Студопедия — Орта Азия халықтарының этногенезі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Орта Азия халықтарының этногенезі.






Негізгі түсініктер: Еуропа, Азия, Кавказ, Орта Азия, Сібір.

 

1. Шығыс славяндар. Шығыс славяндардың шығу тегі славяндықтың қалыптасуымен байланысты. Ал славяндықтың шығу тегі үндіеуропа халықтары, әсіресе, балтық және летто-литов тайпалармен байланысты. Шығыс славян тайпаларының ежелгі ата-бабалары жөнінде және олардың Днепрдің орта және Днестрдің жоғарғы Донның шығысына дейін жылжып кең тарағанын, б.з.б. II-I ғғ. археологиялық «жерлеу орындарынан» белгілі. Алғаш шығыс славяндар туралы естеліктер б.з.д мың жылдығының ортасына қарай анттардың атауынан тұрады. Сол уақытта шығыс славяндар оңтүстіктен Днепрдің жағалауына дейін қоныс аударуы басталды да, Батыс славяндармен Балқан түбегіне ұмтылды. Шығыс славяндардың қозғалысы шығыс бағыттарда жүрді.Ильмень және Чуд өзендердің бойында, сондай-ақ Валдай қыратына және Волго-Окс.

Солтүстік Шығыс славяндарда қоныс аударуда финно тілді тайпалардың пайда болуымен Отралық Еділ бойынан Балтық маңына дейін ұзақ қоныс аудару мен қақтығысы қалды. Бұл келісімге бейбіт қатынас және жергілікті фин халқының біртіндеп ассимиляцияға ұшырауына әкеп соқтырды. Шығыс славяндардың бірігуіне IX ғасырда құлаған Киев мемлекеті үлкен рөл атқарды. Киев Русьінің құрылуына ерте орыс халқының пайда болуы ықпал етті. Ежелгі орыс халқының қалыптасу процесіне Ұлы Дала көшпенділері себеп болды. Кейін бытыраңқылық басталып татар-монғолдардың шабуылы және Венгрияның және Польшаның жерін басып алуы оның құлауына халықтардың бытыраңқылығына алып келді. IIV ғасырдан бастап туысқан халықтардың- орыстардың украиндардың, белорусьтардың құрылу үдерісі басталды. Орыс халқының Шығыс Еуропаға таралуы және Сібірді игеруі орыс халқының ішінен этнографиялық топтың пайда болуына алып келді. Орыстардың солтүстік және оңтүстік великоросстарға бөлінуі негізінен орыс тілінің оңтүстік және солтүстігінің сөйлеушілерінің арасында айырмашылық анық байқалады. Негізгі этнографиялық топ казак-орыстан тұрады.

Украиндықтар мен белорустар арасында этнографиялық жағынан тұтастық байқалады, тек украиндықтарда карпаттық гарцы-гуцулдар және верховинцы аздап ерекшеленеді.

Еділ бойы халықтары. Финтілдес халықтарға Орал тауларынан Балтық теңізіне дейін таралған эстон, корел, лопар, вепс, комизыряне, коми-пермяк, удмурд, марийц және мордва халықтары жатады. Келесі топты түркі халықтары- чуваштар,еділ бойы татарлары, башқұрттар Орталық Еділ бойы және Орал маңында Еділ бойы татарлары мен башқұрттар, Молдавиядағы гагауздар Украинаның аралас аудандарында тұрады. Мұнда үндіеуропа халықтарынан летто-литовтар, оған жататын литовтар және латыштар сонымен қатар Батыс Монғолиядан XVII ғ. қоныс аударған монғолтілдес қалмақтар өмір сүреді.

Шығыс Еуропаның славян емес халықтарының түп-тамыры еуропоидтық нәсілге жатады. Орталық Еділдің, Орал маңының халықтарында монғолоидтық нәсілдің аралас белгілері байқалады. Бұл ерте кезден бастап еуропеоидтар мен Сібірден келген монғолдардың арасында қатынастың болғанымен түсіндіріледі.

Финтілді халықтардың байланыстары Орал маңы мен Прикамьем олардың б.з.б. II м.ж ата-бабаларының Орталық Еділ бойы мен Батысқа жылжуы, б.з.б I м.ж. олар Балтық теңізі мен Кольск түбегіне жетпегінен басталады. Ұзақ орналасу процесінде жекелеген және араласқан түпкі халықпен қосылып финтілді халық тобы қалыптасты, олардың алғашқысы перм халықтарын құрайды, екіншісі- поволждік финдер және үшіншісі- солтүстік-батыс финдер. Марий тілі перм және мордов тілі арасынан орташа дәрежені құрайды. Мардов тілі балтық маңы финдерінің тілдеріне жақын.

Еділ бойы және Орал маңы бойындағы түркі халықтарының этногенезі қүрделі тарихи жағдайлармен Еділ бойына ұлы халықтардың қоныс аудару кезеңіндегі қиындықтармен байланысты. Ежелгі түріктер Орталық Еділ бойында б.з. бірінші ғасырында пайда болды.

Кейін түрік халықтарының үздіксіз қоныстануы Алтын Орданың құлауына дейін жалғасты. VII-VIII ғғ. Солтүстік Кавказдан жылжып келген бұлғарлар Еділ бойын, оңтүстікте Кама сағасына дейін қоныстанды. Мұнда XIII ғ. татар-монғолдар күйреткен Волж Бұлғар мемлекеті қалыптасты (X ғ). Бұлғарлар Еділ бойындағы түркі халықтарының шығу тарихына үлкен із қалдырды. Чуваш халқының негізін кейін Бұлғар мемлекетінің құрамына кірген ежелгі түріктер, суварлар, суваздар қалады. Бұлғария құлағаннан кейін олар жергілікті марий халқын ығыстыра отырып, қазіргі Еділ бойына қоныс аударды.

Чуваштардың тілі түрік тіл тобының бұлғар-хазар тармағына жатады. Қазан татарларының шығу тегіне бұлғарлармен қатар XV ғ. Қазан хандығының негізін қалаған ноғаймен тайпалары да үлес қосты. Башқұрлардың қалыптасуына түркі тайпаларымен қатар қыпшақтар да үлкен із қалдырды, осылайша, башқұр тілі түркі тіл тобының қыпшақ тармағына жатады. Башқұрлардың ата-бабалары Алдыңғы Орал халқының түркіленген угор тобы деуге негіз бар. Қазақ фольклорында башқұрлар «естек» этнонимімен аталады бұл олардың шығу тегінің угро-фин екенін көрсетеді.

Летто-литов тайпаларының қалыптасуы көршілес ежелгі славяндардың қоныстану үрдісімен қатар жүрді. Летто-литов тілі басқа үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда славян тіл тобына жақын. Латыш және литов халықтарының негізін летто-литов тайпалары құрады.

Молдав халқының негізінде Рим патшалығы кезінде романданған дак-фракий тайпалары жатыр. Соңғы уақытта молдавандар мәдениет және тіл жағынан ерекшеленген шығыс славян халықтарының ықпалын сезінді.

Кавказ халықтары. Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр.

Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен.

Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті.

Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады.

Орта Азия халықтары. Орта Азияның түпкі халықтарының негізін түркі тілдес халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен және иран тілдес тәжіктер құрайды.

Ал антропологиялық жағынан араласып кеткен. Сыртқы келбеті бойынша қырғыздар монғолоидтық, тәжік, өзбек және түркімендер-еуропоидтық нәсілге жатады. Қарақалпақтарда екі нәсілдің де белгілері бар.

Орта Азияның ежелгі халықтары арий-тур тілдерінде сөйлеп, еуропоидтық нәсілгге жатты. Б.з.б I м. ж мұнда Соғды, Хорезм, Бактрия және Маргиан сияқты ірі өркениеттер пайда болды. Бұл халықтардың түркіленуі жаңа дәуірден басталды. «Авестада» айтылғандай алғашқы түріктер турлар болған деген болжам бар. Шығыстан келген ғұндар түрік тілдес болған. Түркілену үрдісі Түрік қағанаты кезінде күшейді (VI-VIII ғғ).

Кейінгі орта ғасыр дәуірінде әртүрлі Шығыс монғол және түрік топтарымен араласқан қазіргі Орта Азия халықтары пайда болды. Мысалы, түрікмендердің шығу тегіне және тілдерінің қалыптасуына ықпал еткен оғыздар болды. Ал қарақалпақтардың шығу тегі қыпшақтармен байланысты. Тәжіктер жергілікті иран тілдес халықтың өкілдері. Бадахшанның таулы аудандарында шугнан, вахан, язгулен, ишкашим сынды иран тілдес халықтар мекен етеді.

Сібір халықтары. Антропологиялық белгілері бойынша монғолоидтық нәсілге жатады. Олардың көпшілігі алтай тіл тобының түрік, монғол және тунгус-маньчжур тармақтарында сөйлейді. Сібірлік татар, щорц, хакас, алтай, тува, долган, якут тілдері түрік тобына жатады. Буряттар монғолтілдес халық. Тунгус-маньчжур халықтары Енисейден Охот теңізі және Примор далаларына дейін таралған. Бұлар эвенк, тунгус, эвен, негидальц, нанай, ульчи, орочи, ороки және удэгейцы.

Батыс Сібірде орал тіл тобының самодий және угор тармақтарында сөйлейтін халықтар тұрады. Самодий халықтарына ненц, энц, нганасан, селькуп халықтары жатады. Ал угор халықтары ханта және мансиден тұрады.

Сібірдің солтүстік-шығысында палеоазиат халықтары-чукча, коряк және ительмендер қоныстанған. Палеоазиаттар қатарына Амур мен Сахалин сағаларында тұратын нивхи мен гиляк, Колым өзенінің орта ағысында тұратын юкагирлер жатады.

Сібір халықтарының шығу тегі әлі толық зерттелмеген. Сібірге адамдар соңғы палеолит дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Неолитте Сібірдің ірі өзендері Камчатка және Чукотка игеріле бастады.

Шығыс Сібірдің ежелгі халқы Енисейден Охот теңізі мен Амурға дейін таралған палеоазиат халықтары. Палеоазиаттардың шығу тегі бір емес. Сол кезеңде Обь және Жоғарғы Енисей аралығын қазіргі кеттерге туыс тайпалар мекендеген.

Алдыңғы Орал, Орта және Төменгі Обь аралығы орал тіл семьясының қалыптасу аймағына жатады. Самодий тайпаларының ата-бабалары осы аумақтың шығысын, ал угорлардың ата-бабалары батыс жағын алып жатқан.

Оңтүстік Сібірд б.з.б III-II м.ж мұнда оңтүстіктен және батыстан келген келбеті еуропоидтық халық қоныс тепті. Бұлар мал және жер өңдеу шаруашылығымен айналысатын афанась және андронов мәдениетінің өкілдері.

Жаңа дәуірдің кезінде Оңтүстік Сібір және Солтүстік Байкалды түрік, тунгус тайпаларының қоныстануы басталды. Якуттардың ата-бабалары XIII ғ. Орта Ленаға жылжи бастаған. Тунгустар Шығыс Сібірді қамтыған. Сібірде этникалық араласу үрдісі кейін де жалғасын тапты. Эвенктер мен якуттар палеоазиаттардың біраз бөлігін ассимиляцияға ұшыратты. Ал самодий тайпалары Еуразия тундрасын игерді.

2. Тарбағатайдан Сырдарияға дейінгі және Хорезмнен Еділ өзеніне дейінгі Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көшпелі тұрғындарды кезінде «Togmak» терминімен атағаны белгілі. Cevdet Pasha мәліметі бойынша Тоkma деп ру-тайпасы жоқ адамдарды немесе заңды бұзушылар ретінде құлдыққа сатуға болатын қашқындарды айтқан. Ахмет-Зәки Уәлидов бойынша «Togmak» атты тайпа Алтын Орда билеушісі – Өзбек ханның (1312-1342) атымен «өзбек» болып аталынған. Алайда «өзбек» этнонимі мен өзбек халқының қалыптасу тарихын ажыратып қарастыру керек.

Аңыз бойынша өзбектер 92 баулы өзбек тайпасынан тұрады деген түсінік бар. Бірақ мұны дәлелдеуші мәліметтер өте аз. Дегенмен де кейбір зерттеушілер өзбектер құрамына негізінен түркі-монғол тілдес тайпалары енген деп көрсетеді. Осы орайда Ахмет Зәки Уәлидовтың берген деректерін негізге алуға болады. Өзбектердің тайпалық ұйымдарына (одағына): «Ozbek» көбінесе«doksan iki boy Ozbek»[92 баулы өзбек] деп аталады. Бұл арадағы boy деген тайпа дегенді білдіреді. Өзбектерде 92 тайпаның барлығы атымен аталатын генеалогиясы бар (Генеалогияда Алтын Орда кезеңіндегі тайпа аттары берілген). Олар: Min, Yuz, Qirg, Ungechit, Calayir, Saray, On, Qonrat, Alchin, Nayman, Argin, Qipchag, Chichak, Qalmag, Uyrat, Qarlig, Turgavut, Burlas, Buslag, Chemerchin, Qatagan, Kilechi, Kineges, Boyrek, Qiyat, Bozay, Qatay, Qanli, Ozce Buluci, Topchi, Upulachi, Culun, Cit, Cuyut, Salcavut, Bayavut, Otarchi, Arlat, Kireyit, Ungut, Mangit, Qangit, Oymavut, Qachat, Merkit, Borgut, Quralas, Qarlap, Ilaci, Gulegen, Qislik, Oglan, Kudey, Turkmen, Durmen, Tabin, Tama, Mechet, Kirderi, Ramadan, Mumun, Aday, Tugsaba, Qirgiz, Uyruci, Coyrat, Bozaci, Oysun, Corga, Batas, Qoysun, Suldiz, Tumay, Tatar, Tilev, Qayan, Sirin, Kurlevut, Chilkes, Uygur, Yabu, Agir, Buzan, Buzag, Muyten, Macar, Qocalik, Choran, Churchut, Barin, Mogul, Nokus. Көрсетілген 92 тайпаның шамамен 45-і қазіргі өзбектердің құрамына енеді.

Өзбектердің түп негізіне б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында қазіргі Өзбекстан территориясын мекендеген шығыс иран тілінде сөйлеген хорезімдіктер, соғдылар, Шаш және Ферғана тұрғындары мен сақ-массагеттер жатады.

Өзбекстанның кейбір егіншілік аудандары мен қалаларын мекендеген ежелгі тұрғындар болып- сарттар саналады. Сарттар өзбектердің тікелей арғы тегіне енеді. В.В. Бартольд өз зерттеулерінде «сарт» сөзі санскриттің «сартаваха», яғни сауда керуенінің басшысы деген мағына беретіні туралы және Орта Азияда ертеден сауда, қолөнер, егіншілікпен айналысқан түркі және иран тілдес отырықшыларды атау үшін қолданылған деген болжам жасаған.

Тәжіктердің; этникалық қалыптасу тарихында соғды және бактриялықтар ықпалы үлкен болған. Тәжіктер таулы және жазықты жер тәжіктері болып бөлінеді. Бұл олардың тілдік және тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Батыс Памир, Пяндждің жоғарғы жағынан Язгулем сағасына дейін памир тәжіктері мекен етеді. Бұлар: язгулем, бартангтар, рушандар, шугнандар, ишкашимдер, вахандар жатады, олар шығыс иран тілінде сөйлейді. Тәжік тілі батыс ирантілдеріне жатады. Бұлар Тәжікстанның орталық аудандары мен Зеравшан өзенінің жоғарғы ағысында мекен етеді.

Ягнобтер соғдылар ұрпағы болып саналады. Олар Зеравшанға қосылатын Фан-Дария құйылысында орналасқан Ягноб өзені бойын мекендейді. Сондай-ақ, Гиссар қыратының оңтүстік ауданындағы Варзоб өзенінің жоғарғы жағында тұрады.

Сонымен бірге Сұрхан-Дария және Тәжікстанның оңтүстігін мекендейтін тәжіктер шағатай деп аталынған. Сұрхан-Дария облысынның Байсун және Гузар арасын мекендейтін тәжіктер тобы хардури деп аталынады.

Тәжіктердің халық болып қалыптасу этногенездік процесі б.э.д. І мыңжылдықтан басталады. «Тәжік» этнонимінің қалыптасуы бойынша бірнеше ой-пікірлер бар. Бартольдтің болжамынша бұл атау ортағасыр кезінде Орта Азияда арабтар үстемдігі кезінде пайда болған. Тай деп аталынған араб тайпасы атауы жергілікті тұрғындармен алдымен барлық арабтарға, ал кейіннен бар мұсылмандарға беріліп, Х ғасырда олар тази деп аталған. ХІ ғасырда Орта Азиядағы барлық отырықшы мұсылман тұрғындарын тәжіктер деп атаған, кейін бұл термин иран тілді тұрғындардың этнониміне айналды.

Тәжік халқының қалыптасқан территориялары, бұл- ежелгі Бактрия- Әмудария бассейні, сол, оң жағалауы; Согдиана, Зеравшан бассейні мен Қашқа-Дария даласы; Ферғана даласы болып табылады. Тәжіктер этногенезіне Ферғанада мекендеген- паркандар (ферғаналықтар ); соғдылықтар – Орта Азиялық қосөзеннің орталық бөлігінде, Усрушан және Зеравшан, Қашқа-Дария оазисінде тұрған; қазіргі Тәжікстанның жазық жерлері мен Ауғаныстанның солтүстігінде тұрған- бактриялықтар; Памир-Алтай таулары мен Ферғана тауларында мекендеген - сақ тайпалары қатысқан. Бұлардың барлығы тәжіктердің этнос болып қалыптасуына үлес қосуы мүмкін.

ҮІІІ ғасырдағы араб басқыншылығы кезінде қазіргі Тәжкістан территориясында үш этникалық аймақ қалыптасқан: соғдылық –солтүстікте, Зеравшан бассейнінде, Тохарыстандық - оңтүстікте, Әмудария бассейнінің жоғарғы жағы, Ферғаналық - солтүстік-шығыста орналасқан. Араб басқыншыларына қарсы жергілікті тұрғындардың күресі тәжіктердің этнос ретінде қалыптасу процесін тездетті. ІХ-Х ғғ. Саманид мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды. Самани әулеті-819-999 жж. аралығында өмір сүрген Орта Азиядағы феодалдық әулет. Негін салған- Саман-Худат. Саманилер билік еткен кезеңде тәжік тілі үстемдік алған.

Тәжік тілінің қалыптасуына негіз болған соғды тілі шығыс иран тілі тобына жатады. Шығыс иран-сақ тілдеріне памир тәжіктерінің тілдерін енгізеді- рушан, шуган, вахан т.б. Б.з. І ғасырының соңында шығыс иран тілді тәжіктер тілін ығыстырған тәжік тілі батыс иран тілі тобына жатады.

Өз атауы – қырғыздар. Бұрын қарақырғыз, жабайы тас қырғыздары, буруттар атауымен белгілі болған. Қырғыздардың этногенезінің ерекшелігі, олардың қалыптасуы екі территорияда: Енесей бойы мен Тянь-Шаньде өтуінде болды.

Қырғыздардың ерте этникалық тарихы хунну, дилиндер, сақтар мен үйсін тайпаларымен байланысты. ҮІ-Х ғғ. кейіннен қырғыздар құрамына енген түркітілдес тайпалар Шығыс Тянь-Шань ауданына орналасты. Олар Тянь-Шаньдегі қырғыз этносының қалыптасуына негіз болды, олардың құрамына, сонымен бірге, жергілікті түрік тайпалары (қарлұқ, ұйғырлар), артынан монғол тайпалары, ал ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақ-ноғай тегінен шыққан кейбір тайпалар кірген.

Бұрын қырғыздар екі қанатқа бөлінген: оң «қанат», ол бірнеше тармаққа ажыратылған: саяк, черик, бағыш, тағай, адигене және мунгуш; сол «қанат»- саруу, мундуз, кытай т.б. және «ичилик» атауымен біріккен тайпалар.

Оң қанат 3 тармаққа бөлінді: тагай, Тянь-Шань, адиген және мунгуш, екеуі де Қырғызстанның оңтүстігін мекен етті. Тагайға: саяк, чекир саяк, черик, бугу, тынымсейит, сары багыш, солто, жедигер, азык, багыш, суу мурун, монолдар, баарын. Адигенеге: жору, бөру, баргы, кара багыш және сарттар енді. Мунгуш екі тармақтан тұрды: жагалмай және кош тамга. Сол қанатқа: кушчу, саруу, мундуз, жетиген, кытай, басыз, төбөй, чон багыш. Үшінші топ-ичиликке: кыпчак, найман, тейит, кесек, жоо кесек, бостон, канды, нойгут, төөлөс, авагат. Бұл айтылған ру-тайпалардың кейбіреуі Орта Азия халықтарының қалыптасуына қатысқан.

Енисей қырғыздары. Қазіргі Хакас жерін түркілер ертеден (б.з.б. 201 ж.) мекендеген. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз деген «гяньгунь» делінсе, ҮІІ ғ. қытай деректерінде «хягас» деп жазды. 1917 жылдан кейін хакас деп аталынды.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразия халықтарының шығу тарихын және тілдік ерекшеліктерін қарастыруда отандық, шетелдік дереккөздерін пайдалану керек.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Народы мира. 1988

2. Есназарова Ұ.А., Темірбеков А.Т. Түркі тілдес елдер географиясы. Ахмет Иасауи университетінің Жәрдем Қоры Баспасы. Анкара, 1999.-107 б.

3.Каримуллин А. Тюрки и индейцы Америки – истоки происхождения. Изд. Дом «Кочевники», -Алматы, 2004.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Акышев К. Культура кочевников на рубеже веков. - Алматы, 1995.

  1. Зуев Ю.А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. - Алматы, 2002.

3. Кадырбаев А.Ш.. За пределами Великой Степи. – Алматы, 1997.

 







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1670. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия