Студопедия — Р. әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991–2006 жж.). Нарықтық қатынастардың негізгі белгілері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р. әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991–2006 жж.). Нарықтық қатынастардың негізгі белгілері






Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш кезеңі белгіленді:

1. 1991–1992 жылдар

2. 1993–1995 жылдар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді

3. 1996–1998 жылдар

Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б.

Мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді.

Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойлады. Тәжірибе жүзінде олай болмай шықты. Жекешелендіру барысында елімізде үш бағыттағы (шағын, жаппай және жеке жобамен) кәсіпорындар құрылған. Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді.

1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994–1995 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі 7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. 1993 жылы қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгізілді. 1994 жылы наурызда Президент Жарлығымен ауыл кәсіпорындарының өтей алмаған 2,2 млрд. сомдық несиесінің мерзімі екі жылға ұзартылды.

Реформаның барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны төмендеді.

Нарықтық экономикаға көшудегі жіберілген қате – ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазақ төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі өзгерістерге революциялық сипат беру.

1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы – 28%, 1994 жылы – 48%, ал 1995 жылы – 45% жетті.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996–1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. 1999 жылы басталған төртінші кезең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мемлекеттік меншікті басқару мен пайдалану мәселелерінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарастармен сипатталады.

1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев Республика халқына «Қазақстан-2030» деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1380. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия