Студопедия — Дәріс.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс.

Арағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Азақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі тарихы: Қазақстан территориясындағы палеолит және

мезолит.

Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Пән: «Қазақстан тарихы»

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама № «___» ___ ____ 2008ж.

 

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

 

  • Тақырыбы: Қазақстанның ежелгі тарихы: Қазақстан территориясындағы палеолит және мезолит.

 

  • Мақсаты: Дәуір еерекшеліктерін сипаттау, оның мақсаты мен мағынасын ұғу. Кейінгі

тарихи оқиғаларға әсерін түсіндіру. Тарихи деректерге шолу жасау.

 

  • Дәріс жоспары:

1.Қазақстандағы тас дәуірі.

2.Ежелгі палеолит.

3.Соңғы палеолит.

4.Мезолит.Оның ерекшелігі.

 

 

  • Дәріс тезистері.

 

Көне тас ғасырының дәуірі-адамзат және оның шаруашылығының қалыптасу кезі өндіргіш күштердің төмен деңгейінде болуымен сипатталады. Арнайы шаруашылық табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен ғана шектелген. Адамдардың өзара қарым-қатынасы, мүшелерінің экономикалық теңдестігіне, еңбек-бейнеті жынысы мен жасына қарай, табиғи түрде бөлісуге негізделеді және өзінің сипаты жағынан ұжымдық қатынастар болады.

Қазақстан жерінде палеолиттің зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дәуірі адамдарының

материалдық мәдениетінің дамуының ұдайы жүріп отырғанына көз жеткізеді.

Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін толық зерттелмеген, әдебиетте мезолиттің әртүрлі хронологиялық шеңберлері кездеседі. Қазақстан өңірі үшін ең қолайлысы б.э.д.10-7 мыңжылдықтар. Палеолиттен мезолитке көшу адамзатты қоршаған ортадағы өзгерістермен байланысты. Табиғаттың өзгеруі, тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, жаңа әдістерді, еңбек құралдарын іздестіру қажеттігін туғызды. Мезолит дәуірінде садақ пен жебе пайда болды. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық кәсіптер қалыптасты. Қазақстан өңірінде осы кезге дейін 20 шақты мезолиттік тұрақтар қалыптасты. Олардың ішінде Қызылжар қаласына жақын Есіл бойында Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар маңында

Тельман-7, Қарағанды маңында Әкімбек, Қарағанды-15 тұрақтарының тарихи маңызы.

Отандық тарих, қазіргі қазақ тарихы ғылымының жетістіктері мен ең жаңа тұжырымдарды есепке ала отырып көне заманнан қазіргі кезеңге дейін өтіледі.

Курсты ең жоғарғы деңгейде оқу, тарихтың түрлі кезеңдеріндегі оқиғалардағы қазақтардың көшпенділердің ролін біліп, түсінуге көмектеседі және олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін байқау.

Пәннің негізгі мақсат – мүддесі өткен мен қазірдегі оқиғалардың мәнін түсініп, ғылыми түрде бағалай білуге, ғылыми әдебиетпен жұмыс істей білуге, өз ойларын сауатты түрде жеткізе алуға, өз пікірін нақты негіздеуге, жарыссөзге үйретуге бағытталады.

Қазақстан тарихын дәуірлеу танымның барлық кезеңдерінде ең алдымен интеллектуалды, гносеологиялық, яғни оқиғаның логикасын бейнелеу қызметін атқарады.

Дәуірлеу міндеті тарихи материалды белгілі заңдылықтар бойынша топтпау. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлгенде формациялық принцип көп укладты, яғни қазақ халқының идеологиясы мен менталитетін есепке алмайтынын ескеру қажет.

Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Тарихтың көмегімен біз уақыт пен кеңістік ішінде серуен құрамыз. Өйткені ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе ғана болып табылмайды, сондай-ақ әркімнің есінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды. Адамдардың түсініктері – білімдердің ауысуына байланысты, қандай да біо қоғамдағы тарихтың атқаратын мідеттерінің өзгерісіне сәйкес, идеологияға байланысты өзгеріп отырады. Әлі күнге дейін тарих ғылымы қазақ қоғамының мәселелерінің көптеген тарихи аспектілерін көшпелілердін әлеуметтік-мәдени өмірінің дамымағандығы туралы дұрыс емес, априорлық көзқарас тұрғысынан қарастырады. Европада XIX ғасырдан бастап Дүниежүзілік тарихты Батыстың тарихы ретінде қарастырды және тарихи кезеңді Ежелгі Греция кезеңінен бастап санайды, ал «басқаның» бәрін нақты тарих шеңберінен тысқарыға жатқызады. ХХғ. 20ж. бастап Қазақстан тарихы маркстік таптық теорияға сәйкес мәскеулік түйіндеме тұрғысынан баяндалды.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан тарихын белсенді түрде отарсыздандыру үрдісі жүріп жатыр, алайда өкінішке орай, өзгерістер көбінесе отаршылдар ұстанған сол баяғы әдістер арқылы жүруде, яғни тарих тура 180-қа аударылып түсіп диаметрлік қарама-қарсы түрде пайымдалуда. Осының ықпалымен трайбалистік немесе этноцентристік сипаттағы біршама шығармалар да пайда болып жатыр.

Екі жағдайда да біздің тарихымызгипотезалық күйде қалып отыр. Оның негізгі себебі қазақ халқының тарихын терең білмеушілік,оның ғылыми зерттелмеуінде, немесе Еуразияның ежелгі және ортағасырлардағы көшпелі қоғамдарының тарихи-мәдени мәселелерінің әлсіз зерттелуінде болып отыр. Жалпы алғанда, білімсіздіктің деңгейі тарих ғылымының әлсіз дамуына әкеледі.

Тарих – тек өткен шақ туралы білімдердің қосындысы ғана емес, сондай-ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі өзінің жағдайын айқынырақ сезінуге, өзінің азаматтық ой тұрғысын және болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға өзінің қатынасын нақты анықтауға, олардың мәні мен бағытын терең ашып, түсінуге мүмкіндік беретін үнемі тарихи ойлау. Тарих, сөзсіз, ұлттық мақтаныш пен патриотизмге тәрбиелейді, саналы, белсенді азамат болу ұшін аздап болсын тарихшы болу қажет.

Тарихтың шұғыл бұрылыстарында өткен шақ жандана түседі және оны біз бүгінгі күннің күрделі мәселелерін шешудің белгілі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткен шаққа жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануыда қалыпты, табиғи жағдайға айналады.

Қазір ТМД елдерінде жазылып жатқан тарих, егеменді республикалардың халықтарының өзіндік тарихи бейнесін және дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтай отыра, даңқын шығаруға бағытталған. Менің білуімше, бұл тұрғыда жас мемлекеттерде айырмашылық жоқ. Бұл жағдайдағы тарихтың ролі дәрігердің миссиясын еске түсіреді. Жүрегінің түкпірінде әрбір халық, осы дәрігердің білікті маман болуын қалайды, ал сауатсыз дүмше-балгер емдеп жатқан халық қайғыға ұшырайды. Жақсы тарихшы ел руханиятына қажетті нәрді тарихтан тауып береді. Ол үшін өзгені жамандап, өзіңді асырудың да қажеті жоқ.

Жер шарында тарихсыз халықтар жоқ. Адамдар өмір сүрген жерде тарих бар. Өткенді білсең, осы заманды игеру оңайырақ, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл.

Біздің бүгінгі әлемде әрбір халықтың тарихи өткен шағы саяси тартыстардағы су айрығы іспетті, халықтардың, мәдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалған жағдайда соған жүгінеді. Өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кете алады. Тарихты қисық түсіндіріп, мүлдем оған деген сенімсіздікті оятуға болады. Біз бүгін осындай таңдау алдында тұрмыз.

Тарихтың негізгі пәні адамның,елдің рухы болу керек. Трахты оқытудың мақсаты тек тарихи оқиғалармен, фактілермен таныстыру ғана емес, сондай-ақ адамның рухын тарбиелеу болып табылады. Самарқау баяндалған, түрлі ойдан шығарылған қағидаларға толы, оқиғаларға жабысып қалған және іргетастық теоря, жүйесі мен құрылымы жоқ тарих таяздыққа тәрбиелейді. Тарих адамзат өмірін саралап, түрлі құбылыстарға тереңірек сұғынып, эмпиризмнен бас тартуы қажет.

Қазақстан тарихының методологиясы, негізі деректері және тарижнамасы.

Методология – зерттеу әдістерінің жиынтығы, теориялар мен жұмыс тәсілдерінен тұратын жүйе. Методология таным мәселесі мен принциптер құрылымын ашып беруі тиіс.

Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оған археологиялық-этнографиялық, жазбаша және ауызша материалдар кіреді.Әр түрлі және бай дерек көздері ежелгі заманнан бүгінге дейін тарихтың бүкіл қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер үшін басты кедергі деректердің жоқтығы емес, олардың әрі мәтіндік,әрі типологиялық аспектілерге байланысты зерттелуі болып отыр. Бізде кең көлемдегі деректанушылық ізденістер мүлдем жоқ. Әсіресе, бұл далалық тарихнамаға қатысты. Қазақстанның обьективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың маңызы төтенше маңызды, өйткені ХХғ. бірінші жартысының аяғына дейін жазбаша әдебиет көшпелілер қоғамында қандай да бір елеулі рөл атқарған жоқ. Ауызша дәстүрде сонау көне заманнан бергі қазақ тарихының барлық маңызды оқиғалары көрініс тапқан.

Археология мен этнография Қазақстан тарихын зерттеуді кеңейте әрі тереңдетеді және көне, ежелгі және ортағасырлық тарихты зерттеудің негізі болып табылады.

Ежелгі және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және түрік тілдеріндегі жазбаша-кітаби деректер бар.

Көне жазбаша деректер Ахеменидтер заманында пайда болды(б.з.д. 1м.ж. ортасы). Онда сақ этномәдени қауымдастығына кіретін, Қазақстанның көшпелі тайпалары туралы айтылады. Б..з.д. II м.ж. – арийлік көне кезеңдердегі оқиғалар туралы мәліметтер парсы тілінде жазылған зороастризм кітабы «Аестада» бар.

Ежелгі түркі жазба деректері ежелгі түрік көшпелілердің әлеміндегі этникалық, әлеуметтік және мәдени құдылыстар туралы неғұрлым анық түсініктер береді. Олар б.з.д. Iм.ж. басында Орталық Азияда пайда болды. Олардың қатарына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Күл-шора, т.б. қағандардың рухына арналған ескерткіштер жатады.

Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша мәліметтер көптеген араб, парсы, түркі әдебиеттерінде бар. Саяхатшылардың түрлі мәліметтерге толы жазбалары, саяси трактаттардан бастап көркем әдебиет пен ғылыми зерттеулерге дейін сол әдебиетте бар. Ортағасырлық түркі жылнамалары тамаша бейнелі және көркем тілмен жазылған. Мәтін үздік ақындық образдар мен метафораларға толы. Мәліметтердің берілуі еш жерде өз нақтылығын жоғалтпайды, тіпті кейде ұсақ-түйекке дейін көңіл бөлінген.

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша жазба деректердің басым көбі Ресей мұрағаттарында жатыр. Осы құжаттардың тек аздаған бөлігі ғана жарияланған. Өкінішке орай, оларды жүйелеген кезде құрастырушылар әлеуметтік-көпшілік тақырыптарды бетке ұстаған. Мәселен орыс-қазақ қарым-қатынастары, әлеуметтік қайшылықтар. Дерекнамалық зерттеулердің болмауы тарихшыларды қиын жағдайға қояды, оларды толыққанды жұмыс жасау мүмкіндігінен айырады. Ауызша далалық тарихнамаға сыңар жақты қарау, тарихшылар арасында қазақ тілінің беделінің төмендігі жуық арада қазақтың толыққанды тарихын жасау мүмкіндігіне күмандануға мәжбүр етеді.

Ұлттық тарих ғылымының және тарихи ойланудың дамуын бағалауда, шежіренің жазбаша нұсқаларына байланысты тарихи кезеңдерді ерекше мұқияттылықпен қарау аса маңызды. Бұл дәстүр Геродот пен Сыма-Цянь, Рашид-ад-дин мен Әбілғазы кітаптарынан бастау алады. Сол сияқты ХХғ.басындағы қазақ тарихшылардың санасында қазақ халқының тарихы фольклорлық-мифологиялық формада сіңіп қалды. Дәстүршілер көшпелі халықтың түсініктерімен, аңыздарымен өмір сүрді, олар еріксіз сол шақты солар арқылы түсінді. Осы бір әлеуметтік-психологиялық феномен ұлттық тарихнаманың қалыптаса бастауы кезінде көптеген халықтардан байқалатын заңды құбылыс болды. ХХғ. 20-30ж. қазақ тарихшыларының еңбектері фольклоризмнің күшті ықпалымен пайда болды.

Қазақстан тарихын ғылыми зерттеу ісі ресейлік тарихшылардың қызметімен байланысты. Революцияға дейінгі кезеңде П.И.Рычков, А.И.Левшин, В.В,Радлов, В.В.Бартольд, Н.А.Аристов және т.б. зерттешілер қомақты еңбектер жазды.Өкінішке орай, XVIII-XIXғ.Қазақстан тарихы бойынша монографиялық зерттеушілер аз жазылды. Біздің ойымызша, орыс тарихнамасы негізінен күнделік, жол жазбалары, статистикалық есеп, т.б. тұрады.

Кеңестік тарихнамада тарихты материалистік тұрғыдан қабылдау және туралы маркстік-лениндік қағидаларды ұсынды. Ол тарихшыларан партиялылық принципті қатаң сақтауды талап етті. Коммунистік партия Кеңес қоғамы тарихының әрбір сатысында тарих ғылымының міндеттерін, өз көзқарасын маркстік-лениндік қағидалармен және социализмді құру қажеттігімен түсіндіретін, жолын анықтап беретін. Бүгінгі күнде тарихибілім орасан зор қоғамдық сипат ала бастады.ХХғ. 90жж. бастап Қазақстан тарихы бойынша орасан көп жаңа оқулықтар мен оқу құралдарның пайда болуымен белгілі.Тарихқа жүгіну рухани шығармашылықтың барлық салалары мен бағыттарына тән.Бұл заңды құбылыс.Рухани жаңғырудың іргетасы тарихи білім.

 

  • Иллюстративті құрал: Археологиялық карта.

 

  • Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
  • Негізгі

 

1.Абилев А.К., Евдокимов В.В. “Казахстан в древности”, Караганды 1991.

2.Учебное пособие по истории Казахстана А.1992

3.Аманжол Күзембайұлы. “История дореволюционного Казахстана”, А.1992.

4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.Төрт томдық, І том. А.1992.

5.Қазақстан тарихы.Очерк: А.1993.

6.Кляшторный С.Г.,Султанов Г.И. “Kaзахстан, летопись трех тысячилетий”,А.1992.

 

 

  • Бақылау сұрақтары.

1.Тас дәуірі тұсындағы Қазақстанның ерекшелігі неде?

 

2.Тас дәуіріндегі археологиянық ескерткіштер?

 

3.Қазақстандағы мезолит тұрақтары?

 

4.Тас дәуіріндегі адамдардың әлеуметтік ұйымы.

 

5.Тас дәуірінің шаруашылығы.

 

6.Тас дәуіріндегі дүниені түсіну қалай қалыптасты?




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Уравнение Михаэлиса-Ментена | Этапы становления и развития государства Киевская Русь.

Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 661. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия