Студопедия — Көтеріліс ошақтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көтеріліс ошақтары






Торғай облысы Ырғыз, Елек уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы Орал облысының Орал, Калмыков уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, байбақты рулары көп топтасты. 1869 жылғы наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі формаға ие болып, ұйымдасқан сипат алды. Тіпті комиссия мүшелерімен келіссөз жүргізілді. Олар тұрақты жасақ құрып, алдыңғы шепке күзет қойды, ұсақ топқа бөлініп, үздіксіз шабуыл жасады. Өз іштерінен хан, әмір сайлап, дербес билік жүйесін құрды.

Халық арасында беделді азаматтар мен ақсақалдар бас қосып, «Уақытша Ережеге» байланысты кеңес өткізді. Торғай облысы Елек уезіндегі Қобда бойында Белқопа деген жерде Мұңайтпас Бөтенбеков деген бидің ауылына 500-дей ру ақсақалдары жиналады.

Наурыздың соңы мен сәуірдің басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің зиянды жақтарын түсіндіреді.

Елек, Қобда бойындағы көтеріліс ошағында 6 мың отбасы қарсылық көрсетті. Көтерілісшілерге бұрын сұлтан-басқарушының көмекшісі болған Ханғали Арыстанұлы басшылық етті. Олар Ырғыз уезінде Орал-Ор пошта бекеттерін тонады.

Шекті руы қазақтары «комиссияны қабылдамаймыз, одан Хиуаға кеткеніміз артық» деп мәлімдейді. Бір бөлігі Сырдария облысына қарай қоныс аударуға бел буады. Патша үкіметі дистанциядағыларды жазалауға әскери жасақ шығаруға шешім қабылдайды. Ембі постына шыққан Новокрещенов жасағына 18 наурызда Бестамақ деген жерде 700 адам шабуыл жасайды. Жеңілген қазақтар жаппай Жем бағытына қоныс аударды.

Орал мен Торғай облысында комиссиялар өз міндеттерін орындай алмады. «Уақытша Ереже», негізінен, қыстаулары мен жайлаулары шеп аудандарының ішінде қалған, казак әскерлерінің іргесіне орналасқан, көші-қон жөнінен оларға түгелдей тәуелді қазақтарға ғана енгізілді. Бірақ бұл Кіші жүздегі үй санының ⅓ бөлігінен де аз еді.

1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Құрайлы, Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың көтерілісін Сейіл Туркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. Ең маңызды жерлерге салт атты шолғыншылар қойылды.

Қазақ арасындағы күрестің қайсысын болсын, әдетте, барымтаға әкеліп саятын патша әкімшілігінің өзі де бұл жолғы күрестің саяси мәні бар екенін мойындауға мәжбүр болды. Орынбор генерал-губернаторы Н. Крыжановский үкіметке ресми түрде хабар берді. 27 наурызда соғыс министрі Милютин оған патшаның көтерілісшілерге қарсы шараларды құптағанын, Бас штаб тарапынан барлық шаралар қолданылатындығын жазады. Көтерілісті қарулы күшпен басып-жаншу үшін өкімет орындары үш айдай дайындалды.

Маңғыстау көтерілісі. Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережеге” (“Далалық облыстарды бас-қару жөніндегі Ереже”) сай туындады. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 67 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлш. 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетов, Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы полк. Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869 — 70) бір-ақ жинамақшы болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда Б.Маяевтың жол көрсетуімен төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілерге “ұсақ” құдығы маңында Бозащы тобы қосылды. Рукин отряды біржола талқандалып, Б.Маяев өлтірілді, Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді. Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғышлаққа реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу территорияларының барлығын орыс әскерлері бөліп алды, олар бүл үшін «зерттеу жүргіземіз» деген сылтау айтты.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.

Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады.

Көтеріліс ауқымы. Көтеріліс бүкіл түбекті қамтып, көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. 1870 жылы 5 сәуірде көтерілісшілер Александровск форты мен Николаевск станицасына шабуыл жасады. Шабуылшылар теңіз бағдарларын өртеді, саудагерлердің үйлерін, дүние-мүлкін, гарнизон қорлары сақталған Нижнее бекінісін талқандады. Алайда зеңбіректерден жауған оқ көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті. Көтерілісті басып-жаншу Кавказ уәкіл-әкіміне жүктелді. Мамыр айының соңында Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкінің батальоны, екі атқыштар ротасы, желілік батальонның екі ротасы, Дағыстан полкінің 4 ротасы, 4 зеңбірекпен қаруланған Терек казактарының екі жүздігі жеткізілді. Көтерілісшілер “ұсақ” құдығында, Үшауыз шығанағында, Александровск фортында жазалаушыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, күшті қаруланған тұрақты әскер бөлімдерінен жеңіліс тапты. Көтерілісшілер үстірттен солт-ке қарай ығысып, көше бастады. Бірақ Орынбордан шыққан жазалаушы отрядпен (Н.А. Крыжановский мен гененерал-майор Биязнов бастаған) қақтығыста көп шығынға ұшырап, қайта шегінуге мәжбүр болды. Патша әскерлері Маңғыстауда үш ай болып, көтерілісшілерді қатал жазалап, қудалай бастады. Көтеріліс басшылары М.Тіленбаев, Тәжіұлы, Құлов патша жендеттерінің қудалауынан қауіптеніп, 1870 жылы желтоқсанда өз жақтастарымен бірге Хиуа хандығына өтіп кетті. Сөйтіп, жазалаушылар халықты “Уақытша Ережеге” күшпен көндірді.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1587. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия