Студопедия — Жер-су реформасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер-су реформасы






Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Нәтижесінде:

· Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.

· Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жыл – Жетісуда жер реформасы жүргізілді.

· Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.

· 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

1921–1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Қай жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айрылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршы-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.

1921 жыл — «Қосшы одағы» құрылды.

1930 жылдан — «Кедей одағы» атанды.

Жетекшілері: А. Асылбеков, Ә. Жангелдин, Г. Коростылев, С. Меңдешев, С. Сейфуллин, Ж. Бөрібаев, А. Розыбакиев т. б. 1921 жылғы наурызда Жетісуда «Қосшы» одағының 17 мыңнан астам мүшесі болды.

Міндеттері:

· Еңбек артельдерін құру.

· Кедейлерге жер беру.

· Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921–1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:

Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.

Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті.

Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

Республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер (1921–1928 жж.)

1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.

1921 жылы 4–10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды.

1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды.

ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.

1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.

Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелеуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы – 1 млн. 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті.

1925 жылы сәуірде Қызылордада республика кеңестерінің бесінші съезі өтті. Ол «Ауылға, қыстаққа және деревняға бет бұрайық» деген ұран негізінде жұмыс істеп, шаруаларды жерге орналастыру жұмыстарының келелі жоспары, суландыру құрылысын дамыту, мемлекеттік және кооперативтік сауданың рөлін одан әрі нығайту, өндірістік серіктіктерді қолдау мәселелерін талқылады. Съезд халықтың байырғы тарихи атауы қалпына келтіріліп – қазақ халқы, ал республиканы – Қазақ АКСР-і деп атау туралы қаулы қабылдады.

1925 жылы ақпанда жаңа қазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды. Республика құрылған кезде небары үш-ақ газет шықса, 1925 жылы «Еңбекші Қазақстан», «Народное хозяйство Казахстана», «Советская степь», «Қызыл Қазақстан» т. б. 13 газет пен 5 журнал шықты.

Кәсіподақтардың саны өсті. 1925 жылы қаңтардан қыркүйекке дейін кәсіподақтарға мүше болып 20 мыңға жуық жұмысшы мен қызметші, соның ішінде 6 мыңнан астам қазақ еңбекшісі өтті.

Қазақ әйелдері қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласты. 1925 жылы қаладағы және ауыл мен селодағы еңбекші әйелдердің 6,6 мыңы жергілікті кеңестерге мүше болып сайланды.

1928 жылы Қазақстанда жаңадан әкімшілік-территорияларға бөлу іске асырылды. Осы уақытқа дейін болып келген алты губерния, екі округ, отыз екі уезд және 400 болыстықтардың орнына 13 облыс және 193 аудан құрылды.

1929 жылы әкімшілік-территориялық қайта құру негізінен аяқталуымен және Түркістан-Сібір темір жолының құрылысының бітуімен байланысты Қазақстан Автономиялық Советтік Республикасының орталығы Қызылордадан Алматы қаласына көшірілді.

Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде (1928–1932 жж.)

Индустрияландыруға бағыт алу.

Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928–1932 жылдары өтті. 1928–1932 жылдары халық шаруашылғын дамытудың бірінші бесжылдығы болды.

Бұған дейін қазақстанда Қарағандыдағы көмір кен орындары, Ембідегі мұнай өндірісі, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана өнеркәсіп орындары болды. Жалпы, өнімінің 84,4%-ы ауыл шаруашылғына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды. КСРО индустрияландырудың жоспарына Қазақстан да енгізілді.

Индустрияландыруды жүзеге асыру жолында әкімшіл-әміршіл саясат қатты бұрмаланды. 1925–1933 жылдары Қазақстан коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин болды. Ф. И. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы болған жоқ, сондықтан қайтадан революция жасау керек деп шешті. Осы ойын іске асыру мақсатында ол «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты И. В. Сталин қолдады. Ф. И. Голощекин қазақстанды одақтық шикізат базасы ретінде индустрияландыру бағытын ұстанды. Ф. И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясына алғашқы болып С. Сәдуақасов қарсы шықты. С. Сәдуақасов Қазақстанды шикізат базасы ретінде пайдалануға ашық түрде қарсы тұрды.

Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Н. С. Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеді. И. М. Губеин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. Қ. И. Сәтбаев жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтады.

Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Түркісіб құрылысы

1927 жылы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Түрксіб теміржол құрылысының басшылары:

В. С. Шатов – құрылыс бастығы,

Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,

Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.

Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.

1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.

1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді.

Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.

Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.

Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды.

Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.

Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 16468. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия