Студопедия — Сақтардың шаруашылығы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сақтардың шаруашылығы.






Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:

1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.

2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.

3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік басым болды.

Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді. Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді.

Сақтардың ұйымдық сипаты және әлеуметтік құрылымы. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таласарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады.

Патшалар жауынгелер тобынан шықты.

Сақтар б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы патшасы Кирдің әскерін женген (б.з.б. 530 ж.).

Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:

1) жауынгерлер (қызыл) 2) абыздар (ақ) 3) басқа қауым адамдары (сары, көк)







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 654. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия