Студопедия — Мазмұндама,оның түрлері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мазмұндама,оның түрлері






Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тiлдiк материалдарды орынды қолдана бiлуге, жазбаша сөйлеудiң ерекшелiгiн, мәтiннiң синтаксистiк құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игi ықпал етедi. Мазмұндаманы жаздырмас бұрын мынаны ескергеніміз дұрыс:
• Мазмұндама мәтіні оқытудың білімдік, тәрбиелік міндеттеріне сай, мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
• оқушыларға ұсынылатын мәтіндер мазмұнында олардың күнбе-күн араласып, көріп-біліп жүрген етене таныс зат, құбылыс, оқиға және іс-әрекеттер болғаны жөн. Балалар сонда ғана жұмыс барысында онша қиналмай, тез төселіп кетеді.
• Мазмұндамаға қажет мәтінге әдебиет бағдарламасында көрсетілген көркем шығармалар да, бағдарламадан тыс текстер де алынады.
Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуы тиіс:
- оқушының өз ойы болуы;
- өз жанынан қосымша оқиға қосуы;
- өздігінен қорытынды жасауы;
- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни I жақ, осы шақ формасындағы мәтінді, III жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше мазмұндауы;
- қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқартуы;
- кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз (цитата) және эпиграф келтіре отырып мазмұндауы;
- берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасауы.
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда әдіскерлер Бегман Ысқақ және Эльмира Оразбаева мазмұндаманың мынандай түрлерін ұсынады:
І. Дайын мәтін бойынша мазмұндама (Дайын мәтін бойынша мазмұндаманың өзін бірнеше түрге бөлуге болады: А) Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау; Ә)Мәтіннің мазмұнын сақтап, бірақ баяндалу формасын өзгерту;
Б) Қысқарта баяндау; В) Толықтырып мазмұндау).
ІІ. Сурет бойынша мазмұндама;
ІІІ. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Дайын мәтін бойынша мазмұндама
(Мазмұндаманың бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған мәтін бойынша жаздырылады)
А)Мәтінге жуық немесе толық мазмұндау.Мазмұндама-ның бұл түрінде мәтіннің мазмұны бүтіндей қайталанбағанмен, түгелге жуық меңгеріледі. Мәтіндегі сөз тіркесі, сөйлемдер сөзбе-сөз қайталанбауы мүмкін, алайда кейбір жаңа сөздердің, сөйлемдердің, көркемдегіш құралдардың оқушы жұмыстарынан орын алуы мүмкін.
Мазмұндама жазғанда көркем мәтінді қаз қалпында қайталауға жол бермеу үшін белгілі әдіскер-ғалым С.Тілешева мұғалімдердің мына мәселелерді мазмұны тартымды, оқиғасы қызғылықты, көркемдік қуаты жағынан жоғары талапқа сай мәтін таңдауын, мазмұндама жазар алдында мәтінді оқу, әңгімені негізгі бөлімдерге бөліп, оған тақырыптар беру, жоспарын жасату, тілін талдау, т.б. жұмыс-тарын орындатқан жағдайда мәтіндегі барды қайталау болмай, мазмұндама нағыз шығармашылық жұмысқа айналатынын айтады.
Ә)Мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, баяндау формасын өзгертіп мазмұндау.Мұнда I жақта баяндалған мәтінді III жақта, өткен шақта құрылған мәтінді келер шақ формасында өзгерте мазмұндау.
Б)Қысқарта (ықшамдап) мазмұндау. Мазмұндаманың бұл түрінде берілген мәтіннен айтылайын деген негізгі ойға қатыссыз, қосымша сюжеттер қысқартылып,ең негізгі,түпкі ойды жазады.
Қысқарта мазмұндаудың да өзіндік маңызы бар, өйткені әңгімедегі іс-әрекеттердің негізгі мен қосалқы жақтарын ажырату барысында да шығармашылық сипатқа ие болады.Мәтінді ықшамдау барысында әңгімедегі қосымша детальдардан түйінді ойды даралауға жаттығады, мазмұнды талдай отырып,қажетті материалды жинақтауға,көп ойды аз сөзбен беруге,пікірін қысқаша баяндауға дағдыланады.Мазмұндаманың бұл түрі оқушыларды сөзді талғап,таңдап қолдануға,сөйлемді жинақы құруға,аз сөзбен көп мағына беруге,тілін ширатуға септігін тигізеді.
В)Толықтырып мазмұндау.Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше,берілген әңгіме мазмұнын толықтырып, кеңейтетін, ұсынылған ойға тың пікірлер мен жаңа сюжеттер тапқызу мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсат етіледі.
Жұмыстың бұл түрінде бұл әңгіменің қысқаша мазмұны беріледі. Негізгі ой ұсынылады. Оқушы өз жанынан берілген ойды күшейтетіндей детальдар қосып, мәтінді толықтырады. Жаңа сюжеттер қосып, баяндалған іс-әрекетті дәлелдей түседі. Мұндай жұмыстар оқушылардың таным процестерін дамытып, тілін ширатады.
Мазмұндаманың бұл түрін жаздыру мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді. Тыңғылықты дайындалуын қажет етеді.
ІІ. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру. Жұмыстың бұл түрін жүргізуде дайын әңгіме бойынша жүргізілетін мазмұндамаға ұқсас жүргізіледі. Олай дейтініміз, мұнда да әңгіме мәтінін мұғалім алдын-ала әзірлейді. Бұл жұмыстардың бір-бірінен айырмашылығы сөз болып отырған мазмұндамада дайын мәтінге қосымша сол оқиға желісін ашатын сурет болады. Жұмыс барысында қылқалам туындысын пайдалана отырып, мазмұндама жазу оқушылардың сурет мазмұнын түсінуге, шығармада бейнеленген зат не құбылыстарды бейнелі де көркем сөзбен өрнектеуді үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын байытып, шығармашылық қиялына қанат бітіреді.
Суретті пайдалана отырып жазылатын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:
• Белгілі оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама;
• Бір оқиға мазмұнын ашатын сюжетті суреттер арқылы жаздырылатын мазмұндама.
Сурет және сюжетті суреттер бойынша жаздырылатын мазмұндамаларды түрлендіріп өтуге мүмкіндік мол. Атап айтқанда, сюжетті сурет бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі қайырымдар мен сөйлемдердің орындарын ауыстырып беріп, оны суреттің сюжетіне байланысты түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша жүйеге түсіретін түрлері оқушының ойлауы мен қиялын дамытып, шығармашылық қабілетін арттырады.
Сюжетті суреттер арқылы мазмұндама жаздыруда алдын-ала мәтін дайындайды. Сол әңгіме мазмұнына сай бірнеше суреттер әзірлейді.
Әңгіме мазмұнын толық меңгертіп алғаннан соң, балалардан ұсынылып отырған мәтін мазмұнына сай қанша сурет салуға болатыны сұралады. Оқушылар өз нұсқаларын алып, ұсыныстарын дәлелдеуге тырысады. Нәтижеде мәтінді негізгі бөліктерге бөлуге, баяндалған оқиғаның құрамды бөлшектерін тануға, ең бастысы – ондағы идеяны тап басуға дағдыланады. Сюжетті суреттер арқылы мазмұндаманың тағы бір ерекшелігі, біріншіден, сөзден сурет, екіншіден, суреттен сөз тудыру қабілеті қалыптасады.
ІІІ. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама. Оқушының өз бетінше ойлау қызметін белсенді етудің жолы проблемалы ситуация туғызу. Оқушының шығармашылық ойлауын дамытуда дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздырудан гөрі, аяқталмаған мәтін бойынша жұмыс жаздыру анағұрлым тиімді.
Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама жаздырудағы мақсат – оқушыларды өз бетінше сюжет ойлап, әңгімені әрі қарай жалғастыра отырып, сәтті шешім тауып аяқтауға дағдыландыру.
Бұндай жазба жұмысының түрінде мазмұндама мен шығарманың элементтері кездеседі. Бұрын ылғи дайын мәтінмен жұмыс істеп қалыптасқан оқушы алғаш рет өз ойынан әңгіме құрап, өзіндік ой қорытындысын жасайды. Оқушы мазмұндама мәтінін сәтті не сәтсіз аяқтауы мүмкін. Ол басты мұрат емес. Мұғалімнің негізгі мақсаты – баланы ойлантуға ситуация туғызу. Сол арқылы оның өзіндік «менінің» қабілетіне қанат бітіру, қайнар бұлағын ашу. Бала бойындағы «туа біткен тілдік қабілетін» ояту. Мұғалім бұл жұмысты «жеңілден ауырға қарай жүру» принципі негізінде істейді.
Ал әдіскер-ғалым Рахметова С. мазмұндаманы топтай келіп мынадай түрлерін көрсетеді: дайын әңгіме бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, кино, диафильм бойынша мазмұндама.
Ғалымдардың пікірінше мазмұндаманың соңғы түрі балаларға күшті әсерін тигізеді. Кино баланың көру, есту сезімдеріне бірдей әсер етеді. Бұл жөнінде Я.А. Коменский мұғалім үшін «Алтын ереже – бала сезім арқылы қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын т.б. Кейбір нәрсені түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы», - дейді.
Фильмдер бойынша сабақ ұйымдастыруда да балалардың зейінін сол фильмдегі оқиғаға аудару мақсатында кіріспе әңгіме айту қажет немесе мұғалімнің өзі алдын- ала мәтін құрастырып алуы керек. Әуелі кино көрсетіледі де, кейін мәтінмен бірге талданады.
3.Білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру

Бүгінгі таңда республикадағы ауыл мектебіне, соның ішінде шағын комплектілі мектепке тән ерекшеліктер:

оның толық комплектілі және параллель сыныптардың болмауы;

оқушылар санының аздығы;

біріктірілген сынып комплектісінің болуы.

Шағын комплектілі мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлесін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді. Өйткені шағын комплектілі мектеп – қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, Үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталатын қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі.

Шағын комплектілі мектептің проблемалары бүгінде халықаралық мәселеге айналып, көптеген мемелекеттердің социологтарын, психологтарын алаңдатып отыр.

Мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы және дамуы жөніндегі халықаралық ұйымы Батыс Еуропа, Америка, Канада, Австралия, Жапония және басқа да 24 елде шағын комплектілі мектептің; дамуына талдау жасаған. Соның нәтижесінде шағын комплектілі мектеп санының басымдылығы, олардың өзіндік ерекшелігінің барлығы анықталды. Осы мәліметтерге сай Францияда 11 мың мектепте бір мұғалім оқытады, осы мектептердің 95 пайызы 25 оқушыдан кем емес. Жалпы Қазақстандағы мектептің 76 пайызы ауылдық, оның 65 пайызы шағын комплектілі мектеп. Олардың барлығы дерлік қазақ мектептері.

Бүгінде шағын комплектілі мектеп тек білім ошағы емес, руханият ошағы да болып отыр. Сондықтанда осы әлеуметтік мәселенің шешілуі мемелекет тарапынан үлкен қолдау тауып отыр. Соның айғағы Үкіметіміздің тапсырысы “Ауыл мектебі” Мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарламаның жүзеге асуы шағын комплектілі мектеп алдында тұрған нақты проблемаларды, қазіргі жағдайларға нақты баға беруге қажетті тенденциялар мен заңдылықытарды зерттеуге, жалпы білім беретін мектептің бір типі ретіндегі шағын комплектілі мектептің даму перспективаларын, оқу-тәрбие үрдісін және басқаруды жетілдірудің жоспарын анықтауға мүмкіндік туады.

Соның ішінде шағын комплектілі мектепті басқару, жалпы басқару жүйесінің бір бөлігі бола тұрғанымен де, оған ерекше әлеуметтік парыз жүктелген. Өйткені шағын комплектілі мектептің қызметі бүгінгі заманның сұранысын болашақтың талаптарымен ұштастыра отырып, ауыл жағдайында жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған.

Мұның өзі басшылардан кәсіби икемділік пен ұшқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен басқаруда ақпаратты қамтамасыз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру бақылау әрекетінде біліктілікті талап етеді. Бұл талап ең алдымен басқару әрекетіндегі нақты мақсат қоюдан басталады. Басқаруда айқындалған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттерді және оны орындаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Басқару міндеттері төмендегідей төрт топқа бөлінеді:

Бағытына қарай - әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық;

Мазмұнына қарай – оқу-тәрбиелік, әдістемелік;

Басқару деңгейіне қарай – оқушылар, мұғалімдер ұжымы, орынбасарлар, мектеп басқарудағы коллегиялды органдар деңгейлері;

Уақыт, кезеңге қарай – ұзақ, ағымды, жедел, жарты жылдық, тоқсандық, айлық, апталық, күндік міндеттер.

Сондай-ақ, шағын комплектілі мектепті басқару мақсаты мен міндеттері білім берудің ұлттық үлгісінің әр деңгейінің мақсаты мен міндеттерімен ұштасуы қажет және деңгейлер арасындағы байланыс, бірізділік, жүйелілік, сабақтастық сақталуы тиіс.

Шағын комплектілі мектепті басқару әрекетінде мақсат пен міндеттерді жүзеге асруда басқару принциптеріне сүйену керек.

Басқару принциптерібұл әлеуметтік-экономикалық дамудың белгілі салаларын басқаратын органдар ман адамдардың өз жұмысында басшылыққа алып қолданатын негізгі ережелері.С олардың ішінде жетекші принцип – ғылымилық принцип. Шағын комплектілі мектепті басқаруда басшыларға жеке бастың тәжірибесіне ғана сүйеніп басшылық етуге болмайды. Шағын комплектілі мектепте ғылыми басшылық ету, басшылардан саяси есеюді, кәсіби білгірлікті ғана емес, басқару теориясы мен практикасы саласынан жан-жақты терең білімі болуын, педагогикалық-психологиялық ғылым жетістіктерін өзінің күнделікті жұмысында пайдаланып отыруды талап етеді. Осы талаптардың орындалуы нарықтық қатынастар жағдайында мектептің әлеуметтік ортамен, өмірмен байланысын нығайтады.

Шағын комплектілі мектепті – басқаруда демократиялық және коллегиалдық принциптерді қолданудың маңызы зор.

Демократиялық принципшағын комплектілі мектеп жұмысына қалың бұқараны кеңінен тарту, ұжым мүшелеріне дербестік беру. Соның нәтижесінде жеке ерекшеліктердің дамуы жүзеге асып қоймай, жеке бастамалардың түпкілікті мақсатқа жетудің әр түрлі жолдары мен әдістерін дамыту жүзеге асады.

Коллегиалдық принцип негізінде шағын комплектілі мектеп басшылары жеке басшылық жасау құқығымен қатар, өз жұмысын ұжымға, педагогикалық кеңеске, бірлестіктерге, қоғамдық ұйымдарға мектеп кеңесіне сүйене жүргізеді. Сондай жағдайда басшы барлық ұжым мүшелері арасында еңбекті дұрыс бөлуге қам жасайды, ұжымдық шешім жасауды ұйымдастыра біледі, алдағы жұмысты жан-жақты болжайды, талқылауды ұйымдастырады.

Коллегиалдық пен жеке басшылықты ұштастыру өте тиімді, себебі мұндай жағдайда ұжымда еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге кадрлардың ұжым ықпалымен қалыптасуына, тәрбиеленуіне, олардың белсенділігін арттыруға, біржақтылыққа соқтырмауға ықпал етеді.

Жоғарыда аталған принциптермен қатар басқаруда мектептің дамуын жүзеге асыратын, оны бір деңгейден екінші деңгейге өткізетін, жеке тұлғаны дамытуға бағытталған – жоспарлау, мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, оның орындалуын анықтауға бағытталған – бақылау, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігіне бағытталған – оңтайлық;, нақты нәтижеге бағытталған - әділдік, кадрларды іскерлігіне, қабілетіне қарай қою принциптеріне сүйену шағын комплектілі мектепте білім беру сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Шағын комплектілі мектепті басқаруда ең алдымен есекеретін жай, ол әлеуметтік құндылық – адамға бағыттау, яғни ұжымның әр мүшесінің жеке басын сыйлау, құрмет тұту, әрқайсысының жеке ерекшелігіне, тіптен мінез – құлқына сай басқару (бұған шағын комплектілі мектепте мүмкіндік бар, ол ұжым мүшелерінің аздығы). Бұл – басқарудың өте бір маңызды жағы. Қазақ тарихындағы дала кемеңгерлері Қорқыт ата, Ұлық-Түрік, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Бұхар жырау, кешегі өткен Абай, Сұлтанмахмұт, Жамбыл – бәрінің арманы бір идеяға бағытталған, ол: “Адамнан құнды, адамгершіліктен асқан мәңгілік асыл жоқ” деген.

Бүгінде білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыруда басқару тәжірибесінің тиімді жақтарына сүйене отырып, осы армандарды жүзеге асыратын күн туып отыр.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 11597. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия