Студопедия — Сатымбаева Ұрхия Қалтайқызы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сатымбаева Ұрхия Қалтайқызы






3. Дәулетбекова Гүлжан Тоғанқызы. Мектебіміздің оқу тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары.

1 жүргізуші:Елбасы өз сөзінде:«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

«Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді» деген болатын.

2 жүргізуші: «Біз бірлік пен татулық құндылықтарын қоғамның іргетасына, қазақстандық ерекше толеранттылықтың негізіне айналдырдық.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.»

1 жүргізуші:Қазіргі жастарға патриотизм тән бе? «Қазақстандық патриотизм» сөзіне тоқталсақ:

Оқушы(Әсел): Қазақстандық патриотизм - ұлттық табысының маңызды құрамы болып келеді. «Патриотизм» - (грек тілінен patriotes – отандас patrio – Отан, туған жер.) Бұл өз отаның мен

жеріңе деген сүйіспеншілік, оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әркімнің өз күш - жігеріне деген сенімі мен барша қоғамның топтасуы.Бұл бүгін тұрғызылып жатқан өз елінің тарихына қатыстылықтың және оның болашағы үшін жауаптылықтың жоғары сезімі.

Оқушы(Наурызбай): Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты бағыты
ХХІ ғасыр жаһандану ғасыры. Осы дүниежүзілік үрдісте кей елдің мәдениеті басқа елге үстем болуда. Әр ел бұл үрдіске өз бетінше қам - қарекет жасау үстінде. Мысалы, Жапон елі өз мәдениетін, салт - дәстүрін, ділі мен дінін жоғары деңгейге көтеріп, мемлекеттік дәрежеде қорғауда. Бізде Қазақ елінің жаһандану үрдісіне сіңіп кетпей, өркендеп, өсуі үшін өзіміздің мәдениетіміз, тарихымыз, салт - дәстүріміз, діліміз бен дінімізді қорғап, оларды өркендету үшін күресуіміз керек. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек
.

Оқушы(Аймира): Әрине, қазіргі жастарға патриотизм тән. Себебі, көріп отырғанымыздай «Дипломмен - ауылға», «Жас Отан - жастар қанаты», «Студенттік құрылыс жастары» бағдарламаларда жастар үлесі көп. Олардың елін, жерін сүйген патриоттық сезімін осыдан аңғаруға болады. Сонымен, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт - дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс. Отан – от басынан басталады десек, туған қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білудің мәні зор. Азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.

2 жүргізуші: Қонақтардың сөзін тыңдасақ:

1 жүргізуші: Патриотизмді әсіресе, жастардың арасында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру керек. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

2 жүргізуші: Патриотизммен тығыз байланысты маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл жөргектен бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

1 жүргізуші: Қазақ тілін білмейтіндер ел патриоты бола ала ма?

Оқушы(Дамира): Мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы: «Елбасының биылғы Жолдауында қазақ хал­қының көптен күткен ойы айтылды. Ба­ба­ларымыз тірі болу үшін күрессе, біз ірі болу үшін күресеміз. Ұлт ірі болуы үшін әрбір қазақ ірі болу керек. Ірі болу – өзіңді-өзің тану, өзіңді-өзің мойындау, жұртқа мо­йын­дату. Әр қазақ өзінің Алаштың ұрпағы екен­дігін мойындауы һәм терең сезінуі керек. Бүгінгі күні жетіп жатқан жетіс­тіктерімізбен бірге жүрегімізді ауыртатын, қынжылтатын нәрсе – әлі де болса кейбір қандаста­ры­мыздың қазақ тілін мойындамауы. Кез келген патриотизмнің басында тіл тұрады. Қазақ қана өзінің тілін «ана тілім» деп атайды... Дана халқымыз: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның қарызын өтей алмайсың» дейді. Яғни кез келген перзент анасының алдында борыштар.

Оқушы(Айханум): Сондықтан ана тілімізді құрметтеп, оның дамуына атсалысуымыз керек. «Тілдер туралы» заң қабылданған 23 жыл ішінде өзінің санасын оятып, кім еке­нін әлі де тани

алмаған әрі ұлтын мо­йындай қоймаған азаматтардың көзін ашып, өмірге деген немқұрайлығын өз­гер­тудің жолын ойлап табуымыз керек. Бұған дейінгі мақ­та­нышымыз ешқандай мақтанышқа жат­пайды. Керемет көлік мініп, жақсы киінген­мен адамның рухы биік, ұлттық ұстанымы жоғары болмаса қиын. Рух тілмен оянады. Елбасының 2006 жылы да мемлекеттік тілге қатысты айтқан «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн» деген сөзді биылғы Жолдауын­да тағы да қайталады. Соны ұғынып, енді қай­талатпай іске асыру керек» деген болатын.

Оқушы(Ақтілек): Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты осы тіл жайында «Ата-ба­ба­ларымыздың бұрыннан көксеген бір­тұ­тастық жайын айтар болсақ, онда тілдің, діннің тұтастығы мен жердің, ұлттың тұтас­тығының негізінде Қазақ елі көкке сам­ғайды. Оның ішінде айтылып отырған бас­ты мәселе – тәуелсіз сана қалыптас­ты­ратын ұрпақ тәрбиелеу. Алаш жұртынан бастап, барша ата-бабаларымыздың арма­ны не еді? Осыны ұғынып алған абзал.Әр халықтың бақыт шекарасын айқын­дайтын өлшемдер бар десек, оның ең бі­ріншісі – тілі, екіншісі – асыл діні, үшін­шісі – ащысы мен тұщысы араласқан тарихы. Міне, осы кезеңнің бәрінен өттік. Президенттің өзі: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз үш тілдің бірі емес, бірегейі» деген еді. Міне, біздің ұлт болып ұйысуымыздың тілі – қазақ тілі. Ол – бірлік тілі. Ағылшын тілі – дамудың, әлемдік тех­нологияларды игерудің тілі. Орыс тіліне ешкім қысым жасай алмайды.

2 жүргізуші: Осы сұраққа жауапты қонақтарымыздан білсек.

1 жүргізуші:Қазақ мақалдары «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға насихаттаса,

2 жүргізуші:Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» өлеңінде еліміздің рәміздерін құрметтеуге үндейді. Себебі, әр нышанның өзіндік қасиеті жас өскелең ұрпақты елін сүюге, оның қасиеттерін ұлықтауға, тарихының маңызын білуге шақырады.

Оқушы(Мадияр): Мәселен, елтаңба. Көгідір түсті бояудың үстіне салынған шаңырақ бейнесінен жан жаққа күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Осы шаңырақтың белгісі біздің Отанымызда тыныштыққа өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Еліміздің елтаңбасының маңызды бір бөлігі қанатты тұлпар – бұл ата-бабамыздың көшпенді халық болғанын білдіреді. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – жол сілтейтін жарық жұлдыз белгісі. Масақтың бейнесі –Отанымыздың байлығы іспеттес.

Оқушы(Сералы): Ал, туымыз – тіктөртбұрышты көгілдір түсті мата. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді. Тудың дәл ортасындағы сәулесін шашқан күн – тыныштық пен байлықтың, берекенің нышаны болып саналады. Астындағы қыран

бүркіт қырағылықты, еркіндікті, бостандықты білдіреді.

1 жүргізуші:Құрметті қонақтар бүгінгі жастардың осы мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметі қандай деп ойлайсыздар?

1 жүргізуші:Елбасы осы Жолдауда: «Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты»,-деп атап көрсетті. Спорт және патриоттық рух жайында кім қалай түсінеді және қандай байланыс бар?

Оқушы(Мақсат): «Тәуелсіз Қазақстанның қуатты ел екенін мойындап жатқандардың саны күн сайын артып келеді. Оған дәлел Лондон олимпиадасы. Спортшылардың жетістігі – нағыз еңек сүйгіштіктің белгісі. Бұл жеңістер мыңдаған жас жеткіншектердің патриоттық рухын оятады. Лондон төрінде еліміздің әнұраны шырқалып, туы көкке желіреді. Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. Мен біздің спортшыларымыздың үлгі-өнегесі стадиондарға жүздеген болашақ чемпиондарды алып келетініне сенімдімін. Жастарымыз салауатты өмір салтымен өмір сүруге бет бұрып, осы чемпиондардан үлгі алуы тиіс».
Оқушы(Әнел Балтабек.): Президент өз жолдауында «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Биыл Лондон Олимпиадасында біздің спортшыларымыз 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алды.Біздің команда көпұлтты Қазақстанның, көптеген этностардың берік және ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түсті.

Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ. Үкіметке әлемдік озық тәжірибені есепке ала отырып, Бұқаралық спорт пен жоғары жетістікке жеткізетін спортты дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.» деген болатын.

2 жүргізуші:Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

1 жүргізуші:Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден

оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.

Оқушы(Ақерке): Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал - мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:
“Туған жерге туың тік”.
“Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне”.
“Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас” (1) т.б. болып кете береді. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады. Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационал-

дық тәрбиемен алмастырды.

Оқушы(Жәнібек): Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.
Осыған орай қазақтың би-шешендерінің сөздеріне жүгінейік.
Төле Би:
“Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол”.
Оқушы(Санжар): Майқы Би:
“Бірлік түбі береке,
Береке түбі мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ойлаңдар”
.
Оқушы(Асқар): Қазыбек Би:
“Алтын ұяң-атаң қымбат,
Құт берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың-әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат”.

Оқушы(Қанат): Әйтеке Би:
“Екі адам керіссе, оның арты қызыл шоқ,
Біз үш жүз керіспейік, келісейік”. Би-шешендердің сөздері де қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізіне жатады.

2 жүргізуші:Ұлттық тәрбие жөнінде ойларыңызды білсек.
1 жүргізуші: Міне, аталған міндеттерді отбасы, мектеп, оның ішінде жастар бірлесіп жүзеге асыруы тиіс. Себебі, жоғарыда айтқандай, егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.

2 жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің қорытындысы ретінде ақындарымыздың өлең жолдарымен аяқтасақ.

Оқушы(Исламбек):Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шаханов. “Төрт ана” “Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала, Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы айбыны, Туған тілі сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы тірегі, Қадымына шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, еске алуға қаншама Ауыр әрі қасіретті, болса да, Төрт анаға өңін жалғай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған. Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы. Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы. Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. Себебі Қазақстанда түрып жатқан халықтар ежелден осы өлкені мекендеген. Олардың тарихы, салт-дәстүрі, мекен-жайы, ана тілі барОқушы(Айжан)«Қазақстан» Оқушылар ән (Нұрмұханбет, Ерсайын):«Көк тудың желбірегені»

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар! Біз бүгін жаңа оқу жылының алғашқы күнінде «Патриотизм» сөзіне мағлұмат алдық. Келешекте қазақ елінің патриоты болайық!

 

 

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 828. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия