Студопедия — Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тыныс алу ағзалары аурурларының жіктелуі






І. Жоғары тыныс жолдарының аурулары:

1. ринит

2. фарингит

3. ларингит

4.трахеит

ІІ. Бронхиттер

1. Өткір бронхит

2. Обстуктивті бронхит

3. Бронхиолит

ІІІ. Пневмониялар

1. Ошақты бронхопневмония

2. Сементті (полисегментті) пневмония

3. Крупозды пневмония

4. Интерстициальді пневмония

ІҮ;.Бронх демікпесі

Кішкентай балаларда жоғары тыныс жолдарының ауруларынан жиірек байқалатындары: ринит, ринофарингит, ларингит, ларинготрахеит. Бұл аурулардың қоздырғыштары негізінен вирустар (грипп, парагрипп вирустары, аденовирустар, риновирустар) және микроорганизмдер (стрепто, пневмо, стафилококтар т. б.) болып табылады.

Р и н и т, р и н о ф а р и н г и т. мұрын қуысының қабынуы (ринит) көбінесе ринофарингит (мұрын қуысының және жұтқыншақтың қабынуы) түрінде өтеді, өйткені қоздырғыш мұрын қуысынан жұтқыншаққа тез тарап, қабындырады. Белгілері: баланың мұрны бітіп, дем алуы және емуі қиындайды, кейіннен іріңді шырыш ағады, түшкіреді. Фарингит белгілері қосылғанда тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел пайда болады, тамағы ашып ауырады. Дене қызуы нормада немесе субфебрильді.

Асқынулары – инфекцияның әрі қарай тарап, көмей, кеңірдек, бронх, өкпе қабынуларына әкеп соғуы.

Ө т к і р л а р и н г о т р а х е и т т е р, л а р и н г и т. Өткір ларингит көмейдің, ларинготрахеит көмей және кеңірдектің өткір қабынуы. Ауру жедел басталады, дене қызуы көтеріледі, дыбыс желбезектерінің ісініп, өзгеруімен байланысты баланың дауысы қарлығып, өзгеріп шығады. Қарлығыңқы, «иттің үргеніне» ұқсас құрғақ жөтел пайда болады. Экссудативті диатезі бар балаларда дыбыс желбезектерімен қатар, қабыну -желбезектердің астындағы жұмсақ ұлпаға тарап, дыбыс саңылауы қатты тарылады да,-«жалған круп» деп аталатын асқыну пайда болады. Круп 4 дәрежеде өтеді:

1-дәрежеде - жеңіл түрі

2- дәрежеде - орташа ауыр түрі

3-дәрежеде – ауыр түрі

4- дәрежеде - өте ауыр түрі

Круптың белгілері өткір тыныс тапшылығы белгілерімен сипатталады: көгеру, қабырғааралық бұлшық еттердің ішке тартылуы, тахипноэ, тахикардия анықталады. 3-4 дәрежелерінде асфиксия басталып, брадикардия одан кейін тыныс мүлде тоқтап, жедел көмек көрсетілмесе бала өліп кетеді.

Өткір трахеобронхит. Өткір трахеобронхит – кеңірдек пен бронхтардың өткір қабынуы. Себептері жоғарыда көрсетілгендей.

Белгілері: ауру жедел басталады, көбінесе алғашқы күндері ринит, ринофарингит белгілері байқалады да, кейіннен трахеобронхиттің негізгі белгісі үдей түседі. Бастапқыда құрғақ жөтел жиі- жиі қайталанып, баланың қатты мазасын алады, баланың тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, дене қызуы көтеріледі. Соңынан жөтел ылғалданып, қақырық пайда болады, бірақ балалардағы ерекшелігі - қақырықты тастай алмай, жұта береді.

Ауру баланы тыңдап көргенде - құрғақ, ызыңдаған, ысылдаған сырылдар және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естуге болады. Фондық аурулары бар балаларда трахеобронхиттер ұзағырақ, ауырақ өтіп, кейде өкпе қабынуымен асқынады.

Өте майда бронх тарамдарының - бронхиолалардың қабынуы- бронхиолит деп аталады. Оның клиникалық белгілері: баланың жалпы жағдайы ауыр, тахипноэ 60-80 рет минутына, ентігу, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі, мұрын желбезектерінің желпілдеуі.

Тыңдап көргенде: өкпеде әр түрлі құрғақ сырылдармен қатар өте көп, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Осындай клиникалық белгілер пневмонияларда байқалады, сондықтан оларды бір- бірінен ажырату үшін рентген тексерістер жүргізіледі.

Емдеу. Ринофарингитте мұрын арқылы дем алуын жеңілдету үшін дәрілер тамызу - адреналин 1:1000 әр танауға 2 тамшыдан емізер алдында, нафтизин 0,05% - 0,1% 2-3 тамшыдан күніне екі рет қолданылады. Одан кейін протаргол 1%, эфедрин 1%, 0,1% риванол, 20% сульфацил-натрий ерітінділері тамызылады. Жылытатын процедуралалар, витаминдер комплексі тағайындалады. Фарингитте - фарингосепт, ингалипт; құрғақ жөтел болғанда - либексин, тусупрекс, 2 жастан асқан балаларға глауцин беріледі.

Ларингитте - жиі - жиі жылы сусындар ішкізу, содалы ингаляция - тамақты булау, қыша қағазын қою, жөтелді жұмсартатын және қақырықты жібітетін дәрілер - мукалтин, бромгексин, термопсис, алтей тамыры және "өгей шөп" (мать- мачеха) сияқты шөп дәрілердің қайнатпалары, антигистаминді дәрілер, бром препараттары беріледі. Ішуге бронхолитин немесе солутан; эфедрин, эуфиллин ингаляция арқылы тағайындалады.

Ларингоспазмдағы жедел жәрдем:

1- ші дәрежесінде - тамақты булау ингаляция, аяқтарына жылы ванна немесе қыша қағазын қою көмек көрсетеді.

2 - ші дәрежесінде - осы әрекеттермен қатар дегидратациялық ем жүргізу қажет болады: 20% глюкозаны, 10% кальций глюконатын, 2,4 % эуфиллинді көк тамырға, антигистаминді дәрілерді бұлшық етке егу.

3 -ші - дәрежесінде - аталған әрекеттерге, емге гормондар преднизолон 2 - 3 мг /кг, антибиотиктер қосылады.

Ларингоспазмның 3-4 - ші дәрежелерінде бірінші көмек көрсеткеннен кейін баланы тез арада аурухананың реанимация бөліміне жеткізу қажет, өйткені жоғарыда айтылған әрекеттер балаға әсер етпей өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда баланың өмірін тек т р а х е о с т о м и я жасау арқылы ғана сақтап қалады (кеңірдекті тесіп, түтік арқылы дем алдыру).

Өткір бронхиттердегі ем - симптомдарына сәйкес жүргізіледі: таза ауада көбірек болу, ауыз мұрын қуыстарына күтім жасап тұру; қақырықты жібітетін дәрілер (натрий гидрокорбанаты, нашатыр - анис тамшылары 1 тамшыдан әр жасына); жылы сусындар ішкізу (минералды жылы сулар, әсел қосқан жылы сүт); қақырық түсіретін дәрілер (термопсис, алтей тамыры, мукалтин т.б); антибиотиктер, витаминдер жиынтығы, физио - ем тағайындалады.

Б а с п а л а р. Баспа бұл таңдай (бадамша) бездерінің өткір қабыну белгілерімен, интоксикация белгілерімен сипатталатын ауру.

Қоздырғыштар: стафилококтар, стрептококтар. Баспалар 1 жасқа дейінгі балаларда сирек кездеседі, өйткені оларда таңдай бездері жақсы жетіліп, дамымаған. Баспалардың клиникалық түрлері көп, балаларда соның ішінде негізінен 3 түрі байқалады: катаральды, фолликулярлы және лакунарлы баспалар.

К а т а р а л ь д ы баспаларда таңдай бездері, кішкентай тілшік, тілшік имектері, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып, ісінеді. Бала тамақ ішкенде, жұтынғанда тамағы ауырады, дене қызуы көтеріледі, ұйқысы бұзылады.

Ф о л л и к у л я р л ы баспаларда - аталған белгілермен қатар бездердің фолликулаларында ірің пайда болады, оны тексеріп қарағанда бездердің үстінде нүкте тәрізді көрініп тұрады. Қабыну процессі бездердің тінін түгел қамтиды, сондықтан осы баспалардың ішінде ең ауыр түрі есептеледі.

Л а к у н а р л ы баспаларда бездер ісініп, қызарады, без қатпарларында (лакуналарда) ірің жиналады,қарап көргенде көзге байқалмуы да мүмкін, ал безді шпательмен басып көргенде қатпарларындағы ірің шығады.Іріңді баспаларда катаральды баспаға қарағанда баланың жағдайы да ауырлау болады; жоғары температура 38,5-40 С дейін,тамағы жұтындырмай ауырады, су да жұта алмай қалады,мойын сыртындағы лимфа бездері мен жақ асты бездері де ісініп ауырады. Организмнің улану белгілері анықталады: басы ауырады, бүкіл денесі дел- сал болып,ұйқысы бұзылады, еріндері кезеріп, көп шөлдейді.

Диагнозды анықтау үшін негізінен клиникалық белгілеріне сүйенеміз және қарапайым баспаларды жұқпалы аурулардағы баспалардан ажырату үшін міндетті түрде жұтқыншақтан бактериологиялық тексеріске жағынды алынады, дифтерия, скарлатина ауруларынан ажырату үшін.

Емдеу. Ауру баланы оңашалап, диагноз анықталғанша бөлек күтім, ем жүргізу қажет.

1. Интоксикация белгілері жойылғанша төсек режимі тағайындалады.

2. Тамақты жиі -жиі, әр 2-3 сағат сайын жылы дезифекциялаушы ерітінділермен шаю керек- фурациллин, әлсіз перманганат калий ертінділері, ромашка, эквалипт, календула қайнатпалары т.б

3. Жұтқыншақтан жағынды алып болғаннан кейін антибиотиктер тағайындалады.Алдымен қоздырғыштың сезімталдығын анықтап алып, антибиотик он күн бойы аурудың ауырлығына қарай түрлі дозаларда егіледі. Антибиотикке сезімталдықты анықтауға мүмкіндік жоқ болса, пенициллин тобындағы антибиотиктерден бастаған дұрыс. Бала температура түскенше төсек режимін сақтап, 10 күнге мектептен босатылады.

4. Симптомдық ем және дезинтоксикация (негізінен сусындарды жылы түрінде ауыз арқылы жиі ішкізіп тұру арқылы) жүргізіледі.

Созылмалы тонзиллит. Жиі қайталана беретін баспалардан кейін пайда болады. Таңдай бездері ісініп, үлкейеді, қатпарларында ірің анықталады, организмнің жалпы улану белгілері пайда болады: субфебрильді температура, тез шаршағыштық, бас ауыру, аяқ - қолдарының қақсап ауыруы, жүрек тұсының жиі шаншуы.

Балаға уақтылы тағайындалып, ем жүргізілмесе - ревматизм, гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит сияқты асқынулары пайда болады. Созылмалы тонзиллиттердің емі баспалардағыдай. Ауру жиі қайталана берсе, асқынулар басталу қаупі төнсе, маман дәрігердің (ЛОР) кеңесінен кейін операциялық ем - т о н з и л л о э к т о м и я жүргізіледі.

Алдын алу:

-Баспаларды дер кезінде емдеп тұру.

- Балаларды "Д" есепке алып, сауықтырып тұру.

- Баланың жалпы қорғаныш күштерін арттыру, жасынан шынықтыру.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 6067. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия