Студопедия — Азақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын белгілеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын белгілеу






Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік егемендікті нығайту жөніндегі алғашқы кезектегі міндеттердің қатарында шектес мемлекеттермен шекараны заң жүзінде рәсімдеу қажеттігі туды, өйткені шекара мәселесі әрбір мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық тұтастық пен тәуелсіздікті сақтау тұрғысында өте маңызды болып табылады.

Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде Қазақстан өз аумағына қол сұғылмау құқығына ие, оның ауқымында өз егемендігін жүзеге асырады. Мемлекеттік шекара этникалық аумақтың шегін айқындайды, ал оның негізгі мақсаты да осында.

Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі дамуы стратегиясында саяси міндет – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Оны іске асыру көпшілік жағдайда шекараларды айқындау мәселелеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын белгілеу. 1991 жылғы дейін Қытаймен келіссөзді кеңестік үкімет делегациясы Қытаймен шектес одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен жүргізді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің арасында Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес ҚХР-мен келіссөз жүргізу үшін КСРО-ның үкіметтік делегациясының орнына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің бірлескен делегациясы жасақталды.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 шілдедегі қаулысы негізінде Қазақстан делегациясы Қытаймен келіссөзге кірісті.

Шекараны белгілеу жөніндегі келіссөздер 1992 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде жүргізілді, ал шекараны ажыратып, таңбалау 2002 жылы толық аяқталды.

Келіссөз барысының негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында сонау XIX ғасырда жасалған сегіз шарт пен хаттама алынды.

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы шекараны белгілеу жөніндегі келіссөздердің қорытындылары бойынша халықаралық шарттарға қол қойылды, бұл шарттарда Қазақстан-Қытай шекарасының шебі өтетін жерлер дәл айқындалып егжей-тегжейлі сипатталды.

Шекараны таңбалау жұмыстары алты жұмыс тобы 1996 жылғы шілдеден 2001 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүзеге асырды және 2002 жылғы 10 мамырда Пекин қаласында Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының шебін таңбалау туралы Хаттамаға қол қоюмен аяқталды.

Таңбаланған шекараның жалпы ұзындығы 1 782,75 км. құрады, олардың ішінде құрлықтық шекара – 1 215,86 км, су шекарасы – 566,89 км-ге жуық.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) шеңберінде ынтымақтастық принциптерін сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы Декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларына қол сұқпаушылықты сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Декларация, мәңгілік достық туралы екі жақты шарттар бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасының аражігін ажыратудың танылуын баянды еткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады.

Қазақстан тарабы мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстанмен Мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік Комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүзеге асырды.

Қырғызстан. Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы желтоқсанға дейін жүргізілді және мемлекет басшыларының Астанада 2001 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды.

Бірлескен шекараның жалпы ұзындығы 1241,58 км-ды құрады.

Түрікменстан. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын белгілеу және таңбалау туралы шартқа 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары қол қойды.

Қазақстан-түрікмен шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 2000–2001 жылдары жүргізілді. Тараптарда Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында 1972 жылы келісілген шекара шебіне түзету енгізу жөнінде ұсыныстар туындаған жоқ.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының құрлықтық телімінің ұзындығы 426,08 км-ды құрайды.

Бірлескен шекараны таңбалау жөніндегі іс-шаралар 2003 жылы басталды. Тараптар шекараға шекаралық белгілер орнатуға 2005 жылы кірісті.

Өзбекстан. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын белгілеу үдерісі 2000 жылдан 2002 жылғы дейін жүргізілді, оны екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасы туралы 2001 жылғы 16 қарашада астана қаласында мемлекеттер басшылары қол қойған шартты әзірлеу, шекара шебінің 96% -ын айқындады.

Екінші. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген телімдері туралы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында қол қойған шартты дайындау, ол бірлескен шекара шебін айқындауды толық аяқтады. Екі шарт 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.

Шекараның жалпы ұзындығы 2150 км-ге жуық.

Қазақстан-Өзбек шекарасын таңбалау үрдісі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар – 2004 жылғы 1 сәуірде басталды.

Ресей Федерациясы. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 1999 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін жалғасты.

2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Бірлескен шекараның жалпы ұзындығы (Каспий теңізіндегі шекараны есептемегенде) 7591 км-ге жуық.

2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енген осы шартқа қол қоюмен Қазақстан шекараның құрлықтық бөлімін барлық периметрі бойынша заң жүзінде рәсімдеуді аяқтады.

Қазақстан мемлекеттік шекарасында шектес мемлекеттердің шекараларымен түйісетін төрт меже бар.

· Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісетін межесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 мамырдағы келісімге және Қазақстан Республикасы

· Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекарасының түйісетін межесі туралы 1999 жылғы 25 тамыздағы келісімге үш жақты тұрпатта қол қойылып, күшіне енді

· Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісетін межесі туралы 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған келісім

Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 13200 км-ге жуық (Каспий теңізінде шекараны есептемегенде), олардың ішінде:

· Қытай Халық Республикасымен – 1782,75 км;

· Қырғыз Республикасымен – 1241,58 км;

· Өзбекстан Республикасымен – 2150 км;

· Түрікменстан Республикасымен – 426,08 км; Ресей Федерациясымен – 7591 км.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1679. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия