Студопедия — Астана 2012
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Астана 2012






СИЛЛАБУС

 

__________ ЖБП МК _______________

(модульдің шифрі және атауы)

 

KT - «Қазақстан тарихы» пәні бойынша

(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)

 

Тарихшы емес 1-курс мамандығының(тарының)

(мамандық/мамандыру шифрі және атауы) студенттеріне арналған

 

 

Астана 2012

 

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУСЫ)

1. Дәріс оқушы: Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары:

А.Ибраева, К.Сейтказина, О.Бекмаганбетов.

Телефон: 49-27-72

2. Қазақстан тарихы. Код: КТ. Кредит саны – 3.

3. Өткізу орны және уақыты:1, 2 семестр, сабақ кестесі бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизиттері:Археология, Этнология, Философия, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Алғашқы қоғам тарихы, Ежелгі дүние тарихы, Қазақстанның ежелгі тарихы, Ортағасырлар тарихы, Қазақстанның ортағасырлар тарихы, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер:Жоғары оқу орнындағы нақты пәндерді оқыту әдістемесі.

5. Пәннің сипаттамасы:Жоғары оқу орнында оқылатын Қазақстан тарихы курсының мектептегіден айырмашылығы ол ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Отан тарихынының маңызды мәселелерін қазіргі тарих ғылымындағы жаңа тұжырымдар мен әдіснамалық тәсілдерді жан-жақты қолдану арқылы пайымдауында. Теориялық ғылыми тұжырымдарға негізделген тақырыптар арқылы тарихи кезеңдердегі маңызды мәселелерімен танысуға болады. Осы арқылы қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік бар. Пәнді игеруде Отан тарихын әлем тарихының құрамды бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін мәселелік-хронологиялық, себептік-анықтамалық, салыстырмалық зерттеу әдіс-тәсілдерін қолданған жөн.

5.1. Курсты оқытудың талаптары. Бүкіл оқыту үдерісі дәріске, семинар сабақтарына, СӨЖ (студенттің өздік жұмысына) бөлінген.

Дәріс сабақтың негізгі түрі болып табылады. Дәріс сабақтарында оқытушы тақырыптың негізгі мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, материалды өздігінше игеруге әдістемелік нұсқаулар береді. Қазақстан тарихынан дәріс оқығанда тиімді қолданылатын әдістердің бірі – мәселелі (проблемалы) оқыту болып табылады. Бұл әдіс студенттің танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырып, қызығушылық тудырады және оқыту үрдісіне енгізеді. Мәселені ашуда қайшылықтар туындап, студенттің білімін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Проблемалы оқытуды ұйымдастыру – дәріс оқушының күрделі, маңызды дайындығының негізінде жүзеге асады. Дәріс барысында студент конспект жазып, тақырып көлемінде туындаған сұрақтарда талқылауға белсене араласуы қажет.

Семинар сабақтары оқытылатын курстың күрделі тақырыптары немесе бөлімдері аясында өтіліп, студенттің дәріс және материалды өздігінше игеруі барысында алынған білімді тереңдету, бекіту және тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Семинар сабақтарында оқытушы тақырып тапсырмалары бойынша жазба конспектілерін қарап, ауызша жеткізілуіне ерекше көңіл бөледі. Семи­нар сабақтарына дайындық экспресс-сұрақтар, блиц-сұрақтар, тест тапсырмалары және басқа әдістермен қадағаланып отырады.

Бүгінгі таңда семинарды проблемалы ұйымдастыру кеңінен қолданылуда. Сабақ алдында студенттерге проблемалы сұрақ қойылады немесе проблемалы тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін оқытушы материалдағы қарама-қайшылықтарды студенттің қабылдауына дайындайды. Мұның тиімділігі жеке мәселелерді студенттердің өзі көрсетеді. Бұл әдістің басты жетістігі оқытушы аудиториядан қойылған мәселенің студенттің «өзіндік шешімін» тыңдау мүмкіндігіне жетеді.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) студенттің оқытушымен өздік жұмысы сабақ кестесіне енбейді. Алдын-ала берілген тапсырманы орындау үшін студент кітапханаларда, интернет желісіне шығатын компьютерлік сыныптарда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. СӨЖ тапсырмалары пән бағдарламасы аясында құрастырылып, сабақ барысында және емтихан кезінде негізге алынады.

Пәнге мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша 135 сағатқа тең 3 кредит бөлінген. Оның 45 сағаты (30 сағат – дәріс, 15 сағат – семинар), 90 сағаты студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) түрінде өтіледі.

5.2. Оқу пәнінің негізгі мақсаты – білім алушыларғаҚазақстан тарихыныңежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі негізгі кезеңдері туралы, Қазақ халқының қалыптасуы, мемлекеттігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы шынайы тарихи білім беру. Осыған орай, пәнді оқыта отырып студенттердің ғылыми көзқарас деңгейінде кешенді қабылдауына жағдай жасау; ғылыми әдебиеттер және деректік материалдармен жұмыс істеуге баулу.

5.3. Міндеттері:

• Қазақстанның қазіргі тарих ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып хронологиялық тұрғыдан студенттерге мол фактологиялық материалдармен таныстыру;

• Қазақстандағы ортағасырлардағы тарихи, этномәдени процестердің негізгі кезеңдерін және өзіндік сипатын анықтау;

• “көшпелі өркениет” феноменінің мазмұнын ашу;

• ортағасырлардағы Қазақстан тарихының теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелерін меңгеру;

• қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету;

• ортағасырлардағы Қазақстан тарихы мен жалпы ортағасырлар дәуіріндегі бір-біріне қатысты мәселелерді, ұқсас мәселелерді салыстыра білу;

• Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын теориялық, әдіснамалық, тұжырымдамалық мәселелерін меңгеру;

• қазақ халқының этногенезінде маңызды рөл атқарған қыпшақ және оғыздардың этникалық және саяси тарихын көрсету;

• Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми-тарихи біліммен толықтырып, осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау.

5.4. Оқу пәнінің мазмұны

Пәннің мазмұны Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихын толық қамтуға арналған. Оқытушының жан-жақты, терең дайындығы және білім алушылардың оқу пәнін игеруге деген белсенділігінің негізінде жүзеге асырылады.

 

5.5. Оқу пәнінің жоспары

Апта № Тақырып атауы Оқу түрі, сағат саны СӨЖ тапсырмалары  
1. 1 «Қазақстан тарихы» пәніне кіріспе Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі
2. 2 Ежелгі дәуірдегі Қазақстан Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). еңбектің ролі» атты шығармасын талдау.
3. 3 Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат). СӨЖ (3 сағат). Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтардың саяси тұлғаларының біреуіне эссе жазу
4. 4 Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттік құрылымдар (б.з.д. Ш ғ. б.з. – V ғ.) Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Л.Н. Гумилевтің «Көне түріктер» атты еңбегіне коллоквиум жазу.
5. 5 Түркі дәуіріндегі Қазақстан (V ғ. – ХШ ғ. басы) Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Э.Х. Даванның «Чингизхан – как полководец и его наследие» еңбегіне аннотация беру.
6. 6 Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақстан территориясы (ХШ – ХIV ғ. басы) Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат). СӨЖ (3 сағат). Шыңғысханның заңдар жинағымен танысу. Кескін картамен жұмыс: Монғол шапқыншылығы кезінде қиратылған қалаларды белгіле; Ақсақ Темір жорықтарының негізгі бағыттарын көрсет.
7. 7 Монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан территориясындағы мемлекеттер (ХІV – XV ғ. ортасы) Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Х-ХY ғғ. Түрік тілдес мемлекеттердің рухани және материалдық мәдениеті.
8. 8 Қазақстан территориясындағы этникалық процестер Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Х-ХY ғғ. Түрік тілдес мемлекеттердің рухани және материалдық мәдениеті.
9. 9 Қазақ мемлекеттігінің құрылуы Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегін оқып танысу үшін тапсырмалар ұйымдастыру.
10. 10 ХVI - ХVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Қазақ хандарының саяси тұлғасына рефераттар жазу. Кескін картамен жұмыс. Қазақ; хандығының территориясын белгілеу.
11. 11 ХVIII ғасырдың І ширегіндегі Қазақ хандығы Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Қазақ хандарының билік ету жылдарының кестесін жасау.
12. 12 Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуі (1731-1864 жж.) Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Ресей патшайымы Анна Иоановнаның Кіші жүзді Ресей құрамына алу туралы грамотасымен танысу.
13. 13 Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік-территориялық реформалары және қоныстандыру саясаты Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғының» қазақ халқының рухани өміріне тигізген ықпалы жайлы деректер жинау.
14. 14 XVIII ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі. Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Е. Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты еңбегіндегі /Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы/ тарауы бойынша коллоквиум жазуға тапсырмалар беру.
15. 15 XX ғасыр басындағы Қазақстан. Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Алаш зиялыларының тарихи тұлғасына қатысты деректер жинау.
16. Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жж.) Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Мемлекеттік Думадағы қазақтар туралы мәлімет жинауға тапсырмалар беру
17. Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы тұсындағы Қазақстан. Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Кеңес үкіметінің ұжымдастыру саясатына қарсы көтерілістер тарихы туралы материалдар жинау.
18. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан. Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Б.Момышұлының «Соғыс психологиясы» еңбегіне конспект.
19. Қазақстан соғссоғыстан кейінгі ЖЫжылдарда (1946-60Ж1960 жж.) Дәріс (1 сағат), семинар (2 сағат), СӨЖ (3 сағат). ҰОС жылдарындағы мәдениет пен өнерге байланысты эссе жазу.
20. «Кемелденген соцссоциализм дәудәуіріндегі Қазақстан Дәріс (1 сағат), СӨЖ (3 сағат). М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегін оқып, пікрін жазбаша білдіру.
21. ХХ ғ. 70-і мен 80 жылдың бірінші жартысындағы Қазақстан Дәріс (1 сағат), семинар «1 сағат), СӨЖ (3 сағат). Қайта құру жылдарындағы Қазақстан таһқырыбына рефераттар беру.
22. Қазақстан қайта құру жағдайында (1985-1990 жж.) Дәріс (2 сағат), СӨЖ (1 сағат). Қайта құру жылдарындағы Қазақстан таһқырыбына рефераттар беру.
23. Қайта құру дағдарысы және КСРО-ның ыдырауы Дәріс (1 сағат), СӨЖ 1 сағат). «Д.А. Қонаев және Қазақстан», «Г. Колбин және Қазақстан» тақырыптарына баяндама
24. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет Дәріс (1 сағат), семинар (1 сағат). Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. ҚР Конституциясы баптарын қарастыру.
25. ҚР қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістер Дәріс (2 сағат), семинар (1 сағат), СӨЖ (1 сағат). Рефераттар тақырыбы 1. ҚР инновациялық даму бағдарламалары 2. Ауылды дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы Тұрғын үй бағдарламасының негізгі бағыттары
26. Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанның мәдениеті Дәріс (1 сағат) семинар (1 сағат), СӨЖ (1 сағат). 1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (// Арқа ажары 2001, 17 ақпан) талдап, пікірін жазбаша білдіру 2.Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық (// Егеменді Қазақстан, 1992, 28 қараша) мақаласын оқып, талдау
  Барлығы Дәріс-30, семинар-15, СӨЖ-90.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 453. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.023 сек.) русская версия | украинская версия