Студопедия — Билет-13
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет-13






1.Оқу сабақтарында жіберетін оқушылардың қателері,онымен жұмыс жүргізу Мұғалім грамматика мен емледен оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін есепке ала отырып, олардың жақсы мен олқы жақтарын біледі, ол өзінің дәптерінің бірнеше бетін сыныптағы анағұрлым білімі нашар балаларға арнайды. Осы дәптерге үнемі сол балалардың қатесін белгілеп, жазып жүреді. Сөйтіп, мұғалім оқушылардың орфографиялық сауаттылығын қадағалап, кейбір оқушыларға жеке тапсырмалар береді.
Оқушылар жазу жұмыстарында қате жібермеу үшін өздіктерінен жұмыс жасауға тиіс. Осы тұрғыдан олар өздері қате жіберген сөздерін дәптерлеріне жазады, оны жою жолында жұмыс жасайды. Оқушы мұғалімнің басшылығымен сөздерді жазып қоюға ана емес, сонымен қатар өздерінің қателерін жою үшін өздіктерінен жұмыс жасауға да үйренуге тиіс. Біршама уақыт өткеннен кейін мұғалім сыныппен жұмыс жасау кезінде немесе бір оқушыдан сабақ сұрау кезінде керекті сөзді жазғызады, қалай жазылып тұрғанын талдатады. Мұндай жұмыс балалардың белсенділігін арттырады.
Біраз уақыт өткеннен кейін (тоқсан аяғында, жарты жылдың аяғында, оқу жылы аяғында) мұғалім оқушылардың жұмыстарына толық талдау жасайды. Кейбір оқушыларға тән қателерді теріп жазады, осының нәтижесінде әрбір оқушының және бүкіл сыныптың үлгерімі жөнінде тұтас карта жасалады. Мұғалім балалардың қате жіберу мотивін анықтайды: 1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе? 2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған. 3) ережелерді араластырып шатастырады. 4) жазып отырғанның мағынасына (не жазып отырғанның өзіне өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді. 5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды. 6) асығыс, ұқыпсыз орындау салдарынан қатені байқамайды т.с.с. – себептерін анықтағаннан кейін соған сәйкес, қосымша жұмыс ұйымдастырады.
Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама шығармадағы қателер соңынан түзетуледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды.
Жұмыс осы сыныптағы оқушылардың көпшілігіне тән қателерден басталады. Мұғалім өзі (немесе тақтаға шақырылған оқушы) балалардың көбі қате жіберген сөзді немесе сөйлемді тақтаға жазады, оны қалай жазу керектігі, неге олай жазатынымыз анықталады, ережесі еске түсіріледі. Мұндай жалпы сыныпқа тән қателер онша көп болмайды, сондықтан оларды талдауға бір сабақ жеткілікті. Егер уақыт қалса, оқушылар ол сөзге сөйлем құрап дәптерлеріне жазып алады.
Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателерін табады. Оны жұмыстың соңғы жағына теріп көшіреді. Қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.
Балалардың жұмыстарындағы қателерді мұғалім түрлі жолдармен түзетеді: 1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады; 2) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады; 3) қате жазылған әріп немесе сөздің асты сызылады: тұсына ескерту жазылады (керекті әріптің я сөздің дұрысы немесе соны еске түсірерліктей сөз көрсетіледі, немесе тиісті сұрау қойылады, кітаптан тиісті параграф ережесі көрсетіледі т.б.); 4) қате әріптің асты сызылады, ешқандай ескерту берілмейді.
Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану: 1) сыныптың ерекшелігіне байланысты (І- ІІ сыныптарда айқынырақ түзету қолданылады, ІІІ-ІV сыныптарда күрделірек әдістер қолданылған мақұл (3-4 әдістер), 2) оқушылардың дайындық ережесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты ғана сызылып қойылады, ал нашар оқитын оқушының қателерін әр түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.
Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін, дереу алдын ала шаралар қолданады. Оқушыларды қате жазудан сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескеріп, көрсетіп жаздыру, жазылу ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға дағдыландыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін түзетіп болғаннан кейін, әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді (мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында т.б.). Бастауыш сыныптарда әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға қойылады. Ал мазмұндама мен шығарма да тек орфографиялық қателері ғана емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құраудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті жазу жұмысының көлемі де есептеледі.
Оқушылардың жазғандары, айтқандары орфаграфиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс. Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары әдемі, қатесіз болғаны жөн.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1873. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия