Студопедия — ПАРОТИТТІК ИНФЕКЦИЯ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПАРОТИТТІК ИНФЕКЦИЯ






Анықтамасы. Паротиттік инфекция – Mumps virus қоздыратын, қызбамен, ағзаның улануымен, бір немесе бірнеше сілекей бездерінің, жиі басқа бездік ағзалармен орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты ауру.

Тарихи мәліметтер. Паротиттік инфекция Гиппократ кездерінен бері белгілі (бұдан 2400 жыл бұрын Гиппократ мысқыл ауруының эпидемиясы туралы жазған). Бұрын паротит ауруы әскерлер арасында жиі кездескен, сондықтан оны «әскерлер ауруы» деп атаған. Аурудың вирусты этиологиясын 1934 ж. K.Johnson және R.Goodpasture анықтаған.

Этиологиясы. Қоздырғышы Mumps virus короновирустарға жатады. Вириондары полиморфты, дөңгелек вириондардың диаметрі 120-300 нм. Вирус тауықтың, үйректің, теңіз шошқасының, иттің және т.б. эритроциттерін жалғайды. Лабораториялық жануарлардың паротит вирусына сезімталдығы төмен, тек қана маймылдар ауруға қабілетті. Вирус қыздыруға, ультракүлгін сәулелеріне тұрақсыз. Вирустың аттенуирлі штаммдары (Л-3) тірі вакцина ретінде пайдаланылады. Вирустың антигендік құрылымы тұрақты. Онда антигендер бар, ол нейтрализациялаушы және комплемент байланыстырушы антиденелердің түзілуін тудырады, сондай-ақ аллергендік қасиеті бар.

Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі тек қана науқас адам. Клиникалық нышандардың пайда болуына дейінгі 1-2 күнде және аурудың алғашқы 5 күнінде науқас жұқпалы болады. Ал аурудың белгілері жойылғаннан кейін пациент қауіпсіз, яғни жұқпалылығы болмайды. Вирустың берілуі жолы - ауа-тамшылы. Инфекцияға қабілеттілік өте жоғары. Контагиозды индексі – 30-50%. Көбінесе балалар ауырады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдар паротитпен 1,5 есе жиі ауырады. Ауру мезгілдік көрініспен сипатталады. Аурудың ең жоғарғы деңгейі наурыз-сәуір айларында, ал төменгі деңгейі тамыз-қыркүйек айларында байқалады. 1-2 жыл сайын аурудың кезеңдігінің өршуі көрінеді. Аурудың кездейсоқ пайда болатын түрі (спорадикалық) және эпидемиялық өршу түрлері кездеседі. Балалар мекемесінде аурудың өршуі 70-110 күнге созылады. Ересектердің 80-90% қанынан паротитке қарсы антиденелерді табуға болады. Тірі вакциналардың иммунизациясын практикаға енгізгеннен кейін, эпидемиялық паротитпен ауыру едәуір төмендеген.

Патогенезі. Инфекцияның кіру қақпасы ауыз бен мұрынның шырышты қабықтары. Осы жерде қоздырғыш көбейіп, қанға өтеді, қаннан бездерге (сілекей безіне, жыныс бездеріне, асқазан асты безіне), орталық жүйке жүйесіне түседі. Ол барлық организмге таралады. Вирустың ағзаларды зақымдауы оның функциональды жағдайымен анықталады. Мәселен, ұл балалар мен 50 жастан жоғары ер кісілердің жыныс мүшелерінің зақымдануы сирек, ал жас ер адамдарда жиі байқалады. Асқынудың дамуында иммундық механизмдер роль атқарады. Паротиттке табиғи иммунитет қалыптаспаған. Ауруды бастан өткізгеннен кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Алайда аурудың қайталануы кездеседі. Бастан кешкен паротиттің қалдық құбылыстары созылмалы паротит, жыныс жүйесінің, жүйке жүйесінің дисфункциясы болуы мүмкін.

Паротиттің вирустарын тек қана қаннан және сілекей безінен бөліп алумен қатар, сондай-ақ вирусты асқазан асты безінен, паротитпен ауырған әйелдердің сүтінен де бөліп алуға болатыны белгілі.

Паротит кезінде организмде бірнеше жылдың ішінде білінетін ерекше антиденелер түзіледі және организмнің аллергиялық қайта құрылуы дамиды, ол өте ұзақ сақталады (өмір бойы болуы мүмкін).

Клиникалық көріністері. Аурудың жасырын кезеңі 11-23 күнге (жиі 15-19 күн) созылады. Кейбір науқастарда 1-2 күнде, аурудың типтік көрінісі дамығанға дейін продром құбылысы байқалады, оның негізгі белгілері шаршағыштық, бұлшық еттердің ауыруы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы түрінде көрінеді. Паротиттік инфекция түрлі клиникалық түрлерде өтуі мүмкін. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің жалпы қабылданған жіктелуі жоқ. Паротиттік инфекцияның клиникалық түрлерінің жіктелуін В.Н.Реморов жасаған:

А. Манифесттік түрлері:

1. Асқынбаған: тек қана сілекей безінің зақымдануы, біреу немесе бірнешеуі;

2. Асқынған: сілекей безі және басқа мүшелердің (менингит, менингоэнцефалит, панкреатит, орхит, мастит, миокардит, артриттер, нефрит) зақымға ұшырауы.

Ағымның ауырлығы бойынша:

- жеңіл (соның ішінде жасырын және атипті);

- орташа;

- ауыр;

Б. Инфекцияның инаппарантты түрі;

В. Эпидемиялық паротиттің резидуалды құбылысы:

- жыныс бездің атрофиясы;

- бедеулік;

- диабет;

- кереңдік;

- орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы.

Аурудың ауыр ағымының белгісі ағзаның улану белгілерімен және қызба көрінісімен байланысты, сондай-ақ асқынудың болуымен немесе жойылуымен.

Асқынбаған паротиттік инфекция әдетте жеңіл өтеді.

Паротиттің жеңіл ағымында дене қызуының аздап көтерілуі мен ағзаның улану белгісінің әлсіз көрінісі немесе тіптен болмауы мүмкін (асқынусыз). Ал паротиттік инфекцияның орташа түрі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, ұзақ қызбамен, ағзаның улануымен (қалтырау, бас ауыруы, буынның сырқырауы, бұлшық еттердің ауыруы), сілекей бездерінің едәуір үлкеюімен, жиі - 2 жақты паротитпен, асқынудың болуымен сипатталады. Паротиттік инфекцияның ауыр түрі жоғарғы дене қызуымен (40°С жоғары) және дене қызуының ұзақ уақыт көтерілуімен (2 аптаға дейін), ағзаның қатты улануымен; астенизация, қатты әлсіздік, тахикардия, АҚҚ төмендеуі, ұйқының бұзылуы, анорексиямен және т.б өтеді. Кейде ауыр ағым аурудың 1-ші күні байқалады.

Аурудың ерекше нышаны - сілекей безінің зақымдануы. Көбіне беттің төменгі бөлігі қатты ісініп, алмұртты еске түсіреді. Бездердің ісінуі 6-16 күн сақталады. Қызба әртүрлі типте 4-7 күн бойы сақталады. Балаларға қарағанда ересектердің ауруы ұзақ әрі ауыр өтеді.

Асқынулары. Паротиттік инфекция кезінде көбінесе безді мүшелер мен орталық жүйке жүйесі зақымға ұшырап, асқынуы жиі білінеді. Балалардың ауруында ең жиі асқыну серозды менингит болып табылады. Бұл асқынудың жиілігі 10% асады. Серозды менингиті бар барлық балалардың 80% жуығында паротитті менингит анықталады. Әйелдерге қарағанда, ер адамдарда менингит 3 есе жиі дамиды. Науқастардың 10%-да менингит сілекей безінің қабынуынан ерте дамиды. Менингит жедел, кейде қызумен (аурудың 4-7-ші күні) басталады: бұл кезде қалтырау пайда болып, дене қызуы қайта көтеріледі (39°С дейін), сонымен қатар бас ауыруы, лоқсу мазалап, менингеальды синдром дамиды (желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Кернинг, Брудзинский нышандары оң болады). Менингит пен қызбаның нышандары 10-12 күннен кейін жойылады.

Кейбір науқастарда менингеальды нышандардан басқа, энцефалит (менингоэнцефалит) немесе энцефаломиелит белгілері дамиды.

Орхит ересектерде жиі байқалады. Оның жиілігі аурудың ауырлығына байланысты. Орхиттің белгілері аурудың басталуынан 5-7-ші күні байқалады және ол қызбаның жаңа толқынымен (39-40°С дейін), зақымдалған аймақтың айқын ауыру сезімімен сипатталады. Жыныс безінің көлемі ұлғаяды. Қызба 3-7 күн сақталып, ал орхит көріністері - 5-8 күн сақталады. Одан соң ауру бәсеңдей түседі.

Жедел панкреатит аурудың 4-7-ші күні дамиды. Бұл уақытта эпигастральды аймақта қатты ауыру сезімі пайда болып, жүрек айну, дүркін-дүркін лоқсу, қызба байқалады.

Есту мүшелерінің зақымдануы кейде толық кереңдікке алып келеді. Алғашқы белгілері - шудың пайда болуы. Жазылу кезеңінде есту қалпына келмейді.

Артриттер шамамен науқастардың 0,5%-да дамиды, соның ішінде ересектерде және әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі болады. Олар сілекей бездері зақымға ұшырағаннан кейінгі, алғашқы 1-2 аптада байқалады. Мұнда ірі буындар жиі зақымданады. Буындар ісініп ауырады. Артриттің ұзақтығы 1-2 апта, кейде ол 1-3 айға дейін сақталады.

Ал басқа асқынулар (простатит, оофорит, мастит, тиреоидит, бартолинит, нефрит, миокардит) сирек байқалады.

Диагностикасы. Типті оқиғаларда эпидемиялық паротитті анықтау қиындық келтірмейді. Құлақ тұсы сілекей бездерінің зақымдануы басқа инфекциялық аурулар кезінде 2-шілік болып табылып, іріңді зақымдану сипатына ие болады. Науқасты ұқыпты тексеру, соның ішінде фарингоскопия, бұл ауруды еш қиындықсыз ажыратуға мүмкіндік береді.

Эпидемиялық паротиттің асқынған түрінде дифференциалды диагностикасы қиындайды, әсіресе сілекей безінің зақымдануы айқын болмаса немесе жоқ болса.

Паротиттік серозды менингитті басқа этиологиялы серозды менингиттерден, әсіресе туберкулезді және энтеровирусты менингиттерден ажырату керек. Туберкулезді менингит продром құбылысының болуымен, неврологиялық симптомдары ақырындап басталуымен және үдемелі күшеюімен сипатталады. Энтеровирусты менингит жаз мезгілінің аяғында немесе күздің басында кездеседі.

Жедел панкреатитті асқазан-ішек қуысының жедел хирургиялық ауруларынан дифференциялау қажет (жедел холецистит, аппендицит және т.б.).

Иммунофлюоресцентті әдістер клетка дақылынан 2-3 күннен кейін вирустарды табуға мүмкіндік береді. Ол және де жұтқыншақ клеткасынан тікелей вирусты антигенді табуға мүмкіндік жасап, тез жауабын алуға жағдай жасайды. Серологиялық әдістер (ТГАР, ИФА) антиденелер титрінің жоғарлауы тек 1-3 аптадан кейін ғана айқындауға мүмкіндік береді. ПТР вирус геномын анықтайды.

Емі. Этиотропты емі жоқ. Гипериммундық ерекше сарысу терапевтік әсер бермейді. Төсек режимін 10 күннен кем емес мерзімде сақтау керек. Төсек режимін сақтамаған ер адамдарда 1 аптаның ішінде орхит 3 есе жиі (75%) дамыған. Панкреатиттердің профилактикасы үшін, бұдан басқа диетаны да сақтау керек; тамақты артық жеуден сақтану, ақ нанның, макаронның, майдың, капустаның мөлшерін азайту. Диета сүт және өсімдік қоректерінен болуы тиіс. Күрішті және қара нан мен картофельды пайдалануға рұқсат етілген.

Орхит кезінде преднизолонды ертерек белгілеуге болады, 5-7 күн аралығында, 40-60 мг бастап, әр күн сайын 5 мг мөлшерден азайтып отыру керек.

Менингит дамыған кезде кортикостероидты гормондарды қолданады. Дегидратациялық терапия маңызды болады.

Болжамы. Көп жағдайларда ауру сауығумен аяқталады, өлім қауіпі сирек болады.

Алдын алу шаралары. Паротиттік инфекциямен ауырған адамды үйде емдейді. Оны 9 күнге оқшаулау керек. Ал паротит ауруы білінген жағдайда, балалар мекемесіне 21 күн карантин белгілейді. Паротиттік инфекция ошақтарына дезинфекция жүргізілмейді.

Ерекше профилактика үшін Ленинград-3 (Л-3) аттенуирленген штаммынан тірі паротитті вакцинаны пайдаланады. Паротиттік инфекцияға қарсы профилактикалық егуді 15 айдан 7 жасқа дейінгі балаларға жүргізеді. Егу бір рет, тері астына немесе тері ішіне жасалады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4642. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия