Студопедия — Азақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.






Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.

Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тау­ашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Ша­ғын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс.

Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады. Жаңа жоспар жеті бағыттан тұрады.

1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті қолдау

3. Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат

7. Жаңа қазақстандық патриотизм

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - бұл табыстылық, инвестиция қайтарымы және бәсекеге қабілеттілік принциптеріндегі жалпыны қамтитын экономикалық прагматизм. Бюджеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндіктер шегінде ғана жұмсау және тапшылыққа, минимумға дейін қысқарту. Мемлекет салған қаржы табыс әкелуі тиіс. Бізге қорды еселей отырып, олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Мемлекет басшысы – экономика мәселесінде мемлекет тұтас бір корпорация секілді қимылдауы тиіс екенін баса айтты. Ең бастысы, мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымы, пайдасы болуы тиіс. Екінші міндетке –кәсіпкерлікті қолдау. Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші. «Бізге, кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ, біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек».

Үшінші: әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік. Мемлекет азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс,көмекке мұқтаж адамдарға ғана берілуі керек. Ана мен баланы қолдау жүйесін әлі де жетілдіру,денсаулық саласында бірыңғай медициналық қызмет сапасы стандартын енгізу,біздің медицинаның кадрлық, техникалық мүмкіндігін жақсарту.Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыз жандар мен науқас балаларға және тағы да басқа атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алады, деді Президент осы Жолдауында.

«Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға, деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап, қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу, деген болмауы керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс».Жаңа стратегияның бұл тармағында ұлт саулығына да көп мән берілген. Яғни, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың міндеті молайып отыр. Төртінші бағыт – білім мен машық. Қазақстан жұрты жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс. Бұл ретте жастар, дәл осы мәселенің қозғаушы күшіне айналуы керек. Бесінші міндет – мемлекетті нығайтып, Қазақстанның өз демократиясын дамыту. Алтыншы міндет –сыртқы саясат. Жетінші маңыз -қазақсандық патриотизм.«2050 жылға қарай, біз Қазақстанның кез-келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».

Татулық, бірлік, ынтымақ. Біздің елдің ең басты құндылығына айналған татулыққа сызат түспеуі керек, деді Президент. Әрине, бұл ретте елге ұйытқы болып отырған қазаққа артылған жауапкершілік зор.

Бұл Жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Бұл Жолдаудың жүзеге асуына ат салысу әрбір қазақстандықтың міндеті. Болашағымыз айқын, жүзіміз жарқын болу үшін бүгіннен бастап еңбек етіп, Жолдауды жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз демекпін.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 802. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия