Соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісінің іріңді қабынуы аппендициттің аса ауыр түрлеріне жатады. Диагноз қою қиынға соғып, қателескен жағдайларда әртүрлі асқынулар орын алады. Жедел аппендицит хирургиялық аурулар арасында 30% құрап бірінші орын алады. Ю.Ю. Джаналидзе келтірілген статистика бойынша аппендициттің іріңді түрлері 67% кездеседі. Көбінесе 20 – 35 жастағы адамдар ауырады. Аппендициттің іріңді түрлеріне: флегмонозды, гангренозды, аппендикулярлы инфильтрат, абсцестер жатады. 83-суретте гангренозды-перфоративті және флегмонозды түрлері көрсетілген.