Студопедия — Тақырыбы: Ұңғыма конструкциясы және оның түп маңы бөлігінің конструкциялары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырыбы: Ұңғыма конструкциясы және оның түп маңы бөлігінің конструкциялары






 

Жұмыстың мақсаты: Ұңғыма конструкциясын жобалауды үйрену

Жұмыстың тәртібі: Шегендеу құбырларын цементтеуді есептеу.

 

Ұңғыма конструкциясының негіздемесі мен есебі, ұңғыма құрылысына арналған техникалық жобасының негізгі бөлімдерінің бірін құрайды.

Ұңғыма конструкциясын нақты бұрғылаудың геологиялық шарттарына сәйкес, белгіленген аймақта жасақтайды және белгілейді.
Ол алға қойған мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету керек, яғни жоспарланған тереңдікке қол жеткізу, мұнай-газ жатынын ашып және ұңғымадағы зерттеулер мен жұмыстар кешенінің өткізілуін, және оның кен орнын игеру кезіндегі қолданылуын қамтамасыз ету керек.

Ұңғыма конструкциясы геологиялық қиманың қиындығына, бұрғылау әдісіне, ұңғыманың қолданылуына, өнімді қабатты ашу әдісіне және басқа да факторларға байланысты. Бұл Мұнай және газ кәсіпшілігіндегі Ережелердің талабын және де жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қанағаттандыру керек.

Ұңғыманың жобаланған конструкциясына және геологиялық талаптарға сәйкес келуіне, беріктік, ұзақ уақыт қолданылуы, өнімділігі және ұңғыма құрылысының құны тәуелді болады.

Ұңғыманы жобалаған кезде құрылысын арзандату үшін және төнетін қауіп мөлшерін азайту үшін, ұңғыма құрылысы төңірегінде жиналған тәжірибені және соңғы техника-ғылымның жетістігін пайдалануға тырысады.

Жобаның бір бөлімінде, ұңғыманы бекіту тақырыбы бойынша келесідей сұрақтар қарастырылады:

Өнімді қабатты ашу әдісінің және ұңғыманың түп аймағы конструкциясының негіздемесі;

шегендеу құбырларын беріктікке тексеру есебі және бағандарды секцияларға жіктеп, топтау үшін шегендеу құбырларын таңдау;

шегендеу құбырларының цементтеу интервалын мұнай және газ кәсіпшілігіндегі қауіпсіздік Ережелерімен сәйкес орнату;

шегендеу құбырларын цементтеуді есептеу.

Аталған мәселелердің ішінен біз әзірше ұңғыма конструкциясының негіздемесіне тоқталамыз. Өз кезегінде ол екі бөлікке айырылады:

ұңғы оқпанын бекіту үшін шегендеу құбырының қажетті санын және түсіру тереңдігін анықтау;

шегендеу құбырларын және қашаудың диаметрлерін келістіру.

Ұңғыма конструкциясын жобалау үшін негізгі ақпарат, жобаны қаржыландырушы тапсырыс берушіден түседі. Ол келесі мәліметтерді қамтиды:

-ұңғыманың тағайындалуы және тереңдігі;

-жобаланған горизонт және коллектор-жыныстың сипаттамасы;

-ұңғыманың орнатылған жеріндегі, мүмкін болатын қиыншылықтары аймағының және қабат қысымы, интервал бойынша қабатты сұйықпен жару қысымы көрсетілген геологиялық қима;

-пайдалану бағанының диаметрі немесе ұңғыманың соңғы диаметрі, егер пайдалану құбыры түсірілуі қарастырылмаған болса.

Пайдалану құбырының диаметрін тапсырушы беруші өзі береді. Ол өндіру ұңғымасының күтілетін дебитін және ұңғыма жабдығының сыртқы өлшемдерін ескере отырып тағайындалады. Егер де жобада ұңғыманы пайдалану бағанымен жабдықтау қарастырылмаса, ұңғыманың ашық оқпанының соңғы диаметрі, приборлардың және инструменттердің ұңғы оқпаны бойымен кедергісіз өтуі арқылы анықталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Өнімді қабатты ашу әдісінің және ұңғыманың түп аймағы конструкциясының қандай негіздемесін білесіңдер

2. Шегендеу құбырларын цементтеуді есептеу.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 6332. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия