Студопедия — Азақстан жеріндегі қола ғасыры.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан жеріндегі қола ғасыры.






Б. з. б. II мыңжылдықта мыс пен қалайының құймасы – қоланың шығуына байланысты тас құралдар металмен ауыстырыла бастады. Тас ғасыры аяқталып, қола дәуірі басталды. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б. з. б. 4- мыңжылдықтың аяғы мен б. з. б. 1 – мыңжылдықтың басын қамтиды.

Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә. Марғұлан мен К. Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Чернигов пен А. Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә. Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі

заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қыш ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінеді. Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Тайпалар тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты.

Андронов мәдениеті (б. з. б.XVIII – VIII ғғ.)

«Андронов» мәдениеті Ачинск маңындағы Андронов деревнясының түбінде 1914 жылы табылды. Қола дәуірінде Сібірдің, Орал бойының, Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ далаларын шыққан тегі жағынан туыстас, тарихи тағдырлары сабақтас, арттарына өзіндік жарқын мәдениет қалдырған тайпалар мекендеген.

«Андроновтықтар» кетпенмен жер өңдеп, өсірілген астықты қола орақпен орып алған. Олардың тұрақтарынан тастан жасалған дән үгіткіштер жиі табылады. Орта ғасырдың жартастағы бейнелеріне (петроглифтерге) қарағанда олар өгіз жеккен соқаларды да пайдаланған.

«Андроновтықтардың» негізгі тіршілік көзі әрқашанда мал шаруашылығы болды. «Андроновтықтардың» абіріне қойылған қыш құмыраларға қарағанда тұрғындардың негізгі тамағы сүт өнімдері болған. Мал ішінде, әсіресе, жылқы табындарын жоғары бағалаған. Шаруашылық қозғалысының өсуіне сәйкес қос өркешті түйелердің саны да өсті. Олардың сүйектері «андроновтықтардың» ең ертедегі тұрақтарынан табылды, бірақ кейінгі кезеңде түйе киелі саналған – оның саздан жасалған кішкене мүсіндері мен жартастағы бейнелері табылды.

Төрт дөңгелекті арбаға орнатылып, алыс қашықтықтарға көшуге бейімделген киіз үйлер пайда болды. Қайтыс болған адамдарды тігінен, қырынан немесе жалпағынан қалап шығарған тас қоршаулар мен қоршауы бар обалар ішіндегі тастан өрілген немесе жалпақ тастарды қырынан қойып қиюластырған жәшік – көрлер ішіне қол-аяғын бүгіп, бір қырымен басын батысқа, кейде шығысқа қаратып жерлеген. Қабірге марқұммен бірге заттар қоса қойылды. Олар әдетте ішіне тағам салынған бірнеше саз құмырадан, қарапайым әсемдік бұйымдардан, кейде пышақ, тескіш, тас жебе сияқты заттардан тұрған. «Бай» қабірлер шұңқырларының едәуір үлкендігімен, оба топырағының молдығымен, оның айналасындағы тас қоршаулармен және бай мүлкімен ерекшеленді. Өртеп күлін жерлеу салты да болған. Андронов тұрақтарынан табылған тап-таза күл қабаттары сақталған рәсімдік ошақтар адамдар тағзым еткен екінші нысан – қасиетті Күн болғанын дәлелдейді.

Ертедегі Қазақстан (б.э.д. VII — б.э. VII)

Б. з. б. 1 мыңжылдықтың басында Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылық өмірінде бірқатар маңызды өзгерістер болды. Қазақстанды мекендеген тайпалар осы кезде көшпелі мал шаруашылығына бейімделе бастады. Бұл жағдай шаруашылықтың дамуына негіз болды. Мұнымен қатар көшпелілер арасында мәдениет те дамыды. Б. з. б. VIII – VII ғғ. Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар темірді пайдалана бастады. Бұл кезең тарихта тас, қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірі деп аталды. Аталған дәуірге жататын ескерткіштер Қазақстанның Зайсан көлі маңынан, Жетісудан, Тасмола қорғандарынан табылды. Бұл дәуірде Қазақстан аумағын сақ, ғұн, қаңлы т. б. тайпалары мекен еткен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1308. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия