Студопедия — БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БЭК: еуразиялық ықпалдастық жобасы.






Негізгі түсініктер: Одақ;, БЭК.

1. 2010 жылдың 1 қаң­та­ры­нан бастап үш ел - Ресей, Бе­ло­русия Қазақстан үшін бір­ыңғай кедендік тариф күшіне ен­ді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бас­тап бірыңғай кедендік кодекс ен­гізілетін болады. 2011 жыл­дың ортасынан бастап тауа­р­лар­дың кедендік бақылауы Беларусь Рес­публикасының, ал бір жылдан ке­йін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының сыртқы шекарасына кө­ші­рілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «То­­лыққанды және толық ауқым­дағы Кедендік 2011 жылдан бас­тап енгізіледі және Ресей мен Қа­­зақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік жә­не тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өз­гертіледі» деп атап көрсетті.

Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі рынокты қамтиды. Біздің елдеріміздің өнеркәсібі 600 млрд. долларды, тек мұнайдың жиынтық резервінің өзі 90 млрд. баррельді құрайды. Біздің елдеріміз энергия ресурстары рыногында да әлемнің алпауыт мемлекеттері есептесетін маңызды ойыншыға айналып отыр.

Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кеден одағынан келетін жалпы әсер Ресей үшін 400 млрд. доллар, Беларус пен Қазақстан үшін 16 млрд. доллар немесе ішкі жалпы өнімдерінің 14 пайызы.

Кедендік одақтың құрылуына халықаралық сарапшылар да елеулі көңіл бөліп отыр. Мәселен, Ресейдегі «Еуразия мұрасы» коммерциялық емес қорының президенті Елена Яценко: «Кедендік одақтың құрылуы үш ел арасындағы экономикалық байланыстардың жеделдеуіне, тауар айналымының өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл экономикалық кедергілерді алып тастаудың сөзсіз әсері. ЕурАзЭҚ сарапшылары үш елдің өзара саудасындағы кедендік кедергілерді жою 2015 жылы «интеграцияланған үштіктің» ІЖӨ өсуін 15-20 пайызға қамтамасыз етеді деп болжамдайды» деген пікірін жеткізді.

Кедендік одақ – бұл біздің ықпалдастығымыздың келесі сатысы. Бұған дейін Беларус, Қазақстан, Ресей арасында еркін сауда аймағы жүзеге асқан болатын. Бұл еркін сауда аймағының мәнісі – үш ел арасында нөлдік, яғни кедендік баждың жоқ екендігін білдіреді, ал басқа елдермен әрбір елдің өзіне тән кедендік баж салығы жүйесі болды. Ал ендігі Кедендік одақ нені білдіреді дегенге келетін болсақ, үш ел арасында ешқандай да кедендік баж болмайды, ал үшінші елдерге қатысты барлық кедендік баж салығы бірыңғайланады.

2. БЭК-тің толық көлемде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 2011 – 2015 жылдар аралығында тағы да 55 халықаралық келісімдерді және басқа да құжаттарды қабыл­дап, белгіленген нақты мерзімдеріне сәйкес БЭК қалыптастыратын келісімдер бойын­ша 74 міндетті шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.

БЭК-тің құқықтық негізін қалыптасты­ратын келісімдерді шартты түрде алты топқа бөлуге болады: келісілген экономи­калық саясат жүргізу және экономиканы реттеу жүйесін үйлестіру; қызмет көрсе­тудің ортақ рыногын жасау; капиталдың ортақ рыногын қалыптастыру және келісілген валюталық саясат жүргізу; еңбек ресурстарының ортақ рыногын жасау; ортақ энергетикалық рынок қалыптастыру, энер­гетика мен көлік саласында табиғи моно­полиялардың қызметіне қолжетім­ділікті туғызу; техникалық реттеу деген сияқты.

БЭК-ті құрайтын төрт құрамдас бөліктің біреуі – тауарлардың ортақ рыно­гы – жұмыс істеп тұрған Кеден одағымен атқарылып отыр. БЭК-тің тағы бір маңызды бөлігі – қызмет көрсетудің ортақ рыногының алғышарттары 2012 жылдың басында жасалмақ. Осының шеңберінде БЭК-ке қатысушы мемлекеттер өздеріндегі заңды және жеке тұлғалардың қызмет көрсету рыноктарына енудің ұлт­тық режімдерін бекітуге ұмтылып, арнайы лицен­зияны қажетсінетін қызмет түрлеріне берілген лицензияларды мойындауды қамта­масыз етеді және ұлттық заңнама­ларды үйлестіреді, ал қызмет көрсету саудасы бойынша үшінші елдерге қатысты келісілген саясат жүргізеді.

2013 жылғы 1 қаңтардан жүктерді тасымалдаудың темір жол тарифтері бір жүйеге түсіріліп, әрбір мемлекеттің тер­риторияларында қолданылып келген бұрынғы экспорттық, импорттық және ішкі тарифтер жойылады. Олардың орнына ортақ тариф енгізіледі. 2015 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мүше мемлекеттердің жүк тасымалдаушылары үшін темір жол инфрақұрылымын еркін пайдалану мүмкін­дігі қамтамасыз етіледі.

2014 жылғы 1 қаңтардан БЭК-ке мү­ше елдер үшін мемлекеттік (муници­палдық) сатып алу жүйесінде ұлттық режім қолданылатын болады.

2014 жылғы 1 қаңтардан капиталдың ортақ рыногын құру шеңберінде БЭК-ке мүше елдердің ұлттық режім жағдайында қаржы, банк және сақтандыру қызмет­теріне еркін ену қамтамасыз етіліп, инвес­тициялық қызметке теңқұқықтық жағдай жасалады, валюталық операцияларға шектеу алынып тасталады.

2015 жылғы 1 қаңтарға дейін газ бағасы бойынша (нарықтық) бірдей пайда түсе­тіндей жағдайға қол жеткізіледі.

БЭК-те ортақ еңбек рыногы қалыпта­сады. БЭК-ке мүше елдердің еңбек миг­рант­тары белгілі бір әлеуметтік кепілдіктерді пайдаланып, олардың құқықтары қорғалатын болады. Осы аталған шаралар­дың бәрі 2016 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-тің толық сипатта жұмыс істеуін қам­та­масыз етеді.

БЭК-ті құру – бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсен­діліктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұн­дай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсе­тудің сапасын жақсартудың ма­ңыз­ды ынталандырушысы болып табылады. БЭК-ті қалыптастыруда нормалар мен ережелерді бір ізге түсіру мен үйлестіру кәсіп­орындарда бәсекеге қабілетті өнім­дер шығаруға және оларды дамудың ин­нова­ция­лық жолына салуға қолайлы жағдай жасайды.

Биылғы жылдың 18 қарашасында посткеңестік аумақ елдері үшін тарихи оқиға болып, Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Еуразиялық эконо­микалық интеграция туралы Декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жөніндегі келісімді қабылдады.

«Мұнымен біз Еуразиялық экономи­калық одақ қалыптастыру жолында кезекті және өте мықты қадам жасадық, – деді Дмитрий Медведев бірлескен баспасөз мәслихатында. – Бұл бірлестік ешбір күмәнсіз біздің елдеріміздің болашағын айқындайды. Осы ретте ол былай деп атап айтты: «Мен ең алдымен өз әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа рахмет, егер турасын және ашығын айтатын болсақ, аса қиын 90­-­жылдары ол осынау идеяның ұсыну­шысы болды. Сол уақыттың өзінде Нұрсұл­тан Әбішұлы шын ықыласымен постке­ңестік аумақта интеграциялық үдеріс­термен айналысуға шақырды». Мұның посткеңестік кеңістікте аса жоғары, басқа халықтардың да қосылуы үшін ең тартымды нағыз интеграциялық бірлестік болуын қалаймыз. Басты мақсатымыз – біздің халықтары­мыз­дың әл-ауқатын көтеру. Сондықтан эконо­миканы дамыту негізгі мақсат емес. Мақсат адамдардың өмір сүруін жақсарту. Адам­дардың осын­дай игіліктерге кенелуі үшін экономика табыс табады. Бәрі осындай мақ­сат үшін жасалады. Интеграция да осыған бағытталған. Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз кезегінде былай деді: «Мен еуразиялық кеңістікте жаңа экономикалық, саяси күш орталығын құру арқылы Беларусь, Қазақстан және Ресейдің дұрыс бағытта жүріп келе жатқанына сенімдімін, өйткені, БЭК табысы біздің мемлекеттеріміз ғана емес, жақын көршілеріміз үшін де маңызды болмақ. Және ол барлық ірі халықаралық орталықтар үшін елеулі фактор болады». Сөз жоқ, еуразиялық кеңістіктегі интеграция үдерісі бұдан әрі де тиімді дами береді. Мұндай табысты интеграциялық құрылымдарға ЕурАзЭҚ және ТМД-ның басқа да мүшелері қызығушылық танытуда. Жұртқа мәлім екеніндей, Қырғызстан басшылығының өтінішіне жауап ретінде бұл елдің Кеден одағына кіруін дайындау жөніндегі жұмыс механизмі іске қосылды. Мұндай қызығушылықты Тәжікстан да білдіріп отыр.

2011 жылғы 26 қазанда «Известияда» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына» деген бағдарламалық мақала­сы жарияланып, онда Еуразиялық эконо­ми­калық одаққа ұласатын Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің одан әрі дамуының мүмкіндіктері на­нымды түрде бейнеленді.

ЕурАзЭҚ-тың дамуының практикалық нәтижелерін бағалай келе, Қазақстан Президенті 11 жыл ішінде қоғамдастықта интеграцияның әр түрлі өлшемдердегі тиімді жылжуын қамтамасыз ететін тораптық механизмдерінің, оның ішінде, салалық деңгейде, сондай-ақ кәсіпкерлер, ғылым қайраткерлері, жастардың баста­масымен құрылған құрылымдарының қалыптасқанын атап көрсетті.

Осы мақалаға орай жазылған үнқо­суында академик Олег Богомолов Нұр­сұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық идея­сын жаңашыл сипатта және іргелі ой-құндылықтармен беріп отырғанын атап өтті. Академик Қазақстан Көшбасшы­сының біздің елдеріміздің табиғи ресурс­тарды шетте қалған экспортқа шығарушы және модернизацияның шаңында қалушы ретіндегі жағдайын орынды сынауына ерекше назар аударған. Ғалым ықпал­дастықтың әр түрлі деңгейлік сипаты мен икемділігін көздейтін интеграцияның негізгі ұстаным­дары ретіндегі толық тең­құқықтық және ерікті әріптестік идеясын қолдайды.

Белгілі ресейлік экономист, РҒА академигі Иван Ивановтың пікірінде де осындай ойлар айтылған. Ол біздің елдеріміздің инновациялық өсуінің әлеует­­терін біріктіруге және «кәсіпорын деңгейінде кәсіп­керліктің жанды ұлпа­сын» түзетін бизнес пен биліктің үнқаты­суын қалыптастыруға сүйенген Қазақстан Президенті ұстаны­мының дұрыстығын айтады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшыл­дық идеясының интеллектуалдық терең­дігі мен практикалық дамуын РҒА-ның корреспондент-мүшесі, РҒА Экономика институтының директоры Руслан Гринберг те атап көрсеткен. Ғалым ЕурАзЭҚ-тың «табыс формуласы» прагматизмді күшті әрі ғылыми еуразиялық интегра­циялық бастаманың идеологиялық құрам­дас бөлігімен біріктіруде деп біледі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Еура­зияшылдық – бұл болашақтың идеясы. Бұл бүгінгі күні жаһандануды қажет етіп отырған интеграциялық үдерістердің тәжіндегі алмас. ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ тәрізді практикалық үш құрылым – келешектегі еуразияшылдықтың құрамдас үш бөлігі. Мен түбінде үлкен еуразия­шылдық идея, Еуразия құрлығының бірлігі жеңеді деп ойлаймын».

Жақында жарық көрген «Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, вопло­щен­ный в жизнь» деп аталатын кітапта тұңғыш рет құжаттық негізде іргелес Еуразия мемлекеттерінің интеграциялық үдерістері қарастырылды және тиімді жұмыс істеп тұрған әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жобасының жүзеге асуының өзекті құралдарына айналған ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және қалыптасып келе жатқан Біртұтас экономикалық кеңістіктің дамуы талданды.

Қазақстан Көшбасшысы өрісі кең Еура­зиялық мемлекеттер одағын қалып­тас­тыру идеясын ұсынып, мұндай инте­грациялық ұсыныстың тиімділігіне іргелес мемлекет­тердің басшыларын сендіре отырып және солардың белсенді қаты­суымен осынау еуразиялық жобаны табысты түрде жүзеге асыра білді. Ой мен практиканың осындай тұтастығы және оларды сабақтас та нық сипатта ілгерілету Еуразия жобасының табысты болуын қамтамасыз етті.

Әдістемелік нұсқаулар: Қазіргі кезде посткеңестік елдер арасындағы экономикалық ықпалдасудың тиімді және тиімсіз жақтарын салыстыра отырып қарастыру.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Мансуров Т.А. Бизнес в ЕврАзЭС в условиях Таможенного союза и Единого экономического пространства. «Литер», Казахстан, 26 сентября 2011 г.

2. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии — будущее, которое рождается сегодня // «Известия», 3 октября 2011 г.

3. Лукашенко А.Г. О судьбах нашей интеграции // «Известия», 18 октября 2011 г.

Назарбаев Н.А. Евразийский Союз: от идеи к истории будущего // «Известия», 26 октября 2011 г.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 766. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия