Студопедия — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ).
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ).






1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) – Шығыс пен Батыс арасындағы пікір алысуды жолға қою үшін көп жақты форум құрылды.

1994 жылы Будапешт қаласында Кеңесті ұйым деп қайта атау туралы шешім қабылданды, мұның өзі ЕҚЫҰ кеңістігінде «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен сипатталатын жаңа геосаяси жағдайда қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптарына жауабы болды және ұйымның жұмысына қосымша саяси серпіліс берді.

ЕҚЫҰ бүгінгі таңда қауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау мәселелерімен айналысушы қазіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ірі ұйым деп заңды түрде есептеледі. ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейінгі географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты біріктіреді.

ЕҚЫҰ-ның негізгі принципі – ЕҚЫҰ қызметінің негізгі үш өлшемінің, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық себеттердің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін қауіпсіздікке кең ауқымды және жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономика және қоршаған ортаны сақтау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрақтылықтың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралады.

Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ жанжалдардың ертерек алдын алудың және оларды реттеудің, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте жанжалдан кейінгі сауықтырудың басты құралы ретінде әрекет ететін бірегей және бірден-бір жалпы еуропалық ұйым болып табылады.

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылғы қаңтарда қатысушы болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болғандағы біздің басты мүддеміз де еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету еді. Құрамында 55 мемлекет бар осы беделді халықаралық ұйымның 1994 жылдың желтоқсанында Венгрия астанасы Будапештте өткен саммитінде біздің Елбасы сөз сөйлеп, Еуропа және Азия елдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өз ойларын ортаға салды. Дәл осы басқосуда Қазақстан үшін тарихи шешім қабылданды.

1994 жылдың 6 желтоқсанында Будапешт қаласында 55 мемлекет басшысы қатынасқан саммитте АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Ұлыбритания Премьер-министрі Джон Мэйджер, Украина Президенті Леонид Кучма және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қауіпсіздігіне кепілдік келісіміне қол қойды.

1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының үкіметі, ЕҚЫҰ және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.

ЕҚЫҰ-ның қатысуымен Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институтты, сайлау заңнамасын жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам саудасы, нашақорлыққа, лаңкестікті қаржыландыруға, қылмысты жолмен табылған табыстың жылыстауына қарсы әрекет ету, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалар іске асырылуда.

2003 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төраға қызметіне өзінің кандидатурасын тұңғыш рет ұсынды.

2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешімі қабылданды.

2010 жылдан бастап біздің ел ЕҚЫҰ-ны басқару абыройына ие болды.

Астана саммиті. Қазақстанда 1–2 желтоқсанда соңғы 11 жылдың ішінде алғаш рет өткен ЕҚЫҰ саммитінің қатысушылар Еуропа континентіндегі қауіпсіздік, ЕҚҚКК мәселелерін, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымдастыру мақсаттары мен міндеттерін талқылады.

Астанаға бұл ұйымның 56 мүше мемлекеттері, ЕҚЫҰ «ынтымақтастық жөніндегі әріптестер» — 12 ел басшыларының өкілдері, атап айтқанда Ресей президенті Д. Медведьев, Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони, Ауғаныстан президенті Хамид Карзай, сондай-ақ бірнеше ондық халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ЕК, ТМД, ҰҚКҰ бар.

Астанадағы кездесу – Орталық Азияның жүрегінде – Еуропаның географиялық шектерінен тыс өткізіліп жатқан алғашқы саммит.

Солтүстік Атлантика шарты ұйымымен (НАТО) өзара қатынастарды тереңдету Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басты орын алады. Бұл ынтымақтастықтың көкейтестілігі, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауды қоса алғанда, Ұлттық қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басым сипаттағы бірқатар міндеттерді шешумен, сондай-ақ қазіргі заманның жаңа талаптарға – халықаралық лаңкестікке, есірткі трафигіне т. б. қарсы әрекет ету жөніндегі үйлестірілген кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігіне байланысты туындап отыр.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәжірибе алмасуы, альянспен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын офицерлер құрамын оқыту, бірлескен жаттығулар, семинарлар мен конференциялар өткізу Қазақстан Республикасы қорғаныс күштерінің кәсібилігін арттыруға, даярлықтың жалпы деңгейіне, сондай-ақ қорғанысты жоспарлауды жетілдіруге және оларды жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттарға келтіруге жәрдемдеседі.

Қазақстанның 1992 жылы Солтүстік Атлантика ынтымақтастық кеңесіне (бұл кеңес кейін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК) болып қайта құрылды) кіруі Қазақстанның НАТО-ға мүше-елдермен және Еуразия кеңістігі елдерімен халықаралық қауіпсіздіктің неғұрлым көкейтесті мәселелері бойынша жемісті пікір алысуына мүмкіндік береді. НАТО-мен саяси пікір алысуды және әскери ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен 1994 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) бағдарламасына қосылды. Қазақстанның БҮӘ-ге қатысуы азаматтық төтенше жоспарлауды, дағдарысқа қарсы реттеуді, қарулы күштер мен қарулы құрылымдарды демократиялық бақылауды, қорғаныс саясаты мен стратегиясын, әскери жаттығулар мен әскери білім беруді т. б. қоса алғанда, НАТО-мен өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтиды.

Қазақстан Республикасының НАТО-мен Жеке әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың саны жыл сайын көбейіп келеді (2000 жылы 100-ден астам бірлескен іс-шаралар жүргізілді).

2005 жылы Қазақстан Солтүстік Атлантика альянсымен ынтымақтастық пішінін кеңейту, оны жаңа деңгейге – Жеке әріптестіктің іс-қимыл жоспары (ЖӘІЖ) пішініне шығару жөніндегі нақты шараларды іске асыруға кірісті. Көп жақты деңгейде де, екі жақты пішінде де кеңес беру мен келіссөздер сериясы аяқталғаннан кейін Қазақстанның НАТО-мен ЖӘІЖ-сі біржолата келісіліп, 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданды. ЖӘІЖ-де ғылым, төтенше азаматтық жоспарлау, лаңкестікке қарсы күрес саласындағы жедел үйлестікті, ынтымақтастықты арттыру мақсатымен өзара іс-қимылдың нақты қырларына баса ден қойылды.

Қазақстан парламентарийлерінің НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) сессиялық отырыстарының жұмысына тұрақты түрде қатысуы Альянспен үнқатысуды нығайту үрдісінің екінші бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 2004 жылғы қарашада ҚР Парламентінің екі палатасы төрағаларының тиісті өтінішінен кейін НАТО Қазақстанның Жоғары заң шығарушы органына ПА-дағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1384. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия