Студопедия — Кпе гипертензиясының клиникалық белгілеріне жатпайды?
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кпе гипертензиясының клиникалық белгілеріне жатпайды?






А) ІІ қабырға аралықта қантамыр шоғырының енінің ұлғаюы

В) сол жақ ІІ қабырға аралықта ІІ тонның акценті

+С) кіндік айналасындағы кеңіген, жан жаққа тараған көктамырлар

D) өкпе артериясы маңында диастолалық шудың пайда болуы

Е) төс маңындағы веноздық тордың пайда болуы

Жасар әйел «ауыз толтырып» шығатын, қақырық көлемі кейде 130 мл тәулікке дейін болатын жөтелге шағымданады. Сонымен қатар әлсіздік, тез шаршағыштық, субфебрильді дене қызуы байқалады. Науқас 10 жыл бойы шылым шегеді. Көп мөлшердегі қақырық бөлінетін, жиі өршулері болатын бронхитпен бала кезінен ауырған. Соңғы жылда үш рет өкпенің бір сегментінде орналасқан пневмонияны басынан өткізген. Мүмкін болатын диагноз?

А) созылмалы бронхит

+В) бронхоэктаздық ауру

С) туберкулез

D) брохтың аденокарциномасы

Е) бронх обыры

Жедел дамыған жүрек демікпесінде қандай шаралар қажет?

A) симпатомиметик ингаляциясы

B) капотен тіл астына

C) көк тамырға фуросемид енгізу

D) эуфиллинді ішке қабылдау

E) анаприлинді ішке қабылдау

234. Өкпелік іріңдеуге аталған симптомдардың қайсысы тән:

А) жөтел

В) кеудедегі ауру сезімі

+С) қалтырау мен жоғары қызба

D) аз көлемді шырышты қақырық

Е) көбікті ал қызыл қақырық

Кпе аурулары кезіндегі цианоздың себебі?

А) терінің ұсақ тамырларының тарылуы нәтижесі

В) қанайналымы баяулаған кезде тіндердің оттегіні көптеп жұтуының нәтижесі

С) көмірқышқыл газының қанда көбеюінен

D) терінің көк тамырлаының кеңеюі нәтижесі

+Е) кіші қанайналым шеңберінде жеткіліксіз артериализациясының нәтижесі

Созылмалы оң қарынша жетіспеушілігінің обьективті белгілеріне жатпайды?

А) цианоз

В) мойын көктамырларының ісінуі

С) ұма мен еркектердің жыныс мүшесінің ісінуі

D) қуыстарға су жиналу (асцит, гидроторакс, гидроперикардит)

+Е) өкпе ісінуі

Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс. Болжама диагнозыңыз?

A) созылмалы ірінді бронхит, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

+B) СОӨА, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

C) бронхиальді астма, ауыр ағымы, өршуі. Эмфизема. Пневмосклероз. ТЖII

D) ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағымы. Жедел субкомпенсациялық ТЖII

E) идиопатикалық фиброздаушы альвеолит, жедел ағымы,ТЖII

Ер адам И., 56 жаста, бухгалтер. Аздаған жүктеме кезінде ентікпеге, шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. ТЖ- 32 рет/мин, диффузды цианоз. Саусақтары барабан таяқшалары тәріздес, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсас. Кеудесі бөшке тәрізді өзгерген. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады. Перкуссияда өкпенің жоғарғы бөлігінде қорап тәрізді дыбыс, ал төменгі бөлігінде дыбыс қысқарған. Тыныс везикулярлы, өапенің жоғарғы бөлігінде дыбыс қатаң, осы аймақта құрғақ сырыл, ал төменгі бөлігінде ылғалды сырыл мен әлсіз тыныс.Диагноз анықтау үшін зерттеудің қай әдісі барынша ақпаратты?

А) плевра қуысының пункциясы

В) фибробронхоскопия

+С) өкпе спирографиясы

D) флораға қақырық анализі

Е) қақырықты бактериологиялық зерттеу

Ер адам Ш., 38 жаста, құрылысшы. Қарап тексергенде кеуде қуысының сол жақ жартысы ұлғайған, тыныстан қалады. Пальпацияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта дауыс дірілі анықталмайды, 4-қабырғадан жоғары дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда: 4-қабырғадан төменгі аймақта тұйық дыбыс естіледі. Аускультацияда: 4-қабырғадан төмен және солға қарай везикулярлы дыбыс жоқ, жоғары аралас тыныс. Науқаста қай синдромның белгілері анықталған?

А) өкпенің қабынған, тығыздалған синдромы

+В) плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромы

С) өкпеде түзілістің пайда болу синдромы

D) плевра қуысында ауа жиналу синдромы

Е) бронхообструктивті синдром

Ер адам., 42 жаста, темір ұстасы. Оқтын-оқтын дене температурасы 390С дейін көтеріледі.Таңертеңгі шырышты-іріңді,жағымсыз иісті қақырық. Микроскопиялық зерттеуде Дитрих тығындысы және бүлінген лейкоциттер,гематойдин,май қышқылының кристалдары,көп мөлшердегі банальды флора анықталған. Мұндай қақырық қандай патологияға тән?

А) өкпе рагы

В) өкпе туберкулезі

С) ауруханадан тыс пневмония

+D) бронхоэктатикалық ауру

Е) инфекция тәуелді бронх демікпесі

Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл.). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді. Өкпесіндегі патологиялық процесстің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

A) плевраның зақымдалуы

B) альвеолалардың бөлектеніпзақымдалуы

C) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

D) альвеолалардың және бронхтардың қабынып зақымдалуы

+E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну процессі

Учаскелік дәрігер М деген науқасты үйінде қарады, 36 жаста, жұмысшы. Шағымдары: жағымсыз шіріген иісті, қақырықты жөтел (тәулігіне 250-300 мл). Науқас оң бүйірге қарап жатқанда жөтелі күшейеді. Қарап тексергенде симптомдары: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнектері» тәрізді. Науқасты жүргізу тактикаңыз?

A) амбулаторлы жағдайда емдеу

B) күндізгі стационарда емдеу

C) Үй стационарда(үйде құрастырған стационарда) емдеу

+D) терапияға госпитальдау

E) реанимацияға госпитальдау

Учаскелік дәрігер О –деген науқасты үйде қарады, 32 жаста, монтажшы. Дене температурасының 37,90 С-ға дейін жоғарылауына, оң жақ кеуде клеткасының ауыруымен бірге жүретін, айқын ентігуге, дем алғанда күшейетін оң жақ кеуде клеткасының ауыруына шағымданады. Науқас мәжбүрлі қалыпта, оң жақ кеуде клеткасын қолымен қысып, оң жақ бүйірінде жатыр. Өкпесіндегі патологиялық үрдістің сипаты мен таралуы қандай болуы мүмкін?

+A) плевраның зақымдалуы

B) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

C) альвеолалардың бөлектеніп зақымдалуы

D) альвеолалардың және бронхтардыңқабынып зақымдалуы

E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну үрдісі

Учаскелік дәрігер қабылдауында науқас Н., 56 жаста, жұмысшы. Физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге (сатымен көтерілу, жылдам жүру) шағымданады. Басқа шағымы жоқ. Ентігу науқасты 5-6 жыл бойы мазалап келеді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, белсенді қалыпта. Кеуде клеткасы эмфизематорлы, тынысы симметриялы. Ентігудің нақты себебі қандай болуы мүмкін?

A) ұсақ бронхтардың спазмы

+B) эмфиземаның әсерінен өкпенің эластикалық қабілетінің төмендеуі

C) жоғарғы тыныс жолдарының механикалық кедергісі

D) ірі брохтағы немесе трахеядағы механикалық кедергісі

E) өкпе тыныс беткейінің азюы (бөліктік қабынып тығыздалуы)

Науқас М. 43 ж., айқын ентігумен гектикалық қызбасы бар науқаста 3 ай бойы көп көлемді(шамамен 500 мл) іріңді, өткір, жағымсыз иісті қақырық бөлінді. Микроскопияда жасушалық детрит, көп мөлшерде лейкоциттер, айтарлықтай мөлшерде бұзылған эластикалық талшықтар, гематоидин кристалдары, холестерин және май қышқылдары табылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру қажет?

А) кеуде клеткасының УДЗ

В) Бронхография

+С) кеуде клеткасының рентгенографиясы

D) Спирография

Е) Электрокардиография

Ер адам М. 43 ж., айқын ентігумен гектикалық қызбасы бар науқаста 3 ай бойы көп көлемді(шамамен 500 мл) іріңді, өткір, жағымсыз иісті қақырық бөлінді. Микроскопияда қақырықта жасушалық детрит, көп мөлшерде лейкоциттер, айтарлықтай мөлшерде бұзылған эластикалық талшықтар, гематоидин кристалдары, холестерин және май қышқылдары табылды. ЖТД тактикасын анықтаңыз (қайда емдеу)?

+А) оперативті ем

В) бронхты лаваждау

С) антибиотикті көк тамырға енгізу

D) антибиотиктерді эндобронхиальды енгізу

E) бронхолитиктер

Ер адам 48 ж., аспен лоқсыған соң тыныс алуы мен тыныс шығаруы қиындап, тұншығу мен ұстама тәрізді құрғақ жөтел пайда болған. Объективті: науқас мазасыз, қорқыныш сезімі, стридорозды тыныс байқалады. Тыныштық жағдайда аралас(инспираторлы және экспираторлы) ентігу, өкпенің жоғарғы бөліктерінде қатаң тыныс, төменгі бөліктерінде әлсіреген тыныс байқалады, сырылдар жоқ. Болжама диагноз?

A) Бронх ісігі

+B) Бронхта бөгде зат

C) СОӨА (созылмалы обструктивті өкпе ауруы)

D) Бронхтық астма

E) Трахеяның экспираторлы стенозы

Ер адам 78 ж, шағымдары тұрақты сипаттағы ентігу, жөтел, жүре және сөйлей алмайды. Жөтел «жас кезінен» мазалайды, біртіндап ентігу өршіді. 20 жасынан бастап темекі тартады, күніне 1 пачка тартады.Қарап тексергенде –сұр түсті диффузды цианоз,тыныс шығару фазасының ұзаруымен. ТЖ – 30 минутына. Саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнектері» тәрізді. Төменгі бөліктерде везикулярлы тыныс әлсіреген, құрғақ сырылдар. Болжама диагноз?

+А) ӨСОА

В) бронх демікпесі

С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаздық ауру

249. Ер адам,. 38 жаста, құс фабрикасында жұмыс істегеніне 10 жыл болған. Жедел ауырып, дене қызуы 37,5 С көтерілді, қалтырау, құрғақ жөтел, экспираторлы сипаттағы ентігу пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз айқын, екі жақты өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар. ТЖ минутына 26 рет, тахикардия. Рентгенологиялық: Өкпенің төменгі бөлігінде екі жақты майда ошақты қараю. Қан анализінде – эозинофилия. Қандай болжама диагноз:

А) ­ӨСОА

В) бронх демікпесі

+С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаз ауруы

Ер адам,. 38 жаста, құс фабрикасында жұмыс істегеніне 10 жыл болған. Жедел ауырып, дене қызуы 37,5 С көтерілді, қалтырау, құрғақ жөтел, экспираторлы сипаттағы ентігу пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз айқын, екі жақты өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар. ТЖ минутына 26 рет, тахикардия. Рентгенологиялық: Өкпенің төменгі бөлігінде екі жақты майда ошақты қараю. Қан анализінде – эозинофилия. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?


+А) Бронхоскопия

В) Кеуде торының УДЗ

С) Электрокардиография

D) Жүрек УДЗ

Е)) Спирография


Ер адам, 48 жаста, тамақпен шашалғаннан соң тыныс алу мен шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу сезімі, құрғақ ұстамалы жөтел пайда болды. Об-ті: науқас тынымсыз, өлімнен қорқу сезімі, тынысы стридорозды. Тыныштықта ентігу, аралас типті (инспираторлы және экспираторлы), өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс қатаң, төменгі бөлігінде әлсіреген, сырылдар жоқ. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру қажет?

А) Диагностикалық бронхоскопия

+В) Кеуде клеткасының рентгенографиясы

С) Спирография

D) Электрокардиография

Е) Кеуде клеткасының УДЗ

Ер адам, 55 жаста, ауыр ентікпе, азапты жөтел, қан түкіру, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Соңғы айларда 6-7кг арықтаған. Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісін таңдау керек?


А) Спирография

В) Бронхография

+С) Рентгенография

D) электрокардиография

Е)) Жүрек УДЗ


Учаскелік дәрігердің қабылдауында пациент К., 47 жаста, тасшы. Шағымдары: субфебрильді температура, шырышты іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтел. Жөтел науқасты бірнеше жылдар бойы мазалап келеді, ал аз көлемді шырышты сипаттағы қақырық таңертеңгі уақытта. Қыста өкпесі қабынып ауырған. 18 жасынан бері шылым шегеді, қазіргі уақытта күніне 1 қорабын шегеді. Өкпесінде қандай патологиялық үрдіс болуы мүмкін?

A) плевраның зақымдалуы

+B) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

C) альвеолалардың бөлектеніп зақымдалуы

D) альвеолалардың және бронхтардың қабынып зақымдалуы

E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну үрдісі

Пациент С., 19 жаста, шағымдары эпизодты түрде ентгігу, ысқырықты сырылдыр мен кеуде клеткасында қысатындай сезім. Диагностика әдісін таңдаңыз.

А) Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі

В) Қанның газдық құрамын зерттеу

С) Ауалық ағымының жылдамдығы

D) Шығарылған ауаның газдық құрамын зерттеу

+Е) Спирографиялық зерттеу

Жастағы еркекте екі апта бойы әлсіздік, тершеңдік, соңғы күндерге дене температурасы 38,90 С. Алғашқы кундері терең дем алғанда оң жауырын сүйек астында ащы ауру сезімі пайда болды, кейіннен ауру сезімі жоқ болып кетті, бірақ науқастың айту бойынша"бірдеңе терең дем алуға кедергі жасайды". Қарап тексергенде еріндерінде жеңіл цианоз байқалады, Науқас оң жақ қырымен жатқанда жеңіл тартады. Тынысы беткей, өкпенің оң жағы тыныс алуда артта қалады, оң жақ қабырғааралықтар тегістелген. Перкуссияда – оң жақ жауырын сызығымен V қабырға деңгейінде өкпелік дыбыс тұйықталған, тыныс осы аймақта тыңдалмайды, бронхофония анықталмайды. Болжама диагноз?

A) ауруханадан тыс оң жақтық төменгі бөліктік пневмония

+B) оң жақтық іріңді экссудатты плеврит

C) оң өкпе абсцесі (бронхқа бұзудан кейін)

D) орталық өкпе рагы

E) оң өкпе гангренасы







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1951. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия