Студопедия — Анемиялар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Анемиялар






Анемия(қан азаюы) – қан көлемінде эритроциттердің азаюымен және Нв көрсеткішінің төмендеуімен сипатталатын ауру. Оның ең жеңіл түрлерінің өзі бала организмін әлсіретіп, қорғаныш күштерін төменетеді, баланың өсіп дамуына кедергі жасайды. Сондықтан анемияны фондық аурулар қатарына жатқызады.

Жіктелуі. Анемияларды себептеріне және даму механизміне қарай үлкен 4 – топқа бөлуге болады:

1. Дефицитті анемиялар.

2. Постгеморрагиялық анемиялар.

3. Гемолитикалық анемиялар.

4. Гипо және апластикалық анемиялар.

Аталған анемиялардың ішінде балаларда жиі байқалатыныдефицитті анемиялар, оның ішінде темір дифицитті анемиялар.

Темір дефицитты анемиялар. Себептері: алиментарлық фактор — баланы тамақтандырудағы кемшіліктер — ерте аралас және қолдан тамақтандыруға ауыстыру, біржақты сүт немесе ұннан жасалған тамақтармен қоректендіру, қосалқы және қосымша тамақты мерзімінде енгізбеу; инфекциялық фактор — балалардың ас қорыту және тыныс жолдарының ауруларымен жиі ауруы; бала организмінің қан қорларында темірдің аз мөлшерде болуы: шала туған балаларда, егіздің сыңарларында, анасының жүктілік кезіндегі анемиясы мен токсикоздарының әсерінен туындайды.

Баланың басқа фондық ауруларының болуы және бала күтіміндегі ақаулар да анемияларға әкеледі.

Клиника. Анемияның белгілері көбінесе баланың 6 айлығынан біліне бастайды: баланың тері және шырышты қабаттары бозарады, тәбеті төмендеп, басқа жеуге болмайтын заттарға тәбеті ашылады. (извращение вкуса). Мысалы, бала топырақ, күл, шүберек жейді. Тамақты аз жегендіктен салмағы төмендейді, бұлшық ет тонусы төмендеп, бауыры мен көкбауыры ұлғаяды.

Анемияның ауыр түрлерінде жүрек ұшында систолалық әлсіз шу естіліп, кейде жүрек шекарасы ұлғаяды. Анемияда байқалатын полигиповитаминоздардың салдарынан тері қабаты құрғап, езулерінде «ауыздық» - х е й л и т пайда болады. 12

Қандағы өзгерістер: эритроциттердің мөлшері 3,0 х 10 /лден төмендейді, Нв көрсеткіші 110 г/лден төмен, түсті көрсеткіш нормада немесе төмен болады.

Қан құрамында кейде р е т и к у л о ц и т т е р, э р и т р о б л а с т а р анықталады. Қандағы Нв көрсеткішіне сәйкес анемиялар 3 дәрежеге бөлінеді:

1-ші дәреже, жеңіл түрі — 110-90г/л, эр. 3,5 х 10 /л -4,5 х 10 /л

2-ші дәреже, орташа ауыр – 90-70 г/л, эр. 2,5 х 10 /л -3,5 х 10 /л

3-ші дәреже, ауыр түрі — 70 г/л-ден, эр. 2,5 х 10 /л-ден төмен.

 

Емдеу. Анемияны емдеу кешенді (комплексті) түрде, ұзақ өткізіледі. Ауыр түрлерімен ауруханада, жеңіл түрлерімен баланы үй жағдайында емдеуге болады. Емдеу тәртібі: аурудың себебін тауып, оны жою, дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру.

Баланы рациональді тамақтандыру: емізулі баланы ана сүтімен қамтамасыз ету, уақытында шырындар, қосымша тамақ енгізу. Баланың тамағында темірге бай тағамдардың жеткілікті болуын — жеміс, көкөніс пюрелері, жұмыртқаның сарысы, бауыр, ет т.б. Қамтамасыз ету.

Дәрілік ем:анемияның жеңіл түрлерінің өзінде темір препараттарын тағайындау қажет, ауыз арқылы қабылданатын дәрілер — феррокаль таблеткада 40 мг, ферамид, ферроплекс, ферроградумет, ферроцерон, гемостимулин таблетка 40 мгнан, темір қосылған алоэ шырыны 1мл-20мг және сироп түріндегі феррум лек кішкентай балалар үшін ыңғайлы. Темір препараттарының дозасы бала қанындағы Нв көрсеткіштеріне қарай арнайы формула бойынша есептеліп тағайындалады: Fe = Px (78 – 0,35 x Hb) P – баланың салмағы, Нв — баланың қазіргі Нв көрсеткіші.

Анемияның ауыр түрлерінде темір препараттары егу арқылы енгізіледі: ферковен 0,2 — 2,5 мл + 15 мл 25 % глюкозамен көк тамырға өте жәй (10-15 рет). Феррум лек — көк тамырға және бұлшық етке егілетін 2 түрде шығарылады, әр ампуладағы темірдің дозасы 100 мг. Бұл дәріні де баланың Нв көрсеткішіне қарай схема бойынша тағайындайды.

Витаминдер тобы - '' А '', '' В '', '' С ''; симптомдық ем; массаж, емдік гимнастика; ауыр түрлерінде гемотрансфузия жүргізіледі.

Алдын алу:

  1. Бала дүниеге келмес бұрын басталады — жүкті әйелдің денсаулынын нығайту, токсикоздарды емдеу, шала туудың алдын алу, дұрыс күн тәртібі мен тамақтандыруын ұйымдастыру.
  2. Бала туылғаннан кейін оны ана сүтімен қоректендіру, қосалқы және қосымша тамақты мезгілінде енгізу, таза ауада жеткілікті болу, дұрыс күн тәртібін сақтау, массаж, гимнастика жасау, әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану.
  3. Анемияға бейім балаларға (шала туылған, егіздің сыңарлары) профилактикалық дозаларда темір препараттарын 2-6 айлығынан бастап тағайындау.
  4. Баланың қан анализін тексеріп тұру (3, 6 ай, 1 жасында).

 

Постгеморрагиялық анемиялар. Анемиялардың бұл түрінде аурудың негізгі себебі аты көрсетіп тұрғандай — көп қан жоғалту, қансырау. Жаңа туылған балаларда кіндіктен, кіндік қалдығынан қан кету, қан құсу, ішектен қан кету жаңа туылған баланың геморрагиялық ауруында байқалады. Ересек балаларда көп қан жоғалту көбінесе жарақат алғаннан кейін, геморрагиялық диатездердегі қан кетулерден кейін байқалады.

Емдеу: А лдымен себебін анықтап, кетіп жаатқан қан ағуын тоқтату — жедел көмек көрсету арқылы қан тоқтату керек. Жоғалтқан қанның орнын толтыру — қан құю, плазма, реополиглюкин т.б. Дәрілерді көктамырға тамшылата құю. Баланың тамақтандыруын реттеу, темірге, витаминдерге бай тағамдар беру.

Гемолитикалық анемиялар. Бұл анемиялардың себебі — эритроциттердің гемолизге ұшырауы. Гемолитикалық анемиялар туа пайда болған және жүре пайда болған болып 2 топқа бөлінеді. Туа пайда болған гемолитикалық анемия — Минковский — Шоффар ауруының басты себебі эритроциттердің сыртқы қабаттарының туа біте жарылғыш болуы. Негізгі клиникалық белгілері: сарғаю, спленомегалия, баланың өсіп дамуының артта қалуы, кейде сүйек жүйесінде өзгерістер пайда болады (тістері қисық шығады). Қанда: анемия, м и к р о с ф е р о ц и т о з (эритроциттердің диаметірінің кішіреюі), ретикулоцитоз, гипербилирубинемия 25,66 — 42,76 мкмоль/л жеңіл түрлерінде және 85,52 — 171,04 мкмоль/л-ге дейін ауыр түрлерерінде.

Емі:қан, эритроцитарлық масса құю, ауыр түрлерінде — талақты алып тастау операциясын жасау — с п л е н о э к т о м и я.

Жүре пайда болған гемолитикалық анемиялар жұқпалы аурулардан кейін байқалады. Клиникалық белгілері — анемия, сарғаю және қандағы өзгерістер жеңілірек өтеді. Емі: ұзақ уақытқа кортикостероидтар — преднизалон 1,5 — 2 мг/кг тағайындау.

Гипопластикалық анемиялар. Себебі сүйек майларында қан түзілуінің төмендеуі немесе мүлде болмауы (апластикалық анемияларда). Гипопластикалық анемиялар да 2 топқа бөлінеді:

  1. Туа пайда болған гипопластикалық анемиялар қан түзгіш ағзаларында туылғаннан қан түзу процессінің төмен болуынан туындайды.
  2. Жүре пайда болған апластикалық анемиялар вирустармен шақырылатын жұқпалы аурулардан (''А'' гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, т.б.), әртүрлі химиялық заттардың, дәрілік заттардың әсерінен пайда болады. Диагнозды гемо және миелограммаларға (пішінді элементтердің аз болуы, жетілуінің кешеуілдеуі) қарап ажыратамыз.

Емі:гемотрансфузия, кортикостероидтар, анаболикалық гормондар, сүйек майын ауыстыру.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 6864. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия