Эксплуатационная коллона – пайдалану құбырыНКТ – насосно компрессорные трубы – сорапты компрессорлы құбыр Мұнай өндірудің негізгі 5 түрі бар:
Ұңғымадан бір тәулік уақытта өндірілген сұйық мөлшерін өнім (дебит) деп атайды. Белгіленуі: Q, өлшем бірлігі: т/сут, т/тәу. добыча - өндіру разработка – игеру дебит -өнім эксплуатация – пайдалану Жер астынан(қабаттан) мұнай мен сұйық (газ, су) өзінің табиғи энергиясымен, өз күштерімен жер бетіне шығуын фонтанды әдіспен пайдалану әдіс деп атайды. Мұнай және газ ұңғымаларын фонтандық,газлифтілік әдістермен пайдалану кезінде жер бетінде және ұңғыма түбіне түсірілетін құрал –жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген тәртіпте керекті шығынды өндіру;ұңғымада өткізілетін технологиялық үрдістерді қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын қамтамасыз етуі қажет. Болаттан жасалған әр түрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар НКТ-СКҚ ретінде қолданылады.Олардың меншікті диаметрлері 28-ден114 мм –ге дейін, қалыңдығы 3-8 мм. Меншікті диаметр ретінде құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60немесе 73 мм (ішкі диаметрі 50,3 және 62мм). Ұңғыма сағасын саңылаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін, оның пайдалану тәртібін бақылау үшін фонтандық арматура арналған.Олар 7,14,21,35,70 және 105МПа қысыммен жұмыс істейді. Фонтандық арматура, фонтандық шырша және құбыр басынан тұрады. Олар тройникті және крестовинді болып екіге бөлінеді.
|