Студопедия — Мұнай және оның қасиеттері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мұнай және оның қасиеттері






Мұнай – сұйық каустоболиттер қатарына жататын табиғи ішкі зат. Мұнай ашық сары, жасыл және қоңыр, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі құрамындағы элементтерге байланысты. Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы, Азербайжан мемлекеттеріндегі Сурахана кен орнынан ақтүсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша айтқанда мұнай тектерінің өзгеріске ұшырауынан пайда болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (мииграция) арқылы шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.

Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық (Cn H2n + 2), нафтендік (Cn H2n), ароматтық (Cn H2n - 6) қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстардың қоспаларынан тұрады. Мұнай құрамындағы шекті көмірсутектері (парафиндер) метаннан (CH4), этаннан (C2 H6), пропаннан (C3 H8), бутаннан (C4 H10), бастап гексакантанға (C60 H122), дейінгі көмірсутектерінен тұрады. Ароматтық көмірсутектері: бензол (C6H6), мен дефелиннің (C6 H5), туындылары. Бұларда нафталин (C10 H8), сияқты қоюланған жүйелер де ұшырайды. Нефтендер шекті және ароматтық көмірсутектер аралығынан орын алады. Мұнайда 82,5 - 87% - ке дейін көмірсутек, 11,5 – 14,5 % сутек кездеседі.

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Бұл көрсеткіш тұщы судың тығыздығымен 1г (см3) салыстырылады. Салмағына қарай мұнай ауыр және жеңіл мұнай деп екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы 0,9 г/см3 – дейінгі, ал ауыр мұнай қатарына тығыздығы 0,9 г/см2 – ден жоғары мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ауыр мұнайлар 100 0 С – ден жоғары температурада қайнай бастайды. Мұнай құрамында 0,001 – 5,3%, кейде одан да жоғарылау мөлшерде күкірт, 0,001 – 1,8% азот, 0,7% оттегі, 10% - тен көбірек парафин, 35%-ке дейін (әдетте 5 - 10%) асфальт – шайырлы заттар болады. Мұнайдың құрамын зерттеу мақсатында элементтік және фракциялық анализдер қолданылады. Фракциялық құрамына байланысты мұнай бензинді – керосинді және бензинсіз болып ажыратылады. Табиғатта метанды, метан – нафтинді, аз күкіртті және құрамында 2% - ке дейін күкірті бар мұнайлар көбірек тараған. Негізінде мұнай өз денесінен электр тогын нашар өткізеді, көбінесе өткізбейді. Мұнай суда ерімейді, бірақ тұрақты эмульсия құруы мүмкін. Мұнайдың жылу бөлгіштік қабілеті 10400 – 11000 ккал/кг шамасында, бұл ең жоғары жылу беретін отын қатарына жатады.

Жер қойнауындағы мұнайдың физикалық жағдайын оны жер бетіне шығарғандағы қасиетімен салыстыруға болмайды. Себебі, жер астында мұнай шығаруға температура және қабат қысымымен байланысты сақталады. Ал, оны жер үстіне шығарғанда температура төмендейді, қысым жойылады, мұнайдан газ бөлініп шығады, мұнайдың көлемі кішірейеді.

Мұнайдың қабат бойындағы физикалық қасиеттерін білу, әсіресе мұнай қорын есептеу, мұнай өндірудің технологиялық схемаларын орындау, техникалық және технологиялық шараларды іске асырып, меңгеру жұмыс салаларында өте қажет.

Жер қойнауындағы мұнай көлемінің жер бетіне шығарғандағы көлеміне қатынасы – мұнайдың көлемдік коэффициенті деп аталады. Ол былай жазылады.

 

b = Vпл/Vнор (2.1)

мұндағы, b – мұнайдың көлемдік коэффициенті;

Vпл мұнайдың қабат бойындағы көлемі, м3;

Vнор – мұнайдың жер бетіне шығарылғандағы көлемі, м3

Бұл коэффициент арқылы жер бетіне шығарылған 1 м3 мұнай жер астына қандай орын алатынын білуге болады. Көп жағдайларда бұл коэффициенттің мазмұны 1 – ден артық болып, 3 – ке жетуі де мүмкін.

Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі – тұтқырлық. Мұнай тұтқырлығының өндіріс саласындағы маңызы өте зор. Ол арқылы мұнай өндіру үрдісімен, оны құбыр арқылы айдағанда жұмыс қарқынына көптеген әсер келтірілгені белгілі. Тұтқырлығы төмен, жеңіл, сұйық мұнайлар құбыры арқылы тез өтеді, ал тұтқырлығы басым, қою мұнайды өндіру, жинақтау, құбыр арқылы жүргізу жұмыстары көптеген қосымша еңбекті керек етеді.

Негізінде мұнайдың тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар – оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Мұнайдың температурасы әр түрлі болып келіп, үлкен кезекте орын алады. Мысалы, Горзныйдағы парафинді мұнай 110С салқындықта тоңазып қоюланады да жылжып ақпайтын жағдайға келеді. Ал, сол кен орнының парафиннің мұнайы 190С салқындықта да сұйық күйінде сақталады. Маңғышлақтағы Жетібай және Өзен алаңдары мұнайының парафині көп болғандықтан + 340С жылылықта қоюланып, жылжып ақпайтын жағдайға келеді т.б.

Мұнай кейбір органикалық – бензин, хлопофарм, эфир сияқты ерітінділерге тез ериді. Сонымен бірге ол йод, күкірт каучук, шайыр, өсімдік майлары ерітетін еріткіш ретінде пайдаланылады. Бірақ мұнай суда ерімейді. Бұл қасиет жер қойнауынан қосымша мұнай өндіру жұмыстарында қабатқа су айдау процестерінде мол қолданылады, оның мұнай бергіштік коэффициентін өсіруде пайдасы мол.

НӘ /1, 2/, ҚӘ /1/

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнайдың физикалық қасиетін атаңыздар?

2. Мұнай мен газдың қаситеттерін ата?

3. Мұнайдың негізгі қасиеттерінің бірі- тұтқырлық, оны қалай түсінесіз?







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 5566. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия