдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың ең бір негізгісі және көпқырлысы болып табылады. Көші – қон әсерлі және күрделі құбылыс болып отыр. 1990 жылы Қарағанды облысының көші – қон үрдістері дамуында 2 кезеңді: 1991-2000 ж., 2000 жылдан қазіргі кезеңге дейінгіні атауға болады. 2 кезеңде миграциялық белсенділік жыл сайын төмендей бастады. 1991-1997 жылдары жалпы өсімнің өте төмен екендігі, ал 1998 жылдан бастап төмендеудің азайғаны көрінеді.

 

 

Кесте 3

1998-2012 жылдары Қарағанды облысындағы халық санының өзгеруі [39]

 

 

Жылдар Жалпы өсім Табиғи өсім Көші – қон өсімі
      -14630
  -15078   -28428
  -25945   -34921
  -44215   -51816
  -26992   -29966
  -21726   -22045
  -25777 -14 -25791
  -29313   -25489
  -15208   -15630
  -17083 -547 -16536
  -16000   -14340
  -15400   -12200
  -14300   -11400
  -10000   -9200
  -8884   -9400

 

 

Кетушілер мен келушілердің арасында техникалық мамандық иелері бар,олар 35,3 және 35,9% құрады, 2 орында педагогикалық мамандығы бар 15,5 және 15,4%, 3 орында экономикалық мамандығы бар кетушілер 14,4% ал келушілердің 15,4% медициналық мамандығы болды. Эмигранттар мен иммигранттардың негізін жұмысшылыр мен қызметкерлер, 60,25% эмигранттар, 60,3% иммигранттар құрады. Үй шаруашылығында әйелдердің өзіндік салмағы 7,6 және 7,5%, жұмыссыздар 15,1% және 17% көрсетті. Кетушілердің 5% студенттер, ал келушілерде студенттер болмады. Ал, зейнетткерлердің өзіндік салмағы, келушілер 15,3% кетушілер 6,6% көрсетті.

Кетушілердің көпшілігі өмір сүрудің жеңілдігі Германияға, оған кетушілер 35%, 37% Ресейге, 10,5%-АҚШ, 9,4% - ТМД елдеріне, 3% - Канадаға, 2,3% - Австралия мен Израильге, 1,9% - Грецияге, 4% - Белгия,Франция, Швеция, Швейцарияға кетті.


Кетушілердің 19,3% жанұя жағдайымен, 47,3% туыстарымен тұрғысы келетіндігін, 16,2% балаларына білім беру мақсатында, 4,2% некеге тұру үшін, 4,6% өте жақсы жағдайда бала туу үшін, 2,9% некелесу мақсатында болды.

Ал келушілердің 34% туыстарымен тұру үшін, 11,3% некеден шығу мақсатында, 7,5% некеге тұру үшін, 7,5% білім алу үшін, 5,3% тұрғын үй алу мақстында, 5,7% жұмыстың жоқтығына байланысты болды. Келушілердің 3,8% тарихи отанына келуге тілек білдіруі, 7,5% денсаулығына байланысты, 1,9% жағдайының ауырлығын, 3,8% ұлтаралық қақтығысты айтты. Келушілердің 16,4% ешқандай себеп жоқ, тек орын ауыстыруды көздеді [33]. Алтыншы кестеде осы келген иммигранттардың келуге дейінгі және келгеннен кейінгі табыс көзі көрсетілген.

 

 

Кесте 4

Иммигрантардың келуге дейінгі және келгеннен кейінгі табыс көзі % бойынша [41]

 

 

Табыс көзі атаулары Бұрынғы тұрған орнында (келуге дейін) Жаңа тұрғын орнында (келгеннен кейін)
Жалақы 50,0 40,4
Стипендия - -
Зейнетақы 18,8 15,4
Жәрдемақы 3,1 3,8
Туыстарымен бірге 25,0 34,6
Басқа 3,1 5,8
Жалпы 100,0 100,0

 

 

1991 жылы Қарағандыға келушілер 61169, 2003 жылы 13397 адам болды, кетушілер 1991 жылы 2003 жылы 9200 адам болған. Кейінгі 2006-2007 жылдары кетуге қарғанда еңбек жасындағылардың келуі жоғары болды. Бұл Қарағанды қаласының экономикалық деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Ірі қалалар халық шаруашылығына қажетті маман кадрларды даярлайтын орталық. Мысалы, Қарағанды халық шаруашылық салаларының ірі орталығы, мұнда қоғамдық және аумақтық еңбек бөлінісі жеткілікті.

Жүргізілген сауалнама бойынша көші қонға негізгі әсер етуші фактор деп экономикалық жағдайды айтты. Ірі қалалардағы көші-қонға әсер етуші фактор-халықтың өмір сүру жағдайы, қалаларда әртүрлі өнеркәсіп, ғылыми зерттеу кәсіпорындары мен мекемелері,қоғамдық, әкімшілік, оқу және мәдениет мекемелері баршылық.

 

Кесте 5

Қазақстанға келгеннен кейінгі иммигранттардың өмір сүруіндегі өзгерістері [39]

 

 

Өмір шарттары Жақсарды Төмендеді Бұрынғы жағдайда қалды Жауап беруге қиналады
Отбасылық жағдайлары 29,5 11,4 54,5 4,6
Денсаулық жағдайлары 33,3 9,5 57,2 -
Тұрғын үй жағдайлары 44,7 23,4 25,5 6,4
Күнделікті жағдайлары 37,8 28,9 28,9 4,4
Еңбек шарты 25,7 22,9 45,7 5,7
Оқу шарты 28,6 4,8 42,8 23,8
Экологиялық орта 20,0 17,5 30,0 32,5
Ұлтаралық байланыстар 17,5 10,0 37,5 35,0
Күнделікті жағдайлары 37,8 28,9 28,9 4,4
Материалды жетушілік 19,1 36,2 38,3 6,4
Еңбек шарты 25,7 22,9 45,5 5,7
Оқу шарты 28,6 4,8 42,8 23,8
Экологиялық орта 20,0 17,5 30,0 32,5
Ұлтаралық байланыстар 17,5 10,0 37,5 35,0
                 

 

 

Теміртау- Қарағандыдан кейінгі ірі өнеркәсіпті орталық. 1991-2003 жылдары келушілер 4 есе азайса, кетуден ең жоғарғы көрсеткіш 1994 жылы- 10495 адам. Одан кейінгі жылдары кетушілер азайып, келу көбеюде.

Абай қаласына 1991-2003 жылдары келушілер 5 есе өсіп, кетушілер 2 есе болған. 1994 жылы 5229 адамға жеткен, қазіргі таңда жаппай кету өте аз.

Балхаш қаласында сыртқа кеткендер 1994 жылы 6575 адамды құраған, 1995 жылы кетушілер 2 есе азайып, кейінгі кезде бұл үрдіс баяу жағдайда өтуде. Осы көрсеткіштерден жалпы Орталық Қазақстан бойынша кетудің шыңырау шегі жаппай кету 1994 жылы байқалғанын, қазіргі жағдайда бұл үрдістің баяу өтіп жатқанын байқаймыз. Теріс сальдо Шахтинскіде, ал серіктес қалалар бойынша Абай мен Саранда байқалғанын көреміз. Дәл осындай жағдай Орталық Қазақстандағы ауылдық елді мекендерде де байқалады.

Республика бойынша облыс аралық көші-қон табиғи процесс, бірақ кейінгі 10 жылда Орталық Қазақстанда қалаға қарай көшу кең етек алған. Бұл әртүрлі жағдайларға,біріншіден жұмыстың жоқтығы, екіншіден өмір сүру деңгейінің төмендігі, үшіншіден айлықтың уақытынды берілмеуі, төртіншіден ауылдық елді мекендерге өмір сүру жағдайының жоқтығы т.б. Қазір республика бойынша ең төменгі көрсеткіш 12,6 % болса, орташа республикалық 47,1% көрсетіп отыр. 2002-2003 жылдарға дейін көші-қон сальдосы өте күрт өзгеріп отырған, 2004-тен бастап біршама тұрақтанған. Абай, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарында сальдо көрсеткіші төмен болған.

Қарағанды облысының қалаларына келуші қазақтардың қалаға тұрақтануы орыстарға қарағанда біршама жоғары. 2003-2006 жылдары Қарағанды облысынан 162 қазақ, ал орыстар 12834 кеткен. Көпшілік қалалық елді мекендерінде тербелмелі көші-қон, яғни жұмысқа барып қайту сияқты түрлері кең тараған. Бұл әсіресе Теміртау, Шахтинскі, Абай, Сарань қалаларында және қала маңы елді мекендері Елтай, Үштөбе және Топарда сақталуда. Көші-қонның халықтың демографиялық жағдайына әсері өте зор. 1991-2003 ж.ж. арасындағы көші-қонның әсері Қарағанды облысында айрықша байқалды. Халықтың ұдайы өсуіне көші-қонның әсері халықтың жастық жыныстық құрылымына негізделіп зерттеледі, осыған байланысты табиғи өсімге қарағанда көші-қонның халықтың саны мен ұдайы өсуіне әсері айрықша байқалады. Кетушілердің арасында еңбекке қабілетті халықтың ер адамдардың басымдылығы байқалады. 30-40 жылдардағы халықтың жаппай депортациялануы Қазақстанға саяси жер аудару сияқты сотталғандардың үлкен лагер ошағына айналуы Қарағанды облысында ремиграциялық үрдістің негізін қалады. Кетуші халықтың арасында еңбекке жарамды жастағылар 1,2 есе артық, жыныстық белсенді халықтың өзіндік салмағы өте жоғары болады. Ал көші –қондағы өзіндік үлестің бірдей болмауы жанұя құруға және туудың кемуіне негізгі әсер етуші фактор болып саналады. Қарағанды облысы бірнеше жылдарға дейін әртүрлі себептерге байланысты халқының біресе көбейіп, біресе азайып, көші-қон ошағына айналды. Сонау 1950 жылдары көші-қон динамикасы ең жоғары көрсеткіші мың адамға шаққанда елу-алпыс адамнан, кейін өсу төмендеп 1970-ші жылдары нөлдік сальдоны көрсеткен 1980 –ші жылдың басында қайтадан көші-қон өсіп, 1985 жылы бұл үрдіс бәсеңдеген. Жалпы облыс көлемінде 1970 жылға дейін халық саны механикалық өсу бойынша 1970 жылы көші-қон төмендеген. 1990 жылдың басында көші-қонда теріс сальдо қалыптасып, облыстан кейінгі 1991-2005 жылдар арсында 439.3 мың адам кеткен. Көші-қондық кему 1994 жылы байқалып, облыстан тыс жерлерге 72.6 мың адам кеткен. 1991-2003 жылы Қарағанды қаласынан 186837 адам кетіп, 119 531 адам келген, көші-қондық кему 67306 адамды құраған. Көші-қондық кему көрсеткен екінші қала Теміртау, 1991-2003ж. арасында кему 19914 адамға жеткен. Облыстағы 3-і ірі қала Жезқазғанда 1991-2003ж. аралығында 27437 адам келіп, 38242 адам кеткен, көші-қондық кему 10805 адамды құраған. Балхаш қаласында келу 30803, кету 39989 адамды құраған. Қарағандыға жақын қала Шахтинскіде көші-қондық кему 23226 адамға жеткен. Көші-қондық кему тек қалалар көлемінде ғана емес, ауылдық елді мекендерде анық байқалып, кемудің жоғарғы шегі 1994 жылы байқалған.

Облыстық статистикалық басқарма мекемелерінің зерттеулері негізінде, Қарағанды облысында кішігірім қалалардың халқы біртіндеп азайып, жастары ірі қалаларға ауысып, ауылдық жерлерде халықтың табиғи өсімі төмендеп, өлу үрдісінің көбейіп кеткендігі байқалған. Көші –қонның негізгі себептерін білу үшін кетушілердің және келушілердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері салыстырылады, яғни білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы және қоғамдағы топқа кіруі бойынша және т.б.

Анкеталық сұрақтар нәтижесі бойынша иммигранттардың 81,1 %-ы және эммигранттардың 93,4%-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар санын құрады. Білім деңгейі бойынша орта арнайы білімдегілер саны эммигранттар саны бойынша 35.7%-ы, 47.2% болды.

Облыстық статистикалық басқарма мекемелерінің зерттеулері негізінде Қарағанды облысында кішігірім қалалардың халқы біртіндеп азайып, жастары ірі қалаларға ауысып, ауылдық жерлерде халықтың табиғи өсімі төмендеп, өлу үрдісінің көбейіп кеткендігі байқалған. Көші-қонның негізгі себептерін білу үшін кетушілердің және келушілердің әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері салыстырылады, яғни білім деңгейі әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы топқа кіру бойынша және т.б.2010-2013 жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон көрінісін кесте 6 –дан көре аласыздар

Кесте 6

2010-2013 жылдардағы Қарағанды облысында жұмысқа жарамды жастар аралығындағы көші-қон [39]

 

  2012 ж. адам 2013 ж. адам 2012 ж. 2013 ж.-ға %-бен Жалпы көші-қон үлес салмағы %-бен
2012 ж. 2013 ж.
Еңбекке жарамды жас шамасынан жас
Келгендер     122,8 21,3 22,1
Кеткендер     77,2 17,6 16,9
Көші-қон айырымы -536   Х 13,4 Х
Еңбекке жарамды жас
Келгендер         69,6
Кеткендер     79,9 70,1 69,6
Көші-қон айырымы -2795 -1048 37,5 69,9 Х
Еңбекке жарамды жастан асқан
Келгендер     115,3   8,3
Кеткендер     88,4 12,3 13,5
Көші-қон айырымы -666 -485 72,8 16,7 Х

 

 

Анкеталық сұрақтар нәтижесі бойынша иммигранттардың 81,1%-ы және эммигранттардың 93,4%-ы еңбекке жарамды жастағы адамдар санын құрады. Білім деңгейі бойынша орта арнайы білімдегілер саны эммигранттар саны бойынша 35,7%-ы,







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2800. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия