Студопедия — Пневмониялар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пневмониялар






Ө т к і р п н е в м о н и я. Пневмония - өкпе қабынуы, балалардың тыныс алу ағзалары ауруларының ішінде ауыр өтетін түрі және балалар өлімінің себепшісі ретінде (әсіресе 2 жасқа дейін) алдыңғы орындарда тұр. Өткір пневмония өкпе ауруларының арасында ең жиі кездесетін түрі (80%).

Себептері:

- Баланың организмінің қорғаныш күштерінің төмендігі әсіресе фондық аурулары бар балалар үшін өте қауіпті.

- Кішкентай балалардың тыныс алу ағзаларының АФЕ - лері.

- Баланы тамақтандырудағы кемшіліктер (ерте аралас және қолдан тамақтандыруды бастау).

- Баланың күтімінің, үй тұрмыстық жағдайлардың нашарлығы.

- Қатты суықтану факторлары.

Клиника. Өткір пневмония бастапқыда жоғарғы тыныс жолдарының қабыну белгілерінен басталады: мұрны бітіп, түшкіреді, мұрын арқылы дем алуы қиындайды, жөтеледі. 2- 3 күн өткен соң дем алысы жиілейді, бала жылаған кезде ауыз-мұрын үшбұрышы көгереді, баланың ұйқысы бұзылып, қатты мазасызданады. Тексеріп көргенде өкпеде перкуссия арқылы қорапты перкуторлы дыбыс анықталып, аускультация арқылы дымқыл сырылдар естіледі. Дұрыс ем жүргізілсе, баланың жағдайы тез жақсарып кетеді, ал емі кеш басталса, немесе баланың фондық аурулары болса, ауру әрі карай қыза түседі. Дене қызуы 38-39° С дейін көтеріледі. Ентігу, ауыз, мұрын үшбұрышының көгеруі,- жыламаса да байқалады, тері қабаты бозарады. Мұрын желбезектерінің желпілдеуі, дем алысы кезінде көкірек клеткасының бұлшық еттерінің ішке қатты тартылуы, ыңқылдап, қиналып дем алуы сияқты белгілер қосылады. Өкпені тыңдап көргенде — майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Асқынбаған пневмониялар дер кезінде дұрыс емделсе, бала 2 аптаның ішінде тәуір болады.

Асқынған пневмониялар кішкентай балаларда өте ауыр түрде өтеді:

Кардиоваскулярлы синдроммен асқынған түрі жүрек тарапынан өзгерістермен сипатталады: жалпы цианоз пайда болады, ентігу, қан қысымы төмендейді, жүрек шекарасы ұлғайып, бауыр ісінеді.

Нейротоксикозбен асқынған түрінде — бала есін жоғалтады, құрысып-тырысу байқалады.

Абдоминальды синдромда — құсу, іш өту, организмнен су жоғалту (эксикоз) белгілері анықталады.

Стафилококты пневмониялардағы ірінді асқынулар: өкпеде ірінді куыстар пайда болу (өкпе абсцессі), плевра қуысына ірің, ірің мен ауа жиналу (пиоторакс, пио пневмоторакс) баланың жағдайын ауырлата түседі.

Стафилококты пневмониялар көбінесе жаңа туылған және шала туылған балаларда, 3 айға дейінгі балаларда кездеседі. Аты көрсетіп тұрғандай стафилококтармен шақырылады, қоздырғыштардың қасиеттерімен байланысты іріңді асқынуларымен сипатталады, ауыр өтеді. Өкпеде іріңді ошақтар, іріңді куыстар (б у л л а л а р) пайда болады. Бұл буллалар жарылып ары қарай асқынған жағдайда, ірің және ауа плевра қуысына жиналады — пио және пиопневмоторакс, плевра қабаттарының қабынуы — плеврит анықталады. Стафилококты пневмониялардан кейін балалар өлімі де жиі болады.

Жаңа туылған балалардың пневмониясы өзіндік ерекшеліктермен өтеді: алғашқы күндері аурудың белгілері әлсіз айқындалады, дене қызуы көтерілмейді, жөтел болмайды. Бірақ баланың тәбеті төмендеп, ембей қояды, салмағы төмендеп кетеді, баланың аузы мен мұрнынан көбікті шырыш көп бөлінеді, аракідік а п н о э (баланың демінің аз уақытқа тоқтап қалуы) байқалады. Кейіннен 4-5 күн өткен соң ғана пневмонияға тән белгілер біліне бастайды.

Сегментті (полисегментті) пневмонияларда — қабыну процессі бір немесе бірнеше сегменттерді камтиды, көбінесе мектеп жасындағы балаларда байқалады. Ауру өткір, жоғары температурадан басталып, тыныс тапшылығы белгілерімен, жүрек жұмысының нашарлау, ас қорыту ағзаларының қызметінің бұзылу белгілерімен сипатталады.

Диагноз қою. Пневмониялардың диагнозын анықтау үшін анамнезге, клиникалық белгілерге сүйенумен қатар, лабораториялық және шешуші тексеріс р ентген тексерісін жүргізу керек.

Емдеу. Пневмониямен ауырған бала негізінен стационарда емделеді. Үй жағдайында аурудың асқынбаған түрлерімен, 2 жастан асқан балаларды емдеуге болады. Емдеу тәртібі:

- Температура түскенше төсек режимі тағайындалады.

- Аэротерапия таза ауамен емдеу — бала жатқан бөлменің ауасы өте таза, жиі желдетіліп тұру керек және баланың жағдайына қарап, мүмкін болса таза ауаға жиі серуендетіп тұру қажет.

- Баланы тамақтандыру — жасына сәйкес, рациональды жүргізіледі, емізулі баланы міндетті түрде ана сүтімен қамтамасыз ету керек.

- Өте жақсы гигиеналық күтім ұйымдастырған дұрыс.

- Дәрілермен емдеу: антибиотиктер — пенициллин және жартылай синтетикалық пенициллин тобындағы дәрілер 100 — 200 мг/кг тәулігіне және кең спектрлі антибиотиктер тағайындалады. Ауыр түрлерінде 2 немесе 3 антибиотик тағайындау қажет болады (біреуі көк тамырға егіледі). Пенициллин әсер етпеген жағдайда ровамицин (спирамицин) 1 жасқа дейінгі балаларға 150000-200000 ХБ тәулігіне, 1 жастан кейінгі балаларға 1,5 млн ХБ әрбір кг салмақ есебінен, 2 не 3 ретке бөліп, ауыз арқылы тағыйындалады. Мүмкін болса, қоздырғышты анықтап, оның антибиотикке сезімталдығын тексеріп барып тағайындаған дұрыс. Бисептол (бактрим) 120 -130 мг/кг күніне 2 рет беріледі.

— Дезинтоксикациялық ем — көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар құю: гемодез, глюкозаның 5-10% ерітінділері, реополиглюкин баланың диурезін бақылай отырып құйы лады. Егер олигоурия байқалса, қатарынан зәр айдайтын препараттар (лазикс, гипотиазид т. б диуретиктер) тағайындалады.

— Антигистаминді дәрілер, витаминдер комплексі қосымша егіледі.

— Симптомдық ем — жүрек жұмысын жақсартатын елірмені, құрысып

— тырысуды басатын, температура түсіретін, қақырықты жібітетін және қақырықты түсіретін дәрілер тағайындалады.

— Физио — ем — баланың жазылу кезеңінде жүргізіледі- УФО, УВЧ, электрофорез, массаж, емдік гимнастика, қарапайым физиоем — қыша қағазын қою, қышаға орау, аяғын жылытатын ванна жасау.

— вибрациялық массаж бен позициялық дренаж (баланың бас, кеуде жағын төмен етіп жатқызу) да қақырық шығуын жеңілдетеді.

Алдын алу шаралары:

1. Туылғаннан бастап баланы шынықгыру.

2. Баланы жасына сәйкес, рациональды тамақтандыру.

3. Фондық аурулардың алдын алу

4. Қатты суықтанудан сақтандыру

5. Дұрыс күн тәртібін үйымдастыру, таза ауада көбірек болу.

— Созылмалы пневмония. Созылмалы пневмония — өкпе және бронхтарда өз қалыбына қайты келуі қиын өзгерістердің пайда болуымен сипатталатын созылмалы өкпе ауруы.

Себептері. Негізгі себебі- жиі қайталанатын пневмониялар, көбінесе фондық ауруы бар балаларда кездеседі.

Қосымша бейімдеуші себептерге — туа пайда болған тыныс жолдарының ақаулары, өткір пновмониялардың жазылу кезеңінде бала күтімінің нашарлығы, тамақтану режимінің бұзылуы, жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының қосылуы, тыныс жолдарына бөгде заттың түсуін жатқызады.

Клиникасы. Созылмалы пневмониялардың клиникалық айқындалуы- аурудың ағымымен, ұзақтығымен, асқынуларымен, баланың жасымен және оның қорғаныш күштерінің деңгейімен байланысты болады.

Созылмалы пневмониялардың ағымы қайталау және ре­миссия (аурудың бәсендеу) кезеңдерінен тұрады. Қайталау кезеңіндегі клиникалық белгілері өткір пневмониялардағыдай білінеді. Созылмалы пневмонияларда ремиссия кезеңінде де өзіне тән белгілері анықталады, өйткені өкпеде және бронхтарда нормаға келмейтін өзгерістер қалады. Осы кезеңде балада созылмалы интоксикация белгілерін — әлсіздік, тез шаршағыштық, жиі бас ауыруы, тәбеттің төмендеуін — анықтай аламыз. Созылмалы пневмонияға тән белгінің бірі - ре­миссия кезеңінде де тоқтамайтын ылғалды жөтел, аускультация арқылы - өкпеде тұрақты түрде анықталатын ылғалды сырылдар болып есептеледі.

Ұзақ уақытқа созылған созылмалы пневмониялардың ауыр түрлерінде баланың көкірек клеткасының қисайып өзгеруі, баланың физикалық дамуының артта калуы байқалады.

Созылмалы пневмониялардан кейін өкпе эмфиземасы, өкпе деструкциясы, пиопневмоторакс сияқты асқынулар пайда болады.

Диагнозды анықтау үшін анамнез көрсеткіштеріне, клиникалық белгілеріне, ренттен зерттеулеріне (өкпенің және бронхтардың — бронхография, бронхоскопия), функциональды тексерістерге сүйенеміз.

Емдеу. Созылмалы пневмонияларды емдеу ұзақ уақыт, комплексті түрде сатылап жүргізіледі.

1 сатысы — стационарда, пульмонологиялық бөлімшелерде;

2 сатысы — санаторий — курорттарда;

3 сатысы — емханада өткізіледі.

Стационардағы ем созылмалы пневмониялардың қайталау кезеңінде жүргізіледі, емдеу тәртібі өткір пневмониялардағыдай.

Санаторий курорттарда- бала клиникалық лабораториялық ремиссия кезеңінде емделуі керек. Курорттар Қырым жағалауындағы курорттар, Феодосия, Евпатория, Қазақстандағы Бурабай, Шучье, Ыстық көл (Қыргызстан) және жергілікті профилакторийлер.

Созылмалы пневмониялардың емінің 3-ші сатысы емханада баланы "Д" есепке алып, бақылау жүргізу, қайталануына карсы профилактикалық ем тағайындау түрінде жүргізіледі.

"Д" бақылау. Өткір пневмониялардан кейін бала 1 жылға бақылауға алынады. 3 айға дейінгі ауырған балалар - айына 1 рет тексеріліп тұрады. Созылмалы пневмониялардан кейін бала 15 жасқа толғанша бақыланып, ары қарай жасөспірімдер дәрігеріне өткізіледі. Бұл балалардың бронхтарында өзгеріс болмаса, жылына 2 рет, өзгеріс пайда болса, жылына 4 рет тексеріліп, қайталануға қарсы физиотерапиялық, ынталандыру және витаминдермен емдеу жүргізіледі. Инфекция ошақтары анықталып, сауықтырылады.

Кейінгі жылдары балалардың тыныс алу ағзаларының өткір ауруларын ерте анықтау, тиімді нәтижелі ем жүргізу үшін Юнисеф ұсынған бағдарлама қолданылады.

 

 

" Тыныс жолдарының жедел өтетін ауруларын бақылау" ЮНИСЕФ бағдарламасы»

Аталған бағдарламаға сәйкес балаларға көрсетілетін көмек 3 кезеңнен түрады:

1. Баланың жалпы жағдайын бақылау.

2. Аурудың түрін анықтау.

3. Ауру түріне сәйкес ДСҰ (Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы) ұсынған емдеу үлгісін қолдану.

1. Баланың жалпы жагдайына баға беру үшін:

— жөтел бар ма, болса қашаннан бері?

— су іше ала ма?

— тәбеті қандай?

— елірмелеу, құрысып-тырысу болды ма деген сұрақтар анықталады.

2. Аурудың ауырлығын анықтау үшін келесі белгілердің бар-жоғы тексеріледі:

1. Дем алысының жиілігі — (дені сау балалар үшін 2 айға дейін 60 рет; 2 ай — 1 жас аралығында 50 рет; 1 — 5 жас аралығында 40 реттен аспау керек).

2. Демді ішке алған кезде көкірек клеткасының өзгеруі - (қалыпты жағдайда көкірек клеткасының төменгі жағы кеңейеді).

3. Дем алысындағы өзгерістер — (ауру балада демді ішке алу немесе сыртқа шығару қиындайды).

4. Балада әлсіздік, ұйқышылдық, енжарлық бар-жоғы.

5. Баланың өсіп дамуында өзгеріс бар-жоғы.

6. Дене қызуының өзгеруі — (қалыпты жағдайда темпе ратура 37 градустан аспау керек).

Аталған өзгерістердің даму дәрежесіне қарай анықталған патологиялық жағдайды 4 санатқа бөледі.

1. Өкпе қабынуының өте ауыр түрі.

2. Ауыр түрі.

3. Жәй түрі.

4. Өкпе қабынуы жоқ, бірақ басқа тыныс алу ағзасының ауруы бар.

Аурудың санаты, дәрежесіне қарай тиісті емдеу тактикасы тандалады.

I — санаттағы ауру балалар жедел түрде ауруханаға жатқызылып емделеді.

II — санаттағы балаға ауруханаға жіберер алдында антибиотиктер егуді және симптоматикалық емді бастауға болады.

III — санатта — науқас үй-жағдайында, немесе емхана жанындағы күндізгі ауруханада емделеді.

Юнисеф — жоспарына сәйкес тыныс жолдарының ауруларын емдеуге алғашқы қолданатын антибиотик түрлерін, егу әдістерін, дозаларын ұсынады.

Алдымен антибиотик 5 күнге тағайындалады, жағдайы жақсармаса, 2-3 күннен кейін алмастырылады. Ол үшін клотримаксозол (бисептол, бактрим, септрим) тағайындалады.

Асқынған пневмонияларда хлорамфеникол немесе гентамицин бензилпенициллинмен бірге тағайындалады. Хлорамфеникол 25 мг/кг тәулігіне 4 рет ішуге немесе 50 мг/кг 2 рет бұлшық етке егуге тағайындалады. Гентамицин жаңа туылған балаларға 2 мг/кг 2 рет бұлшық етке егіледі. Бензилпенициллин 500 000 хб/кг 2-4 ретке бөлініп егіледі.

Симптомдық ем: гипертермияны басу үшін 39 0 температураға дейін физикалық әдіспен, 39 ° — тан асса na­рацетамол 3 жасқа дейінгі балаларға 100 мг/тәулігіне, 3 жастан кейін 150 мг/кг тәулігіне тағайындалады. Астматикалық ентігуде — бронхолитиктер: (сальбутамол) 2—12 айлық балаларға 1 мг, 1-5 жасар балаларға 2 мг ' күніне 3 рет ішуге беріледі. Инспираторлы ентігу белгісі байқалса сальбутамол ингаляция түрінде қолданылады. Тыныс тапшылығы белгілері байқалса, жедел жәрдем түрінде адре­налин 0,1% — 0,01мл/кг тері астына егіледі.

Профилактика.

— Өткір және қайталанғыш пневмонияларға дер кезінде диагноз қойып, дұрыс емдеп, сауықтыру

— Баланың фондық аурулары мен басқа қосымша ауруларының алдын алу және оларды емдеу.

— Баланы шынықтыру жұмыстарын кеңінен жүргізу.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3997. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия