Студопедия — Оқытудың соңғы нәтижесі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оқытудың соңғы нәтижесі.






ММУ Ф 4/3-03/02

ҚММУ БЕ 4/02

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСТИТЕТІ

 

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

 

 

 

СИЛЛАБУС

 

Молекулярлық биология және медициналық генетика

MBMG 1201

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

 

Оқу сағатының көлемі: 162

 

Курс: __1___

Семестр: __1,2___

 

 

 

Арағанды 2013 ж.


Силлабус MBMG 1201 «Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша жұмыс бағдарламасыныңнегізінде-5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған. Бекітілді 23.06.2012 ж. Хаттама № 10.

 

 

Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

«____02___»__09__ 2013 ж. Хаттама №__1__

Кафедра меңгерушісі: ______________________ Б.Ж. Құлтанов

 

 


Оқытушылар туралы мәлімет: Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі Құлтанов Берикбай Жүкенұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыстың стажы – 21 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: Құлтанов Б.Ж., гранттық қаржыландыру тақырыпы «Гельминттік инвазия кезінде молекулярлы-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін өңдеу» ғылыми – зерттеу жобасының жауапты орындаушысы.

1998 жылы Алматы қаласында «Қазақ тамақтану академиясында» Диссертациялық Кеңесте 14.00.07 – гигиена мамандығы бойынша - «Кәсіптік факторлардың әсер етуіне байланысты кеншілердің репродуктивті қызметінің бұзылуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2006 жылы - Алматы қаласында «Қазақ тамақтану академиясында» Диссертациялық Кеңесте 14.00.07 – гигиена мамандығы бойынша – «Кейбір химиялық және физикалық факторлар және олардың коррекциясы әсері кезіндегі сперматогенездің бұзылысы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 105 – ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде цитрлік Импакт-фактор басылымда, жаңа басылымға 5 патентті бар және предпатентті тапсыруға 3 оң шешім, 2 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар. «Генетика және жеке даму» орысша және қазақша кітаптардың авторы. Дәрісті, практикалық сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді.

Аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты Кислицкая Валентина Николаевна. Педагогикалық стажы - 24 жыл.

2005 жылы кандидаттық диссертация қорғады, тақырыбы: «Влияние СВЧ – излучения на окислительный метаболизм крови крыс». 42 ғылыми публикациясы бар, оның ішінде цитрлік Импакт-фактор басылымда. жаңа басылымға 2 патентті және 2 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар. «Средство подавляющее негативное воздействие хронического СВЧ- излучения» тақырыбының авторы болып табылады. «Генетика және жеке даму» орысша және қазақша кітаптардың авторы. Дәрісті, практикалық сабақтарды орыс тілінде жүргізеді.

Доцент, биология ғылымдарының кандидаты Есілбаева Баян Турдалықызы. Педагогикалық стажы – 14 жыл.

Кандидаттық диссертация қорғады, тақырыбы: «Экспериментте антракоздың дамуына антиоксиданттардың әсері». Гранттық қаржыландыру тақырыптары «Гельминттік инвазия кезінде молекулярлы-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін өңдеу» ғылыми – зерттеу жобасының орындаушысы.

Автор: 40-ғылыми еңбектің, оның ішінде цитрлік Импакт-фактор басылымда, 2- әдістемелік ұсыныс, 3 оқу-әдістемелік құралдың және «Генетика және жеке даму» орысша және қазақша кітаптардың авторы. Мемлекеттік және орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Жоғарғы категориялы аға оқытушы Мустафина Файза Хамзиевна. Педагогикалық стажы – 43 жыл. Мақала саны – 32. 1 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар. Мемлекеттік және орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Доцент, б.ғ.к. Бритько Валерий Владимирович педагогикалық стажы – 12 жыл. 2009 жылы: «Изучение механизмов нарушения сперматогенеза при токсическом воздействии несимметричного диметилгидразина (НДМГ) и на фоне алиментарного дисбаланса» тақырыбында диссертация қорғады. Ғылыми мектебі: диссертациялық жұмыстың жетекшілері: академик Кулмагамбетов И.Р., молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры Құлтанов Б.Ж., мамандығы 14.00.07 – гигиена. Жазба жұмысы – 40, патент– 1. Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Доцент қызметін атқарушы, б.ғ.к. Джангильдинова Светлана Александровна, педагогикалық стаж – 11 жыл. Диссертацияны 2009 жылы қорғады: «Биологические особенности и интродукция Serratula coronata L. в сухостепной зоне Центрального Казахстана». Гранттық қаржыландыру тақырыпы «Гельминттік инвазия кезінде молекулярлы-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін өңдеу» ғылыми – зерттеу жобаларының орындаушысы. Ғылыми жұмысы – 40, оның ішінде цитрлік Импакт-фактор басылымда. 1- ағылшын тілінде оқу-әдістемелік құралдың авторы, 1 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар. Орыс және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді және дәріс оқиды.

Аға оқытушы Татина Елена Степановна педагогикалық стаж – 6 жыл. Мақала саны – 20, оның ішінде цитрлік Импакт-фактор басылымда. 2 оқу-әдістемелік құралдың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Сезонные изменения содержания ПОЛ и СО2 в крови у степных сурков». Орыс тілінде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Аға оқытушы Калиева Гульжан Тусупжановна педагогикалық стаж – 5 жыл. 13 ғылыми мақаланың авторы, 1 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар.

Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистерлік диссертация қорғады тақырыбы: «Далалық суырдың ішкі ортасының морфологиялық және биохимиялық құрамдарының маусымдық өзгерістері». Мемлекеттік тілде дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Аға оқытушы Рогова Нелли Радиковна. Педагогикалық стаж – 3 жыл. 2010 жылы академик Б.А.Букетов ҚарМУ магистратурасын бітірді, диссертациялық зерттеу жұмыс тақырыбы: «Оценка состояния здоровья детей младших классов на основе физиологических показателей ЦНС». 14 ғылыми мақаланың авторы. Сабақты ағылшын, орыс тілдерінде жүргізеді, дәріс оқиды.

Оқытушы Кинаятов Маргулан Аскарұлы – педагогикалық стажы 2 жыл. 18 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Аудандағы қолайсыз су обьектілерінің экологиялық жағдайын бағалау». Гранттық қаржыландыру тақырыбы «Гельминттік инвазия кезінде молекулярлы-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін өңдеу» ғылыми – зерттеу жобасының орындаушысы. 1 интеллектуальдік жекеменшік сертификаты бар. Сабақты мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзгізеді.

Оқытушы Сейілханова Айгерім Әкімтайқызы – педагогикалық стажы 2 жыл. 10 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Орталық Қазақстанның кейбір ашық су қоймаларының мутагендік белсендігін анықтау». Сабақты мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде жүзгізеді.

Оқытушы Ыбраймжанова Айгерим Қайролдақызы – педагогикалық стажы 2 жыл. 12 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Өсімдіктердің экогенетикалық ресурстары мен биоиндикациялық қызметін Тараз қаласының техногенді ластануын тазартуда пайдалану». Сабақты мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзгізеді.

Оқытушы Турысбекова Шырайлым Есенгелдіқызы – педагогикалық стаж – 8 лет. 16 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Егеуқұйрықтардың аналық жыныс бездеріне ЛАТ-АОҚ жүйесінің көрсеткіштеріне СЕДМГ-нің әсерін бағалау». Халықаралық интеллектуальдік сертификаты бар. Сабақты мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзгізеді.

Оқытушы Ыбрайбеков Жанболат Габитұлы – педагогикалық стажы 3 жыл. 5 ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Биологические предпосылки эколого-ноосферного образования учащихся». Гранттық қаржыландыру тақырыбы «Гельминттік инвазия кезінде молекулярлы-жасушалық деңгейде репродуктивті денсаулық бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен қалпына келтіру тәсілін өңдеу» ғылыми – зерттеу жобасының орындаушысы. Сабақты мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзгізеді.

Оқытушы Кенжин Жандос Даутұлы – педагогикалық стаж – 1 жыл. ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылым магистрі академиялық дәрежесі бар, магистрлік диссертация қорғады, тақырыбы: «Эколого-гигиеническая оценка труда здоровья горнорабочих в условиях подземной добычи полиметаллических руд». 2013 жылы Рh-докторантураны бітірді. Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Экологическая оценка влияния нефтеного загрязнения на состояния биологического и генетического разнообразия Казахстанской зоны Каспийского моря (экспериментальді-теорилық зерттеу)». Осы жылда докторлық жұмысын желтоқсан айында қорғайды. Сабақты орыс және ағылшын тілдерінде жүзгізеді.

Байланыс ақпараты: Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы мына мекен жайда орналасқан: оқу корпусы №4, көш. Гоголя,40, тел.51-37-98. (125)

· Пәннің саясаты:

«Молекулярлық биология және медициналық генетика» пәні бойынша студенттер жалпы және медициналық генетиканың негізгі бөлімінен қазіргі кездегі оқу жүйесі бойынша білім алады. Алынған практикалық машықтар жасушада жүретін үрдістердің қалыпын және патологиясын, тұқым қуалау ауруларын, сонымен қатар хромосомалық синдром және әртүрлі патология профилактикасын анықтау кезінде нақты тапсырмаларды шешу үшін қолданылады. Пәнді оқу кезінде алынған білім медициналық жоо студенттерінің келесі пән сұрақтарын түсінуге мүмкіндік береді: физиология 1, биохимия, анатомия 1, гистология 1, жалпы патфизиология 1, фармакология 1 және басқа да клиникалық пәндер қатары. Пән бойынша теориялық материалды сапалы меңгеру үшін студенттерің жалпы биология, химия, физикадан мектеп курсы бойынша базалық білімі болуы қажет.

· Кіріспе

Молекулярлық биология нуклеин қышқылының және ақуыздардың, генетикалық материал ұйымын және қызметін, сонымен қатар жасушаның малекулярлық негіздерінің құрылысын және қызметтін, өсу процессін және жасушаның бөлінуін, дамуын органеллалар құрлысын оқытады.

Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың пайда болу және даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында медициналық генетиканы оқытуды интегрцияланған жүйеде білім беру, клетканың құрылысы мен қызметінің молекулярлық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, клетканың генетикалық ақпаратын түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты процестермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың пайда болу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай фундаментальдық дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент молекулярлық биология және медициналық генетика пәнін оқи отырып тіршілік әрекетіндегі процестердің молекулярлық және жасушалық негіздерінің бұзылуы механизмі туралы білім алады. Бұл пән биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерства және гинекологияны оқу үшін теориялық базаны құрайды.

· Пәннің мақсаты:

Ағзадағы қалыпты және патологиядағы негізгі молекулярлы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.

· Оқытудың міндеттері:

· кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық жағдайда қызметтерінің молекулярлы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің ролі туралы түсінікті қалыптастыру.

· теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

· кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға қазіргі кездегі диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

· медицинадағы молекулярлы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

· тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету

 

Оқытудың соңғы нәтижесі.

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижелері Құзіреттілігі
А Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білім мен түсінігін көрсете білу; Тіршіліктің жалпы заңдылықтарын, қалыпты және патология кезіндегі жасушаның қызметі мен құрылысын анықтау; аурулардың патогенезіндегі молекулярлық және генетикалық факторлардың ролін белгілеу; патологияның дамуындағы әр түрлі сыртқы ортаның факторларының рөлін анықтау; тұқымқуалайтын аурулардың симптоматикасын сипаттау. 1, 2, 4
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; Тұқымқуалайтын ауруларды диагностикалау кезінде әдістерді қолдану үшін ұсыныстар беру; адамның көбірек тұқымқуалайтын ауруларының таралуын жіктеу; ситуациялық-генетикалық есептерді шешу; оқылатын тақырыптар бойынша презентациялар және рефераттарды безендіру, арнайы анықтамалық материалдарды қолдану. 1,2,3,5,6
С Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу; Әртүрлі хромосома типтерін дифференциалау; қалыпты немесе патология болуы туралы қорытынды жасау; адам кариотипінің қалыпты және патологиясын салыстыру; патологияның пайда болу себептерінің мүмкіндіктерін түсіндіру. 1,2,4,5
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру; СӨЖ бойынша презентациялар және баяндамаларды безендіру үшін ағзадағы негізгі молекулярлы-генетикалық және генетикалық механизмдері бойынша ақпараттарды жинауға қабілетті; ғылыми әдебиеттер және оқу жұмысы кезінде теориялық және тәжірибелік медицинада, технологияларда қазіргі кездегі әдістерді қолдану туралы көзқарастарды қалыптастырады.   1,2,3,5,6  
E Ақпараттарды, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау. биохимия, гистология-1, микробиология, патологиялық физиология-1, фармакология-1, физиология-1, ішкі аурулар пропедевтикасы, балалар ауруы, неврология, психиатрия, наркология, акушерлік және гинекология пәндерін меңгеру кезінде жасушаның қалыпты және патологиялық құрылысын, жасушаның химиялық құрамын, тұқымқуалайтын және тұқымқуламайтын ауруларды жіктеуді, ағзаның дамуындағы негізгі тетіктеріді білу. 1,2,3,5,6

Құзыреттіліктің тізімі: 1. Жалпы біліктілігі. 2. Биомедициналық ғылымды оқу. 3. Коммуникативті дағдылар 4. Дағдылардың үнемі шыңдалуы 5. Ғылыми зерттеудің дағдылары 6. Топпен жұмыстағы дағдылар 7. Кәсібилілік 8. Клиникалық дағдылар немесе дәрілермен қамтамасыз ету сферасы немесе профилактикалық медицина және қоғамдық денсаулықты басқарудың дағдысы (мамандықтарына сәйкес).

 

Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі: жалпы биология, химия мектептегі курсы, медициналық биофизика.

Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология 1, микробиология, физиология 1, патологиялық физиология 1, фармакология 1, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, акушер-ісі және гинекология.

• Пәннің қысқаша мазмұны: Молекулярлық биология белоктардың, нуклеин қышқылдарының, матрица синтезін және генетикалық материалдың қызметі мен ұйымын, құрылысы және қасиетін зерттейді. Клетканың молекулярлық құрылысы және қызметін және олардың органелласын, клетканың жетілуін, бөлінуін, өсу процесстерін және жойылуын қарастырады.

Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың дамуын және пайда болуының себептерін, оларды диагностикалық, алдын-алу және емдеу жолдарын оқытады.

• Тақырыптық жоспары:

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі Ұзақтығы
1. 2. 3. 4.
  Молекулярлық биологияға және медициналық генетикаға кіріспе. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Жасуша биомембранасының молекулярлық құрылысы және қызметі. дәріс-визуализация 1 сағат
  Мембрана арқылы жасушаішілік тасымалдаудың негізгі түрлері дәріс-визуализация 1 сағат
  Жасушаішілік органеллалар құрылысы және қызметі. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Цитоқаңқаның құрылымдық ұйымы және қызметі. дәріс-визуализация 1 сағат
  Жасушааралық сигнализацияның және интеграцияның молекулярлық механизмдері мәселелік 1 сағат
  Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі, қызметі. мәселелік 1 сағат
  Ген туралы түсінік. Жасушаның генетикалық аппараты дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Нуклеин қышқылдарының биосинтезі. ДНҚ репликациясы. мәселелік 1 сағат
  Ақуыздар, құрылысы, жіктелуі, қызметі. дәріс-визуализация 1 сағат
  Генетикалық код. Генетикалық код туралы түсінік, қасиеті. Ақуыз биосинтезі. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Апоптоз. Апоптоздың биологиялық ролі мәселелік 1 сағат
  Апоптоздың молекулярлық механизмдері. Патология кезіндегі апоптоз. дәріс-визуализация 1 сағат
  Жасушалық цикл. Жасушалық циклдің реттелуі. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Жасушаның бөліну түрлері. Митоз. дәріс-визуализация 1 сағат
  Генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз. дәріс-визуализация 1 сағат
  Адам геномының молекулярлы-генетикалық зерттеулері дәріс-визуализация 1 сағат
  Проэмбриональді дамудың генетикасы. мәселелік 1 сағат
  Эмбриональді дамудың генетикасы. мәселелік 1 сағат
  Мутагенез. Мутагендік факторлар. мәселелік 1 сағат
  Канцерогенез. Қауыпті ісіктердің генетикасы дәріс-визуализация 1 сағат
  Тератогендік факторлар, дамудағы туа біткен ақаулар. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Белгілердің тұқымқуалау типтері және варианттары. Жыныс генетикасы. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Адам генетикасының негізгі әдістері. дәріс-пікірталас 1 сағат
  Гендік мутацияның патологиялық эффектері. мәселелік 1 сағат
  Гендік аурулар. нақты жағдайларды талдау дәрісі 1 сағат
  Хромосомалық мутацияның патологиялық эффектері. мәселелік 1 сағат
  Хромосомалық аурулар. нақты жағдайларды талдау дәрісі 1 сағат
  Адам патологиясындағы гомеостаз және оның көрінуі. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Гендік және хромосомалық ауруларды алдын–алу және лабораториялық диагностикалау әдістері. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Адам геномы. Адамның ДНҚ-ның құрылымдық класстары. дәріс-визуализация 1 сағат
  Зерттеудің қазіргі кездегі молекулярлы-генетикалық әдістері. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Фармакогенетика. Фармакологиялық реакциялардың варианттары. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Экогенетика. Популяциялық генетика. дәріс-әңгімелесу 1 сағат
  Барлығы   36 сағат

Тәжірибелік (және/немесе семинарлық, зертханалық) сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі Ұзақтығы
1. Молекулярлық биологияға және медициналық генетикаға кіріспе. Микроскопилеу техникасы. тәжірибелік 2 сағат
2. Жасушалық мембрананың молекулярлық құрылысы және функциональдық компоненттері. тәжірибелік 2 сағат
3. Жасушаішілік тасымалдаудың молекулярлық механизмдері. семинарлық 2 сағат
4. Жасушаішілік органеллалардың құрылысы және қызметі. Жасушааралық байланыстар. тәжірибелік 2 сағат
5. Сомалық жасушаларды микроскоппен зерттеу зертханалық 2 сағат
6. Жасушаға сигналды берудің молекулярлық механизмдері. Жасушаішілік сигнализацияның негізгі механизмдері семинарлық 2 сағат
7. Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі. тәжірибелік 2 сағат
8. Жасушадан тыс нуклеин қышқылдарын анықтау. зертханалық 2 сағат
9. Ақуыз құрылысы және қызметі. Ақуыз фолдингі. семинарлық 2 сағат
10. Генетикалық код. Ақуыз биосинтезі. ДНҚ репликациясы тәжірибелік 2 сағат
11. Эндогендік интоксикацияның дамуы кезіндегі олигопептидтердің (МСМ) санын анықтау зертханалық 2 сағат
12. Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуінің молекулярлық механизмдері Командалық бағытталған оқыту - TBL (Team based lerning) 2 сағат
13. Бөлім бойынша соңғы сабақ – коллоквиум семинарлық 2 сағат
14. Жасушалық цикл. Жасуша бөлінуінің түрлері. Митоздың биологиялық ролі. Пресс-конференция 2 сағат
15. Генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоз. тәжірибелік 2 сағат
16. Апоптоз кезіндегі молекулярлық жағдайлардың жалпы сипаттамасы. Пресс-конференция 2 сағат
17. Табиғаты әртүрлі агенттердің мутагендік әсерлерін микроядролық тест әдісімен анықтау. зертханалық 2 сағат
18. Адам геномының сипаттамасы. Генетикалық маркерлер. семинарлық 2 сағат
19. Жеке даму генетикасы. Проэмбриональді даму Топпен бағытталған оқыту -TBL (Team based lerning) 2 сағат
20. Жеке даму генетикасы. Эмбриональді даму тәжірибелік 2 сағат
21. Мутациялық өзгергіштік. Мутагенез. Мутагендік факторлар. Мутация типтері. Репарация. Пресс-конференция 2 сағат
22. Канцерогенез. Онкогендер туралы қазіргі кездегі көзқарастар және олардың ісік процесіндегі ролі. семинарлық 2 сағат
23. Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы. Пресс-конференция 2 сағат
24. Патологиялық жағдайды кристаллографиялық талдау арқылы зерттеу. зертханалық 2 сағат
25. Бөлім бойынша соңғы сабақ – коллоквиум семинарлық 2 сағат
26. Белгілердің тұқымқуалау типтері. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі.   генетикалық есептерді шығару 2 сағат
27. Белгілердің тұқымқуалау типтері. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі.   генетикалық есептерді шығару 2 сағат
28. Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Гендік аурулар. семинарлық 2 сағат
29. Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Хромосомалық аурулар. Топпен бағытталған оқыту -TBL (Team based lerning) 2 сағат
30. Сомалық жасушалардың хромосомасындағы құрылымдық бұзылыстарды кариотиптеу әдісімен зерттеу. зертханалық 2 сағат
31. Буккалді эпителийде жыныс хроматинін анықтау. зертханалық 2 сағат
32. Қол саусақтары мен алақан терілерінің өрнектерін дерматоглифика әдісімен зерттеу. зертханалық 2 сағат
33. Бөлім бойынша соңғы сабақ – коллоквиум семинарлық 2 сағат
34. Медициналық және фармакологиялық зерттеулерде ДНҚ-диагностикалау әдісін қолдану. семинарлық 2 сағат
35. Экогенетика негіздері. Популяциялық –генетикалық зерттеулер. тәжірибелік 2 сағат
36. Бөлім бойынша соңғы сабақ – коллоквиум семинарлық 2 сағат
  Барлығы: 72 сағат

Консультация уақыты:

Консультациялар кафедраның белгілеген кестесіне сай күделікті өткізіледі.

 

Межелік бақылаудың уақыты (1 және 2 семестр):

 

Мамандығы Курс/поток/ топ Пән Апта/күні Уақыты
Жалпы медицина 1 курс,   Молекулярлық биология және медициналық генетика 1-рубеждік бақылау –   2-рубеждік бақылау-      
Жалпы медицина 1 курс,   Молекулярлық биология және медициналық генетика 1-рубеждәк бақылау –   2-рубеждік бақылау -      

 

Қорытынды бақылау уақыты календарлық жоспар бойынша







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2270. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия