Студопедия — Орталық Қазақстан экономикалық ауданындағы моноқалалар мәселесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орталық Қазақстан экономикалық ауданындағы моноқалалар мәселесі






Моноқалалардың мәселесі тек қана бір ғана аймақтың мәселесі емес, ол барлық Қазақстан Республикасының мәселесі. Мәселе, осы моноқалаларда республиканың 17% халқы тұратындығы ғана емес, ол осы қалалар республиканың дамуына септігін тигізетіндей шамалары бар.

Моноқалаларды кей кезде моноөндірістік қалалар деп атайды, өйткені осы қалалар тар шеңберде мамандандырылған қалалар болып табылады. Осы қалалар үшін ірі өнеркәсіп орындарының жұмыс істеп тұруы маңызды.

Қазақстанда 27 моноқала бар, осы қалаларда 1,53 млн адам тұрады.

Моноқалалардың қоғамдық шүйеленіс орталығына әкелген себептер: инфрақұрылымның жойылуы, жұмыссыздықтың тез артуы, тұрғындардың кедейлене бастауы және қоғамдық өмірдің деградациясы.

Моноқалалардың мәселесін шешу үшін бірнеше теориялық шешімдер бар:

Біріншіден, қалыпты жұмыс істеп жатқан өндірістердің сыйымдылығына байланысты – оңтайландыру.

Екіншіден, қалалардың экономикасын дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту, қала тұрғындарын жұмыспен қамту.

Үшіншіден, еңбек әлеуетін еңбек жұмылдырғыштығы арқылы арттыру.

Және де, қала тұрғындарының санын артуына байланысты әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу керек. Қалада тек қана өнеркәсіп жұмыспен қамтитын тұрғындар ғана қалады, ал қалғандары басқа дамып келе жатқан қалаларға көшіріледі.

Қазақстандағы моноқалалардың көпшілігі кеңес кезінде пайда болған. Қазақстан басқа да кеңес республикалары сияқты қазіргі кездің өзінде шикізат көзі болып табылады. Экономиканың шикізатқа бағытталуы осындай бір бағыттағы қалалардың пайда болуына әкелді, осы қалалардың мақсаты өнеркәсіптегі жұмыс орнын толтыру болып табылатын. Кеңес үкіметі кезінде осындай қалалар ерекше орында болатын, кеңес үкіметін қамтамасыз етіп отыр деп ерекше көңіл бөлетін [24].

Моноқалалардың мәселесі осы шикізаттардың азаюына байланысты туындады. Осыған байланысты көптеген моноқалалар күйзеліс алаңына айналды, қалалар экономикалық коллапс және әлеуметтік дағдарыс шегінде тұрды. Қазіргі кезде осы қалаларда тұрғындардың 30-дан 50 % жұмыссыз, әрине статистика бұл тұрғындарды жеке меншік иелері деп атайды. Бұл арине жалған. Сонымен моноқалалардың басты мәселесі экономиканың шикізатқа бағытталуы Қазақстан бұл бағыттан бас тартпағанға дейін бұл мәселе шешілмейді. Соған байланысты Қазақстан үкіметі 2012-2020 жылдар аралығындағы моноқалаларды дамыту бойынша жоспар жасады. Қалалардың мәселесін шешу үшін сонымен қатар тұрғындармен де келісе жоспар қабылдау керек.

Моноқалалар мәселесін шешу шет елдерде жолға қойылған. Мысалы: Германиядағы Рур қаласы 1980-2002 жылдар аралығында көмір кен қорының азаюына байланысты бұл қалада 500.000 адам жұмыстан шығарылды, осыған қарамастан мемлекеттің көмегімен дағдарыстан шықты. Бірақ, қызмет көрсету саласында 300.000 жұмыс орны пайда болды. Немесе атақты АҚШ Питсбург, ол қара металлургияның орталығы болған еді. Ол инновация орталығы болып, жаңа 200 жаңа оқу орнының ашылуына қол жеткізді.

Қазақстан Республикасындағы моноқалаларға қатысты жоспарда бірнеше кемшіліктер бар. Олар:

1. АҚШ және еуропа елдерінің тәжірибелерін ешқандай өзгертусіз көшіріп алып жатыр. Мысалғы, шынайы қарасақ көптеген моноқалалар тек қана туризммен және мәдени шаралардың көмегімен өмір сүре алмайды, себебі көптеген қалаларда мәдени және тарихи жүктемелер жоқ және де туристтік инфрақұрылым нашар дамыған.

2. Тұрғын үй бағасы нақты есептелмейді және де көшіп келушілер мен тұрғылықты тұрғындар арасында түсініспеушіліктер болып жатады.

Ал, Орталық Қазақстан ауданында 7 моноқала бар. Солардың бірі Абай қаласы. Абай қаласының 31 963 тұрғыны бар. Нарықтың қиын кезінде көптеген мекемелер мен кәсіпорындар жабылды. Бұрынғы 4 шахтадан біреуі ғана қалды. Басқадай кәсіпорындар мен құрылыс-монтаж ұйымдарының өнімдеріне сұраныс болмай қалды.

 

 

2468.2
1942.2
491.6
34.3
2812.5
2219.0
566.5
27.0
4211.5
3506.8
678.2
26.6
2908.7
2363.3
510.6
34.8
3059.9
2147.1
883.5
29.3
0.0
500.0
1000.0
1500.0
2000.0
2500.0
3000.0
3500.0
4000.0
4500.0
млн.тенге
2005 год
2006 год
2007 год
2008 год
2009 год
 
Абайқаласы жүйе құрушы кәсіпорындарсыз
Кен өндіруші кәсіпорындар
Қайта өңдеуші кәсіпорындар
Электр қуатын, газ және су үйлестіру,үйлестіру, Казахмысты қоспағанда
Сурет 10. Абай қаласының өнеркәсіптерінің жылдық табысы

 

Абай қаласында қоршаған ортаны ластайтын бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олар: ГРЭС «Қазақмыс Коорпорациясы» ЖШС-гі, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-мы,, ЮТРУ «ТЭМК» ЖШС-гі болып табылады.

Қалада қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бір жолға қойылған және олардың көлемі өсуде. 2012 жылы 2011 жылға қарағанда төлемдер 72% өскен және ол 37085 мың теңгені құраған. Ал 2013 жылы төлем 92 900 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар қалада ластау көздерінің азайғаны байқалады. 2013 жылы ластау көздері 0,9%-ға азайды. Олардың қатарында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Жартас» санаториі, ЦОФ «Восточная» және т.б. 2013 жылы қоршаған ортаны ластайтын заттар 2012 жылмен салыстырғанда 2,9% азайып 95 000 т болды. Олар ішіндегі ірі кәсіпорындар:

- «Қазақмыс Корпорациясы» -85 600 тонна;

- «ТЭМК» ЖШС -1 200 тонна;

-«Арселор Миталл Теміртау» және «Абай» шахтасы -3 800 тонна.

Қалада кәсіпорындардың әсерінен жердің ластануы орын алып отырады. Соның бірі 2007-2009 жылдар аралығындағы «Арселор Миталл Теміртау» және «Абай»шахтасында болды. Бүлінген жер ауданы 30 га. 2013 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» бүлінген 3 га жерге өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Ал,Балқаш қаласының 2013-2015 жылғы кешенді дамуы 2012-2020 жылдар аралығындағы моноқалаларды дамыту жөніндегі Бағдарламаға сәйкес жүзеге асады. Бағдарламаның мақсаты ретінде моноқалаларды шамалы уақытта және болашақта әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалыпты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Берілген өлшемдерге сәйкес Балқаш қаласы дамуы әлеуеті орташа қалалар қатарына енгізілді. Жалпы 2013-2015 жылдар аралығында Балхаш қаласына 4 млрд.821,9 млн.тенге бөлінді. Соның ішінде:

- қаланы жайластыру үшін 833,1 млн тенге

- күрделі, ағымдағы жөндеу және денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге 167,3 млн тенге.

- алаңдарды жөндеуге -665,8 млн теңге (2013 жылы – 265,1 млн теңге, 2014 жылы- 265,1 млн теңге, 2015 жылы -302,9 млн теңге);

- әлеуметтік – инженерлік инфрақұрылымға 3 млрд 988,8 млн теңге

- жылу желілерін қалпына келтіру – 1 млрд,050 млн теңге;

- электр желілерін қалпына келтіру- 760 млн теңге;

- автокөлік жолдарын қалпына келтіру – 2 млрд.179 млн теңге;

Кешенді жоспарды жүзеге асыру 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асатын болады:

І. Бірінші бағыт бойынша қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізу керек, сонымен қатар Балқаш қаласының жаңа мамандыну бағыттарын іздестіру.

ІІ. Екінші бағыт бойынша- экономиканы дамыту және шағын, орта бизнесті дамыту. (индустрия картасына жобаларды сапалы түрде енгізу) ЖШС «Сары-Казына», ЖШС «Коунрад» мыс компаниясы, ЖШС «Профилекс» сияқты компанияларға инвестиция құюды жалғастыру керек, себебі мысты экспорттайтын өнеркәсіптерді сақтап қалу керек. Сонымен қатар қала құраушы өнеркәсіп ЖШС «Казақмыс» Корпорациясының жобаларын жүзеге асыру қолға алынады;

ІІІ. Үшінші бағыт бойынша Балқаш қаласының еңбек қорларының мобильділігін арттыру. Ол бойынша Бизнестің жол картасы 2020 бойынша жылына кем дегенде 30 адамды оқыту жоспарланған;

Әлеуметтік жұмыс орындары және жас тәжірибеші ретінде 40 адам жұмысқа орналастырылады.

2012-2013 жылдар аралығында гидрометаллургиялық цех құрамында мыс бар қоқысты қайта өңдеу бойынша жоба жасаған.Осы жобаны жүзеге асыру үшін 11 мамандық иелері керек.

Сонымен қатар аудандағы моноқалалардың қатарына Жезқазған және Сәтпаев қалалары жатады. Осы қалалардың экономикалық – әлеуметтік даму мәселелерін шешу үшін:

1. Жезқазған кен орнының, оның ішінде Восточный, Западный, Южный, Северный, Анненский, Степной кеніштерінің теңгерімді және теңгерімнен тыс қорларын, қуаты аз кен шоғырлары мен қорғалатын кентіректердің қорларының есебін жүргізу, осы кен қорларын өңдеудің ТЭН-ін жасау мен қайта өңдеуге тарту;

2. Жезқазған кен орындарындағы тау-кендік аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу;

3. Жезқазған ойпатында пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің қорларын анықтау және геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде геологиялық – геофизикалық құжаттары бойынша кешенді талдау жасау;

4. Жезқазған ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінде және Күлен аймағында барлау жұмыстарын жүргізу;

5. Жезқазған мыс қорыту зауытынан қалатын 1000 тонна көлеміндегі қалатын минералды түзілімдегі қоқысты қайта өңдеу;

6. Жезқазған ЖОО бітірген жас мамандарды тарта отырып, тау-кен өнеркәсібіне керекті қосалқы бөлшектердің өндірісін ұйымдастыру;

7. Сәтпаев қаласында сауда-ойын кешендерін дамыту;

8. Сәтпаев қаласында жұмыртқа өндірісін дамыту, ол үшін қаладағы құс фабрикасын жаңарту және кеңейту;

9. Сәтпаев қаласында суармалы егіншілікті дамыту үшін Жартас карьерінен ұзындығы 7 км болатын инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылым салу;

10. Жезқазған қаласындағы ауданы 21 га болатын қалалық саябақты қайта жөндеу;

11. Жезқазған қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының инфрақұрылымын салу (элекртмен, сумен жабдықтау);

12. Сәтпаев және Жезқазған қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін өзгерту;

Аудандағы моноқалалардың бірі Қаражал қаласы. Қаланың 1963 жылы құрылған. Қаражал қаласының құрамына Жәйрем кенті кіреді. Жалпы қаланың ауданы 12 700 шаршы метр.

Есептік деректер бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарында қалада тұрғындар саны 19 250 адам, олардың 11 200 адамы (58,2%) экономикалық белсенді халық.

Қаражал қаласы Қарағанды қаласынан 350 шақырым жерде орналасқан. Қала темір және авто жолдардың тоғысында орналасқан.

Қаражал қаласы Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігінің (қазіргі экономикалық және бюджеттік жоспарлау Министрлігі) критерийлері бойынша экономикалық әлеуеті орташа қала сипатына ие болды.

Қаражал қаласы ыңғайлы геоэкономикалық жағдайға ие. Қалада 2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің көлемі 19 млрд 454 млн теңге болды. Аудандық өнеркәсіп өнім үлесі бойынша 1,6%-ды құрайды.

Қалада 2009-2013 жылдар ішінде тұрғындар санынын артқаны байқалады. Осы жыл аралығында қала тұрғындар саны 1,2%-ға (немесе 235 адамға) өсіп, 19300 адамды құрады. Қала халқы санының өсуі табиғи өсім көрсеткіштерінің оң болуына байланысты.

2010-2013 жыл ішінде қаладағы еңбек нарығында экономикалық белсенді жұмыспен қамтылған халық санының азаюы және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі сияқты оқиғалар орын алды. Мысалға, жұмыссыздық 2012 жылы 5,4% болса 2013 жылы ол деңгей 6,4 %-ға жетті.

2006-2011 жылдардағы жұмыссыздықтың төмендеу себебі жұмыс істеп тұрған қала құраушы кәсіпорындардың («Жәйрем Кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі) өндіріс көлемінің жоғарылауы.Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі еңбек саласы - өнеркәсіп.

Индустриаландыру картасы, «Бизнестің жол картасы 2020», Жұмыспен қамту 2020 бағдарламалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ескере отырып, осы жобаларды жүзеге асыру үшін қала тұрғындарын келесі мамандықтар бойынша жұмыспен қамту жоспарланып отыр: ұсақтаушылар, экскаваторшылар, бұрғылау қондырғыларының машинистері, жүкті өзі түсіретін үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, қазушылар, бекітушілер, дәнекерлеушілер, реттеушілер. Керек жағдайда аталған мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстары (біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары) ұйымдастырылатын болады.

Тұрақты 200 жұмыс орнын құрайтын полиметалл кенін өңдеу мен байыту фабрикасының құрылысын салу («Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы).

Сәйкес тауарларды өндіретін, жұмыстар мен қызмет көрсететін жергілікті, оның ішінде, Қаражал қаласында орналасқан компаниялардың мүмкіншіліктерін анықтау мақсатында, Қарағанды облысында орналасқан ұлттық холдингтар мен компаниялар филиалдарының тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуына талдау жүргізу.

Қала құраушы кәсіпорындар «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы және «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Өркен Атасу» өкілдігі «Еңбек-Қарағанды» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өндірістік алаңдарында арнайы киімдерді тіккізу тапсырыстарын орналастыруды жоспарлап отыр.

Қаражал қаласының бұрынғы мамандануын кайта қалпына келтіру бойынша:

1) 250 тұрақты жұмыс орнын аша отырып жылына 4,0 миллион тонна полиметалл кенін өңдейтін және байытатын Қиыр батыс кенішін кеңейту («Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамы)

2) Батыс Қаражал шахтасын 280 тұрақты жұмыс орнын құрайтындай және жылына 1,8 миллион тонна темір кенін өндіретін жобалық қуаттылығына дейін кеңейту («Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өркен Атасу» өкілдігі).

3) Қаражал қаласы Шалғы кентінде кенді және кенді емес минералды шикізатты (алтын, цинк, вольфрам) өңдеу бойынша кешен құрылысын салу мен пайдалану, «Қарағанды геологиялық барлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 50 жұмыс орны құрылады.

4) «Үлкен Қытай» мен «Орта Қытай» кен орындарында темір кенін өндіру және байыту фабрикасының құрылысын салу.

5) Бестөбе кен орнында барит кенін өндіретін қуаттылығы 200 000 тонна болатын байыту фабрикасының құрылысын салу. 100 жұмыс орны құрылады.

Саран қаласының негізі 1954 жылы 20 қаңтарда құрылды. Саран қаласы Қарағанды қалалық агломерациясындағы урбандалған аймақта маңызды геоэкономикалық орын алады.

Пайдалы қазбалары: тас көмір, қоңыр көмір, күйіктас саз, құмдақты – қиыршық тас, әктас, керамзитті саз.

Саран қаласына орта экономикалық әлеует тән. Қаланың экономикасы индустриялды маманданған. Қалада тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдары, машинақұрастыру, пластмассалық бұйымдар және резинатехникалық, металл өнеркәсібі жұмыс жасайды.

Өнеркәсіптік саланың үлесіне өңдеуші өнеркәсіптің үлесі зор- 88,9 %, электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету -5,7%, тау-кен өндірісіне 4,6 %,сумен қамтамасыз ету -0,8%.

2014 жылдың 1 қаңтарында халық саны 51,1 мың адам және 2012 жылдан 1 % артқан.

Саран қаласында жұмыспен қамтылғандар 56,5 %. Саран қаласында жұмыспен қамту қазіргі кезде үлкен мәселе болып отыр. Жұмыс күші көп болғанымен сұраныс жоқ, сонымен қатар білімді де білікті мамандар аз, әйелдер мен жастардың жұмыс жасауына мүмкіндік беретін жұмыстың аздығы.

Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ бар. Статистика бойынша бойынша 2013 жылы қалада тұратын халық санының қазақтар: 15,2%; орыстар: 59,2%; украиндер: 6,1%; немістер: 5,6%; татарлар:5,2%; белорустар: 2,1%; басқа ұлт өкілдері: 6,6%. 2013 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 9,51 өлім – 14,04 табиғи кему – -4,53. Қалада 2013 жылға 319 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 7 ірі, 32 орта, 280 шағын субъектілері тіркелген. Негізгі экономикалық бағыт: резеңке бұйымдарын өндіру. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Саран резеңке техника» ЖШС, «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның бөлімшелері. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: - резеңке-техникалық бұйымдары;

Моноқаланың алдағы дамуы үшін бұрыннан қалыптасып қалған салаларды жетілдіру және жаңа тармақтарын табу пайдалы болатын еді.

Бұрыннан қалыптасқан көмір және резинатехникалық өнеркәсіппен қатар азық-түлік, тау-кен, тігін, жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолға қойылған.

Аудандағы тағы бір моноқала еліміздің индустрия орталығы Теміртау қаласы. Қаланы дамыту үшін аймақтың табиғи-климаттық жағдайын толық зерттеу керек, қауіпті табиғи әсерлерді зерттеу керек, қаланың басты мәселесі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды толыққанды жүзеге асыру керек, сонымен қатар рекреациялық, әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды, өндірісті жаңдандыру қажет.

Теміртау қаласының қала құрылысын дамытудың басты мақсаты – қолайлы және эстетикалық тартымды өмір сүру ортасын құруды, халық пен болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін қаланың экологиялық орнықты және үйлесімді дамуы.

Осы мақсатқа қол жеткізу:

1) қала құрылысы туралы шешімдерді қала тұрғындары және қалалық әкімшілік өзара бірлесе шешу;

2) қаладағы тұрғын үй мәселесін, өнеркәсіпті, табиғи-демалыс сияқты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын мәселелерге көп көңіл болу керек;

3) қауіпсіз өнеркәсіп орындарымен қамтамасыз ету;

4) таза сумен қамтамасыз ету;

Қазіргі таңда Теміртау қаласының экологиялық мәселесі бірінші орында тұр. Экологияны жақсарту үшін:

1) Қаладағы экологиялық жайсыз аймақтарда тұратын тұрғындарды

түбегейлі сауықтыру;

2) Антропогендік әсерден бұзылған табиғи кешендерді қайта қалпына

келтіру, шаруашылық әсерінен жоғалып кеткен Самарқанд су қоймасын қалпына келтіру және жаңғырту

3) Қаланы жасылдандыру;

Сонымен қатар, көліктік тасқындардың даму қарқынын есепке ала отырып, бас айналма магистральды ақылы және 1-кезектегі 4 жолақты қозғалыс ете отырып реконструкциялау (Осакаровка елді мекеніне дейін) жоспарлануда.

Қазіргі кезде Теміртау қаласынының барлық тұрмыстық қалдықтары қаланың оңтүстік-батысына апарылынады. Осы жерде тұрмыстық қоқыс қоймаланады, тамақ кәсіпорындарының қалдықтары мен жануарлар өлекселері жабылады, кейін олар ашық траншеяларға көміледі.

Алдағы мақсатта Теміртау мен Қарағанды қалаларының ортасында тұрмыстық қоқысты өңдейтін зауытты орналастыру болып табылады. Осы зауыт тек қана ірі екі қаланың ғана емес,басқа да Саран, Абай, Шахан, Шахтинск қалаларының да тұрмыстық қалдықтарын өңдеуге мүмкіншілігі болады.

Орталық Қазақстандағы моноқалалардың бірі Шахтинск қаласы. Бұл қалада басқа қалалар сияқты өндірістік қала болып табылады. Қаланың негізі 1961 жылы құрылған. Қаланың пайда болуы жоғары сапалы коксті көмір орны Тентек кен орнымен байланысты.

Шахтинск қаласы Қарағанды агломерация аумағында орналасқан, ол агломерация ядросынан тұрады (Қарағанды және Темиртау қалалары), сонымен қатар географиялық тұрғыдан шағын қалалардың және кенттердің (Долинка, Новодолинский, Шахан, Северо - Западный) біркелкі желілі ядросына тақау орналасқан. Қала батысында және оңтүстігінде Нұра ауданымен, ал шығысында Абай ауданымен және солтүстігінде Саран қаласымен шекараласады.

Шахтинск қаласы – Қарағанды облысының өндірістік ауданы. Қаланың өнеркәсіптік базалық саласы болып өндеу саласы (Апрель Кулагер ЖШС – ет өндеу және шұжық өнімдерін өндеумен айналысатын кәсіпорын) және өндіру саласы, электрэнергиясын, газды және суды тарату болып табылады («Шахтинская ТЭЦ» АҚ). Қаланың маңында 4 шахта жұмыс істеп тұр.

Қаланың көмір өндіретін кәсіпорындары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ құрылымдық бөлімшелері «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», «Ленин» атындағы шахталар болып табылады.

Металлургиялық сала аймақта «Кұрылысмет» ЖШС зауыттарымен ұсынылған.

2010–2013 жылдар кезеңінде Шахтинск қаласының еңбек нарығында жағдай жұмыссыздық деңгейі төмендеуімен және экономикалық белсенділік деңгейімен сипатталады [42].

Қаладағы экономикалық белсенді тұрғындар саны: 2010 жылы – 36,9 мың адам, 2013 жылы – 41,3 мың адам.Осы мезгілде экономикалық белсенді тұрғындар саны 11,9% өскен.

Қаланың жұмыспен қамтылған тұрғындар санының еңбек ұсыныстарының негізгісі- өндіріс (80%).

Моноқаланы дамыту үшін «Бизнестің жол қартасы 2020», индустриаландыру картасы, «Жұмыспен қамту 2020» сияқты инвестициялық жобаларды негізге ала отырып қала халқы келесідей жұмыс түрлерімен қамтылады деп күтілуде.

 

Кесте 15

Шахтинск қаласында жұмыспен қамтылған тұрғындар санын болжау. [34]

 

 

Көрсеткіштер өлш. бірл          
Жалпы жұмыспен қамтылғандар адам          
Оның ішінде:            
Тау-кен кәсіпорындары адам          
Шағын және орта бизнес адам          
Өздігімен жұмыспен қамтылғандар адам 9 400        
Басқалар адам          
             

 

 

Тағы бір жоспар бойынша қалада химия саласы бойынша жоба «Синтетикалық жуғыш заттарды өндіру» зауытын «Монета Дитерджентс» жауапкершілігі шектеулі серіктекстік ұсынады. Жоспар бойынша онда 250 жұмыс орны құрылады. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңге және өндірістік қуаттылығы 60 000 т болады.

 

 

3.1 Орталық Қазақстанның экономикалық даму жағдайы және экономикалық даму бағыты

Қарағанды облысының әлеуметтік жағдайы тау-кен және өндіруші өнеркәсіптерге байланысты. Аудандағы өнеркәсіптік өндірістің 82,1% базалық салаларға тиесілі. Мысалы:

- Тау-кен металлургиялық кешен (түсті және қара, сирек және бағалы металлдар кендерін өндіру, сонымен қатар түсті және қара металлургия және металл өңдеу) – 71,74%;

- көмір өнеркәсібі – 4,44%;

- машина жасау бойынша – 2,24%;

- химия және фармацевтикалық өнеркәсіп– 2,31%;

- құрылыс материалдары өндірісі – 1,46%.

Орталық Қазақстан ауданындағы өнеркәсіптердің бірнеше мәселелері бар. Олар мыналар болып табылады: ескірген технология, негізгі өндіріс қорлардың баяу жаңаруы, өнеркәсіптерге инвестицияның жетіспеуі, несие қорлары бойынша пайыздық мөлшерлеменің тым жоғары болуы, сонымен қатар ірі корпорациялардың өнеркәсіптерге инновацияларды енгізуге деген құлшыныстарының болмауы.

Аудандағы ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей және сыртқы нарыққа таза экологиялық өнім шығаратындай мүмкіншілігі бар [33,112].

Ауданда суару жүйесінің техникасының ескіргендігіне байланысты жыртылған жерлерді дұрыс пайдалана алмай отыр, соған байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі азаюда. Аудандағы ауыл шаруашылығы техникаларының 86 % ескірген, соған байланысты еңбек өнімділігі төмендеуде, өнімнің өзіндік құны көтерілуде, сондықтан бәсекеге қабілеттілік төмендеуде.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтық даму стратегиясына байланысты Орталық Қазақстан ауданында дамуы және маңызы бойынша жетекші қалалар анықталды.

Жетекші қалаларды екі түрлі дәрежеге бөлеміз:

1. Ұлттық дәрежеде. Қарағанды, Теміртау қалалары;

2. Аймақтық дәрежеде. Балқаш, Жезқазған, Сатпаев қалалары.

Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қаларының жетекші қалаларға ену себептері:

· экономикалық жағынан үлкен қалалар және басқару орталықтары;

· көліктер торабында және ішкі-сыртқы транспорттық коридорда

орналасқан;

Жалпы ауданның бәсекеге қабілеттілігі рейтингіне көз жүгіртетін болсақ, мынадай нәтижелерді көруге болады:

- Халықты әлеуметтік қорғаудан – 1 орында;

- Индустриалды-инновация саласында-1 орын;

- Білім беру сапасы- 2 орын;

- Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша-5 орын;

- Мәдениет және қоғамдық қауіпсіздік бойынша-6 орын;

- Ауылшаруашылығы бойынша-7 орын;

- Денсаулық сақтау бойынша -11 орын;

- Туризм және қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша-11 орын;

- Тұрғын үй саласын дамыту -13 орын;

Орталық Қазақстан ауданының негізгі экономикалық даму бағыттары:

- 2015 жылға дейін жалпы өңірлік өнімді 30 %-ға дейін арттыру;

- 2015 жылға дейін ЖӨӨ энергия сыйымдылығын 10%-ға дейін азайту;

- 2015 жылға дейін шетелдік инвестицияны 10%-ға арттыру;

- Өнеркәсіп өнімдерін 94 %-ға арттыру

- Өңдеуші өнеркәсіпте еңбектің өнімділігін 96,9%-ға арттыру;

- Шикізаттық емес өнімдердің экспорттық үлесін 14,2%-ға арттыру;

- Өңдеуші өнеркәсіптің өндірісін 158,1%-ға арттыру;

- Көмір қазу көлемін 35 млн. тоннаға дейін арттыру;

- Металлургиялық саланың өнімдерін шығару көлемін 2 есеге арттыру;

- Машина жасауда жалпы қосымша құн 64%-ға өсіру;

- Құрылыс индустриясындағы зат айналымын 76%-ға арттыру;

-Республикалық ішкі нарықты құрылыс материалдарымен 80% қамтамасыз ету;

- Құрылыс материалдарын 20 %-ға дейін арттыру;

- Жеңіл өнеркәсіптің қосымша құнын 50%-ға арттыру;

-2015 жылы минералдық тыңайтқыштарды 6 000 тонна көлемінде өндіру (2010 ж. – 5 мың тонна);

- 2015 жылы күкірт қышқылын өндіру көлемін 1 млн. тоннаға дейін арттыру (2010 ж. – 896 000 тонна);

- 2015 жылы ішкі нарықтағы отандық дәрі-дәрмек құралының үлесін 30%-дан 50%-ға жеткізу (2010 ж. – 30%);

- Аудандағы ЖӨӨ арттыру үшін шағын және орта бизнестің үлесін 16%-ға дейін көбейту;

- 2015 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін 90,9 млрд теңгеге арттыру;

- 2015 жылға дейін ауылшаруашылығы саласының өнімдерінің экспортын 2,3%-ға дейін арттыру;

- Ет өңдеу үлесін 40%-ға және сүт өңдеуді 40%-ға дейін арттыру [42];

Өңір дамуының әлеуметік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаты негізгі мәселелерді, тәуекелдікті, тежеу факторларын, бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін анықтаған басымдылықты SWОT-талдаулығымен анықталады. Ауданға SWОT-талдау кесте 16 көрсетілген.

 

 

Кесте 16

Орталық Қазақстанға SWОT-талдау

 

 

А басымдылығы А басымдылығы
   
1.Химия, фармацевтика саласында, машина жасау, металл өңдеу саласындағы экономикалық потенциал бар. 2.Тау-кен өнеркәсібі дамуы үшін минералдық шикізат қоры негіз бола алады.     1.Өнеркәсіп дамуына байланысты энергия тапшылығы туындауда; 2.Салалық тепе-теңдіктің орнамауы: шағын бизнес пен өнеркәсіптің бірдей дамымауы; 3.Фармацевтика саласында ғана жоғары технологиялық және ғылыми негіз бар, басқа өнім шығаратын өндіріс жоқ.

Кесте 16 жалғасы

   
3.Аудандағы кездесетін ландшафттың түрлі болуы, соған байланысты туристтік нысандардың болуы; Ұлытау таулары, Қарқаралы таулы-орманы, Балқаш көлі; B басымдылығы 1.Орналасуына байланысты транзитті потенциалы; 2.Сапалы білім беру үшін инфрақұрылымның, оқытушы- профессорлық құрамның жоғары деңгейде болуы; 3. Қалада және ауылдық аймақтарда мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету; С басымдылығы 1.Жұмыссыздықтың деңгейінің төмендеп жатқаны; 2.Ауданда жан басына шаққанда астықпен, етпен, картоппен қамтамасыз ету жеткілікті деңгейде; 3.Шағын және орта бизнестің дамуы үшін инновациялық потенциалды кешен элементтерінің болуы 4. Құрылыс саласын жетілдіру үшін шикізат қорларының бар болуы 4.Ескірген технология. 5.Туристік инфрақұрылымның халықаралық талаптарға сай келмеу. 6.Онкологиялық,түберкүлез, БСК аурулардың жоғарғы деңгейі. 7. Өндіріс орындарында зақымдану, улану, өлімнің көптеп орын алуы; 8. ВИЧ/СПИД жоғарғы деңгейі. 9.Білім беру мекемелерінде кадрлардың тапшылығы бар, оның ішінде орта білім беру мекемелерінде мамандар аз. B басымдылығы бойынша: 1.Инвестиция көп болуына байланысты негізгі қорлардың азаюы; 2. Шикізаттарды өңдірудің төменгі деңгейі; 3.Қоршаған ортада көптеген қалдықтардың қалуы, экологиялық мәселе; 4.Дұрыс игерілмеген аудандардың бар болуы; 5. Ауылдарының жағдайының нашар болуы; 6.Егілетін дәнді-дақылдардың шығымының төмендеу; Жылына 0,43 т/га; 7.Медициналық және технологиялық жабдықтардың тозуы; (80%) С басымдылығы бойынша: 1.Азаматтар үшін тұрғын үйдің қол жетімсіздігі; 2. Асқынған мәселелері бар өңірлердің болуы: Ұлытау, Ақтоғай, Қарқаралы аудандары. 3.Қалалық жерлердегі кәріз және су құбырлары жүйелерінің 70 пайыздан 100 пайызға дейін тозығының жетуі. 4.Кәсіптер мен мамандықтар бойынша еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі.  

Кесте 16 жалғасы

   
    5.Ауылдық мәдени нысандардың материалдық-техникалық базасының әлсіз деңгейі, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі. 6.Жаңа модификация, лингафонды-мультимедиялық сыныптардың жетіспеушілігі.
Мүмкіншіліктері Қауіптері
А басымдылығы 1.Ауданның экономикасын көтеруге «Бизнестің жол картасы-2020», «Инвестор – 2020», «2020-Өндірістілік», «Экспорт – 2020» бағдарламаларының әсері өте зор. 2.Өнеркәсіпті дамыту негізінде аудандағы технологияны модернизациялауға мүмкіндік туады. 3.Аудандағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін және инновациялық белсенділікті арттыру үшін «Қарағанды өңірлік корпорациясы» және «UniSciеnTеch» технопаркінің әсері көп болады; 4.Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру. Жаңа жұмыс орындарын сонымен қатар ауылдарда да ашу. 5.Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды арттыру.   А басымдылығы 1.Өңірлік экономиканың салалық диспорциялығы мен технологиялық дамуында соңынан қалудағы ішкі нарыққа тәуелділікті ұлғайту. 2.Туристік ағымның санының азаюы; 3.Туризм саласында инвестицияның аз болуы; B басымдылығы бойынша: 1.Кәсіптік білім беру жүйесінде диспорцияларды сақтау еңбек ресурстарында сұранысты қанағаттандыруға кері әсер етеді. 2. Жол шаруашылығы мен көлікті дамыту ағымдық деңгейін сақтау кезінде бәскелестік қабілетінің төмендеуі. 3. Әлеуметтік салада қаржыландыру жеткіліксіз болуы;  

 

Нәтижелер: Орталық Қазақстан экономикалық ауданында минералды







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1560. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия