Сурет 61. Қол ұшының алақан және сыртқы бетінде флегмоналардың орналасуы1-алақанның теріасты флегмонасы; 2-алақан сіңірлерінің бетіндегі; 3-алақан сіңрлерінің астындағы; 4 - тенар флегмонасы; 5 - гипотенар флегмонасы; 6 - алақан сыртының теріасты флегмонасы; 7 - алақан сыртының фасцияастылық флегмонасы.
Тенар флегмонасында бірінші саусақ дөңесі ісінеді, ісік алақан сыртына таралады, жергілікті гиперемия байқалады. Қабыну ошағында қатты ауырсыну орын алады, саусақтың қимылы шектеледі, дене қызуы көтеріліп, қалтырау болады. Флегмонаның бұл түрі көбінесе 1-2 саусақтардың сіңір панарицийлерінің және білезік синовиалды қалтасының іріңді қабынуларының асқынуы болып табылады.
|