Студопедия — Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.






Негізгі түсініктер: теория, пассионарлық, этногенез.

1. Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қорша­ған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионар­лық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалар­дың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтық­тық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психика­сына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан бола­ды, сонымен бірге, олар іс-қимыл бары­сында өз­дерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлға­лар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, На­полеон Бонапартты жатқы­зады.

2. Н. С. Трубецкой былай деп атап көрсетті: «Эгоцентристік менмен пиғылдағы адам өзін «жер кіндігі» деп сезінеді,сондықтан осы адам тұрған қарапайым табиғи орта ешбір дәлелдеусіз-ақ ең жетілген орта болып шыға келеді.

Еуразияшылдық тұжырымдама- ұлтшылдыққа да, жалпы адамзаттық қандай да бір мистикалық мәдениетке де қарсы қойылатын идея. 1920-жылдың кезінде-ақ Н. С. Трубецкой былай деп атап көрсеткен еді: «Барлық халықтарға ортақ, бәріне бірдей сәйкес келетін жалпы адамзаттық мәдениет болуы мүмкін еме с». Ал 1992 жылы шыққан кітабында Л. Н. Гумилев бұл ойды өзінше түсіндіреді: «Біз Батыс Еуропадан 500 жылға жас болғандықтан, еуропа тәжірбиесін қанша оқып үйренгенімізбен, дәл Еуропаға тән тұрмыс деңгейіне, мінез-құлық әдеттеріне, тұрмыс-салтына жете алмаймыз. Біздің жасымыз, біздің пассионарлық деңгейіміз мүлде өзгеше сипаттағы әдет-әдептерді талап етеді.Бұл өзгенікін өзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тәжірбиені оқып үйренуге тиіспіз, әрі ол қажет те, бірақ оның өзіміздікі емес, өзгенікі екенін естен шығармағанымыз абзал».

Егер классиктердің пайымына жаңа өзектілік, жаңа ауқым, жаңа мән, жаңа мағына ұсынған неоеуразияшылдық болмағанда, бұл құбылыс идеологиялық археологияның бір үзігі болып қана қалар еді. Неоеуразияшылдықтың аясында классикалық еуразияшылдық қайта туып, сол орайда «өткеннің» тар қалыбынан шығып кетті. Жаңа ғұмырында ол өте айқын сияқтанған кешегі қалпын өзгертті, жасырын тұрған әлеуетін, жаңа қырларын байқатты. Осылайша, неоеуразияшылдық арқылы бүкіл еуразияшылдық идея тұтастығымен жаңа өлшемге ие болды.

Еуразия - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, бұл - Еуропа мен Азияның арасындағы әлемдік тепе-теңдікті де, сондай–ақ дәнекерлікті де қамтамасыз ететін тұтас аймақ пен ерекше әлем жатқан бірден-бір ғаламат кеңістік. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениеттік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде көрініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей әртүрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұқбат орнатпай өмір сүре алмайды.

Л.Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. «Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі – өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару» - деп 1992 жылы Л.Н. Гумилев өзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын.

Л.Н. Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін «еуразияшылмын» деп ашық айтып жүрді. «Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін»,- деген ойды ашық айтты.

Еуразиялық идея бүгінгі таңда көптеген еуразиялық елдер мен халықтар идеологиясының алтын арқауына айналып отыр.

Әдістемелік нұсқаулар: Лев Гумилевтің ғылыми тұжырымдамаларын қарастырғанда оның теориялық ерекшеліктерін ашып көрсету.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Ленинград, ЛГУ, 1989.
  2. Гумилев Л.Н. От Руси к России. Москва,1992.
  3. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. Москва,1992.
  4. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.






Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 1203. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия