Студопедия — Менингококты инфекция
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Менингококты инфекция






 

Менингокти инфекция ауа-тамшы арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың бірі. Мектеп жасындағы балаларда кішкентай балаларға қарағанда жиірек кездесе-

ді. Басқа ауа-тамшы арқылы тарайтын жұқпалы ауруларға қарағанда бұл ауруға бейімделік азырақ, бірақ бала ауыра қалса, ауыр өтеді және өлім де жиі байқалады.

Қоздырғышы менингоктар, 11 серотиптері белгілі. Қоздырғыштар қоршаған ортада төзімсіз тез жойылады.

Эпидемиология. Аурудың көзі – ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушылар. Таралу жолдары – ауа-тамшы арқылы, маусымдылық – қыс және көктем айлары. Ауырып өткеннен кейінгі иммунитет тұрақты.

Патогенез. Менингококк организмге мұрын-жұтқыншақ арқылы енеді, сол жер-

дің шырышты қабығын қабындырады. Кей жағдайда ауру осымен аяқталады – менингококк қанға өтіп, қан тамырының ішкі эндотелий қабатына шоғырланады, сол жерде инфекция ошағы пайда болады – менингококцемия. Бөлініп шыққан токсиндер қан тамырларының өткізгіштігін жоғарлатады – тері қабатына, ішкі ағзаларға қан құйылулар байқалады. Қан арқылы миға, одан жұлынға жеткен менингококтар сол жерде бастапқыда серозды, кейіннен іріңді қабынуға әкеп соғады – менингит, менингомиелит. Сонымен қатар, басқа да ағзалардың зақымда-

нуы байқалады (жүрек,бүйрек, өкпе т.б.)

Клиника. Жасырын кезең 2-3 күнге (максиамльды 10 күнге) созылады. Аурудың 3 клиникалық түрі анықталады.

1.Менингококты назофарингит – ең жиі кездесетін түрі, бірақ басқа микроорганиз-

дер шақырған назофарингит белгілеріне ұқсас болғандықтан диагноз анықталмай қалады. Диагнозды анық қою үшін жұтқыншақтан бактерологиялық тексеріске жа-

ғынды алу керек. Аурудың бұл клиникалық түрі жеңіл өтеді, 3-7 күнге созылады.

2.Менингококты менингит – жедел, жоғары температурадан басталады, бала қатты мазасызданып көп жылайды немесе, керісінше, өте енжар күйге түседі. Алғашқы күндерден бастап-ақ менингальды белгілер біліне бастайды: желке бұлшық еттерінің тарылуы; Керниг белгісі (бүгілуі аяқтарын созған кезде қарсылық жасау);

Брудзинский белгілері (басын кеудесіне жақындатып игенде аяқтарын бауырына жинау, бір аяғын бүккен кезде екіншісін де еріксіз бауырына қарай жинап алу); кейде ақыл есін жоғалтып, сандырақтайды. Көзі жұмулы, ыңырсып дем алады, гиперестезия, құсу, брадикардия, іш қату, анорексия байқалады. Дұрыс ем жүргіз-

ген жағдайда 18-20 күн ішінде тәуір болады. Керісінше, патологиялық процесс бас миына тараса, жағдайы нашарлап, менингоэнцефалит белгілері айқындалып, бала өміріне қауіп төнеді. Бір жасқа дейінгі балалардағы менингиттің ерекшеліктері: ба-

ла қатты шыңғырып жылай береді, емшек ембей қояды, құсады, эксикоз дамиды. Осы балалардың үлкен еңбегін ашық болуымен байланысты менингеальды белгілер анықталмауы да мүмкін. Сипалап тексеріп көргенде үлкен еңбек жоғары шығып, көтеріліп тұрғаны анықталады.

3.Менигококцемия – менингококтық сепсис – ең ауыр клиникалық түрі, өте жедел басталады. Дене қызуы қатты көтеріледі, тәбеті жоғалады, көп шөлдейді, құсады, іші жүрмей қалады 1-2 тәуліктің ішінде менингокцемияға тән геморрагиялық бөрт-

пелер пайда болады. Бөртпелер көбінесе санның, жамбастың аяқтарының тері қаба-

тында «жұлдызша» тәрізді, кейде бір-біріне қосылып кеткен түрінде анықталады. Осы бөртпелердің орнында, некрозға ұшыраса, тыртықтар қалады. Геморагиялық синдром белгілері мұрыннан, асқазаннан т.б. ағзалардан қан кету түрінде білінеді. Балаға тиісті көмек, ем жүргізілмесе аталған ағзалардың қызметінің өткір жетіспеу-

шілігінен бала өліп кетуі мүмкін.

Диагноз қою кезінде эпидемиологиялық анамнез; аурудың клиникалық белгілері;

лабароториялық тексерістердің көрсеткіштері; жұлын-ми сұйықтығының үлкен қысыммен шығуы, құрамында нейтрофилдер мен белок көбею, мұрын-жұтқыншақ-

тан алынған жағындыдан қоздырғыш табылу, серологиялық тексеруде антидене –

лердің табылуы, қанның жалпы тексерісінде жоғары ЭШЖ болуы ескерілді.

Емдеу. Науқас бала міндетті түрде ауруханаға жатқызылып емделді. Емдеу прин-

циптері:

1. Менингококтық назофарангитте антибиотик ішуге беріледі, ауыз арқылы пенциллин және осы топтағы антибиотиктер тағайындалады. Жұтқыншақты жиі-жиі фурацилин, әлсіз перманганат калий ерітінділермен шайып тұру қолданылады.

2. Аурудың ауыр түрлерінде неғұрлым ерте пенциллиннің үлкен дозалардың егуді бастау керек – 3 айға дейінгі балаларға 300 000 – 400 000 ед/кг тәулігіне әр 4 сағат сайын егіледі; менингококцемияда көбінесе левомицетин-сукцинат 100 мг/кг тәулігіне бұлшық етке әр 6 сағат сайын тағайындалады. Дезинтоксикация-

мен қатар дегидратациялық ем (фуросемид, лазиск) жүргізіледі. Шоққа қарсы ем тағайындалады (реполиглюкин, гемодез, Рингер ерітіндісі,альбумин, плазма)

+гидрокортизон 25-30 мг/кг/тәулігіне немесе преднизалон 8-10мгкг/тәулігіне. Жүрек жұмысын жақсарту үшін жүрек гликозидтері, кокарбоксилаза, АТФ, ви-таминдер жиынтығы қосылады. Симптомдарға қарай тыныштандыратын, елірмені басатын дәрілер беріледі. Бала стационардан барлық клиникалық белгілер жойылғаннан кейін, бактерологиялық тексеріс 2 рет теріс нәтиже көр –

сеткенде барып шығарылады.

Профилактика. Арнайы профилактика жүргізілмейді. Жалпы шаралар: науқас –

ты жазылғанша оңашалау; СЭС-ке жедел хабар беру; ошақты дезинфекция жүр-

гізу; қарым-қатынастағыларды 10 күнге бақылауға алып, 2 рет жағынды алып тексеру; бактерологиялық тексерістің нәтижесі келгенше балалар мекемесіне жібермеу; әлсіз балаларға гамма глобулин егу; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2773. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.057 сек.) русская версия | украинская версия