Студопедия — Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері






Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелерден басқа, оларды айқындайтын тұрлаусыз мүшере де болады, олар: т о л ы қ т а у ы ш, а н ы қ т а у ы ш, п ы с ы қ т а у ы ш.

Бастауыш пен баяндауыш сөйлемді тиянақты ететін, оның бас арқауы болса, тұрлаусыз мүшелерде ондай қасиет болмайды, Олар бас мүшелердің басына топтанып, алдымен соларды және бірін‑бірі анықтап, және пысықтап тұрады.

Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен не зат есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.

Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш (атрибут) қызметінде жұмсалады; олар заттың түсі, түр‑тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланыста айтылады. Мысалы, таяқ деген – жалпылауыш зат есім. Оның ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара, имек, қисық тәрізді көптеген сыны болуы мүмкін. Солардың бірі не бірнешеуі бір сөйлемде осы заттың анықтауышы болып, сөйлемде айтайын деген ойымызды айқындай түседі.

Қазақ тілінде анықтауыштардың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып қабыса байланысады, олар фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Мысалы, семіз қой, гүлденген өмір сияқты анықтауыштық тіркестегі сөздер жұбын жазбай қабыса байланысады да, тиісті грамматикалық тұлғалар тек анықталатын зат есімдерге жалғанады.

Анықтауыштар сөйлемде заттың әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар түгел сөйлемге көрік беріп, әсерлі етіп тұрады. Бұйра толқын, асау Терек, алтын күн, жазық дала, жұмсақ жел т.б.

Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді. Сондай құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірлі анықтауыш деп үшке бөлеміз.

Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштардың да мағыналары әр түрлі болады. Оларды мағынасына қарай негізгі екі топқа бөлуге болады: 1) сапалық анықтауыш; 2) меншікті анықтауыш. Сапалық анықтауыштарға сын есім, сан есім, есімдік, есімше, атау тұлғалы зат есімдерден болған анықтауыштар жатады; меншіктік анықтауышқа ілік жалғауында айтылған анықтауыштар жатады. Сапалық анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қ а б ы с а байланысады, меншікті анықтауыштар м а т а с а байланысады. Мысалы: Батысқа қарай…жүйрік поезд жол тартқан. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Сөз төртінші участоктың бастығы Перизат Әлімова жолдасқа берілді. Өсер малда өлім жоқ. Менің қарындасым университетте оқиды. Жарастың бригадасы жұмысқа қызу кірісті.

Күрделі және үйірлі анықтауыштар

Анықтауыштар, басқа сөйлем мүшелері тәрізді, әлденеше сөзден де құралады. Олар өзара берік байланыста тұрған сөз тіркестері болады: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, ши барқыт қамзолды келіншек, өңі сұп‑сұр адам, жасы үлкен кісі.

1‑ топтағы күрделі анықтауыштар (ұзын бойлы, ақ сақалды, ши барқыт қамзолды) және зат есімдер мен туынды сын есімдерден (ши барқыт қамзолды) құралған. Ол анықтауыштардың құрамындағы сөздердің алдыңғылары соңғыларын анықтап барып, сол сөз тіркесі түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтайды. Сондықтан мұндай күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатынастағы сөздерден құралған күрделі анықтауыштар деп қараймыз.

2‑ топтағы анықтауыштар (өңі сұп‑сұр, жасы үлкен) зат есім мен сын есімнен құралған. Бұлар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, екіншісі оның ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға тікелей қатысты болып тұр. Ондай анықтауыштарды предикаттық қатынастағы сөздерден құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз.

Атрибуттық қатынастағы күрделі анықтауыштар анықталатын заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: ұзын бойлы жігіт, ат жақты кісі т.б.

Предикаттық қатынастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа заттардың сапалары арқылы анықтайды: бойы ұзын кісі, малы көп колхоз, сен көрген бала, ұяты бар келіншек т.б.

Күрделі анықтауыштар тобындағы сөздер өзара қабыса және матаса байланысқан әр түрлі сөз таптарынан құралады: ақ орамалды, ұзын бойлы, майда жалды, төрт қырлы, ат жақты, ақ күмістей, семізше келген, қала халқының;.

Үйірлі анықтауыштар тобының құрамындағы сөздердің бірінші сыңары зат есім, жіктік, өздік есімдіктері болады да, олар түбір күйінде не тәуелдік жалғауының көбінесе ІІІ жағында айтылады. Ал олардың екінші сыңары сын есім, есімше және бар, жоқ, көп, аз деген сөздер болады: Бұрышта түсі суық таяқ тұр. Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Талабы жоқ бала білімнен құр қалады. Басы аппақ, денесі керген төстіктей…белгілі Иван келді.

Күрделі және үйірлі анықтауыштар дауыс ырғағы жағынан да бір ритмикалық топ болып келеді. Сөйтіп, үйірлі және күрделі анықтауыштар өзара байланысқан бірнеше сөздерден құралып, сол тұтас күйінде бір сөзді анықтайтын болады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 3640. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия