Студопедия — Егуге болмайтын жағдайлар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Егуге болмайтын жағдайлар






Алдын ала егу жұмыстары тек сау балаларға жүргізіледі. Барлық егуге болмайтын жағдайларды 2 топқа бөлуге болады.

1 топ – түпкілікті егуге болмайтын жағдайлар: қатерлі ісіктер, лейкоз, лимфогрануломатоз, коллагенді аурулар, қант диабеті, декомпенсацияланған жүрек ақаулары, бүйрек аурулары, иммунодефицитті жағдай т.б.

2 топ – уақытша егуге болмайтын жағдайлар: өткір аурулардан және созылмалы аурулардың қайталануларынан кейін жазылғаннан соң 1 айға дейін; сары аурудан кейін 6-12 айға дейін; гемолиз ауруынан кейін 6-12 ай; экссудативті диатезбен ауыратын балаларға өте сақтықпен педиатрдың рұқсатынан кейін ғана.

 

Екпелерден кейінгі өзгерістер

БЦЖ вакцинациясынан кейін 4-6 апта, ал ревакцинациядан кейін 1 апта өткесін егілген жерде диаметрі 5-10 мм папула пайда болады. 3-4 айдың ішінде папула әр түрлі өзгерістерге ұшырап, соңынан тыртық қалады. Оның диаметрі 90-95% жағдайда нормада 2-10 мм болу керек.

АКДС екпесінен кейін жалпы және жергілікті өзгерістер пайда болады: Жалпы өзгерістер – мазасыздану, температура көтерілу: температура – 37,5 әлсіз реакция, температура - 38,5 орташа, температура – 38,5 тен жоғары, бұл күшті реакция (1% –тен аспау керек) болып саналады. Жергілікті өзгерістер – егілген орынның қызаруы (2-5 күнге дейін), түйін пайда болуы (20-30 күнге дейін).

Қызылшаға қарсы екпеден кейін кейде температура көтеріліп, катаральды белгілер білінеді, атипті бөртпелер пайдаболады 50% жағдайда.

Қалған ауруларға қарсы егуден кейін көбіне ешқандай өзгерістер байқалмайды. Егу жұмыстарынан кейінгі өзгерістерді міндетті түрде бақылап, медициналық құжаттарына тіркеп отыру қажет.

Екпелерден кейінгі асқынулар

Себептері: егу жұмыстарының мерзімін сақтамау, егілетін балалардың ауруларын ескермеу, баланың аллергиялық жағдайларын ескермеу, егу техникасын, тазалығын бұзу. Асқынулардың түрлері: анафилактикалық шок (жеңіл түрлерінен өте ауыр түрлеріне дейін): тері қабатының аллергиялық өзгерістері бөртпелер, есекжем: нерв жүйесінің зақымдануы (энцефалит, менингоэнце фалит, моно және полиневриттер); жергілікті өзгерістер – іріңді асқынулар (абцесс, флегмона, рожа т.б.) Асқынулардың алдын алу үшін себептерін болдырмау қажет.

Кейінгі жылдары балалардың арасында сары аурудың көбеюімен байланысты Қазақстан Республикасы бойынша 15.08.97. N 404 бұйрық қабылданды – Республикада вирусты гепатитті азайту шаралары туралы. Осы бұйрыққа сәйкес В гепатитіне қарсы бала туылғаннан кейінгі алғашқы 24 сағаттың ішінде екпе қабылдауы қажет – ВГВ, 2-ші рет – 2айлығында ВГВ, 3-ші рет 4 айлығында ВНВ.

Егер бала перзентханада В гепатитіне қарсы екпе ала алмай қалса, оған кейіннен келесі тәртіппен жасалу керек. Бірінші рет вакцинация алғаннан кейін 1 ай өткесін екінші рет салынады, ал үшінші вакцинация 6 айдан кейін жасалады. Яғни егу схемасы: 0,1,6 тәртібімен егіліді. ВГВ – бірінші егілген уақыты; ВГВ – 1 айдан кейін; ВГВ – 6 айдан кейін жүргізіледі.

10.10.97. Жылы Қазақстан денсаулық сақтау министірлігінде 063-1/у формалары Егілу құжаты қабылданды. Баланың туылғаннан бастап қабылдаған екпелері ф. 063/у, ф. 112/у іс қағаздарына тіркеледі. Ол іс қағаздарының бәрі медициналық мекемелерде сақталады, ал Егілу құажатын әр бала өз үйінде сақтайды, басқа жаққа баратын болса, басқа құжаттарымен қоса ала жүреді. Керек болған жағдайда, мысалы, бала жарақат алып қалса, осы құжат арқылы алған профилактикалық екпелерін анықтауға өте ыңғайлы.

Иммунопрофилактика жайлы ЮНИСЕФ ұсынысы” Қауіпсіз егу техникасы

Балаларға қолдану мерзімі өтпеген, дұрыс сақталған, дозасы дәлдікпен алынған вакцинаны техникасын бұзбай, бір қолданылатын шприц және инемен ексе қауіпсіз ьолып саналады. Сондықтан қолданар алдында шприц пен иненің қолдану мерзімдерін, сыртқы қағазының бүтіндігін тексеріп алу керек. Вакцинаны ерітуге қолданылған ине флаконда қалмасын. Ерітілген вакцинаны сорып алуға және егуге әр балаға өз инесі қолданылады. Вакцинаны егер алдында және соңында қолды сабындап жуу қажет.

Екпе жасар алдында шприц пен иненің сыртқы орауын ата-анасының көзінше ашып көрсетіңіз. Екпеге қолданған шприц пен инелерді заласыздандырып, қайтадан қолдануға болмайды.

Егу кезінде инеге қолыңызды тигізіп алмаңыз. Ине мен шприцті ашқаннан кейін столға қоймаңыз. Қолданылған шприц инелерді өртеу үшін арнайы қорапқа тастаңыз.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3164. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия