Студопедия — Коллагеноздар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Коллагеноздар






Коллагеноздар – дәнекер тканінің және қан тамырларының зақымдануымен, иммунитеттің төмендеуімен сипатталатын аурулар. Коллагеноздарға клиника – лық белгілері әртүрлі болғанмен, негізгі зақымданатын дәнекер ткані мен қан тамырлары болғандықтан бірнеше аурулар біріктірілген: ревматоидты артрит, қызыл волчанка, склеродермия, дерматомиозит, түйінді периартрит. Аталған коллагеноздардың ішінде балаларда жиірек кездесетін түрі – ревматоидты полиартриттер.

Ревматоидты полиартрит – бұл негізінен буындардың зақымдануымен сипатталатын инфекциялық аллергиялық ауру. Бұл аурудың клиникасында ревматикалық артриттермен ұқсастық жағы да, ұқсамайтын айырмашылықтары да бар. Ревматоидты полиартриттерде алғашқыда 1 немесе бірнеше буын қабынып, біртіндеп өзгеріс басқа буындарға тарайды. Көп жағдайда алғашқыда майда буындар зақымданады, ревматизмдегідей үлкен буындардан басталуы да мүмкін. Ең негізгі айырмашылығы ревматоидты полиартриттерде қабынған буынның қызметінің орнына келмеуі, бірте-бірте мүгедектікке әкелуі болып табылады. Бұл ауруда сонымен қатар буын тұсында, сүйектің орнынан тайып, қисайып, өзгеріске ұшырауы, бұлшық еттерінің атрофияға ұшырауы да байқалады.

Болжау өте күрделі, мүгедектікке әкеледі. Тек қана моноартрит түрінде өткен жағдайда толық емдеп жазуға болады.

Емдеу. Ревматоидты полиартриттердің емі ревматизмнің еміне ұқсас, сатылап және комплексті түрде жүргізіледі. Емнің 1 сатысы стационарда 2 айға созылады. Қабыну процесіне қарсы – ацетилсалицил қышқылы (аспирин) 0,2г/жасына тамақтан кейін; стероидты емес гормондар – вольтарен 2-3мг/кг тәулігіне, бруфен 10-15мг/кг тәулігіне; индометацин 1-3мг/кг тәулігіне қолданылады. Иммунды комплекстер мен антиденелерді азайту үшін – хлорохин (делагил) және плаквинил 5-8мг/кг кешке қарай тамақтан кейін 1рет беріледі. Дәнекер ткандеріндегі өзгерістерді тоқтату үшін – Д – пеницилламин (купренил) 150-300мг/кг тәулігіне егіледі, біртіндеп дозасы көбейтіледі. Кортикостероидты гормондар – преднизалон 1мг/кг тәулігіне қосылады. Буындарға жергілікті ем, физио-ем – УФО, УВЧ, электрофорез, парафин, батпақпен емдеу, емдік гимнастика, аурудың жазылу кезеңінде тағайындалады. Барлық аурулардағыдай витаминотерапия жүргізіледі.

Алдын алу:

1. Созылмалы инфекция ошақтарын тауып, емдеп, сауықтыру.

2. Баланың жалпы қорғаныш күштерін арттыру.

3. Ауру баланы «Д» есепке алып, педиатр, ревматолог, ортопед, окулист, физиоте- рапевт мамандардың тексерісінен өткізіп, ем қабылдап тұру.

 

 

AC ҚОРЫТУ АҒЗАЛАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Стоматиттер

 

Стоматит — ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы.

Себептері: микроорганизмдер — бактериялар, вирустар әртүрлі химиялық, улы заттардың, дәрілердің жергілікті әсері.

Стоматиттердің 3 клиникалық түрі бар: катаральды, афтозды және жаралы.

Катаральды стоматит — ең жиі байқалатын және жеңілдеу түрі. Ауыз қуысының шырышты қабаты ісініп, қызарады. Дұрыс күтім және ем жасалса тез жазылып кетеді.

А ф т о з д ы стоматит емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі. Жұғу жолдары — ауа-сілекей және заттар, ойыншықтар арқылы. Ауру жедел басталады: дене қызуы көтеріледі, баланың жалпы жағдайы бұзылып, мазасызданады, тамақ ішуі қиындайды. Ауыз қуысының шырышты қабатында ақшыл-сары түсті қабыршақтармен жабылған көпіршіктер пайда бо­лады, баланың аузынан сілекей шұбырып, жағымсыз иіс шығады.

Ж а р а л ы стоматиттер көбінесе ересек, мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Себептері: емделмеген кариесті тістердің көп болуы және ауыз қуысына күтім жасамау. Баланың жалпы жағдайы бұзылып, интоксикация белгілері пайда болады, температура жоғарылап, сілекей бөліну күшейеді, жақ асты, мойын лимфа түйіндері ісініп, ауырады. Ауыз куысының шырышты қабаты қызарып, ісініп, тез қанағыш келеді, ақшыл-сұр түсті қабыршақтармен жабылған жаралар пайда болады, баланың аузынан сасық, жағымсыз иіс шығып тұрады.

А у ы з у ы л у ы (молочница) — саңырау құлақтармен шақырылады. Жаңа туылған балаларда күтім нашар болған жағдайда жиі кездеседі. Ауыз қуысының шырышты қабаты қызарып ісінеді, үстінде ұйып қалған сүтке ұқсас, алынуы оңай, ақ бөртпелер пайда болады

Емдеу: Катаральды стоматиттерде — күтімді жақсартып, ауыз куысын жиі шайып тұру (фурациллин 1:5000, перманганат калий 1: 8000 ерітінділерімен).

Афтозды стоматиттерде — ауыз қуысын жиі шайып тұру; вирусқа қарсы дәрілер — ацикловир, завиракс, задитен; антигистаминді дәрілер; витаминдер тағайындау; жергілікті ем жүрпзу үшін майлы дәрілер — бонафтон, риодоксол, теброфен, оксалин қолдану; ауырсынуды басу үшін — 10% ане­стезин немесе жұмыртқаның ақ уызын 0,5% новокаинмен араластырьш жағу; 4 — 5 күн өткеннен кейін жаралардың жазылуын тездететін — итмұрын, облепиха майлары, қызыл- май, каротолин, каланхоэ шырыны және УКС қолданылады.

Жаралы стоматиттерде — жергілікті ем афтозды стоматиттердегідей жалпы ем — негізгі ауруды емдеу түрінде жүргізіледі.

Ауыз уыпуында — баланың күтімін жақсарту, ауыз қуысьгн жуып түру, 1% метилен көгін жағу, нистатин, леворин тағайындау қажет.

 

Өткір гастрит

Себептеріне қарай токсико — инфекциялық және алиментарлық болып 2 топқа бөлінеді.

Токсико — инфекциялық гастриттердің себебі — жағымсыз, микробтармен ластанған тамақпен улану.

Алиментарлық гастриттердің себептері — тамақтандырудың ретсіз болуы, жақсы піспеген жеміс-жидектерді көп жеу, жасына сәйкес келмейтін, қорытылуы қиын тамақтарды жеу.

Клиника. Ауру өткір басталады, негізгі себеп әсер еткеннен кейін 2-36 сағат ішінде (токсико-инфекциялық түрінде) температура 39-40° дейін көтеріледі, баланың жүрегі айнып, құсады, асқазан тұсы бүріп ауырады. Тәбеті төмендейді, тілі күрғап, қабыршакден жабылады, көп шөлдейді. Баланың іші өтуі де мүмкін, осы кезде іші кебеді, қатты ауырады. Дер кезінде, дұрыс ем жасалса, жағдайы тез жақсарады.

Созылмалы гастрит

Себептері: тамақтандырудағы кемшіліктер — өте ыстық немесе өте суық тамақ ішу, тамақты жақсы шайнамай, асығыс жеу, көп мөлшерде бірден тоя ішу, бірыңғай құрғақ тамақ ішу; ұзақ уақыт химиялық дәрілер қабылдау және басқа ағзалардың ауруларының әсері деп есептеледі.

Клиникасы. Негізгі белгілері: ауырсыну және диспепсиялык синдром. Ауырсыну асқазан сөлі нормадан көп (гиперацидты гастрит), ал диспепсиялық синдром асқазан селін ор­мадан аз бөлінген (гипоапидты-гастрит) түрінде байқалады.

Диагнозды анықгау үшін объективті, инструментальды тексерулер (гастрофиброскопия, ренітеноскопия, эндоскопия, электрогастроскопия) және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі.

Гастродуоденит

Дуоденит — ұлтабардың қабынуы, өз алдына бөлек сирек кездеседі. Көбінесе асқазан қабынуымен бірге өтіп, гастродуоденит деп аталады.

Себептері гастриттердікіндей және басқа да ішкі ағзалардың қабынуларының — холецистит, холангит, панкреатит т.б. аурулардың әсерінен басталады.

Клииикалық белгілері — гастрит және — гастроэнтерит белгілеріндей. Диагнозды анықтау үшін ұлтабарды зондтау және гастродуоденоскопия жүргізіледі.

Асқазан мен үлтабардың ойық жарасы

Себептері: тұқым қуалаушылық (35-45%), тамақтану ретсіздігі, висцеральді фактор (басқа ағзалардың ауруларының әсері).

Клиника. Жараның даму сатыларымен байланысты бұл аурудағы басты белгі — ауырсыну әр түрлі дәрежеде өтеді.

1 ші — саты, ашықжара сатысында — ауырсыну ұстама түрінде қатты қинайды, көбінесе тамақтан кейін 2-4 сағат өткесін.

2 ші сатыда — ауырсыну бәсендеп ұзақ уақыт бірқалыпты мазалайды.

3ші — сатысында — ауырсыну көбіне ашқарынға ғана байқалады, кейде түнге қарай қарны ашқандай болып тұрады.

4ші — сатысы жазылу кезінде — өзгерістер байқалмайды, ауырсыну жоқ.

Келесі белгі — диспепсиялық синдром алғашқы сатыларында айқын байқалып, бірте-бірте жоғалады.

Асқынулары — асқазан мен ішектен қан кету, ұлтабардың ысылуы, жараның жарылуы (перфорация) және көрші ағзаларға жабысуы (пенетрация).

Диагнозды анықтау үшін — эндоскопиялықтексеріс, бариймен ренттен контрасты тексеріс, нәжістен жасырын қан іздеу, фракцикалық зондтау жүргізіледі.

 

Өткір гастроэнтериттер

Мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауырады. Себептері гастриттегідей.

Клиникасы. Бастапқы белгілері гастриттегідей, өйткені гастриттен басталады, соңынан іші өту қосылады. Іші алғашқыда қоймалжың, кейіннен шырыш араласып, су сияқты сұйық болып өтеді. Іші кеуіп, құрылдап, қатты бүріп ауырады, тәбеті төмеңдейді. Жиі құсып, іші өтуінін; салдарынан организмнен көп сұйықтық жоғалту белгілері (эксикоз) пайда болады.

Дисбактериоз

Бұл — пайдалы ішек микрофлорасынан (бифидум бакте- риялары, лактобацшілалар) зиянды микроорганизмдердің (ста­филококк, протей, клебсиелла, кандида т.б.) басым болуынан туындайтын жағдай, Қалыпты жағдайда бифидобактериялардың нәжістің 1 г мөлшеріндегі саны 109 — 1010 шамасында болады, яғни ішек микрофлорасының 98 % құрайды.

Себептері әртүрлі: қолдан ерте тамақгандыру, сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері, химиялық заттарды ұй тұрмысында жиі қолдану, ұзақ уақыт антибиотиктерді қолдану.

Емі: бифидум — бактерин 6 айға дейінгі балаға 2,5 доза х 2 рет; лактобактерин 6 айға дейін — 1 дозадан х 2 р; линекс 1 жасқа дейін 1 капсуладан х 2 рет, 1 жастан кейін 1-2 капсуладан х 3 рет (2 айға); хилак-форте 1 жасқа дейін — 15-30 тамшы Күніне 3 рет, 1 жастан кейін 30-40 тамшы х 3 рет.

Колит

Тоқ ішектің қабыщъіның себептері: инфекциялық аурулардан (дизентерия, сальмонеллез т.б.), паразиттермен шақырылған аурулардан кейінгі асқынулар және тамақтандырудағы кемшіліктер.

Клиникасында — іш кебу, ауыру, іш қату немесе өту, іш құрыддау, нәжіске шырыш араласу байқалады.

Емдеу. Диетотерапия — өткір кезенде ішекке күш түсіретін тағамдарды шекгеу; дезинтоксикациялықем ішек микрофлорасын реттейтін дәрілер; спазмолитиктер қолдану дәрілік клизма жасау.

 

Баланың жасы Су мөлшері (мл) Резеңке баллонның нөмірі Баллонның сиымдылығы (мл)
0-1 ай 20-30 N0,5  
1-3 ай 40-60 N 1  
4-6 ай 80-150 N 2  
7-12 ай 160-180 N 3  
1-2 жас 180-200 N4  
3-5 жас 250-300 N 5  
6-9 жас 350-400 N6  
10-14жас 400-500 N7  
а) 3 жасқа дейін судың t — 33°-35°С б) 3 жастан кейін 28°-30° С N 8  
  N9  

 

Ac қорыту ағзаларының ауруларын емдеу. Емдеу этапты түрде сатылап жүргізіледі: стационарда, емханада, арнайы санаторийлерде.

Өткір гастрит, гастроэнтерит, гастродуодениттермен келген балаларға көмекті асқазан мен ішекті шайып, жуудан бастау керек. Одан кейін жоғалған сұйықгықгардың орнын толтыру үшін сусындар беріп, регидратациялық препараттар тағайындалады. Диетотерапия — N la, 16, 1 стодцар — тамақ аз көлемде, жиірек, сұйық немесе майдаланған, езілген түрінде беріледі. Ac қорытуды жақсартатын — ферменттер (пепсин, мезим форте, панзинорм т.б.) беріледі.

.Созылмалы гастриттерде: гипоацидті гастритте — пеп­син, асқазан сөлі, абомин; гиперацидты гастриттерде — алмагель, викалин, циметидин, гастал, маалокс, сілтілі минеральды сулар (Смирнов, Боржом, славян сулары); тыныштандыратындәрілер: валериана, бром, пустырник; спазмды басатын дәрілер: папаверин, платифиллин, но-шпа; ауырсынуды басу үшін: метацин, кватерон, церукал тағайыңдалады.

Ойық жаралардың жазылуы үшін: анаболикалық гормондар, облепиха майы, винилин, қызьш май, "В" тобының витамиңдері; физио-ем: ионофорез, диатермия, парафин, озо­керит; токсико-инфекциялық гастриттерде антибиотиктер тағайындалады.

Алдын алу үшін аурудың себептерін болдырмау қажет.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5268. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия