Студопедия — Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сурет 124. Сүйектегі туберкулезді түйіндердің ірімшік тәрізді (казеозды) өліеттенуі.






 

Бұл гранулемалар туберкулезді микобактерияларын айналдыра қоршаған эпителиоидты және алып клеткалардан тұрады. Гранулемалар перифериясында лимфоидты клеткалар орналасады. Туберкулезді гранулемалар бір-бірімен қосылып, ақшыл сұр түсті, үлкендігі тарыдай түйіндерге айналады. Туберкулез токсиндерінің әсерінен және жергілікті қан айналымының бұзылыстарынан түйіндер өліеттеніп ірімшік тәрізді некрозға ұшырайды (124-сурет). Некроздану процесі айналасындағы тіндерге таралуы мүмкін. Егер де, науқастың иммунитеті жақсы болса, туберкулезді түйіндерде дәнекер тіндер өсіп, кальций тұзы түзіліп, туберкулезді түйіндер кальцинаттанған дәнекер түйінге айналып жазылады. Туберкулез ошағында экссудация, некроз, пролиферация процестері қатар жүреді. Аталған процестердің қайсысы басым болса, соған байланысты қабыну түрлері экссудативті, некрозды, пролиферативті деп бөлінеді. Туберкулез ауруында қабыну реакциясы науқастың иммунитетіне және туберкулез таяқшаларының вируленттілігіне сәйкес дамиды. Туберкулезді процесте науқастардың дене қызуы көтеріліп, сүйек, бұлшықет пен теріасты майының атрофиясы, бұлшықеттің гипотония және гипотрофиясы, сүйектердің остеопорозы сияқты дистрофиялық өзгерістер орын алады. Регенерация процестері төмендейді.

Сүйек – буын туберкулезі екіншілік (салдарлық) инфекция болып келеді, туберкулез ауруы жиі өкпеде, одан кейін лимфа түйіндерімен, серозды қуыстарда кездеседі. Сүйек-буын туберкулезі жалпы туберкулез ауруы локализациясының 10% құрайды. Ленинград хирургия туберкулезі институтының мәліметтері бойынша омыртқа туберкулезі (спондилит), жамбас буын туберкулезі (коксит), тізе буын туберкулезі (гонит) барлық сүйек буын туберкулезіне шалдыққан аурулардың 75,9%-кездеседі. Сүйек туберкулезі жіліктердің эпифизарлы бөліктерін, қол-аяқ саусақтарының фалангаларын зақымдайды. Сүйек-буын туберкулезіне шалдыққан аурулардың арасында 10 жасқа дейіңгі балалар 60%, 15 жасқа дейін 72% құрайды. Балалардың жиі ауратын себебі олардың организмінің ерекшеліктеріне байланысты: сүйектері кемікке бай, қан айналымы жақсы.

Патолого-анатомиалық өзгерістер туберкулезді остеомиелиттен басталады, қабыну ошағында туберкулезді гранулемалар түзіліп, некрозданып, сүйекте деструкция, ұсақ секвестрлер, каверна (қуыс) орын алады. Сүйек метафизінен басталған қабыну буынға тарап туберкулезді артритке әкеледі. П. Г. Корнев сүйек – буын туберкулезінің дамуын 3 кезеңге бөледі: 1) буынға дейінгі кезең немесе біріншілік остит кезеңі; 2) артриттік кезең немесе екіншілік артрит кезеңі; 3) артриттен кейінгі кезең немесе артрит салдарының кезеңі.

Буындар туберкулезі.Көбінесе ірі буындарда дамиды. Қабыну түрлеріне байланысты буын туберкулезі синовиалды – экссудативті, фунгозды, сүйектік деп бөлінеді.

Синовиалды – экссудативті түрінде буынның синовиалды қабаты қабынып қызарады, ісінеді, фибринге бай экссудат түзіледі, буын шеміршегі ісінеді. Дұрыс ем жүргізілсе, қабыну толық басылады, буынның функциясы бұзылмайды. Қабыну өршіген жағдайда, буындағы экссудат іріңдеп, буын шеміршегі және сүйегі деструкцияға ұшырайды.

Фунгозды қабынудапродуктивті, пролиферативті процестер экссудативті процестерден басым болады. Қабынған буында грануляция белсенді дамиды, туберкулезді грануламалар казеозды некрозға ұшырайды, тіндер тыртықтанады, буын грануляцияға толып, буын шеміршегі, сүйектері деструкцияланады Кейбір жағдайларда грануляциялар буын капсуласына және айналасындағы тіндерге тарап қан, лимфа айналымын бұзады, буын ісінеді, көлемі үлкейіп, буынның терісі бозарады. Буындағы ісікті сондықтан ақ ісік деп атайды.

Буын туберкулезінің сүйектік формасында гематогенді жолмен сүйекке түскен туберкулез таяқшалары сүйекте біріншілік туберкулезді қабыну ошағын тудырады. Ошақта казеозды некроздану салдарынан ұсақ секвестрлер түзіледі. Қабыну шектеліп, буынға тарамаса, оның айналасында капсула қалыптасады. Түзіліс шектелмесе, буында екіншілік туберкулезді артрит дамиды, буын істен шығады. Науқастың өміріне де қауіп төнеді. 125-суретте (194-бет) туберкулезді гониттің өршу кезеңі көрсетілген. Буынның капсуласы қалыңдаған, буын сүйектерінің шеміршектері жұқарған.

Клиникалық көрінісі. Буын туберкулезінің локализациясына, түріне, даму кезеңіне, науқастың иммунитетіне байланысты. Аурудың жергілікті белгілері: буынның ісініп ауруы, деформациясы, функциясының бұзылуы, ауырған аяқтың атрофияға ұшырауы. Ауырсыну сезімі-нерв талшықтарының қабыну ошақтарындағы инфильтратта қысылуына және туберкулез токсиндерінен тітіркенуіне байланысты. Кейбір жағдайда аурсыну қабыну ошағынан басқа жерде сезінеді. Мысалы жамбас буын туберкулезінде осы араға жақын жатқан n. femoralis және n. obturatorius инфильтратта қысылып, токсиндерден тітіркенгенде науқастың тізесі ауырады, осы жағдайлар диагноз қоюда қиындықтар тудырады. Науқас аяқтың ауырғанын жеңілдету үшін, аяғын жартылай бүгіп ұстайды. Ұзақ уақыт бүгілген аяқта тұрақты контратура (қимыдың шектелуі) дамиды. Ауырған аяққа ұзақ мерзім салмақ түсірмегендіктен және тіндер жасушаларына туберкулез токсиндерінің әсерінен бұлшықет атрофияға ұшырайды.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2268. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия