Студопедия — Билет-18
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Билет-18






1.Дәстүрден тыс сабақтар. қазіргі заманғы оқытудың және шығармашылық еңбектің басты нышаны – сабақты түрлендіріп өткізу. Әдіскер ұстаз Қ.Бітібаева сабақтың дәстүрден тыс 25 түрін атап көрсетеді: 1. Дәріс сабақ. 2. Семинар сабақ. 3. Пәнаралық байланыста оқытуға негізделген (қос)үштік сабақ. 4. Конференция сабағы. 5. Сот сабақтары. 6. Жәрмеңке сабағы. 7. Пресс-конференция сабағы. 8.Концерт сабағы. 9.Пікірталас сабағы. 10.Айтыс сабақтар. 11.Композициялық сабақ. 12. Әдеби монтаж сабағы. 13.Көзқарас сабағы (урок «Взгляд»). 14.Брифинг сабақтары. 15.Ерлік сабағы. 16.Іздендіру сабағы. 17.Кездесу сабақтары. 18.Практикалық сабақтар. 19. «Ұлылар мінбесі» сабағы. 20.Емтихан, есеп-сынақ сабақтары. 21.Реферат қорғау сабақтары. 22.Пікір қорғау сабақтары. 23.Көкпар сабағы. 24.Жарыс сабағы. 25.Ойын сабақтары

Жоғарыда көрсетілген сабақтар тақырып ерекшелігі мен оның мазмұнына байланысты өткізіледі. Өйткені кез келген тақырып (қос)үштік сабақ, сот сабағын немесе концерт, әдеби монтаж және композициялық сабақтарын өткізуге лайық бола бермейді. Сабақ түрі сынып оқушыларының құрамына да тәуелді. Бұны да ескерген жөн. Оқушылардың білім деңгейі бірінші кезекте ескеріледі. Конференция, пікірталас(пікірсайыс), айтыс сабақтары диагностика жасалғаннан кейін барып өткізіледі. Баланың қабілет қарымы, білім деңгейі, өресі ескерілмей белгілі бір дәстүрден тыс сабақ өткіземін деу – қате қадам. Сабақ түрінің сабақ мақсатына байланыстылығы оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарынан тысқары. Сабақ қандай мақсатта өткізіледі? Жаңа сабақты өту мақсатында немесе өтілген сабақты қорытындылау, қайталау мақсатында өтуі мүмкін. Демек, сабақты типке бөлу қажеттілігі бар. Мектепте оқытылатын барлық пәндер бойынша ұсынатын сабақ типтері жөнінде төмендегідей мәліметтер барын алға тартамыз:

1. Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;

2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;

3. Қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;

4. Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексеру сабақтары;

5. Аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі [2;288].

Енді сабақ типін әдебиет пәніне лайықтап, өзімізше жүйелеп көрелік:

1. Жаңа білім беру сабақтары;

2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары;

3. Қайталау сабақтары;

4. Білімді тексеру сабақтары;

5. Аралас сабақтар.

Осы сабақ типтері бойынша жоғарыда аталған сабақ түрлерін ажырататын болсақ, төмендегідей мағлұмат аламыз:

1. Жаңа білім беру сабақтары(дәріс сабағы, (қос)үштік сабағы);

2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары(практикалық сабақ, семинар сабақ);

3. Қайталау сабақтары(конференция, сот сабағы, концерт, әдеби монтаж және композициялық сабақтар, дебат сабағы т.б.);

4. Білімді тексеру сабақтары(емтихан, есеп-сынақ сабақтары);

5. Аралас сабақтар.

Аталған сабақ типтерінің ішінде аралас сабақ жөнінде қандай түсінігіміз бар? «Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады»[2;290]. Аралас сабақ – жиі қолданылатын сабақ түрі. Оның құрылымы алты элементтен тұрады: ұйымдастыру кезеңі; үй тапсырмасын сұрау; жаңа сабақ материалын түсіндіру; жаңа материалды бекіту; үйге тапсырма беру.

«Сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын орындамайды. Олай болса, мұндай сабақты «тыңдаушылар сабағы» десек, артық болмайды»[2;292].

Бұл – кәдімгі дәстүрлі сабақтың жүйесі. Демек, дәстүрлі сабақ аралас сабақ типіне жатады. Ал дәстүрлі сабақ пен дәстүрден тыс сабақтың бір-бірінен айырмашылығы неде? Дәстүрлі сабақтың ерекшелігі бірнеше элементтен тұратын құрылымының болуында. Бірнеше деп айту себебіміз, дәстүрлі сабақ элементтері немесе кезеңдері жөнінде әр түрлі тұжырым бар.

Мәселен, сабақтың қалыптасқан құрылымына оқушы білімін бағалау да жатқызылып жүр [3;12]. Ал Ә.Қоңыратбаев «4-7-кластарда әдебиетті оқыту методикасы» оқу құралында былай дейді: «Әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5 элементке құрылып жүр(өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны бекіту, қорыту, тапсырма беру), мұның өзі сабақ сайын материалды лекция сияқты өтуге әкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, әдебиетке онша қонымды емес»[4;290]. Байқап отырғанымыздай, бұнда сабақтың ұйымдастырылу кезеңі көрсетілмеген, әрі «жаңа материалды қорыту» бөлек элемент ретінде берілген. Әйтсе де, Ә.Қоңыратбаев «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» оқу құралында сабақ элементтеріне сай келетін жоспар жөнінде «Мектеп тәжірибесінде мынадай бір «оңай жоспар» кездеседі: 1. Ұйымдастыру жұмысы(1 мин.). 2. Өткен сабақты сұрау (10 мин.). 3. Өткен сабақты қорыту(3 мин.). 4. Жаңа сабақты түсіндіру(15 мин.). 5.Бекіту(8 мин.). 6. Қорыту(4 мин.). 7. Тапсырма(3 мин.). Бұл – сабақ элементтеріне сай келеді, бірақ оның мазмұны мен мақсатынан мүлдем аулақ жататын, тек іске емес, уақытқа құрылған «жоспар» - дейді»[5;290]. Сонымен дәстүрлі әдебиет сабағының құрылымы төмендегідей болмақ:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3. Үй тапсырмасын пысықтау немесе қорыту

4. Жаңа сабақты түсіндіру

5. Жаңа сабақты бекіту

6. Жаңа сабақты қорыту

7. Үйге тапсырма беру

8. Оқушыларды бағалау

Егер өткізілетін тақырып бірнеше сабаққа бөлінген болса, онда үй тапсырмасынан соң қорытынды жасалмайды, жай пысықталады. Мысалы, 7-сыныпта М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне 5 сағат берілген. 5 сағат кіріктірілген 5 сабаққа бөлінеді. Әр сабақтың тақырыбы болады. Оқушылар үйде оқылған бөлімдер бойынша пысықтау сұрақтарына жауап береді де, әңгімеден туындайтын келесі тақырыпты меңгеруге кіріседі.

Ал дәстүрден тыс сабақ түрінің құрылымы бола ма? Әрине, бар. «Қалыпты сабақтан дәстүрлі емес сабақтың өзгешелігі, жалпы сабақтың дәстүрлі құрылымы сақталғанымен, оны жүргізу, өткізу түрлері өзгереді» [3;15]. Дегенмен, дәстүрлі сабақ құрылымы дәстүрден тыс сабақ түрлерінде толық сақтала бермейді. Дәріс, (қос)үштік сабақтарында оқушыларды бағалау кезеңі болмайды. Практикалық, семинар сабақтарында жаңа материал өтілмейді. Ал қайталау мен білімді тексеру сабақтарында үйге тапсырма беру және оқушылар білімін бағалау кезеңдері ғана болады. Қайталау сабағы типіне жататын сабақ түрлерінің әрқайсысының арнайы құрылымы, ережесі, тәртібі болады.

Мысалға дебат сабағын алайық. Әдебиет сабағын дебат түрінде өткізу үшін төмендегідей талаптарды есте ұстау қажет:

1. дебат сабағының айқын мақсаты болуы керек;

2. дебат сабағында ойын тәртібін қатал сақтау керек;

3. оқушылар дебат сабағы алдында тақырыпты толық меңгеруі тиіс;

4. дебат сабағының тақырыбы талас туғызатындай болуы керек;

5. оқушылар дебат сабағына толық қатысуы тиіс;

Бұл талаптар орындалмаған жағдайда дебат сабағы өз мәнінде өтпейді. Дәстүрден тыс сабақтың бір түрі ретінде дебат сабағының білімділік мақсаты тақырып бойынша білім толықтыру, дамытушылық мақсаты оқушының ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету болатын болса, тәрбиелік мақсаты адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық көмек беруге ұмтылуға үйрету болып табылады. Міндеті – тақырыпты толық меңгерту, оқушының қызығушылығын туғызу, алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету және сөйлеу мәдениетіне төселдіру. Бұл ретте, сабақ мақсат-міндетінің тақырып ерекшелігіне қарай айқындалатынын атап өтеміз.

Сонымен «сабақ түрлері өтілетін тақырып ерекшелігі, сынып оқушыларының құрамы, жас ерекшелігі, білім дәрежесі, сондай-ақ сабақ мақсатына байланысты»[1;263]. Ал сабақтың ойдағыдай өтуі пән мұғалімінің теориялық білімі мен дайындық деңгейіне, сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра алуына және сол іс-әрекеттің нәтижесін болжай білуіне байланысты дегіміз келеді.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1385. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия