Студопедия — Шағын мектептегі оқушыға тәрбие үш бағыттан әсер етеді.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шағын мектептегі оқушыға тәрбие үш бағыттан әсер етеді.






Сабақтағы тәрбие жұмысы;

Сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;

Елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі;

Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 3-4 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім баллармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.

Мереке кезінде оның символы мен ұранына конкурс ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектеседі, барлығын балалар өздері жасайды.

Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі, немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер, атқарылған іс-шаралардың маңыздылығы.

Бірінші сыныптағы ақыл-ой тәрбиесінің; маңызды бағыты жүйелі оқуға әзірлеу. Маңызды жағдай балаға сенім арту, оны дамытатын орта жасау. Бірыңғай педагогикалық талап жақсы мінез-құлықты қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесін беру үшін бала өзінің адалдығын, қайырымдылығын, зейінділігін көрсететін жағдайлар жасалады.

Еңбек тәрбиесінің; басты мақсаты еңбек сүйгіштікті, еңбекті, еңбек адамдарын құрметтей білуге тәрбиелеу, мамандық туралы түсінікті қалыптастыру. Ол үшін түрлі әңгімелер өткізіледі. Балалар өздерінің әлі келетін жұмыстарды территорияны, сынып бөлмесін тазалап, ауылды, учаскені көгалдандыруға қатысады, гүлдерді қарайды т.б. Жеміс, жидек және көкөніс өсіруге болады, үйірмеде оқушылар халқымыздың ұлттық өнерін де үйренеді.

Экологиялық тәрбие беру үшін алдымен балаларды экскурсияға апарып, қорғау керек объектілерді көрсетіп түсіндіру. Оқушылар оларды қорғауға атсалысады.

Эстетикалық тәрбиемен де оқушыларды таныстыру керек, ол өнермен тығыз байланысты.

Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс орнату, әр оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтық дәстүрлерге сүйену, табиғатқа жақындық. Ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған болады.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1376. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия