Студопедия — Дифтерия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дифтерия






 

Дифтерия – асқынулармен қауіпті, балалардың жұқпалы ауруларының ішіндегі ауыр

түрі. Арнайы егу жұмыстары жүргізілмей тұрған уақыттарда бұл аурудан балалар өлімі өте жоғары болған. Арнайы вакцина егу арқылы балаларда осы ауруға қарсы активті иммунитет туғызып, ауру саны күрт төмендетілген еді. Кейінгі жылдары алдын ала егу жұмыстары жақсы жолға қойылған кезде дифтерия ауруы тек төтенше

оқиға ретінде кездесіп жүрді. Бірақ, соңғы 5-6 жылдың көлемінде дифтерия қайтадан

«басын көтере» бастады. Оның себебі арнайы профилактиканың дұрыс жүргізілмеу салдарынан болады. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстанда дифтериямен ауру жиілігінің

ең жоғарғы көрсекіші 1995 жылы байқалды - әр 100 000 адамнан адам ауырған, осы

аурудың өлім жағдайымен аяқталу көрсеткіші 6 % 1995-96 жылдары жүргізілген ұлттық иммунизация күндерінде 10 миллионға жуық адам екпе қабылдады, соның

нәтижесінде дифтерия ауруы Қазақстанның барлық жерінде тізгінделді. Дегенмен дифтерия мәселесі күн тәртібінен түспек емес.

Эпидемология. Қоздырғышы – Леффлер корино бактериялары, 1884 жылы

Ф.Леффлер атты ғалым ашқан. Таяқшалары сыртқы ортада төзімді, сондықтан әр –

түрлі заттарда ұзақ уақыт сақталады. Бұл таяқшаларға тек дезинфекциялаушы ері-

тінділер (энол, хлорамин, сутегі асқын тотығы) және қайнату әсер етеді. Ауруың көзі

ауру бала және бактерия тасымылдаушылар таралу жолдары – ауа – сілекей, ыдыс- аяқ, ойыншақтар т.б. заттар арқылы. Иммунитет тұрақты. Егу жұмыстарынан кейін активті иммунитет пайда болған- болмаған Шик белгісі арқылы анықтауға болады.

Патогенез. Қоздырғыш организмге тыныс жолдары арқылы енеді. Коринобакте –

риялар өзінен өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Экзотоксин эпителийді некрозға ұшыратып, сол жерде алынуы қиын, ақшыл- сұр түсті қабыршақ пайда болады. Ал қанға өткен токсин барлық ағзаларға жетіп, оларды зақымдайды (көбінесе жүрек,

бүйрек, бүйрек үсті бездерін).

 

Дифтерияның жіктелуі

(БДДҰ, 1996 жыл)

 

 

Клиникалық түрлері Псевдомембраналар Мойын ісігі  
1. Шоғырланған Таңдай бездері мен мұрын қуысында Жоқ
2 2. Аралық жж Жұтқыншақ пен көөк көмейге тараған Жоқ
3. А Ауыр (токсикалық) Жайылмаған немесе жайылған Аз дәрежеден анық үлкен Ісіктерге дейін

 

 

Клиника. Дифтерияның ең жиі кездесетін клиникалық түрі жұтқыншақ дифтериясы (95-97%) Жасырын кезеңі 2-10 күн. Жұтқыншқ дифтериясында – аты айтып тұр –

ғандай, патологиялық өзгеріске жұтқыншақта орналасқан таңдай бездері, жұмсақ таңдай, тілшік, тілшік имектері ұшырайды. Осымен байланысты жұтқыншақ диф–

териясының шоғырланған, жайылған, токсикалық түрлерін ажыратады.

Шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында – патологиялық өзгеріс тек таңдай без-дерінде байқалады.Оның өзінде 3 түрін анықтай аламыз: а) катаральдық; б) аралды;

в) қабыршақты. Катаральды шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында таңдай без –

дері аздап ісініп, қызарады, температура субфебрильді, организмнің улану белгіле-

рі жоқ. Яғни, қарапайым катаральды баспадан ешқандай айырмашылығы жоқ. Сон-

дықтан бұл түрінде диагнозды анықтау өте қиын, тек бактериологиялық тексеріс қана дифтерия екенін көрсете алады. Аралды шоғырланған жұтқыншақ дифтерия –

сында – таңдай бездері ісініп, қызарады, қабыршақтар пайда болғанмен, олар таң –

дай бездерін түгел жауып тұрмайды. Баланың тамағы ауырады, температурасы

субфебрильді. Қабыршақты шоғырланған жұтқыншақ дифтериясында – қабыршақ түгелдей таңдай бездерін жауып, тамағы жұтынғанда ауырады,мойын лимфа түйіндері ісінеді. Қабыршақтардың алынуы, қиын, зорлап алынса, қанап кетеді.

Жайылған жұтқыншақ дифтериясы – қабыршақтар тек қана тандай бездеріне ғана емес, тілшік имектеріне жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін жайылады. Организмнің жалпы улану белгілері анығырақ байқалады.

Токсикалық жұтқыншақ дифтериясы- жұтқыншақтағы қабыршықтар жұмсақ тандайға дейін жайылып, қатты ісінеді. Таңдай бездері де қатты ісініп, жұтқыншақ саңылауын жабуға дейін жетеді. Мойынның тері асты май қабаты да ісініп, осы ісіктің таралуына сәйкес дәрежесі анықталады. Егер ісік бойының ортасына дейін жетсе- 1 –ші дәрежелі, бұғанаға дейін – 2-ші дәрежелі, бұғанадан төмен – 3-ші дә-

режелі токсикалық жұтқыншақ дифтериясы болып табылады. Дене қызуы жоғары

39-40 С, қайталап құсады, тәбеті жоғалады, қаты әлсірейді.

Субтоксикалық түрінде – жұтқыншақтағы өзгерістер аздау, ал мойынның сыр –

тындағы ісік тек лимфа түйіндерінің айналасында ғана байқалады.

Мұрын дифтериясы – дифтерияның бұл түрін ажырату қиын, анық диагнозды тек бактерологиялық тексерістің қорытындысынан кейін ғана қоя аламыз. Интокси-

кация байқалмайды, ұзақ уақыт мұрыннан қан аралас шырыш ағып жүреді. Риноскопиялық тексерісте мұрынның шырышты қабатында жарақат бар екені, қабыршақпен жабылғаны анықталады.

Көмей дифтериясы көбіне кішкентай балаларда кездеседі. Қабыршақтардың орналасуына сәйкес көмей дифтериясының келесі түрлерін ажыратамыз: көмей дифтериясы немесе дифтериялық круп – қабыршақтар көмейде, дифтериялық круп «А» - қабыршақтар көмей және кеңірдекте, дифтериялық круп «Б» - қабыршақтар көмей, кеңірдек,дифтериялық немесе дифтериялық круп бірнеше сатыда өтеді: дисфония – стеноз – асфиксия. Әр сатының өту уақыты әр түрлі, бірнеше сағаттан – бірнеше күнге дейін. Дисфония кезеңінде – температура жоғары, баланың дауысы өзгереді, қарлығыңқы жөтел, инсператорлық ентігу пайда болады. Стеноз кезеңінде – баланың дем алысы шулы, көкірек клеткасының бұлшық еттерінің іщке тартылуы байқалады. Асфиксия кезеңінде: бала өте мазасыз, терлеп кетеді, көзінде үрей пайда болады. Тері қабаты бозарып, одан кейін көгеру пайда болады, тахикардия, содан кейін брадикардия, пульс әлсірейді, бала есін жоғалтады, ерілмелейді, егер шұғыл көмек көрсетілмесе, өліп кетеді.

Дифтерияның қалған түрлері қазіргі уақытта сирек кездеседі.

Асқынулары. Дифтерия ауруы асқынуларымен қауіпті деп дәрістің басында айтылған еді. Асқынулардың пайда болуы токсиннің мөлшерімен, баланың жалпы

фонымен және жалпы дифтериямен байланысты. Дифтерияның қауіпті асқынулары: миокардит, жедел бүйрек үсті бездерінің жетіспеушілігі, полиневрит нефроз т.б.

Диагноз қою. Дифтерия ауруына диагноз қою үшін лабороториялық тексерістер үлкен роль атқарады: қанның жалпы тексерістері; зәрдің жалпы тексерістері; қанның биохимиялық тексерістері – АСТ, СРБ, ЭКГ тексерістер; бактерологиялық тексерістер.

Бактерологиялық тексеріс шешуші тексеріс болып саналады. Тексеріске жағын –

ды патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден алынады. Егер қабыршақ бар болса, жағынды зақымдалған және сау тканьдердің шекарасынан алу керек. Алынған жағынды 3 сағаттан кешіктірілмей бактерологиялық лабораторияға жеткізілуі тиісті.

Серологиялық тексеріс науқастың қанындағы антилденелердің титрінің бірнеше рет артуына негізделген. Дифтериялық крупты анықтауға ларингоскопия көмекте -

седі. Дифтерия диагнозын қою үшін, оны қарапайым баспалардан да ажырата білу керек.

Емдеу. Дифтерия диагнозы анықталған балалар, корино бактериялар тасымал –

даушы балалар және барлық күдікті жағдайлардың бәрі міндетті түрде ауруханаға жатқызылып емделеді.

Дифтерияны емдеудің міндетті шарты - дифтерияға қарсы антитоксикалық сарысу егу болып табылады. Сарысу жылқының қанынан арнайы дайындалады, науқастың қанындағы тіндерге сіңе қоймаған токсиндерді залалсыздандырады. Қазақстан Республткасының денсаулық сақтау министірлігі № 13 бұйрығына сәйкес сарысудың барлық дозасы көп кешіктірілмей, бірден салынуы керек. Ал егілетін сарысудың дозасы қабыршықтың орналасқан жеріне, көлеміне, аурудың түріне және ұзақтығына байланысты болады. Сарысуды егер алдында Безредко әдісімен белгі қойылып, тексеріледі. Алдымен 100 есе әлсіретілген сарысудың 0,1мл тері астына 30 минуттан кейін барлық қалған доза бұлшық етке егіледі.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4466. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия