Студопедия — Жіктелуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жіктелуі.






1. Туберкулез интоксикациясы:

а) ерте туберкулез интоксикациясы;

б) кеш туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

а) біріншілік туберкулездік жиынтық;

б) өкпенің ошақты туберкулезі;

в) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

г) туберкулездік бронхоаденит;

д) туберкулездік плеврит;

е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

3. Басқа ағзалардың туберкулезі:

а) сүйек туберкулезі;

б) лимфа түйіндерінің туберкулезі (туберкулездік лимфоаденит);

в) туберкулездік менингит

г) тері қабатының туберкулезі

д) зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

Клиникасы. Туберкулез интоксикациясы-ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылуларымен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді,салмағын қоспайды,субфебрильді температура байқалады.Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға дейін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе туберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6-12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналғаны. Оның өзі жеңіл түрінде жеңіл және ауыр турлерінде өтеді.

Жеңіл түрінде баланың жалпы жағдайы көп өзгермейді, кейде ғана тез шаршағыштық, мазасыздық, төмен субфебрильді температура байқауға болады.Ауыр түрінде-баланың жалпы жағдайы өзгереді, интоксикация белгілері анығырақ білінеді, шеткі лимфа түйіндері ісініп, қатаяды. Баланың жиі-жиі көзі ауырады, кейде аяқ-қолында санында қошқыл тусті бөртпелер анықталады.Қанда лейкоцитоз, нейтофилез, ЭШЖ жоғарылайды. Дұрыс ұйымдастырылған ұзақ уақыт (кемінде 6 ай бойы) ем жүргізілсе, бала жазылып кетеді.

Біріншілік туберкулездік жиынтық; - туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулезді қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады.Сонымен қатар қабыну процесі өкпе лимфа туйіндерінде қамтиды.

Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады: алғашқыда жоғарғы температура (38-39C), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады.Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады:сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде – дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар.

Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген өкпе лимфа түйіндері анықталады. Жазылу кезеңінде қабыну ошағының және лимфа түйіндерінің қатайғанын-петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады.Қанда: лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭШЖ 35-40 мм\сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді.

Уақында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулар-плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы өкпе туберкулезіне айналу пайда болады.

Туберкулездік бронхоаденит - туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады.Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Көкжөтелге ұқсас ұстамалы, кейде қос дауысты құрғақ жөтел мазалайды, жөтел әсіресе түнге қарай күшейеді. Өкпені тықылдатып тексергенде омыртқа жотасының бойында, 3-5 кеуде омыртқаларының тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуын- Кораньи белгісін-және осы тұста пальпация, аускультация арқылы сыбырдың күшеюін-Д»Эспин белгісін-анықтауға болады.Рентгендік тексерісте-үлкейген өкпе –бронх лимфа түйіндерін көре аламыз.Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Емдеу сатылап, ұзақ уақыт, кейде бірнеше жылдар бойы жүргізіледі.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып,лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.

Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметрі 1см-дей қабыну ошақтарының пайда болумен сипатталады. Көбінесе мектеп жасындағы балаларда туберкулездің басқа түрлерінің асқынулары түрінде кездеседі. Клиникалық белгілері әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады.

Өкпенің инфильтративтік туберкулезі — өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония, тұмау белгілеріне ұқсас болғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.

Туберкулездік плеврит. Туберокулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы 38-39 С баланың көкірегі,бүйірі шаншып ауырады. Зақымданған жағындағы көкірек клеткасының қозғалысы қалып отырады. Осы жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын анықтай алмаймыз.Рентгенограммада - өкпе ткані көрінбейді. Қанда лейкоцитоз, Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді.

Туберкулездік менингит. Барлық жастағы балаларда кездеседі.Кейінгі жылдары БЦЖ вакцинасын егу арқылы туберкулездің бұл түрінің саны азайды. Аурудың клиникалық белгілері алғашқыда жалпы жағдайдың бұзылу белгілерінен басталып, білінбей қалуы мүмкін. Айқын белгілер (менингеальды белгілер) байқалмас бұрын баланың қатты бас ауруы, себепсіз құсуы, бұлшық ет тонусының жоғарылауы анықталады.Одан кейін шыңғырып жылау, брадикардия, менингеальды белгілер - желке бұлшық еттерінің тартылуы, Керниг-Брудзинский симптомы, рефлекстердің жоғарылауы қосылады. Диагнозды анықтау үшін жұлын –ми сұйықтығын тексеру немесе Манту белгісін қою көмектеседі. Жұлын –ми сұйықтығы жоғарғы қысыммен шығады-300-500мм су бағанасы, нормадағы жұлын –ми сұйықтығының қысымы 100-200 мм. су бағанасы мөлшерінде шығу керек. Жұлын –ми сұйықтығының құрамында белок мөлшері жоғарылайды 0,66-2,0% 0-ге дейін,(нормада 0,2-0,3% 0),100-600ге дейін лимфоцитті плеоцитоз анықталады. Басқа ағзалардың туберкулезі мен өкпе туберкулезінің басқа түрлері балаларда сирек кездеседі.

Диагноз қою. Мұқият анамнез жинау; аурудың клиникалық белгілерін ескеру; лабороториял зертеулерге сүйену қанның, зәрдің жалпы анализдері; қақырықтың, зәрдің, жұлын сұйықтығының бактериологиялық тексерістері; инструментальдық тексерістері: рентгенография, рентгеноскопия, томография, флюрография және туберкулодиагностика: Манту белгісін қою, оқу көмектеседі.

Манту белгісін қою үшін туберкулин препараты қолданылады. Белгіні білектің ішкі жағының ортаңгы бөлігіне тері ішіне, арнайы туберкулин шприці мен инесі арқылы 1 балаға 0,1мл дозада егу түрінде жүргіземіз.Белгі дұрыс қойылса,егілген жерде лимонның қабығы тәрізді төмпешік(папула) пайда болады.Манту белгісінің нәтижесі 48-72 сағаттан кейін оқылады.Ол үшін, мөлдір пластмасса сызгышпен егілген жердегі пайда болған ісік немесе қызарудың диаметрін өлшеу керек.Егілген жерде тек иненің орны немесе папула өте кішкентай-1мм екені анықталса,бұл теріс нәтиже болып саналады.Папуланың диаметрі -2-4мм болса немесе папула жоқ, тек қана қызару анықталса, бұл күмәнді нәтиже. Папуланың диаметі -5мм және одан жоғары болса – оң нәтиже. Папуланың диаметрі 17мм –ден де жоғары болса – гиперергиялық реакция болып табылады.

Емдеу. Туберкулездің емі кешенді (комплексті) түрде, үзіліссіз сатылап, ұзақ жүргізілуі қажет. Емдеудің бірінші сатысы арнайы туберкулез диспансерінде жүргізіледі. Емнің негізгі бір шарты - таза ауаны кеңінен қолдану. Ауру баланы жылдың кез келген мезгілінде таза ауамен қамтамасыз ету қажет. Сондықтан да туберкулез диспансері орманды, тоғайлы, ауасы өте таза жерлерге орналасқаны жөн. Күн тәртібі – бала ауыр жағдайларда ғана төсек режимінде болады. Баланың ұйқысы тыныш, ұзақ болуы керек.Тамақтандыру ерекшелігі- баланың жасына қарағанда калориясы 15-20% артық тағамдар тағайындалады.Тамақ құнарлы, витаминдерге бай,алуан түрлі болуы керек.Туберкулездің емінде қымыз, қымыран, саумал кеңінен пайдаланыланды.

Дәрілік ем- кейінгі жылдары итальяндық ғалымдар жүргізген көптеген лабораториялық және клиникалық зерттеулерден соң, ең тиімді, ең таңдаулы 5түрлі дәріге тоқталған: рифампицин,стрептомицин, пиразинамид, изониазид және этамбутол. 1997жылы қазан айында Қазақстанда өткізілген фтизиатрлардың республикалық конференциясынан кейін біздің дәрігерлерде қолдана бастады. Бұл препараттың екі түрі бар: тубитал-1және тубитал-2. Тубитал-1 рифампицин, изониазид және пиразинамидтен тұрады. Алғашқыда, қарқынды кезеңде екі ай бойы тубитал-1 және этамбутол немесе стрептомицин тағайындалады.Одан кейін 4 айға тубитал-2 (құрамы: рифампицин+ изониазид) қолданылып, қалған микобактериялар жойылады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3923. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия